Әсер ету механизмі
Фамотидин H 2-гистаминдік рецепторлардың бәсекеге қабілетті тежегіші. Фамотидиннің негізгі клиникалық маңызды фармакологиялық әсері асқазан секрециясын тежеу болып табылады. Фамотидин қышқылдың концентрациясын да, асқазан секрециясының көлемін де тежейді, сол уақытта пепсин секрециясының өзгеруі оның көлеміне пропорционалды.
Фармакодинамикалық қасиеттері
Ересектер
Фамотидин асқазанның базальді, сондай-ақ түнгі секрециясын, сондай-ақ тамақпен және пентагастринмен стимуляцияланған секрецияны тежейді. Пероральді қабылдағаннан кейін секрецияға қарсы әсер 1 сағат ішінде пайда болады, ең жоғарғы әсер дозаға байланысты және 1-3 сағат ішінде пайда болады. 20 және 40 мг дозалармен секрецияны тежеу ұзақтығы 10-нан 12 сағатқа дейінгі уақытты құрайды.
20 және 40 мг бір реттік кешкі пероральді дозалар барлық пациенттерде қышқылдың базальді және түнгі асқазан секрециясын тежеді, асқазан сөлінің орташа түнгі секрециясы 86 және сәйкесінше 94% - ға кем дегенде 10 сағатқа басылды. Таңертең қабылданған бірдей дозаларда (20 және 40 мг) фамотидин барлық пациенттерде тағаммен стимуляцияланған қышқыл секрециясын тежеді. Қышқыл секрециясын басудың орташа деңгейі қабылдағаннан кейін 3-5 сағаттан соң 76 және сәйкесінше 84%-ды, ал қабылдағаннан кейін 8-10 сағаттан соң 25 және сәйкесінше 30%-ды құрады. Алайда, фамотидинді 20 мг дозада қабылдаған кейбір пациенттерде секрецияға қарсы әсер 6-8 сағат ішінде төмендеді. Бірнеше рет қабылдаған кезде кумулятивті әсер байқалмады. Фамотидинді 20 және 40 мг дозада кешкі қабылдау түнгі асқазанішілік рН-ты 5 және сәйкесінше 6,4 орташа деңгейге дейін арттырды. Таңертең тамақ ішкеннен кейін 20 және 40 мг дозада фамотидинді қабылдау қабылдағаннан кейін шамамен 3 және 8 сағаттан соң базальді күндізгі асқазанішілік рН-ты 5-ке дейін арттырды.
Таңертең ашқарынға немесе тамақ ішкеннен кейін фамотидинді қабылдау қан сарысуындағы гастрин деңгейіне әсер етпеді. Фамотидинді қабылдау асқазанның босатылуына және ұйқы безінің экзокриндік функциясына әсер етпеді.
Фамотидиннің клиникалық фармакологиясын зерттеуде ОЖЖ, ЖҚЖ, тыныс алу немесе эндокриндік жүйелерге жүйелік әсерлер байқалмады. Антиандрогендік әсерлер де байқалмады. Пролактин, кортизол, тироксин (T4) мен тестостеронды қоса алғанда, қан сарысуындағы гормондардың деңгейі фамотидинді пероральді қабылдағаннан кейін өзгерген жоқ.
Клиникалық тиімділік және қауіпсіздік
Он екі елі ішектің ойық жара ауруының өршуі
Он екі елі ішектің эндоскопиялы түрде расталған ойық жарасы бар ересек амбулаторлық пациенттер арасында АҚШ-та жүргізілген, көп орталықты салыстырмалы жасырын зерттеуде фамотидин пероральді қабылдаған кезде плацебомен салыстырылды. 2-кестеде көрсетілгендей, түнге қарай 40 мг дозада фамотидин қабылдаған пациенттердің 70%-ы 4-ші аптаға қарай сауықты. Пациенттердің көбінде он екі елі ішектің ойық жаралары 4 апта ішінде толықтай жазылды.
4-ші аптада жазылмаған пациенттер зерттеуге қатысуды жалғастырды. 8-ші аптаға қарай он екі елі ішектің ойық жараларының жазылуы плацебо қабылдаған пациенттердің 45%-ымен салыстырғанда фамотидин қабылдаған пациенттердің 83% - ында орын алды. Фамотидин қабылдаған кезде он екі елі ішектің ойық жараларының жазылуы жиілігі он екі елі ішектің эндоскопиялы түрде расталған ойық жаралардың жазылу үлесіне сүйене отырып, әр бақылау сәтінде плацебоға қарағанда жоғары болды. Зерттеуде он екі елі ішектің асқынбаған ойық жарасы кезінде фамотидинді қабылдау қауіпсіздігі 8 аптадан астам уақыт бойы бағаланбаған.
2-кесте. Он екі елі ішектің ойық жарасының жазылуы эндоскопиялы түрде расталған пациенттер 1
Емдеу кезеңі — Фамотидин, түнге қарай 40 мг (n=89), % — Фамотидин, күніне 2 рет 20 мг (n=84), % — Түнге қарай плацебо (n=97), %
2-ші апта — 32 — 38 — 17
4-ші апта — 70 — 67 — 31
1 плацебомен салыстырғанда р<0,001.
Бұл зерттеуде күндіз және түнде болатын ауырсынуды басуға дейінгі кезең плацебо алған пациенттердегі кезеңмен салыстырғанда фамотидин алған пациенттерде қысқа болды. Фамотидинмен ем алған пациенттер плацебо қабылдаған пациенттермен салыстырғанда антацидтерді аз қабылдады.
Асқазан ойық жара ауруының өршуі
АҚШ-та жүргізілген зерттеулерде, сонымен қатар халықаралық көп орталықты салыстырмалы жасырын жерттеулерде эндоскопиялы түрде расталған асқазанның ойық жарасы бар пациенттерде түнге қарай 40 мг дозада пероральді қабылданатын фамотидин плацебомен салыстырылды. Зерттеулер барысында антацидтерді қабылдауға рұқсат етілді, бірақ оларды қолдану фамотидин мен плацебо топтарында айтарлықтай айырмашылықтарды көрсетпеді.
3-кестеде көрсетілгендей, эндоскопиямен расталған асқазанның ойық жараларының жазылу жиілігі (асқазанның жазылмаған ойық жаралары бар пациенттер шығып кеткен болып саналды) халықаралық зерттеудегі 4-ші, 6-шы және 8-ші аптада және АҚШ-та жүргізілген зерттеудегі 6-шы және 8-ші аптада плацебоны қабылдаумен салыстырғанда фамотидинді қабылдаған кезде жоғары болды. Бұл зерттеулерде фамотидинмен емделген пациенттердің көбі 6 апта ішінде сауығып кетті. Зерттеулер 8 аптадан астам уақыт бойы асқынбаған асқазан ойық жарасы үшін фамотидинді қабылдау қауіпсіздігін бағаламады.
3-кесте Асқазанның ойық жараларының жазылуы эндоскопиялы түрде расталған пациенттер
Емдеу кезеңі — АҚШ-тағы зерттеу (n=149), % — Халықаралық зерттеу (n=194), %
Фамотидин, түнге қарай 40 мг (n=74) — Түнге қарай плацебо (n=75) — Фамотидин, түнге қарай 40 мг (n=149) — Түнге қарай плацебо (n=145)
4-ші апта — 45 — 39 — 471 — 31
6-шы апта — 661 — 44 — 651 — 46
8-ші апта — 782 — 64 — 801 — 54
1 Плацебомен салыстырғанда p≤0,01.
2 Плацебомен салыстырғанда p≤0,05.
Күндіз және түнде болатын ауырсыну толықтай басылғанға дейінгі уақыт кезеңі плацебо алған пациенттермен салыстырғанда таблетка түріндегі фамотидин алған пациенттерде статистикалық маңызды қысқа болды, алайда, зерттеудің соңында (8 аптаға қарай) ауырсыну қарқындылығы төмендеген пациенттердің үлесінде статистикалық маңызды айырмашылықты бірде-бір зерттеу көрсеткен жоқ.
Симптоматикалық ГЭРА
ГЭРА симптомдары бар және өңеш эрозиясының немесе ойық жарасының болуы эндоскопиялы түрде расталмаған пациенттер қатысқан, АҚШ-та жүргізілген зерттеуде фамотидинді пероральді қабылдау плацебомен салыстырылды. 4-кестеде көрсетілгендей, фамотидинді күніне 2 рет 20 мг дозада қабылдаған пациенттерде түнге қарай 40 мг фамотидин немесе плацебо қабылдаған пациенттерге қарағанда ГЭРА симптомдарының айтарлықтай жақсаруы байқалды.
4-кесте ГЭРА симптомдары жақсарған пациенттер (n=376)
Емдеу кезеңі — Фамотидин, күніне 2 рет 20 мг (n=154) — Фамотидин, түнге қарай 40 мг (n=149) — Плацебо түнге қарай (n=73)
6-шы апта — 82%1 — 69% — 62%
1 Плацебомен салыстырғанда p≤0,01.
ГЭРА туындатқан эрозиялық эзофагит
Эндоскопиялы түрде расталған эрозияны емдеу және симптомдардың жақсаруы АҚШ-та және халықаралық салыстырмалы жасырын зерттеулерде зерттелді. Емдеу эндоскопияда көрінетін барлық эрозиялардың толық жазылуы ретінде анықталды. АҚШ-та жүргізілген зерттеуде күніне 2 рет пероральді қабылданатын 40 мг дозада фамотидинді плацебомен және күніне 2 рет 20 мг дозада фамотидинді пероральді қабылдаумен салыстырғанда 6-шы және 12-ші апталарда эрозиялық эзофагит жазылуының едәуір жоғары пайызы байқалды (5-кесте).
5-кесте АҚШ-та жүргізілген зерттеудегі эрозиялық эзофагиттің жазылуы эндоскопиялы түрде расталған пациенттер (n=318)
Емдеу кезеңі — Фамотидин, күніне 2 рет 40 мг (n=127), % — Фамотидин, күніне 2 рет 20 мг (n=125), % — Плацебо, күніне 2 рет (n=66), %
6-шы апта — 481,2 — 32 — 18
12-ші апта — 691,3 — 541 — 29
1 Плацебомен салыстырғанда p≤0,01.
2 күніне 2 рет 20 мг дозадағы фамотидинмен салыстырғанда p≤0,01.
3 күніне 2 рет 20 мг дозадағы фамотидинмен салыстырғанда p≤0,05.
АҚШ-та жүргізілген зерттеуде фамотидинмен емделген пациенттерде күндіз және түнде болатын қыжылдың анағұрлым тезірек басылуы байқалды, ал пациенттердің көп бөлігінде - плацебо тобымен салыстырғанда түнде болатын қыжылдан толықтай айығу байқалды. Бұл айырмашылықтар статистикалық маңызды ретінде бағаланды.
Халықаралық зерттеуде күніне 2 рет пероральді қабылданатын 40 мг дозада фамотидинді күніне 2 рет пероральді қабылданатын 150 мг дозадағы ранитидинді қабылдаумен салыстырғанда 12-ші аптада фамотидинді қабылдау кезінде эрозиялық эзофагит жазылуының статистикалық тұрғыдан едәуір жоғары пайызы байқалды (6-кесте). Алайда емдеу топтары арасында симптомдарды жеңілдетуде айтарлықтай айырмашылықтар байқалмады.
6-кесте Халықаралық зерттеудегі эрозиялық эзофагиттің жазылуы эндоскопиялы түрде расталған пациенттер (n=440)
Емдеу кезеңі — Фамотидин, күніне 2 рет 40 мг (n=175) — Фамотидин, күніне 2 рет 20 мг (n=93) — Ранитидин, күніне 2 рет 150 мг (n=172)
6-шы апта — 48% — 52% — 42%
12-ші апта — 71%1 — 68% — 60%
1 Күніне 2 рет 150 мг дозадағы ранитидинмен салыстырғанда p≤0,05.
Патологиялық гиперсекреторлық жағдайлар
Көптеген эндокриндік жаңа түзілімдермен немесе онсыз Золлингер-Эллисон синдромы сияқты патологиялық гиперсекреторлық жағдайлары бар пациенттер қатысқан зерттеулерде фамотидинді қабылдау асқазан сөлінің секрециясын едәуір басқан және қатарлас жүретін симптомдарды бақылаған. Фамотидинді әр 6 сағат сайын 20-дан 160 мг-ға дейінгі дозада пероральді қабылдау қышқылдың базальді секрециясын 10 мЭкв/сағ төмен ұстады, кейбір пациенттерде ем кезінде кейіннен дозаны түзету арқылы бастапқы дозалар жеке қажеттіліктерге сәйкес титрленді.
Он екі елі ішектің ойық жарасының қайталану қаупін төмендету
Он екі елі ішектің ойық жараларының жазылуы эндоскопиялы түрде расталған пациенттердің қатысуымен жүргізілген, екі рандомизацияланған салыстырмалы жасырынкөп орталықты зерттеудің нәтижелері плацебомен салыстырғанда түнге қарай 20 мг дозада фамотидинді пероральді қабылдаған пациенттерде он екі елі ішектің ойық жарасының қайталану жиілігінің төмендегенін көрсетті.
АҚШ-та жүргізілген зерттеуде 12 ай ішінде он екі елі ішектің ойық жарасының қайталануы фамотидинмен емделген пациенттерге қарағанда плацебо қабылдаған пациенттерде 2,4 есе жиі байқалды. Фамотидинмен емделген 89 пациентте он екі елі ішектің ойық жарасы қайталануының жиынтық байқалған жиілігі плацебо қабылдаған 89 пациенттің 57% - ымен салыстырғанда 23%-ды құрады (p<0,01).
Халықаралық зерттеуде фамотидинмен емделген 307 пациентте 12 ай ішінде он екі елі ішектің ойық жарасы қайталануының жиынтық байқалған жиілігі плацебомен емделген 325 пациентте (p<0,01) 76% - бен салыстырғанда 36%-ды құрады.
Бақыланатын зерттеулердің ұзақтығы 1 жылдан аспады.
Балалар
Асқазан сөлінің рН анықтауға негізделген фамотидин фармакодинамикасы E max сигмоидты моделін қолдану арқылы 2 жастан 13 жасқа дейінгі 5 пациентте бағаланды. Алынған деректер қан сарысуындағы фамотидин концентрациясы мен асқазан сөлінің қышқылдығын басу арасындағы өзара байланыс ересектерде байқалғанға ұқсас екенін көрсетеді (1-кестені қараңыз).
1-кесте Фамотидинмен емделген балалар мен ересектердегі асқазан сөлі қышқылдығының төмендеуімен байланысты қан сарысуындағы фамотидин концентрациясы
Популяция — EC50, нг/мл1
Балалар — 26±13
Ересектер:
- дені сау ересектер, еріктілер — 26,5±10,3
- АІЖ жоғарғы бөлігінен қан кеткен ересек пациенттер — 18,7±10,8
1 Асқазан сөлі қышқылдығының ең жоғарғы мәннен 50% - ға төмендеуі байқалатын қан сарысуындағы фамотидин концентрациясының Emax анықтау сигмоидты қисығын қолдану орташа мәндер ± стандартты ауытқу ретінде ұсынылған.
Фамотидиннің асқазан сөлінің рН-на әсерін және 0,5 мг/кг дозада фамотидинді пероральді қабылдаған 11 жастан 15 жасқа дейінгі 4 пациенттің қатысуымен балалардағы қышқылдықты басу ұзақтығын зерттеуде асқазан сөлінің рН-ы (13,5±1,8) сағат бойы 5-тен жоғары мәнде сақталды.