Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 125 мг немесе 250 мг фамцикловир,
қосымша заттар: лактоза моногидраты, натрий крахмалының гликоляты, гидроксипропилцеллюлоза, магний стеараты,
қабықтың құрамы: гипромеллоза 5 mPas, гипромелоза 15 mPas, макрогол/ПЭГ 4000, макрогол/ПЭГ 6000, титанның қостотығы (Е171).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек екі жағы дөңес, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
ATХ коды J05AB09
Фамцикловирді ішке қабылдаған соң пенцикловирге тез айналады, ол белсенді Varicella zoster және Herpes simplex (1 және 2 типті) вирустарына, желшешек вирусына, Эпштейн-Барр вирусына және цитомегаловирусқа қатысты.
Вирус жұқтырған жасушаларда вирустық тимидинкиназа әсерімен пенцикловир монофосфатқа тез және тиімді айналады, бұл өз кезегінде трифосфатқа өтеді. Пенцикловир трифосфатының Herpes simplex 1 типін жұқтырған жасушалардың өсіріндісі үшін жасушаішілік жартылай шығарылу кезеңі 10 сағатты; Herpes simplex 2 типін – 20 сағатты; Varicella zoster – 7 сағатты құрайды. Пенцикловир трифосфатының инфекция жұқтырылмаған жасушалардағы концентрациясы ең төмен анықталатыннан аспайды, сондықтан пенцикловир емдік концентрацияларында инфекция жұқтырылмаған жасушаларға әсер етпейді.
Қарапайым герпес вирусы штаммдарының арасында ацикловирге резистенттіліктің ең жиі кездесетін формасы тимидинкиназа (ТК) ферменті синтезінің тапшылығы болып табылады. Мұндай ТК-тапшы штаммдарда пенцикловирге және ацикловирге айқаспалы резистенттілік байқалды. Алайда, ДНҚ-полимераза зақымданған қарапайым герпес вирусының таяуда бөлініп шыққан ацикловирге резистентті штаммдарына қатысты пенцикловирдің белсенділігі көрсетілген.
Қарапайым герпес вирусы штаммдарының пенцикловирге резистенттілігін айғақтайтын деректер жоқ.
Фамцикловир белдемелі герпесі бар пациенттерге қолданғанда постгерпестік невралгияның ұзақтығы едәуір төмендетеді.
ЖИТС аясында иммун тапшылығы бар пациенттерде күніне 2 рет 500 мг дозадағы фамцикловир ЖИТС симптомдары байқалған күндер санының ЖИТС симптомдары байқалмаған күндер санына арақатынасы шамасын едәуір төмендетеді.
Дозалау режимі
Иммундық статусы қалыпты ересек пациенттердегі белдемелі теміреткі және офтальмогерпес
Тәулігіне 3 рет 500 мг 7 күн бойы.
Белдемелі теміреткі немесе офтальмогерпес диагнозы анықталғаннан кейін емді мүмкін болғанша тезірек бастаған жөн.
Иммундық статусы төмен ересек пациенттердегі белдемелі теміреткі
10 күн бойы тәулігіне 3 рет 500 мг. Белдемелі теміреткі диагнозы анықталғаннан кейін емді мүмкін болғанша тезірек бастаған жөн.
Иммундық статусы қалыпты ересек пациенттердегі генитальдік герпес
Алғашқы генитальді герпесте ұсынылатын препарат дозасы 5 күн бойы тәулігіне 3 рет 250 мг құрайды.
Генитальді герпес эпизодының диагнозы анықталғаннан кейін емді мүмкін болғанша тезірек бастаған жөн.
Қайталанатын генитальді герпесте препаратты 5 күн бойы тәулігіне 2 рет 125 мг тағайындалады. Емдеуді қайталанудың алғашқы симптомдарында (шаншу, қышыну, ашыту, ауыру немесе бөрту) мүмкін болғанша тезірек бастаған жөн.
Иммундық статусы төмедеген ересек пациенттердегі қайталанатын генитальді герпес
Қайталанатын генитальді герпес кезінде препаратты 7 күн бойы тәулігіне 2 рет 500 мг дозасы ұсынылады. Емдеуді қайталанудың алғашқы симптомдарында (шаншу, қышыну, ашыту, ауыру немесе бөрту) мүмкін болғанша тезірек бастаған жөн.
Иммундық статусы қалыпты ересек пациенттердегі қайталанатын генитальді герпесті супрессиялық емдеу
250 мг препараттан тәулігіне 2 рет. Қайталанулардың жиілігі мен ауырлығын анықтау үшін үздіксіз емнің ең көп дегенде 12 айы өткен соң супрессиялық емге бағалауды жүргізу ұсынылады. Ең аз баға беру мерзімі екі қайталануды қамтуы тиіс. Елеулі ауруы сақталған пациенттерде супрессиялық емді жаңартуға болады.
Иммундық статусы төмендеген ересек пациенттердегі генитальді герпесті супрессиялық емдеу
500 мг препараттан тәулігіне 2 рет.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер
Бүйрек функциясы бұзылуы бар пациенттерде фамцикловирдің белсенді метаболиті пенцикловир клиренсінің азаюы білінеді. Дозалау режимін креатинин клиренсіне (Cl) қарай түзету 1 кестеде берілген.
1 кесте
Бүйрек жеткіліксіздігі бар ересек пациенттер үшін дозалау режимі
Көрсетілімдер және дозалау режимі — Креатинин Cl, мл/мин — Түзетілген дозалау режимі
Иммунитеті қалыпты пациенттердегі белдемелі теміреткі 7 күн бойы тәулігіне 3 рет 500 мг — ≥ 60 — 7 күн бойы тәулігіне 3 рет 500 мг
40–59 — 7 күн бойы тәулігіне 2 рет 500 мг
20–39 — 7 күн бойы тәулігіне 1 рет 500 мг
<20 — 7 күн бойы тәулігіне 1 рет 250 мг
Гемодиализде жүрген пациенттер — 7 күн бойы диализдің әр сеансынан соң 250 мг
Иммунитеті төмендеген ересек пациенттердегі белдемелі теміреткі 10 күн бойы тәулігіне 3 рет 500 мг — ≥ 60 — 10 күн бойы тәулігіне 3 рет 500 мг
40–59 — 10 күн бойы тәулігіне 2 рет 500 мг
20–39 — 10 күн бойы тәулігіне 1 рет 500 мг
< 20 — 10 күн бойы тәулігіне 1 рет 250 мг
Гемодиализде жүрген пациенттер — 10 күн бойы диализдің әр сеансынан соң 250 мг
Иммунитеті қалыпты пациенттердегі алғашқы генитальді герпес 5 күн бойы тәулігіне 3 рет 250 мг — ≥ 40 — 5 күн бойы тәулігіне 3 рет 250 мг
20–39 — 5 күн бойы тәулігіне 2 рет 250 мг
<20 — 5 күн бойы тәулігіне 1 рет 250 мг
Гемодиализде жүрген пациенттер — 5 күн бойы диализдің әр сеансынан соң 250 мг
Иммунитеті қалыпты пациенттердегі қайталанатын генитальді герпес 5 күн бойы тәулігіне 2 рет 125 мг — ≥ 20 — 5 күн бойы тәулігіне 2 рет 125 мг
<20 — 5 күн бойы тәулігіне 1 рет 125 мг
Гемодиализде жүрген пациенттер — 5 күн бойы диализдің әр сеансынан соң 125 мг
Иммунитеті төмендеген пациенттердегі қайталанатын генитальді герпес 7 күн бойы тәулігіне 2 рет 500 мг — ≥ 40 — 7 күн бойы тәулігіне 2 рет 500 мг
20–39 — 7 күн бойы тәулігіне 1 рет 500 мг
<20 — 7 күн бойы тәулігіне 1 рет 250 мг
Гемодиализде жүрген пациенттер — 7 күн бойы диализдің әр сеансынан соң 250 мг
Иммунитеті қалыпты пациенттердегі қайталанатын генитальді герпестің супрессиясы тәулігіне 2 рет 250 мг — ≥ 40 — тәулігіне 2 рет 250 мг
20–39 — тәулігіне 2 рет 125 мг
<20 — тәулігіне 1 рет 125 мг
Гемодиализде жүрген пациенттер — диализдің әр сеансынан соң 125 мг
Иммунитеті төмендеген ересек пациенттердегі қайталанатын генитальді герпес супрессиясы тәулігіне 2 рет 500 мг — ≥ 40 — тәулігіне 2 рет 500 мг
20–39 — тәулігіне 1 рет 500 мг
<20 — тәулігіне 1 рет 250 мг
Гемодиализде жүрген пациенттер — диализдің әр сеансынан соң 250 мг
Гемодиализдегі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер. Плазмадағы пенцикловир концентрациясы 4-сағаттық гемодиализ жүргізілген соң 75% төмендейтіндіктен, Фамцикловир Вива Фарм препаратын гемодиализ емшарасынан соң бірден қабылдау керек. Ұсынылған дозалар 1-кестеде келтірілген.
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер. Ауырлығы жеңіл және орташа дәрежеде бауыр функциясы бұзылған пациенттер үшін препарат дозасын түзету қажет емес.
Егде жастағы пациенттер (≥65 жас)
Егер бүйрек функциясының бұзылуы жоқ болса, дозаларын модификациялау талап етілмейді.
Қолдану тәсілі
Фамцикловир Вива Фарм тамақтануға қарамастан қабылдауға болады.
• фамцикловирге, пенцикловирге немесе препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
• балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге
• жүктілік және лактация кезеңі
• туа біткен тұлғалардың галактоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
Қолайсыз жағымсыз әсерлері жіктелген туындау жиілігін ескере отырып келесідей бөлінген: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100 <1/10 дейін); жиі емес (≥1/1000 <1/100 дейін); сирек (≥1/10000 <1/1000 дейін); өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес)
Өте жиі
• бас ауыруы
Жиі
• бас айналу
• жүрек айну, құсу, абдоминальді ауыру, диарея
• бауырдың функционалдық жағдайы көрсеткіштерінің өзгеруі
• тері бөртулері, қышыну
Жиі емес
• сананың шатасуы (көбінесе егде жастағыларда)
• ұйқышылдық (көбінесе егде жастағыларда)
• ангионевроздық ісіну (бет ісінуі, қабақ ісінуі, қарашық ішіндегі ісіну, көмейдің ісінуі), есекжем
Сирек
• тромбоцитопения
• елестеулер
• жүректің жиі соғуы
• холестаздық сарғаю
Белгісіз
• құрысу (ұстамалар)
• анафилаксиялық шок, анафилаксиялық реакция
• күрделі тері реакциялары (мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз), лейкоцитопластикалық васкулит.
Иммунитеті төмендеген пациенттердегі жағымсыз реакциялар иммунитеті қалыпты пациенттерде хабарланғанға ұқсас болды. Жүрек айнуы, құсу және бауырдың функционалдық жай-күйі көрсеткіштерінің өзгерістері сияқты құбылыстар, әсіресе жоғарырақ дозаларын қабылдағанда жиірек хабарланды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: препарат жақсы көтерімді. Бүйрек аурулары бар пациенттерде жедел бүйрек жеткіліксіздігінің жағдайлары болған.
Емі: артық дозаланған жағдайда демеуші және симптоматикалық ем жүргізу қажет. Фамцикловир дозасы бүйрек функциясының деңгейіне сәйкес азайтылмаған, осының алдында бүйрек ауруларына шалдыққан пациенттердегі жедел бүйрек жеткіліксіздігі жағдайында гемодиализ қолдану ұсынылады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілі бойынша медициналық қызметкерден кеңес алу ұсыныстар
Егер дәрілік препараттың қолдану тәсілі түсініксіз болса, медициналық қызметкерден кеңес алыңыз.
Бүйрек функциясы бұзылуы бар, дозасын реттеу керек пациенттерге ерекше назар аудару қажет.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолданылуы
Ауыр бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде фамцикловир әсері зерттелмеген. Фамцикловирдің пенцикловир белсенді метаболитіне қайта айналуы бұндай пациенттерде бұзылуы мүмкін, бұл қан плазмасындағы пенцикловир концентрациясының төмендеуіне әкелуі мүмкін және соның салдары сынды фамцикловир әсерінің төмендеуі бақылануы мүмкін.
Арнайы ескертулер
Белдемелі теміреткіні емдеуге қолданылуы
Клиникалық жауапты, атап айтқанда иммунитеті төмен пациенттерде мұқият қадағалау керек. Егер ішу арқылы қабылданатын емге жауап жеткіліксіз деп саналса, венаішілік вирусқа қарсы емді қолдану мүмкіндігін қарастыру керек.
Асқынған белдемелі теміреткісі бар, мысалы ішкі ағзаларының зақымдануы бар, диссеминацияланған белдемелі теміреткісі, моторлы нейропатиясы, энцефалит және цереброваскулярлық асқынулары бар пациенттер вена ішіне вирусқа қарсы емді қолдануы тиіс.
Иммунитеті әлсіз және офтальмологиялық түрдегі белдемелі теміреткісі бар немесе ауру таралуы қаупі жоғары пациенттер және ішкі ағзалар зақымдануы бар пациенттер венаішілік вирусқа қарсы емді қолдануы керек.
Генитальді герпестің берілуі
Пациенттерге егер симптомдары болса, тіпті егер вирусқа қарсы емді бастап қойса да, жыныстық қатынастан аулақ болу ұсынылады. Вирусқа қарсы дәрілермен супрессиялық ем барысында вирустың бөліну жиілігі елеулі төмендейді. Алайда берілу қаупі теориялық тұрғыда мүмкін болып қала береді, сондықтан пациенттер тиісінше контрацепциялық заттарды қолдануы керек.
Фертильділік
Фамцикловир тәулігіне екі рет 250 мг дозада пероральді түрде қабылдағанда ұзақ емдеуден кейін ерлердің фертильділігіне әсер етпейді.
Дәрілік заттың автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қолданған кезде бас ауыру, бас айналу, сананың шатасуы немесе елестеулер пайда болғанда автокөлікті немесе басқа аса қауіпті механизмдер басқару ұсынылмайды.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Өзара әрекеттесуінің қандай да бір елеулі клиникалық түрі анықталмады.
Пробенецидпен бір мезгілде қолдану элиминациясындағы бәсекелестік есебінен қан плазмасындағы пенцикловирдің концентрациясын (фамцикловирдің белсенді метаболиті) ұлғайтуы мүмкін. Демек, фамцикловирді 500 мг дозада тәулігіне 3 рет пробеницидпен бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде уыттылығы бақылануы тиіс. Егер пациенттер қатты бас айналуы, ұйқышылдық, сананың шатасуы немесе орталық жүйке жүйесінің тарапынан басқа бұзылуларды бастан өткерсе, Фамцикловир Вива Фарм дозасын тәулігіне 3 рет 250 мг дейінгі дозада төмендету мүмкіндігін қарастыру керек.
Белсенді емес метаболит - 6-деоксипенцикловирдің пенцикловирге айналуы альдегидоксидаза ферментімен катализденеді. Фамцикловирді альдегидоксидазаның күшті тежегіші - ралоксифенмен бірге in vitro қабылдағанда фамцикловирден пенцикловир түзілуінің төмендеуі, осының салдарынан, фамцикловирдің тиімділігі төмендеуі ықтимал. Фамцикловир мен ралоксифен бір мезгілде қолданылғанда вирусқа қарсы емнің клиникалық тиімділігін бақылау қажет.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.