Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Саудалық атауы
Умкалор®
Әсер етуші зат
Препараты применяемые при кашле и простудных заболеваниях
Мақсаты
Жедел бронхитті симптоматикалық емдеу
Өндіруші
Др. Вильмар Швабе ГмбХ & Ко. КГ
Ел
Германия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетка құрамында
белсенді зат: кептірілген сұйық экстракт Pеlargonium sidoides тамырынан (1:8-10) (EPs® 7630) – 20.00 мг (экстрагент этанол 11 %).
қосымша заттар: мальтодекстрин, микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, натрий кроскармеллозасы, тұндырылған кремнийдің қостотығы, магний стеараты, қабығы: гипромеллоза 5 mPas, макрогол 1500, темірдің сары тотығы (Е 172), темірдің қызыл тотығы (Е 172), титанның қостотығы (Е 171), тальк, көбіктенуге қарсы эмульсия құрғақ зат**.
** мыналардан тұрады: симетикон – 92.02 %, метилцеллюлоза – 7.67 % және сорбин қышқылы – 0.31 %
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Қызылдау-қоңыр түсті үлбірлі қабықпен қапталған дөңгелек пішінді таблеткалар.
Жедел бронхитті симптоматикалық емдеу.
Умкалор препаратының құрамында оңтүстік-африкалық Pelargonium sidoides өсімдігінің тамырынан алынған сығынды бар.
Жануарларға жасалған зерттеулер экстрактіні тышқандарға оральді пайдаланғанда ауру белгілерінің (инфекцияға байланысты болатын аурудың спецификалық емес симптомдары) төмендегені байқалғанын және антиоксидантты қасиеттер көрініс бергенін көрсетті.
Іn vitro зерттеу барысында Умкалор препаратының келесі әсерлері расталған:
спецификалық емес қорғаныс механизмдерін көтермелеу:
- кірпікшелі эпителий түктерінің тербеліс жиілігін көтермелеу
- интерферон мен қабынуға қарсы цитокиндердің синтезін модуляциялайды
- NK-жасушалардың белсенділігін көтермелейді
- фагоцитозды, адгезивті молекулалар экспрессиясын, хемотаксисті көтермелейді;
- микробқа қарсы белсенділік:
- орташа тікелей бактерияға қарсы және вирусқа қарсы белсенділік
- А тобы стрептококктарының өлі/тірі эпителий жасушаларына қатысты адгезиясын күшейту/тежеу
- ß-лактамаза белсенділігін тежеу
цитопротективті қасиеттер:
- адамның лейкоцитарлық эластазасының белсенділігін тежеу
- антиоксидантты қасиеттер.
Дозалау режимі
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға 1 таблеткадан күніне 3 рет (таңертең, күндіз және кешке) тағайындайды.
6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға - 1 таблеткадан күніне 2 рет (таңертең және кешке).
Енгізу әдісі және жолы
Умкалорды шайнамай, аздаған сұйықтық мөлшерімен қабылдау ұсынылады.
Емдеу ұзақтығы 3 аптадан аспауы тиіс
Симптомдар төмендегеннен кейін аурудың қайталануының алдын алу үшін тағы бірнеше күн бойы препарат қабылдауды жалғастыру ұсынылады.
- белсенді затқа немесе препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
- бауырдың күрделі аурулары
- 6 жасқа дейінгі балалар
- жүктілік, лактация кезеңі
Жиі емес (≥1/1 000 - <1/100):
- асқазан-ішек бұзылыстары (іштің ауыруы, қыжыл, жүрек айну немесе диарея)
Сирек (≥1/10 000 - <1/1 000):
- қызыл иектен аздап қан кету
- мұрыннан аздап қан кету
- аса жоғары сезімталдық реакциялары (тері бөртпесі, есекжем, терінің және шырышты қабықтың қышуы)
- өте сирек жағдайларда беттің ісінуі, ентігу және артериялық қысымның төмендеуімен болатын ауыр аса жоғары сезімталдық реакциялары болуы мүмкін.
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- Умкалор препаратын қабылдағаннан кейін бауыр функциясының бұзылу белгілерінің пайда болғаны туралы жеке хабарламалар бар.
Кейде препаратты қабылдау кезінде бауыр көрсеткіштері деңгейінің жоғарылауы байқалды.
Тромбоциттер деңгейінің төмендеуі байқалды (жиілігі белгісіз). Бұл негізгі аурумен де байланысты болуы мүмкін (1.2-ні қараңыз).
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптоматикалық ем.
Егер Сіздің жағдайыңыз бір апта ішінде жақсармаса, егер бірнеше күн бойы Сізде жоғарғы температура сақталса, егер Сізде ентігу немесе қанды қақырық пайда болса, дереу дәрігерге қаралу қажет.
Егер сізде бауыр зақымдану белгілері (мысалы, терінің немесе көздің ақ қабатының сарғаюы, несептің қараюы, іштің жоғарғы бөлігіндегі қатты ауырсыну, тәбеттің төмендеуі) пайда болса, Умкалор® үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларды қабылдауды тоқтатыңыз және дәрігерге қаралыңыз.
Арнайы сақтандырулар
Бұл дәрінің құрамында лактоза бар. Егер сіз кейбір қанттарға жақпаушылықпен зардап шегетініңізді білсеңіз, Умкалорды® дәрігермен кеңескеннен кейін ғана қабылдаңыз.
Педиатрияда қолдану
6 жастан асқан балаларға қолдану керек
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсері
Деректер жоқ.
Жүкті әйелдерде Умкалор® препаратын қолдану қауіпсіздігі туралы деректер жеткіліксіз. Сондықтан Умкалор® препаратын жүктілік кезінде қабылдауға болмайды. Умкалор® препаратының белсенді ингредиенттерінің емшек сүтіне өтуі белгісіз болғандықтан, нәресте үшін қауіпті жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан, егер сіз емізетін болсаңыз, оны қабылдауға болмайды.
Умкалор® препаратының бір үлбірлі қабықпен қапталған таблеткасында 1 ммольден аз натрий (23 мг) бар, яғни негізінде «құрамында натрий жоқ».
Осы уақытқа дейін Умкалор® препаратының басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі туралы хабарламалар жоқ.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.