Әсер ету механизмі
Ультибро Бризхалер
Ултибро Бризхалер дәрілік препараты түрінде индакатерол мен гликопирронийді бірге енгізген кезде тегіс бұлшықетті босаңсыту үшін түрлі рецепторларға және метаболизм жолдарына бағытталған әртүрлі әсер ету механизмі салдарынан аддитивті синергизм қамтамасыз етіледі. Бета2-адренорецепторлардың және M3-холинорецепторлардың тығыздығы орталық және шеткергі тыныс алу жолдарында ерекшеленетіндіктен, M-холиноблокаторлар орталық тыныс алу жолдарына қатысты едәуір әсер көрсеткен кезде бета2-адреномиметиктер шеткері тыныс алу жолдарын жақсы босаңсытады. Осылайша, бета2-адреномиметик пен M-холиноблокатор біріктірілімі адамның тыныс алу жолдарының шеткері және орталық бөлігі бойына бронхтардың оңтайлы кеңеюіне ықпал етеді.
Индакатерол
Индакатерол тәулігіне бір рет енгізу үшін ұзақ әсер ететін селективті бета2-адреномиметик болып табылады. Бета2-адренорецепторлар агонистерінің, оның ішінде индакатеролдың фармакологиялық әсерлері, кемінде аденозинтрифосфаттың (АТФ) циклдық 3', 5'-аденозинмонофосфатқа (циклдық АМФ) өзгеруін катализдейтін фермент жасушаішілік аденилатциклазаның көтермелеуімен ішінара байланысты. Циклдық АМФ жоғары деңгейі бронхтардың тегіс бұлшықеттерінің босаңсуына әкеледі. In vitro зерттеулер индакатерол бета1- және бета3-адренорецепторларға қарағанда бета2-адренорецепторларға анағұрлым айқын көтермелейтін әсер ететінін көрсетті.
Ингаляция кезінде индакатерол өкпеде жергілікті бронхолитикалық әсер көрсетеді. Индакатерол наномолярлы үлестік белсенділігі бар адамның бета2-адренергиялық рецепторларының ішінара агонисті болып табылады.
Бета2-адренорецепторлар негізінен бронхтардың тегіс бұлшықеттерінде болғанмен, бета1-адренорецепторлар адамның жүрегінде негізгі болып табылады, дегенмен адамның жүрегінде бета2-адренорецепторлардың үлесіне барлық адренорецепторлардың 10% - дан 50% - ға дейін келеді. Олардың жүректе болуы тіпті жоғары селективті бета2-адреномиметиктер жүрекке әсер етуі мүмкін деп болжауға мүмкіндік береді.
Гликопирроний
Гликопирроний ӨСОА бар пациенттерде тәулігіне бір рет қолданылатын демеуші бронх кеңейтуші емге арналған ұзақ әсер ететін ингаляциялық М-холиноблокатор (антихолинергиялық құрал) болып табылады. Парасимпатиялық жүйкелер тыныс алу жолдарында негізгі бронхконстриктивтік нейронды жол болып табылады және холинергиялық тонус ӨСОА кезінде тыныс алу жолдарының обструкциясының негізгі қайтымды компоненті болып табылады. Гликопирронийдің әсер ету механизмі тыныс алу жолдарының тегіс бұлшықет жасушаларына ацетилхолиннің бронхконстрикторлық әсерінің бөгелуіне негізделген, бұл бронхдилатациялаушы әсерге әкеледі.
Гликопирроний бромиді жоғары аффинді М-холиноблокатор болып табылады. Рецепторлардың М3-қосалқы типіне қатысты 4 есе үлкен селективтілік М2-қосалқы типпен салыстырғанда радиолигандалық талдау арқылы көрсетілді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Ултибро Бризхалер препаратындағы индакатерол мен гликопирронийдің біріктірілімі енгізгеннен кейін 5 минуттан соң әсердің жылдам басталатынын көрсетті. Әсер 24 сағат бойы тұрақты деңгейде сақталады.
24 сағат ішінде ҚДК1 бірізді өлшемдерінен алынған орташа бронхолитикалық әсер 26 апта емдегеннен кейін 320 мл құрады. Әсері индакатерол, гликопирроний немесе тиотропиймен жеке салыстырғанда Ультибро Бризхалер дәрілік препараты үшін айтарлықтай жоғары болды (әрбір салыстыру үшін айырмашылығы 110 мл).
Плацебо немесе монотерапияда оның компоненттерімен салыстырғанда уақыт өте келе Ультибро Бризхалер дәрілік препаратының әсеріне тахифилаксияның ешқандай дәлелі жоқ.
Жүректің жиырылу жиілігіне әсері
Дені сау еріктілерде жүректің жиырылу жиілігіне әсері Ультибро Бризхалер дәрілік препаратының ұсынылған емдік дозасынан 4 есе асатын препараттың бір дозасын қолданғаннан кейін зерттелді, оны 1 сағат аралықпен төрт кезеңде енгізген және плацебо, индакатерол, гликопирроний және сальметерол әсерлерімен салыстырды.
Плацебомен салыстырғанда препаратты қолданған кезде жүректің жиырылу жиілігінің уақыт бойынша барынша келісілген жоғарылауы + 5,69 соққы/мин (90% СА [2,71, 8,66]) құрады, барынша төмендеуі -2,51 соққы/мин (90% СА [-5,48, 0,47]) құрады. Жалпы, уақыт бойы жүректің жиырылу жиілігіне әсер етуді зерттеу Ультибро Бризхалер дәрілік препаратының бірізді фармакодинамикалық әсерін анықтаған жоқ.
Емдік дозадан артық дозада ӨСОА бар пациенттерде жүректің жиырылу жиілігі зерттелді. 24 сағат бойы жүрек орташа жиырылу жиілігіне және 30 минут, 4 және 24 сағат ішінде бағаланған жүректің жиырылу жиілігіне Ультибро Бризхалер препаратының ешқандай елеулі әсері болған жоқ.
QT аралығы
Ингаляциялық индакатеролдың жоғары дозасын қабылдаған дені сау еріктілердің қатысуымен QT (TQT) аралығына әсерін мұқият зерттеу (ең жоғары емдік дозадан 2 есе жоғары) QT аралығына клиникалық маңызды әсер көрсеткен жоқ. Осы тектес TQT зерттеулерінде ұсынылған емдік дозадан 8 есе асатын гликопирроний дозасын ингаляциялағаннан кейін QT аралығының ұзаруы байқалмады.
Ултибро Бризхалер дәрілік препаратының QTc аралығына әсері дені сау еріктілерде 1 сағат аралықпен төрт кезеңде енгізілген ұсынылған емдік дозадан 4 есе артық дозада Ультибро Бризхалер ингаляциясынан кейін зерттелді. Плацебомен салыстырғанда уақыт бойынша ең үлкен айырмашылық 4,62 мс (90% СА: 0,40; 8,85 мс), уақыт бойынша ең жоғары төмендеу -2,71 мс (90% СА: -6,97; 1,54 мс) болды, бұл Ультибро Бризхалердің QT аралығына, оның компоненттерінің қасиеттерінен күтілгендей елеулі әсер етпейтінін куәландырады.
ӨСОА бар пациенттерде Ультибро Бризхалер дәрілік препаратының 116 мкг/86 мкг-дан 464 мкг/86 мкг-ге дейінгі шамадан тыс емдік дозалары бастапқы деңгеймен салыстырғанда (плацебо үшін 1,9% - бен салыстырғанда 16,0% - дан 21,6% - ға дейінгі диапазонмен) пациенттердің көпшілігінде QTcF аралығының ұлғаюын көрсетті, алайда бастапқы деңгейден QTcF > 60 мс ұлғаю байқалған жоқ. Ультибро Бризхалер препаратының 464 мкг / 86 мкг дозасының ең жоғары деңгейі QTcF > 450 мс аралығының абсолюттік мәндерінің ұлғаюының үлкен пайызын көрсетті (плацебо үшін 5,7% - бен салыстырғанда 12,2%).
Сарысудағы калий және қандағы глюкоза деңгейі
Дені сау еріктілерде Ультибро Бризхалерді 4 еселік ұсынылған емдік дозада енгізгеннен кейін қан сарысуындағы калий концентрациясына әсері өте аз болды (ең үлкен айырмашылық-плацебомен салыстырғанда 0,14 ммоль/л). Қандағы глюкоза деңгейіне ең жоғары әсері 0,67 ммоль/л құрады.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
III фазасының [IGNITE] Ультибро Бризхалер дәрілік препаратын әзірлеудің клиникалық бағдарламасы 8000 пациенттің қатысуымен алты зерттеуді қамтыды: 1) плацебо және әсер етуші зат бойынша бақыланатын 26 апталық (индакатерол тәулігіне бір рет, гликопирроний тәулігіне бір рет, тиотропийді тәулігіне бір рет ашық қабылдау) зерттеу; 2) әсер етуші зат бойынша бақыланатын 26 апталық (флутиказон/салметерол тәулігіне екі рет) зерттеу; 3) әсер етуші зат бойынша бақыланатын 64 апталық (гликопирроний тәулігіне бір рет, тиотропийді тәулігіне бір рет ашық қабылдау) зерттеу; 4) плацебо-бақыланатын 52-апталық зерттеу; 5) плацебо және әсер етуші зат бойынша бақыланатын 3-апталық (тәулігіне бір рет тиотропий) физикалық жүктемеге төзімділікті зерттеу; және 6) әсер етуші зат бойынша бақыланатын 52-апталық (флутиказон/сальметерол тәулігіне екі рет) зерттеу.
Осы зерттеулердің 4-іне жеңіл және өте ауыр дәрежедегі ӨСОА клиникалық диагнозы бар пациенттер енгізілді. 64 апталық зерттеуге өткен жылда анамнезінде орташа және ауыр дәрежедегі ӨСОА > 1 асқынуымен ауыр және өте ауыр дәрежедегі ӨСОА бар пациенттер кірді. Әсер етуші зат бойынша бақыланатын 52 апталық зерттеулерге өткен жылда анамнезінде орташа және ауыр дәрежедегі ӨСОА асқынуының бір жағдайынан жоғары орташа және өте ауыр дәрежедегі ӨСОА бар пациенттер енгізілді .
Өкпе функциясына әсері
Ультибро Бризхалер дәрілік препараты бірқатар клиникалық зерттеулерде өкпе функциясының клиникалық елеулі жақсарғанын көрсетті (бір секундта жедел дем шығару көлемін өлшеген кезде, ҚДК1). ІІІ фазадағы зерттеулерде бронхолитикалық әсерлер бірінші дозадан кейін 5 минут ішінде байқалды және дозалаудың 24 сағаттық аралығында сақталған. Бронхолитикалық әсердің әлсіреуі уақыт өте келе байқалмады.
Әсердің шамасы бастапқы кезеңде тыныс алу жолдарының обструкциясының қайтымдылық дәрежесіне байланысты болды (қысқа әсер ететін мускаринді рецепторлардың антагонистін және қысқа әсер ететін бета2-адреномиметикті енгізу кезінде анықталатын): бастапқы кезеңде қайтымдылық дәрежесі ең төмен пациенттер (<5 %) негізінен бастапқы кезеңде қайтымдылық дәрежесі неғұрлым жоғары пациенттермен салыстырғанда (>5%) барынша төмен бронхолитикалық жауап көрсетеді. 26-ші аптада (бастапқы түпкі нүкте) Ультибро Бризхалер дәрілік препараты қайтымдылық дәрежесі төмен (< 5 %) (p = 0,053) пациенттерде (Ультибро Бризхалер, n = 82; плацебо, n = 42) ең төменгі ҚДК1 80 мл-ге және бастапқы кезеңде (> 5 %) (p = 0,001) қайтымдылық дәрежесі неғұрлым жоғары пациенттерде (Ультибро Бризхалер, n = 392; плацебо, n = 190) 220 мл-ге арттырды.
Ең төменгі және шектік ҚДК1
Ультибро Бризхалер дәрілік препараты дозаны енгізгеннен кейін "26-шы апта" (р < 0,001) бастапқы соңғы нүктесі кезінде плацебомен салыстырғанда 200 мл-ге ең аз ҚДК1 арттырды және жекелеген компоненттермен (индакатерол және гликопиррониймен) монотерапия топтарымен, сондай-ақ төмендегі кестеде көрсетілгендей тиотропиймен емдеу тобымен салыстырғанда статистикалық маңызды ұлғаюын көрсетті.
1-ші күні және 26-шы аптада (бастапқы соңғы нүкте) дозаны енгізгеннен кейін ең төменгі ҚДК1 (орташа шектік)
Емдеу айырмашылығы — 1 күні — 26- апта
Ультибро Бризхалер — плацебо — 190 мл (p < 0,001) — 200 мл (p < 0,001)
Ультибро Бризхалер — индакатерол — 80 мл (p < 0,001) — 70 мл (p < 0,001)
Ультибро Бризхалер — гликопирроний — 80 мл (p < 0,001) — 90 мл (p < 0,001)
Ультибро Бризхалер — тиотропий — 80 мл (p < 0,001) — 80 мл (p < 0,001)
Орташа ҚДК1 дозаны енгізер алдында (зерттелетін препараттың таңертеңгі дозасына дейін 45 және 15 минут бұрын белгіленген орташа мәні) флутиказон/сальметеролмен салыстырғанда 26-аптада (емдеудің орташа айырмашылық шегі [LS] 100 мл, р < 0,001), плацебомен салыстырғанда 52-аптада Ультибро Бризхалер дәрілік препаратының пайдасына (емдеудің орташа [LS] айырмашылықтары 100 мл, р < 0,001), плацебомен салыстырғанда 52-ші аптада (LS емдеу айырмашылығы 189 мл, р < 0,001), сондай-ақ гликопиррониймен (LS емдеу айырмашылығы 70–80 мл, р < 0,001) және тиотропиймен (LS емдеу айырмашылығы 60–80 мл, р < 0,001) салыстырғанда 64 аптаға дейін барлық қаралу кезінде Ультибро Бризхалер дәрілік препаратының пайдасына статистикалық маңызды болды. Әсер етуші зат бойынша бақыланатын 52 апталық зерттеуде орташа ҚДК1 флутиказон/сальметеролмен (LS емдеу айырмашылығы 62-86 мл, р < 0,001) салыстырғанда 52 аптаға дейін Ультибро Бризхалер дәрілік препаратының пайдасына статистикалық маңызды болды. 26-шы аптада Ультибро Бризхалер дәрілік препараты енгізгеннен кейін (LS емдеу айырмашылығы 330 мл, р < 0,001) алғашқы 4 сағат ішінде плацебомен салыстырғанда шектік ҚДК1 статистикалық маңызды жақсаруын туындатты.
Ультибро Бризхалердозаны енгізгеннен кейін AUC 0-12 ҚДК1 флутиказон/сальметеролмен салыстырғанда 26 аптадан кейін (р < 0,001) 140 мл-ге арттырды (бастапқы соңғы нүкте).
Симптоматикалық нетижесі
Ентігу
Ультибро Бризхалер дәрілік препараты ентігу динамикалық индексіне сәйкес (Transitional Dyspnoea Index, TDI) ентігуді статистикалық жағынан елеулі түрде төмендетті, плацебомен (LS емнің айырмашылығы 1,09; р < 0,001), тиотропиймен (LS емнің айырмашылығы 0,51; р = 0,007) және флутиказон/салметеролмен (LS емнің айырмашылығы 0,76; р = 0,007) салыстырғанда 26-ші аптада TDI қорытынды баллдың статистикалық маңызды жақсарғанын көрсетті. Индакатерол мен гликопиррониймен салыстырғанда жақсару тиісінше 0,26 және 0,21 құрады.
Ультибро Бризхалер дәрілік препаратын қабылдаған пациенттердің статистикалық жағынан неғұрлым жоғары пайызы плацебомен салыстырғанда (тиісінше 68,1% және 57,5%, р = 0,004) 26-аптада бір немесе одан көп бірлікке TDI қорытынды баллдың артуымен жауап берді. Пациенттердің неғұрлым жоғары пайызы тиотропиймен (59,2%, р = 0,016 қарсы 68,1%) және флутиказон/сальметеролмен (55,5% флутиказон/сальметеролға қарсы 65,1%) салыстырғанда Ультибро Бризхалер дәрілік препаратын қолданудың 26-аптасында клиникалық маңызды жауапты көрсетті.
Денсаулықпен байланысты өмір сапасы
Ультибро Бризхалер дәрілік препараты, сондай-ақ, тыныс алу қызметін бағалау үшін Әулие Георгий ауруханасының (St. George’s Respiratory Questionnaire, SGRQ) сауалнамасы арқылы анықталатын денсаулыққа байланысты өмір сапасына статистикалық маңызды әсерін көрсетті, бұны 26 аптадан кейін плацебомен (-3,01; р = 0,002) және тиотропиймен (-2,13; р = 0,009) салыстырғанда SGRQ жалпы балының төмендеуі бойынша анықтады, ал индакатерол мен гликопиррониймен салыстырғанда төмендеу тиісінше +1,09 және -1,18 құрады. 64 аптадан кейін тиотропиймен салыстырғанда төмендеу статистикалық маңызды болды (LS емдеу айырмашылықтары -2,69; p < 0,001). 52 аптадан кейін флутиказонмен/сальметеролмен салыстырғанда төмендеу статистикалық маңызды болды (LS емдеудің айырмашылықтары -1,3; p < 0,003)
Ультибро Бризхалер дәрілік препаратын қабылдаған пациенттердің үлкен үлесі плацебомен (тиісінше 63,7% және 56,6%, р = 0,088) және тиотропиймен (тиотропий үшін 56,4%-ға қарсы Ультибро Бризхалер үшін 63,7 %, р = 0,047) салыстырғанда 26-аптада (бастапқы деңгеймен салыстырғанда кемінде 4 бірлікке төмендеуі анықталған), ал 64-аптада — гликопирроний мен тиотропиймен (гликопирроний үшін 51,8 % салыстырғанда Ультибро Бризхалер үшін 57,3 %, р = 0,055; тиісінше тиотропий үшін 50,8 %, р = 0,051), ал 52- аптада — флутиказон/сальметеролмен (флутиказон/сальметерол үшін 43,7 % салыстырғанда Ультибро Бризхалер үшін 49,2 %; қауіптер қатынасы: 1,30; p < 0,001) салыстырғанда SGRQ балының клиникалық маңызды жақсаруымен жауап берді.
Күнделікті қызметі
Ультибро Бризхалер дәрілік препараты пациенттер 26 апта бойы әдеттегі күнделікті жұмысты орындауға қабілетті болған күннің пайызы бойынша тиотропиймен салыстырғанда статистикалық басым жақсаруды көрсетті (LS емдеудің айырмашылықтары 8,45 %; р < 0,001). 64-ші аптада Ультибро Бризхалер дәрілік препараты гликопиррониймен (LS емдеудің айырмашылығы 1,95 %; р = 0,175) салыстырғанда сандық жақсаруды және тиотропиймен (LS емдеудің айырмашылығы 4,96 %; р = 0,001) салыстырғанда статистикалық жақсаруды көрсетті.
ӨСОА өршуі
64 апталық зерттеуде Ультибро Бризхалер (n = 729) және гликопирроний (n = 739) және тиотропий (n = 737) дәрілік препаратымен салыстырғанда Ультибро Бризхалер гликопиррониймен (р = 0,038) салыстырғанда 12 %-ға және тиотропиймен (р = 0,096) салыстырғанда 10 %-ға орташа немесе ауыр дәрежедегі ӨСОА асқынуының жыл сайынғы жиілігін төмендетті. Орташа немесе ауыр дәрежедегі/пациент-жыл ӨСОА асқыну саны Ультибро Бризхалер (812 құбылыс) дәрілік препараты үшін 0,94-ті, гликопирроний (900 құбылыс) үшін 1,07 және тиотропий (898 құбылыс) үшін 1,06 құрады. Бұдан басқа, Ультибро Бризхалер дәрілік препараты жыл сайынғы ӨСОА асқынулар жиілігін (өкпе, орташа ауырлықтағы және ауыр) гликопиррониймен (р = 0,001) салыстырғанда 15%-ға және тиотропиймен (р = 0,002) салыстырғанда 14% - ға төмендетті. ӨСОА/пациент-жыл барлық асқынулардың саны Ультибро Бризхалер дәрілік препараты (2893 құбылыс) үшін 3,34-ті, гликопирроний (3294 құбылыс) үшін 3,92 және тиотропия (3301 құбылыс) үшін 3,89 құрады. Ультибро Бризхалер (n = 1675) және флутиказон/сальметерол (n = 1679) дәрілік препаратын салыстырудың 52 апталық зерттеуінде Ультибро Бризхалер (n = 1675) флутиказон/сальметеролмен салыстырғанда ӨСОА барлық асқынулар жиілігі бойынша (өкпе, орташа ауырлықтағы және ауыр) артықшылық болмауын зерттеудің бастапқы мақсатына сәйкес келді. ӨСОА/пациент-жыл барлық асқынулардың саны Ультибро Бризхалер (4531 құбылыс) дәрілік препараты үшін 3,59 және флутиказон/сальметерол (4969 құбылыс) үшін 4,03 құрады. Бұдан әрі Ультибро Бризхалер дәрілік препараты флутиказон/сальметеролмен (p = 0,003) салыстырғанда барлық асқынулардың жыл сайынғы жиілігінің 11%-ға төмендеуінің артықшылығын көрсетті.
Флутиказонн/сальметеролмен салыстырғанда Ультибро Бризхалер дәрілік препараты орташа және ауыр дәрежедегі асқынулардың жыл сайынғы жиілігін 17% - ға (p < 0,001) және ауыр асқынулардың (ауруханаға жатқызуды қажет ететін) 13% - ға (статистикалық тұрғыдан елеусіз, p = 0,231) төмендетті. Орташа және ауыр дәрежедегі/пациент-жыл ӨСОА асқынуларының саны Ультибро Бризхалер (1265 құбылыс) дәрілік препараты үшін 0,98 және флутиказон/ сальметерол (1452 құбылыс) үшін 1,19 құрады. Ультибро Бризхалер асқыну қаупінің 22% төмендеуімен (p < 0,001) орташа немесе ауыр дәрежедегі ӨСОА бірінші асқынуына уақытты дейін ұзартты және асқыну қаупінің 19% төмендеуімен (р = 0,046) ауыр дәрежедегі ӨСОА бірінші асқынуына дейін уақытты ұзартты.
Пневмония жиілігі флутиказон/сальметерол (p = 0,017) тобында 4,8% - бен салыстырғанда Ультибро Бризхалер тобында 3,2% құрады. Бірінші пневмонияға дейінгі уақыт флутиказонмен/салметеролмен (p = 0,013) салыстырғанда Ультибро Бризхалер дәрілік препаратын қолданғанда ұзарды.
Ультибро Бризхалер (n = 258) және флутиказон/салметерол (n = 264) дәрілік препаратын салыстырудың басқа зерттеуінде 26-аптада орташа және ауыр дәрежедегі/пациент-жыл ӨСОА асқынуларының саны 0,18 қарсы 0,15 құрады (22 құбылысқа қарсы 18 құбылыс), тиісінше (p = 0,512) және ӨСОА/пациент-жыл барлық асқынулардың саны 0,94 қарсы 0,72 құрады (113 құбылысқа қарсы 86 құбылыс) (p = 0,098).
Шұғыл емдеуге арналған препараттарды пайдалану
26 аптадан кейін Ультибро Бризхалер дәрілік препараты жедел көмекті (сальбутамол) қолдануды плацебомен салыстырғанда тәулігіне 0,96 бүрку (р < 0,001), тиотропиймен салыстырғанда тәулігіне 0,54 бүрку (р < 0,001) және флутиказон/сальметеролмен салыстырғанда тәулігіне 0,39 бүркуге (р = 0,019) статистикалық түрде азайтты. 64 аптадан кейін мұндай төмендеу тиотропиймен салыстырғанда тәулігіне 0,76 бүркуді (р < 0,001) құрады. 52 аптадан кейін Ультибро Бризхалер дәрілік препараты жедел көмек қолдануды флутиказон/сальметеролмен (р < 0,001) салыстырғанда тәулігіне 0,25 бүркуге азайтты.
Дене жүктемесіне төзімділік
Таңертең қолданылатын Ультибро Бризхалер дәрілік препараты динамикалық гиперинфляцияны төмендетті және жүктеменің ұзақтығын арттырды. Бұл әсерлер бірінші дозадан бастап сақталған. Емдеудің 1-ші күні жүктеме кезінде демді ішке тарту көлемі плацебомен салыстырғанда (LS емдеудің айырмашылығы 250 мл, р < 0,001) айтарлықтай артты. 3 апта емдегеннен кейін Ультибро Бризхалер препаратын қолданғанда демді ішке тарту көлемінің жақсаруы күштірек болды (LS емдеудің айырмашылықтары 320 мл, р < 0,001) және дене жүктемесінің көтерімділік уақыты плацебомен салыстырғанда артты (LS емдеудің айырмашылықтары 59,5 с, р = 0,006).