Әсер ету механизмі
Уросептиктің белсенді ингредиенті – фосфомицин трометамолы – кең ауқымда әсер етуші антибиотик, фосфон қышқылының туындысы.
Уросептик бактерицидтік әсерге ие, бактериялардың жасуша жақтауларында пептидогликан синтезінің (ерте сатыларында) бұзылуына негізделген. D-глюкоза-6-фосфат тасымалы жүйесі бойынша микроб жасушасына ене отырып, препарат УДФ-N-ацетил-глюкозамино-3-энопирувил-трансфераза ферментін қайтымсыз тежейді, ол фосфоенолпируват және УДФ-N-ацетил-D-глюкозаминнен УДФ-N-ацетил-3-О-(1-карбоксивинил)-D-глюкозаминнің түзілу реакциясын катализдейді.
Соның нәтижесінде бұл ферменттің спецификалық, таңдаулы және қайтымсыз тежелуі жүреді, бұл антибиотиктердің басқа кластарымен айқаспалы резистенттілігі болмауын және басқа антибиотиктермен синергизм (in vitro амоксициллинмен, цефалексинмен, пипемидин қышқылымен синергизмін анықталады) мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Фосфомицин грамоң аэробтарға қатысты белсенді - Staphylococcus aureus, Staphylococcus epidermidis (оның ішінде метициллинге төзімді кейбір штаммдар), Staphylococcus spp., Streptococcus pyogenes, Streptococcus spp. viridans тобы, C, F, G тобының стрептококктары, Streptococcus pneumoniae, Enterococcus faecalis, Bacillus anthracis; грамтеріс аэробтар - Aeromonas hydrophila, Citrobacter spp., Campylobacter jejuni, Escherichia coli, Enterobacter spp. (орташа сезімтал), Haemophilus influenzae, Klebsiella pneumoniae, Klebsiella oxytoca (орташа сезімтал), Morganella morganii (штаммдардың көбінің сезімталдығы орташа), Neisseria gonorrhoeae, Neisseria meningitidis, Proteus mirabilis, Proteus vulgaris, Providencia rettgeri (сезімталдығы орташа), Pseudomonas aeruginosa, Serratia marcescens, Salmonella spp., Shigella spp., Vibrio spp. (сезімталдығы орташа), Yersinia enterocolitica; сондай-ақ кейбір анаэробтар - Actinomyces spp., Peptococcus spp., Peptostreptococcus spp., Fusobacterium spp., Veillonella spp., орташа сезімтал Clostridium perfringens және Prevotella spp.
Enterococcus faecium, Acinetobacter spp., Legionella spp., Borrelia spp., Listeria monocytogenes, Mycobacterium spp., Bacteroides spp., жасушаішілік қоздырғыштардың көпшілігі (Coxiella burnetii, Rickettsia spp., Chlamydia spp., Mycoplasma pneumoniae, Ureaplasma urealyticum) қатысты тұрақты.
Микроорганизмдердің фосфомицинге салдарлы тұрақтылығы сирек дамиды. Бета-лактамдармен, фторхинолондармен, гликопептидтермен немесе аминогликозидтермен біріктіргенде кең ауқымды грамоң және грамтеріс аэробты бактерияларға қатысты микробқа қарсы әсерінің айқын синергизмі анықталды.