Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір грамм гельдің құрамында
белсенді зат – 50 мг натрий диклофенагы,
қосымша заттар: гипромеллоза, изопропил спирті, макрогол-7 глицеролкокоат, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Спирт иісі бар, түссізден сәл сары түске дейінгі мөлдір гель.
Шығарылу түрі мен қаптамасы
30 г немесе 100 г препараттан бұрандалы қақпағы бар алюминий сықпаға салынған.
1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.
Әсер ету механизмі
Диклофенак қабынуға қарсы және ауыруды басатын әсері бар ҚҚСП болып табылады. Оның негізгі әсер ету механизмі простагландиндер биосинтезін бәсеңдетуге негізделеді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Препаратты жарақаттарда қолдану байлам мен буындардың дәнекер тіндері жасушаларының регенерациясына ықпал етеді, зақымданған сіңірлер мен бұлшықеттердің жылдам қалпына келуіне әкеледі.
Диклофенактың толарсақтық байламдарының созылуын зерттеуде (VOPO-P 307) тиімді әрі ауырғанды жылдам басатын әсері бар екені көрсетілді.
ФАНИГАН ДЭЙ гельдің құрамындағы қосымша заттар изопропилді спирт және тазартылған су тыныштандырғыш және салқындатқыш әсерді қамтамасыз етеді.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Деректер жоқ
Балалар
Балаларда қолдану тәжірибесі шектеулі. Сондықтан препаратты болжамды пайдасы кез келген ықтимал қаупінен басым түскенде ғана қолдану керек.
Дозалану режимі
ФАНИГАН® ДЭЙ гелін теріге жұқа қабатпен жағып жеңіл ысқылай отырып тәулігіне 2 рет қолданады.
Препараттың қолданылатын мөлшері ауру аймағының көлеміне байланысты болады, мысалы 2-4 г ФАНИГАН® ДЭЙ гелі (ол салмағы бойынша диаметрі 2,0-2,5 см жуық) 400–800 см2 алаң көлеміне жағу үшін жеткілікті. Киім кимей тұрып гель кепкенше бірнеше минут күте тұрыңыз.
Препаратты жаққаннан кейін, егер қол емдеуге жатпаған жағдайда оны жуып тастау керек. ФАНИГАН® ДЭЙ гельді окклюзиялық таңғыштың астына қолдануға болмайды.
Пациенттердің ерекше топтары
Егде жастағы пациенттер(≥65 жас)
Препараттың дозасын түзету талап етілмейді.
Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер
Препараттың дозасын түзету талап етілмейді.
Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер
Препараттың дозасын түзету талап етілмейді.
Енгізу әдісі және жолы
ФАНИГАН® ДЭЙ гель тек сыртқа қолдануға арналған. Ішке қабылдауға болмайды.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығы көрсетілімдеріне және емнің тиімділігіне байланысты. 2 аптадан кейін емдеуді жалғастыру жөнінде көрсетілім қайта қарастырылу керек.
- әсер етуші затына (заттарына) немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- анамнезінде ацетилсалицил қышқылын немесе басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қабылдауға жауап ретінде туындаған бронх демікпесі ұстамалары, есекжем немесе жедел риниттің болуы
- жүктіліктің үшінші триместрі және лактация кезеңі
- 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Диклофенактың жүйелі қан ағымына сіңу дәрежесі төмен болғандықтан, жүйелі жағымсыз әсерлердің даму қаупі аз.
Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100-ден < 1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000-нан < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000 - < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000).
Жиі
• дерматит (оның ішінде жанаспалы дерматит), бөртпе, қызару, экзема, қышыну, эритема
Сирек
• буллезді дерматит
Өте сирек
• пустулезді бөртпелер
• асажоғарысезімталдықреакциялары(оныңішінде есекжем), ангионевроздық ісіну
- демікпе, бронх түйілу реакциялары
- жарыққа сезімталдық реакциялары
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz
Симптомдары: сыртқа қолдану кезінде диклофенактың жүйелі сіңірілуі төмен болуы арқасында артық дозалану ықтималдығы аз. Алайда ФАНИГАН® ДЭЙ гелін кездейсоқ ішке жұтып қойса, диклофенак таблеткаларының артық дозалануында байқалатындарға ұқсас жағымсыз әсерлерді күтуге болады.
Нәтижесі елеулі жүйелі жағымсыз әсерлерге әкелген кездейсоқ жұтылуы жағдайында улануды емдеудің жалпы емдік шаралары қолданылады және қабынуға қарсы стероидты емес препараттар пайдаланылады.
Емі: Препараттың ықтимал уытты мөлшерін қабылдаудан кейін асқазанды шаю ұсынылады. Белсендірілген көмір қабылдау қажет.
Арнайы антидоты жоқ. Демеуші ем ұсынылады.
Дәрілік препаратты қабылдамай тұрып кеңес алу үшін дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз.
ФАНИГАН® ДЭЙ гельді әрқашанда сізге дәрігер немесе фармацевт қалай түсіндірсе, дәл солай пайдаланыңыз. Егер бір нәрсеге күмәндансаңыз, емеуші дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз.
ФАНИГАН® ДЭЙ гель аллергиялық реакциялар (іркілумен болуы мүмкін) туындатуы мүмкін. Егер препаратты қолданғаннан кейін теріде бөртпе пайда болса, емдеуді тоқтату керек. Диклофенак натрий гелін пероральді ҚҚСП-мен бір мезгілде қолданудан сақтанған жөн, өйткені жүйелі жағымсыз әсерлерінің туындау жағдайлары артуы мүмкін.
ФАНИГАН® ДЭЙ гель ойық жара ауруының тарихы, бауыр аурулары немесе бүйрек жеткіліксіздігі, геморрагиялық диатез немесе ішектің қабыну аурулары бар пациенттерге сақтықпен пайдаланған жөн, себебі сыртқа қолданғанда ұқсас жағдайларда жағымсыз әсерлер туындаудың бірлі-жарым жағдайлары туралы хабарлар келіп түскен.
Арнайы сақтандырулар
ФАНИГАН® ДЭЙ гелін жергілікті қолданғанда жүйелі жағымсыз әсерлердің даму ықтималдығы препараттың ішу арқылы қабылдайтын түрлерімен салыстырғанда болымсыз. Бірақ препаратты терінің үлкен беткейіне ұзақ уақыт бойы жаққанда жүйелі жағымсыз әсерлер пайда болуын жоққа шығармау керек.
ФАНИГАН® ДЭЙ гелін зақымданған, қабынған немесе инфекциялы зақымданған және ашық жараларға тигізіп алмай, зақымданбаған сау теріге ғана жағу ұсынылады.
ФАНИГАН® ДЭЙ гелі окклюзиялық емес таңғыштармен пайдаланылуы мүмкін, бірақ герметикалық окклюзиялық таңғыштармен пайдаланбаған жөн. Пациенттерге жарыққа сезімталдықтың туындау ықтималдығын төмендету мақсатында күн сәулесінің шамадан тыс әсер етуі жайында ескертілуге тиіс.
ФАНИГАН® ДЭЙ гелін көз бен мұрынның шырышты қабығына жағуға болмайды.
Аллергиялық аурулардан зардап шегетін немесе бронх демікпесі алдыңғы тарихымен немесе ацетилсалицил қышқылына немесе ҚҚСД аллергиясы бар пациенттерде бронх түйілуінің туындауы мүмкін. Гелді демікпе, есекжем немесе жедел ринит ұстамаларына аспирин немесе басқа да қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер түрткі болатын созылмалы демікпесі бар немесе онсыз пациенттерге сақтықпен пайдаланған жөн.
Педиатрияда қолданылуы
Препаратты 14 жасқа дейінгі балаларда қолдану тәжірибесі жеткіліксіз болғандықтан препаратты тағайындау ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Егер сіз жүкті болсаңыз немесе бала емізіп жүрсеңіз, жүкті болуым мүмкін деп ойласаңыз немесе балалы болуды жоспарласаңыз, бұл дәріні қабылдамас бұрын өз дәрігеріңізбен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.
Егер сіз жүктіліктің соңғы 3 айында болсаңыз, ФАНИГАН® ДЭЙ гельді қолданбаңыз. Жүктіліктің алғашқы 6 айында ФАНИГАН® ДЭЙ гельді препаратын сізге нақты қажеттілік пен дәрігердің ұсыныстарынсыз қолдануға болмайды. Егер сізді осы кезеңде емдеу қажет болса, ең төменгі дозаны мүмкіндігінше қысқа уақыт ішінде қолдану керек.
Диклофенактың пероральді түрлері (мысалы, таблеткалары) сіздің іштегі балаңызда жағымсыз әсерлер тудыруы мүмкін. Диклофенакты теріге/ауызға қолданған кезде де осындай қауіп бар-жоғы белгісіз.
Лактация кезінде диклофенакты қолданбаған жөн, өйткені оның ең аз мөлшері емшек сүтіне бөлінеді. Гельді емдеуші дәрігердің нұсқауы бойынша ғана қолдану керек, бұл жағдайда гельді емшекке, сондай-ақ дененің үлкен бөліктеріне жағуға және ұзақ уақыт қолдануға болмайды.
Препаратты жергілікті қолдану кезінде диклофенактың жүйелі сіңуі тым төмен болғандықтан, өзара әрекеттесудің пайда болу ықтималдығы өте аз.
Ацетилсалицил қышқылын немесе басқа да ҚҚСП бір мезгілде қолдану жағымсыз реакциялар жиілігінің артуына әкелуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек! Мұздатып қатыруға болмайды!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.