Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Капсулы
Дозасы
250 мг
Саудалық атауы
Урсолив AVVA
Әсер етуші зат
Урсодезоксихолий қышқылы
Мақсаты
Өт қалтасының холестериндік тастарын еріту үшін, билиарлық рефлюкс-гастритті емдеу үшін
Өндіруші
АО "АВВА РУС"
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат − урсодезоксихолий қышқылы, 250.0 мг;
қосымша заттар: лактулоза, тальк, микрокристалды целлюлоза,
желатинді капсулалардың құрамы: желатин, титанның қостотығы (Е 171).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Корпусы мен қақпағы ақ түсті № 00 қатты желатинді капсулалар. Капсулалардың ішіндегісі − ақ немесе ақ дерлік түсті түйіршіктелген ұнтақ.
− өт қалтасының холестериндік тастарын еріту үшін. Холестериндік тастар рентгенограммадағы қарауытуға ұқсамауы және диаметрі 15 мм-ден аспауы тиіс. Тастардың болуына қарамастан, өт қалтасының функциясы бұзылмауы тиіс.
− билиарлық рефлюкс-гастритті емдеу үшін
• 6-дан 18 жасқа дейінгі балаларда муковисцидозбен/фиброзбен байланысты гепатобилиарлық бұзылуларды емдеу үшін.
Кешенді емнің құрамында:
− бауырдың бастапқы билиарлық циррозында декомпенсация белгілері болмаған кезде
Урсодезоксихолий қышқылы адамның өтінде аздаған мөлшерде болады.
Пероральді қабылдағаннан кейін урсодезоксихолий қышқылы холестериннің ішекте сіңуін тежеуінің және холестериннің өтпен секрециялануын төмендетудің есебінен өттің холестеринмен қанығуын төмендетеді.
Холестерин ұсақталып және сұйық кристалдар түзе отырып, өт қалтасындағы холестериндік тастар біртіндеп ериді деп есептеледі.
Заманауи деректерге сәйкес, бауырдың және холестатикалық аурулар кезінде урсодезоксихолий қышқылының әсеріне липофильді, детергенттәрізді, уытты өт қышқылдарының гидрофильді, цитопротекторлық, уытты емес урсодезоксихолий қышқылына салыстырымды алмасуы, бауыр жасушаларының секреторлық қабілеттілігінің жоғарылауы және иммундық реттелу үдерістері негіз болуы ықтимал.
Балалар
Муковисцидоз
Клиникалық зерттеулер аясында урсодезоксихолий қышқылын 10 жыл астам уақыт муковисцидозбен (CFAHD) байланысты гепатобилиарлық ауруы бар педиатриялық популяциядағы пациенттерде қолдану тәжірибесі алынған. Урсодезоксихолий қышқылын қолданудың өт түтігінің пролиферациясын азайтатыны, гистологиялық зерттеулер кезінде айқындалатын зақымдануларды тежейтіні, емдеу CFAHD ерте сатысында басталғанда, гепатобилиарлық жүйе өзгерістерінің кері дамуына ықпал ететіні туралы деректер бар. Урсодезоксихолий қышқылымен емді CFAHD диагнозы қойылғаннан кейін тиімділігін оңтайландыру мақсатында барынша ерте бастау керек.
Бұл дәрілік зат ересектерге және 6 жастан асқан балаларға арналған.
Дозалану режимі
Урсолив AVVA препаратын әрдайым Сізге емдеуші дәрігер тағайындаған тәртіппен қабылдаңыз.
Түрлі қолданылу көрсетілімдері үшін келесі тәуліктік дозалары ұсынылады:
Өт қалтасындағы холестериндік тастарды еріту үшін
1 кг дене салмағына шамамен 10 мг урсодезоксихолий қышқылы, дене салмағына байланысты:
60 кг дейінгілерге 2 капсула,
61–80 кг 3 капсула,
81–100 кг 4 капсула,
100 кг-ден жоғары болса 5 капсула.
Билиарлық рефлюкс-гастритті емдеу үшін
Препаратты күніне 1 рет 1 капсуладан қаблылдау керек.
Бастапқы билиарлық циррозды емдеу үшін
Тәуліктік дозасы дене салмағына тәуелді және 3 капсуладан 7 капсулаға дейін құрайды (1 кг дене салмағына 14±2 мг урсодезоксихолий қышқылы).
1 кестені қараңыз.
1 кесте
Дене салмағы (кг) — Урсолив AVVA 250 мг капсулалар
Емнің алғашқы 3 айы — Кейіннен
Таңертең — Күндіз — Кешке — Кешке (күніне 1 рет)
47−62 — 1 — 1 — 1 — 3
63−78 — 1 — 1 — 2 — 4
79−93 — 1 — 2 — 2 — 5
94−109 — 2 — 2 — 2 — 6
110-нан жоғары — 2 — 2 — 3 — 7
Бастапқы билиарлық циррозы бар пациенттерде клиникалық симптомдары нашарлауы, мысалы, қышыну күшеюі мүмкін. Бұл жағдайда емдеуді, тәулігіне 1 капсуладан қабылдай отырып жалғастыру керек. Содан соң дозасын біртіндеп (тәуліктік дозасын аптасына 1 капсулаға арттыра отырып), дозалану режиміне сәйкес ұсынылған дозасына қайта қол жеткізілгенге дейін арттыру керек.
6-18 жастағы балалар
Муковисцидозды емдеу үшін (кистозды фиброз)
Доза: тәулігіне 20 мг/кг 2-3 рет, одан әрі қажеттілігіне қарай тәулігіне 30 мг/кг дейін арттырады. 2 кестені қараңыз.
Дене салмағы (кг) — Тәуліктік доза (дене салмағы мг/кг) — Урсолив AVVA капсулалары 250 мг
Таңертең — Түсте — Кешке
20–29 — 17–25 — 1 — -- — 1
30–39 — 19–25 — 1 — 1 — 1
40–49 — 20–25 — 1 — 1 — 2
50–59 — 21–25 — 1 — 2 — 2
60–69 — 22–25 — 2 — 2 — 2
70–79 — 22–25 — 2 — 2 — 3
80–89 — 22–25 — 2 — 3 — 3
90–99 — 23–25 — 3 — 3 — 3
100–109 — 23–25 — 3 — 3 — 4
> 110 — 3 — 4 — 4
Енгізу әдісі және жолы
Ішке. Капсулаларды тұтастай, аздаған мөлшердегі сұйықтықпен ішіп жұту керек. Жұту қиын болған жағдайда капсуланы ашуға және оның ішіндегісін сұйықтықтың жеткілікті мөлшерімен іше отырып қабылдауға болады.
Қабылдау уақытын көрсете отырып қолдану жиілігі
Өт қалтасындағы холестериндік тастарды еріту үшін
Препаратты күн сайын кешке, ұйықтар алдында қабылдау қажет.
Билиарлық рефлюкс-гастритті емдеу үшін
Капсулаларды кешкілік ұйықтар алдында қабылдау керек.
Бастапқы билиарлық циррозды емдеу үшін
Емдеудің алғашқы 3 айында Урсолив AVVA 250 мг капсулалар препаратын қабылдауды күні бойына бірнеше қабылдауға бөлу керек. Бауыр көрсеткіштері жақсарғаннан кейін препараттың тәуліктік дозасын тәулігіне бір рет кешкілік қабылдауға болады.
Емдеу ұзақтығы
Өт қалтасындағы холестериндік тастарды еріту үшін
Препаратты жүйелі түрде қабылдау қажет.
Өт қалтасындағы тастардың еруі, әдетте, 6 айдан 24 айға дейінгі уақытқа созыылады. Егер 12 айдан соң өт қалтасындағы тастардың көлемі кішіреймесе, емдеуді жалғастырмаған дұрыс.
Емнің тиімділігін бақылауды әр 6 ай сайын, ультрадыбыстық зерттеудің немесе рентгенографияның көмегімен жүзеге асыру керек. Бақылау тексерулері кезінде, аталған уақыт ішінде тастардың кальцинозы туындаған-туындамағанына назар аудару керек. Егер бұл жағдай орын алса, емдеу тоқтатылуы тиіс.
Билиарлық рефлюкс-гастритті емдеу үшін
Өттік рефлюксі бар гастритті емдеу үшін Урсолив AVVA 250 мг капсулалар препаратын әдетте, 10–14 күн бойы қабылдау керек. Жалпы алғанда, қолдану ұзақтығы аурудың ағымына тәуелді. Емнің ұзақтығы жөніндегі шешімді емдеуші дәрігер қабылдайды.
Бастапқы билиарлық циррозды емдеу үшін
Урсолив AVVA 250 мг капсулаларын жүйелі түрде қабылдау қажет. Урсолив AVVA 250 мг капсулаларын бастапқы билиарлық цирроз кезінде қолдану уақыты шектеусіз.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған жағдайда қажетті шаралар
Урсолив AVVA дәрілік препаратының бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған жағдайда арнайы шараларды қабылдау қажет емес, емдеу курсын түзету үшін емдеуші дәрігердің кеңесіне жүгіну қажет.
Өткізіп алған дозасының орнын толтыру үшін дәрілік препарат капсулаларының санын өз бетіңізше көбейтпеңіз.
Тоқтату симптомдары қаупінің бар-жоқтығы жөніндегі нұсқау
Урсолив AVVA дәрілік препаратын қолдануды тоқтатқаннан кейін препараттың тоқтатылуының қандай-да бір симптомдарының дамуы күтілмейді.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар
Урсолив AVVA дәрілік препаратын қолдану тәсілі бойынша нұсқаулар осы қосымша парақтың «Қолдану жөніндегі нұсқаулар» бөлімінде егжей-тегжейлі сипатталған.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілі бойынша қосымша сұрақтарыңыз болған жағдайда емдеуші дәрігердің көмегіне жүгіну қажет.
– әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне немесе басқа өт қышқылдарына аса жоғары сезімталдық
− рентгеноң (кальций мөлшері жоғары) өт тастары
− өт қалтасының жиырылуының бұзылуы
− өт жолдарының (жалпы өт жолдарының немесе өт қалтасы жолдарының) өтімсіздігі
– бауырдың шаншуы көріністерінің жиілеуі
− өт қалтасының немесе өт жолдарының жедел қабыну аурулары, өт қалтасының эмпиемасы
• 6 жасқа дейінгі балалар
• өт шығару жолдарының атрезиясы бар балалар: сәтсіз портоэнтеростомия, өттің қалыпты ағыны қалыпқа келмеген
Жиі
– сұйық нәжіс
– диарея
Өте сирек
− бастапқы билиарлық циррозды емдеу кезінде іштің оң жақ жоғарғы бөлігіндегі ауырсыну белгілері
− бауыр циррозының декомпенсациясы (бастапқы билиарлық цирроздың дамыған сатыларын емдегенде), бұл жағымсыз реакция препаратты тоқтатқаннан кейін ішінара жоғалады
- өт тастарының кальцийленуі
- аллергиялық реакциялар, оның ішінде есекжем
Егер нұсқаулықта көрсетілген жағымсыз әсерлердің кез-келгені ушықса немесе Сіз нұсқаулықта көрсетілмеген басқа жағымсыз әсерлерді байқасаңыз, ол туралы емдеуші дәрігерге хабарлаңыз.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Артық дозаланған жағдайда диарея туындауы мүмкін. Артық дозалануы кезінде басқа симптомдардың болу ықтималдығы аз, өйткені дозасын арттырған кезде урсодезоксихолий қышқылының сіңірілуі азаяды, демек артық мөлшері нәжіспен шығарылады.
Диареяны емдеу: сұйықтықтың көлемін және электролиттер теңгерімін толықтырумен симптоматикалық емдеу. Бастапқы беріштенетін холангиті бар пациенттерде урсодезоксихолий қышқылының жоғары (тәулігіне 28-30 мг/кг) дозаларымен ұзақ уақыт емдеу (тікелей мақсатына сай емес) елеулі жағымсыз әсерлердің жоғарырақ көрсеткіштерімен байланысты.
Препаратты қабылдауды дәрігердің қадағалауымен жүзеге асыру қажет.
Емдеудің алғашқы үш айының ішінде бауырдың функционалдық көрсеткіштерін әр төрт апта сайын, содан кейін әр үш ай сайын бақылау керек. Осы параметрлерді бақылау бауыр функциясының бұзылуларын бастапқы сатыларында анықтауға мүмкіндік береді. Бұл сонымен қатар бастапқы билиарлық цирроздың кейінгі сатыларындағы пациенттерге де қатысты.
Өт тастарын еріту үшін Урсолив AVVA қабылдайтын әйелдерге контрацепцияның гормональді емес тиімді әдістерін пайдалану қажет, себебі гормональді контрацептивтер өт тастарының түзілуін арттыруы мүмкін.
Арнайы сақтандырулар
Емдеудің алғашқы үш айы ішінде бауырдың функционалдық көрсеткіштерін: қан сарысуындағы трансаминазаларды, сілтілік фосфатазаны және гамма-глутамилтранспептидазаны әр 4 апта сайын, содан кейін әр 3 ай сайын бақылау керек. Бұл параметрлерді бақылау бауыр функциясының бұзылуларын бастапқы сатыларында анықтауға мүмкіндік береді. Бұл сонымен қатар бастапқы билиарлы цирроздың кейінгі сатыларындағы пациенттерге де қатысты. Бұдан өзге, бастапқы билиарлы циррозы бар пациенттің жүргізілген емге жауап беретін-бермейтіндігін осылай тез анықтауға болады.
Холестериндік өт тастарын еріту үшін қолданғанда
Емдеудегі үдерісті бағалау үшін және тастардың көлеміне байланысты тастардың кальцинозы белгілерін дер кезінде анықтау үшін, емдеу басталғаннан кейін 6-10 айдан соң, тұрған және шалқадан жатқан қалыпта, қарауытуларды тексере отырып (ультрадыбыстық зерттеу), өт қалтасын қарап көру (пероральді холецистография) керек.
Егер өт қалтасын рентген түсірілімдерінде немесе тастардың кальцинозы, өт қалтасының әлсіз жиырылуы немесе шаншу ұстамалары жиілеген жағдайларда қарау мүмкін болмаса, Урсолив AVVA препаратын қолданбаған дұрыс.
Өт тастарын еріту үшін Урсолив AVVA қабылдап жүрген әйел пациенттерге контрацепцияның гормональді емес тиімді әдістерін пайдалану қажет, себебі гормональді контрацептивтер өт тастарының түзілуін арттыруы мүмкін.
Бастапқы билиарлық цирроздың кейінгі сатыларындағы пациенттерді емдеу кезінде
Бауыр циррозының декомпенсациясы жағдайлары өте сирек байқалды. Емдеуді тоқтатқаннан кейін декомпенсация көріністерінің ішінара кері дамуы байқалған.
Бастапқы билиарлық циррозы бар пациенттерде сирек жағдайларда емнің басында клиникалық симптомдары күшеюі, мысалы, қышыну күшеюі мүмкін. Бұл жағдайда препараттың дозасын төмендету, содан кейін «Қолдану жөніндегі нұсқаулар» бөлімінде сипатталғандай біртіндеп қайта арттыру қажет.
Диарея кезінде дозаның азайтылуы тиіс, диарея ұзақ сақталған кезде емдеудің тоқтатылуы керек.
Педиатрияда қолдану
Урсолив AVVA дәрілік препаратын 6 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Урсодезоксихолий қышқылы көлік құралдары мен механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді немесе ондай әсері өте аз.
Урсодезоксихолий қышқылын жүкті пациенттерде қолдану туралы деректер жоқ немесе шектеулі.
Анық қажет болған жағдайларды қоспағанда, Урсолив AVVA жүктілік кезінде қолданылмауы тиіс.
Урсодезоксихолий қышқылымен емдегеннен кейін тууға әсері туралы деректер жоқ.
Бала тууға қабілетті әйелдер препаратты, егер олар контрацепцияның сенімді әдістерін пайдаланып жүрсе ғана, қолдануына болады. Гормональді емес контрацептивтерді немесе құрамында эстроген мөлшері төмен пероральді контрацептивтерді пайдалану ұсынылады. Алайда, Урсолив AVVA препаратын қабылдап жүрген пациенттерге өт қалтасындағы тастарды еріту үшін тиімді гормональді емес контрацептивтерді пайдалану керек, өйткені гормональді пероральді контрацептивтер өт тастарының түзілуін арттыруы мүмкін. Жүктіліктің бар-жоқтығы емдеу басталғанға дейін анықталуы тиіс.
Әйелдерде емшек сүтіндегі урсодезоксихолий қышқылының деңгейі өте төмен, және сондықтан да бала емізу кезінде балаларда жағымсыз реакциялардың туындауы күтілмейді.
Колестирамин, колестипол және құрамында алюминий гидроксиді немесе смектит (алюминий оксиді) бар антацидтер ішекте урсодезоксихолий қышқылының сіңуін төмендетеді және осылайша оның сіңірілуі мен тиімділігін азайтады. Егер құрамында осы заттардың кем дегенде біреуі бар препараттарды пайдалану қажет болса, оларды Урсолив AVVA препаратын қабылдағанға дейін 2 сағат бұрын қабылдау керек.
Урсодезоксихолий қышқылы циклоспориннің ішектен сіңуіне әсер етуі мүмкін. Сондықтан циклоспоринді қабылдап жүрген науқастарда, дәрігер қандағы циклоспорин концентрациясын тексеруі және қажет болған жағдайда циклоспориннің дозасын түзетуі тиіс.
Жекелеген жағдайларда Урсолив AVVA ципрофлоксациннің сіңірілуін төмендетуі мүмкін.
Урсодезоксихолий қышқылы (тәулігіне 500 мг) мен розувастатинді (тәулігіне 20 мг) бір мезгілде қолдану қанның плазмасындағы розувастатин деңгейінің аздап жоғарылауына алып келеді. Бұл өзара әрекеттесудің басқа статиндерге қатысты клиникалық маңызы белгісіз.
Урсодезоксихолий қышқылы плазмадағы баяу кальций өзекшелері блокаторы − нитрендипиннің ең жоғары концентрациясын (Смах) және «концентрация − уақыт» (AUC) қисығы астындағы ауданын төмендетеді. Нитрендипин мен урсодезоксихолий қышқылын бір мезгілде қолданған жағдайда мұқият мониторингілеу ұсынылады. Нитрендипиннің дозасын арттыру қажет болуы мүмкін.
Урсодезоксихолий қышқылы дапсонның емдік әсерінің азаюына алып келуі мүмкін.
Урсодезоксихолий қышқылы Р450ЗА цитохромы жүйесінің ферменттерін индукциялауға қабілетті. Алайда, Р450ЗА цитохромының белгілі субстраты болып табылатын будесонидпен өзара әрекеттескенде индукция байқалған жоқ.
Эстрогендік гормондар және клофибрат сияқты қандағы холестерин деңгейін төмендететін препараттар бауырдағы холестерин секрециясын арттырады және сәйкесінше, өт тастарының түзілуін стимуляциялауы мүмкін, бұл өт қалтасындағы тастарды еріту үшін қолданылатын урсодезоксихолий қышқылының әсерін жояды.
Сақтау мерзімі
4 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында (қорапшасында) 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.