Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор оральный
Саудалық атауы
Умкалор
Әсер етуші зат
Препараты применяемые при кашле и простудных заболеваниях
Мақсаты
Жедел бронхит
Өндіруші
Др. Вильмар Швабе ГмбХ & Ко. КГ
Ел
Германия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
10 г (=9,75 мл) ерітіндінің құрамында
белсенді зат – Pelargonium sidoides тамырларының сұйық экстрактісі (1:8 – 10) (экстрагент: этанол 11 %) - 8.0 г;
қосымша зат - глицерин 85 %
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ашық-қоңырдан қызғылт-қоңыр түске дейінгі сұйықтық.
-жедел бронхит.
Қолдану басталуына дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Жөтел және суық тию аурулары кезінде қолданылатын препараттар.
АТХ коды R05
Умкалор препаратында оңтүстік-африкалық Pelargonium sidoides өсімдігінің тамырынан алынған экстракт бар.
Жануарларға жүргізілген зерттеулер экстрактіні ішу арқылы пайдаланғанда тышқандарда ауру белгілерінің (аурудың инфекциямен байланысты жүретін спецификалық емес симптомдары) азаюы және антиоксиданттық қасиеттері байқалғанын көрсетті.
In vitro зерттеулерін жүргізгенде Умкалор препаратының келесі әсері расталған:
• спецификалық емес қорғағыш механизмдерді стимуляциялау
• кірпікті эпителий бүрінің тербеліс жиілігін стимуляциялау
• интерферонның және қабынуға қарсы цитокиннің синтезін модуляциялау
• NK-жасушасының белсенділігін стимуляциялау
• фагоцитозды, адгезивті молекулалардың экспрессиясын, хемотаксисті стимуляциялау
микробтарға қарсы белсенділігі:
• бактерияға қарсы және вирусқа қарсы орташа тікелей белсенділік
• өлі/тірі эпителиальді жасушаларға деген А тобының стрептококктары адгезиясының күшеюі/тежелуі
• β-лактамаза белсенділігін тежеу
цитопротекторлық қасиеттері:
• адамның лейкоцитарлық эластазасының белсенділігін тежеу
• антиоксиданттық қасиеттері.
Дозалау режимі
Сіздің дәрігеріңіздің басқа көрсетілімі болмаған кезде келесі дозалау режимі ұсынылады:
ересектер және 12 жастан асқан балалар: — 30 тамшыдан күніне үш рет;
6-дан 12 жасқа дейінгі балалар: — 20 тамшыдан күніне үш рет;
1-ден 5 жасқа дейінгі балалар: — 10 тамшыдан күніне үш рет.
Тамшыны сұйықтықтың аздаған мөлшерімен таңертең, күндіз және кешке қабылдау керек.
10 тамшы ерітіндінің шамамен 0,48 мл сәйкес келеді.
Енгізу әдісі және жолы
Пероральді
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы 7-10 күн. Симптомдар әлсірегеннен кейін аурудың қайталануының алдын алу үшін препаратты тағы да бірнеше күн қабылдауды жалғастыру ұсынылады. Емдеу ұзақтығы 3 аптадан аспауы тиіс.
- белсенді затқа немесе препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
- қан кетуге жоғары бейімділік
- антикоагулянттарды қолдану
- бауырдың ауыр аурулары
- 1 жасқа дейінгі балалар
- жүктілік, лактация кезеңі.
Жиі емес (≥1/1 000 - <1/100):
- асқазан-ішек бұзылулары (асқазанның ауыруы, қыжыл, жүрек айнуы немесе диарея)
Сирек (≥1/10 000 - <1/1 000):
- қызыл иектен жеңіл түрде қан кету.
- мұрыннан жеңіл түрде қан кету.
- аса жоғары сезімталдық реакциялары (тері бөртпелері, есекжем, терінің және шырышты қабықтың қышынуы).
- өте сирек жағдайларда беттің ісінуі, ентігу және артериялық қысымның төмендеуімен жүретін ауыр реакциялы аса жоғары сезімталдық болуы мүмкін.
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес):
Умкалор® препаратын қабылдағаннан кейін бауыр функциясының бұзылу белгілерінің пайда болуы туралы жекелеген хабарламалар бар.
Кейде препаратты қабылдау кезінде бауыр көрсеткіштері деңгейінің жоғарылауы байқалды. Тромбоциттер санының төмендеуі байқалды (жиілігі белгісіз). Бұл сондай-ақ негізгі аурумен байланысты болуы мүмкін (4.1 қараңыз).
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Егер Сіздің жағдайыңыз бір аптада жақсармаса, егер Сізде жоғары температура бірнеше күн бойы сақталса, бауыр функциясының бұзылу белгілері пайда болған жағдайда, сондай-ақ Сізде ентігу немесе қанды қақырық пайда болса, тез арада дәрігерге көріну керек.
Арнайы сақтандырулар
Умкалор® құрамында 12 к.% алкоголь бар. Препаратты нұсқаулыққа сай қабылдау кезінде әрбір дозамен (10-20-30 тамшы) бірге шамамен 0,05-0,10-0,15 г спирт қабылданады, бұл бауыр ауруы және церебральды ауруы бар пациенттердің, маскүнемдікке шалдыққандардың, эпилепсиямен ауыратындардың, жүкті, бала емізетін әйелдердің және 1 жасқа дейінгі балалардың денсаулығы үшін қауіпті болуы мүмкін.
Өсімдіктің сұйық экстарктісі ұзақ уақыт бойы сақтағанда бұлыңғырлануға бейім келеді, алайда, ол дәрілік заттың тиімділігіне әсер етпейді.
Умкалор® ерітіндісі табиғи өнім болғандықтан, препараттың бұлыңғырлануы және түсі мен дәмі аздап өзгеруі мүмкін.
Педиатрияда қолдану
Препаратты нәрестелерде қолдану тәжірибесі жеткіліксіз. Сондықтан Умкалорды бір жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
6 жасқа дейінгі балаларды емдеу дәрігермен кеңескеннен кейін ғана жүргізілуі керек.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Деректер жоқ
Умкалор® препаратын жүкті әйелдерге және бала емізетін аналарға қолдану тәжірибесі жеткіліксіз болғандықтан, оны жүктілік және лактация кезеңінде қолданбаған жөн.
Осы уақытқа дейін Умкалор® препаратының басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі туралы хабарлама жоқ.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Қаптаманы алғаш ашқаннан кейін сақтау мерзімі 3 ай.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
30 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.