ФАНИГАН® GR препараты мен басқа ҚҚСП қолданғанда сақтық таныту және АІЖ зақымдануларын/ауруларын көрсететін симптомдары/белгілері бар немесе анамнезінде асқазанның немесе ішектің ойықжаралы зақымдануына, қан кету немесе тесілуге күдіктенуге мүмкіндік беретін деректер бар; ойықжаралы колиті, Крон ауруы бар пациенттерді, анамнезінде бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерді, және АІЖ ауруларына күдіктенуге мүмкіндік беретін шағымдары бар пациенттерді мұқият қадағалау қажет. Асқазан-ішектен қан кетудің даму қаупі ҚҚСП дозасын арттырған кезде немесе анамнезінде ойықжаралы ауруы, әсіресе, қан кетулер және ойықжараның тесілуі болған жағдайда және егде жастағы пациенттерде арта түседі. АІ қан кетулер қаупін арттыратын препараттарды: жүйелі глюкокортикостероидтарды (соның ішінде преднизолонды), антикоагулянттарды (соның ішінде варфаринді), антиагреганттарды (соның ішінде клопидогрелді, ацетилсалицил қышқылын) немесе серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштерді (соның ішінде, циталопрамды, флуоксетинді, пароксетинді, сертралинді) қабылдап жүрген пациенттерде ФАНИГАН® GR препаратын қолданғанда ерекше сақтық таныту керек.
ФАНИГАН® GR препаратын бауыр функциясының жеңіл және орташа дәрежелі бұзылулары бар пациенттерде, сондай-ақ, бауыр порфириясы бар пациенттерде қолданғанда сақ болу қажет, өйткені, препарат порфирия ұстамаларын қоздыруы мүмкін.
Препаратты бронх демікпесі, маусымдық аллергиялық риниті, мұрынның шырышты қабығының ісінуі (мысалы мұрын полиптері), өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы, тыныс жолдарының созылмалы инфекциялық аурулары (әсіресе, ринит тәрізді аллергия симптомдарымен астасқан) бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Жүрек-қантамыр аурулары бар (жүректің ишемиялық ауруын, цереброваскулярлық ауруларды, жүректің компенсацияланған жеткіліксіздігін, шеткері қантамырлардың ауруларын қоса), бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігін қоса, бүйрек функциясының бұзылулары бар, дислипидемиясы/гиперлипидемиясы бар, қан диабеті, гипертониялық ауруы бар пациенттерді, шылым шегетін пациенттерді емдегенде, диуретиктерді немесе бүйрек функциясына әсер ететін басқа препараттарды қабылдап жүрген пациенттерді емдегенде ерекше сақтық қажет.
Арнайы сақтандырулар
Аса жоғары сезімталдық реакциялары Коунис синдромының дамуына, миокард инфарктісіне әкеп соқтыруы ықтимал елеулі маусымдық аллергиялық реакцияға алып келуі мүмкін. Ондай реакциялардың симптомдары диклофенакқа аллергиялық реакцияға байланысты туындайтын кеуденің ауыруын қамтуы мүмкін.
Асқазан-ішек жолына әсері
Асқазан-ішек анастомозының қауқарсыздығы
Диклофенакты қоса ҚҚСД қолдану, диклофенак асқазан-ішекке жасалған операциядан кейін қолданылғанда, асқазан-ішек анастомозы қауқарсыздығының даму қаупінің жоғарылауымен байланыстырылуы мүмкін, соған байланысты мұқият медициналық қадағалау және операциядан кейінгі кезеңде сақтық таныту ұсынылады.
Диклофенакты қоса, барлық ҚҚСП қолданғанда, асқазан-ішектен қан кету, ойықжараның немесе тесілудің пайда болу жағдайлары тіркелген, олар өлімге соқтыруы және ескертпе симптомдарының немесе осының алдыңғы анамнезінде АІЖ тарапынан ауыр құбылыстар болуымен немесе болмауымен емдеу процесінде кез келген уақытта орын алуы мүмкін. Егде жастағы пациенттерде, әдетте, бұл құбылыстардың ауырырақ салдарлары болады. Егер диклофенакты қабылдап жүрген пациенттерде асқазан-ішектен қан кету құбылыстары немесе ойықжараның пайда болуы байқалса, препаратты қолдануды тоқтату қажет.
Диклофенакты қоса басқа ҚҚСП қолданғандағы сияқты, АІЖ тарапынан бұзылуларды көрсететін симптомдары, анамнезінде АІЖ ойықжарасы, қан кету немесе тесілуі бар екені туралы деректері бар пациенттер үшін медициналық қадағалау мен ерекше сақтық таныту міндетті болып табылады. АІЖ-ден қан кетудің, ойықжарасының немесе тесілуінің туындау қаупі диклофенакты, және анамнезінде ойықжарасы бар, әсіресе, қан кетумен асқынған ойықжарасы бар пациенттерді қоса, сондай-ақ, егде жастағы адамдарда ҚҚСП дозасын арттырған сайын жоғарылай түседі. АІЖ-ге ондай уытты әсер етуі қаупін төмендету үшін, емдеуді ең төменгі тиімді дозаларымен бастау және демеп отыру керек.
Ондай пациенттер, сондай-ақ, құрамында ацетилсалицил қышқылының немесе АІЖ-ге жағымсыз әсер етуі қаупін арттыруы ықтимал басқа дәрілік заттардың төмен дозалары бар дәрілік заттарды қатарлас қолдануды қажет ететіндер үшін, қорғағыш дәрілер қолданылатын біріктірілген емді (мысалы протонды помпа тежегіштерін немесе мизопростолды) қолдану туралы мәселені қарастыру керек.
Анамнезінде асқазан-ішекке уыттылығы бар, әсіресе, егде жастағы пациенттер әдеттен тыс кез келген абдоминальді симптомдар (әсіресе, АІЖ-ден қан кетулер) туралы хабарлап отыруы тиіс. Ойықжараның немесе қан кетудің туындау қаупін арттыруы мүмкін жүйелі кортикостероидтар, антикоагулянттар, тромбоцитке қарсы дәрілер немесе серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштер сияқты дәрілік заттарды бір мезгілде қабылдап жүрген науқастар үшін де сақтық қажет.
Препаратпен емдеу кезінде ойықжаралы колиті немесе Крон ауруы бар пациенттерде мұқият медициналық қадағалауды жүзеге асыру және сақтық таныту қажет, өйткені, олардың жағдайы өршіп кетуі мүмкін.
Жүрек-қантамыр жүйесіне әсері
Диклофенакты қоса ҚҚСП қолданып емдеу, атап айтқанда, жоғары дозаларын және ұзақ пайдаланғанда ауыр жүрек-қантамырлық тромбоз процестері (миокард инфарктісі мен инсультті қоса) қаупінің болар-болмас жоғарылауымен байланыстырылуы мүмкін.
Әдетте, жүрек-қантамырдың анықталған ауруы (жүректің іркілістік жеткіліксіздігі, жүректің ишемиялық ауруы, шеткері артериялық ауру) немесе бақыланбайтын гипертониясы бар пациенттерге ФАНИГАН® GR препаратымен емдеу ұсынылмайды. Қажет болған жағдайда, ФАНИГАН®GR жүрек-қантамырдың анықталған ауруы, бақыланбайтын гипертониясы, немесе жүрек-қантамыр ауруының елеулі қауіп факторлары (гипертензия, гиперлипидемия, қант диабеті және шылым шегу) бар пациенттерге тек мұқият бағалаудан кейін және емдеу 4 аптадан артық созылған жағдайда тәуліктік ≤ 100 мг дозалары шегінде ғана тағайындалады.
Дозалануы және экспозициясының ұзақтығы нәтижесінде жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан қауіптердің жоғарылау ықтималдылығына байланысты, диклофенактың ең төменгі тиімді дозасын өте қысқа мерзім ішінде пайдалану қажет. Атап айтқанда, емдеу 4 аптадан артық созылған жағдайда, симптомдарын жеңілдету қажеттілігін және пациенттің емге жауабын жүйелі түрде қайта бағалап отыру қажет.
Пациенттер ескертпе симптомдарсыз кез келген уақытта туындауы мүмкін ауыр тромбоз құбылыстарының (кеуденің ауыруы, ентігу, әлсіздік, сөйлеудің бұзылуы) туындау қаупіне қатысты хабардар болуы тиіс. Бұл жағдайда дереу дәрігерге жүгіну керек.
Гематологиялық көрсеткіштерге әсері
Бұл препаратты ұзақ мерзімге тағайындағанда, гемограмманы жүйелі түрде бақылап отыру ұсынылады (басқа ҚҚСП үшін жағдайлардағы сияқты). Диклофенак, басқа ҚҚСП сияқты, тромбоциттер агрегациясын уақытша тежеуі мүмкін, сондықтан, гемостаз бұзылулары бар пациенттердің жай-күйін мұқият бақылау қажет.
Тыныс алу жүйесіне әсері (анамнезіндегі демікпе)
Демікпесі, маусымдық аллергиялық риниті, мұрынның шырышты қабығының ісінуі (мысалы мұрын полиптері), өкпенің созылмалы обструкциялық аурулары немесе респираторлық жолдың созылмалы инфекциялары бар (әсіресе, аллергиялық ринит симптомдарына ұқсас көріністері бар) пациенттерде ҚҚСП қабылдағанда, демікпенің өршуі (анальгетиктердің жақпаушылығы немесе анальгетиктік демікпе), Квинке ісінуі немесе есекжем сияқты жағымсыз әсерлер басқа пациенттердегіге қарағанда жиірек туындайды. Соған байланысты, ондай науқастарға арнайы сақтық шаралары (шұғыл көмек көрсетуге дайындық) қажет. Жоғарыда аталған жағдай, басқа препараттарды қолданғанда мысалы, бөртпе, қышыну немесе есекжем сияқты аллергия көріністері бар пациенттерге де қатысты.
Бауырға әсері
ФАНИГАН® GR бауыр функциясы бұзылған пациенттерге тағайындалған жағдайда, мұқият медициналық қадағалау жүргізу қажет, өйткені олардың жай-күйлері нашарлап кетуі мүмкін. Диклофенакты қоса, басқа ҚҚСП қолданғандағы сияқты, бауырдың бір немесе бірнеше ферментінің деңгейі жоғарылауы мүмкін.
ФАНИГАН® GR препаратымен ұзақ уақыт емдеген кезде сақтық шарасы ретінде, бауыр функциясын және бауыр ферменттерінің деңгейін жүйелі түрде қадағалау тағайындалады. Егер бауыр функциясының бұзылулары сақталып қалса немесе нашарлай түссе, және егер клиникалық белгілері немесе симптомдары бауырдың үдемелі ауруларымен байланысты болуы мүмкін болса немесе басқа көріністер білінсе (мысалы эозинофилия, бөртпе), ФАНИГАН® GR препаратын қолдануды тоқтату керек. Гепатит сияқты аурулардың ағымы, продромдық симптомдарсыз өтуі мүмкін. Егер ФАНИГАН® GR бауыр порфириясы бар пациенттерде қолданылса, ұстамасының қозу ықтималдығына байланысты сақтану қажет.
Тері реакциялары
ҚҚСП, соның ішінде ФАНИГАН® GR препаратын қолданумен байланысты, аса сирек жағдайларда эксфолиативтік дерматитті, Стивенс — Джонсон синдромын және уытты эпидермалық некролизді қоса, тері тарапынан ауыр реакциялар тіркелген (олардың кейбіреулері өлімге соқтырған). Пациенттерде аталған реакциялар қаупінің жоғары болуы емдеу курсының басында анықталған: реакцияның туындағаны көпшілік жағдайларда, емнің алғашқы айы ішінде білінеді. Тері бөртпесі, шырышты қабықтың зақымдануы алғаш пайда болған немесе жоғары сезімталдықтың кез келген басқа белгілері туындаған жағдайда, ФАНИГАН® GR препаратын қолдануды тоқтату қажет.
Бүйрекке әсері
Диклофенакты қоса, ҚҚСП емі кезінде, сұйықтық іркілуі мен ісінулер жағдайлары тіркелген, анамнезінде жүрек немесе бүйрек функциясының бұзылулары, АГ бар пациенттерге, егде жастағы пациенттерге, диуретиктермен немесе бүйрек функциясына едәуір әсер ететін препараттармен ем қабылдап жүрген пациенттерге, сондай-ақ, жасушадан тыс сұйықтық көлемі кез келген себептен, мысалы ауыр хирургиялық араласымға дейін немесе кейін едәуір төмендеген пациенттерге ерекше көңіл бөлу керек. Ондай жағдайларда сақтық шарасы ретінде бүйрек функциясына мониторинг жүргізу ұсынылады. Емдеуді тоқтату, әдетте, емнің алдындағы жағдайға қайта оралуға әкеп соқтырады.
Егде жастағы адамдарда қолданылуы
Препаратты егде жастағы адамдарда негізі медициналық тәжірибеге сәйкес сақтықпен қолдану қажет. Атап айтқанда, егде жастағы, әлсіз пациенттерге немесе егде жастағы, дене салмағы жеткіліксіз пациенттерге ең аз тиімді дозасын тағайындау ұсынылады.
ҚҚСП-мен өзара әрекеттесуі
Жағымсыз әсер беретіндіктен, ФАНИГАН® GR препаратын ЦОГ-2 селективті тежегіштерін қоса, жүйелі ҚҚСП-мен бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек.
Инфекциялық аурулардың көріністерін бүркемелеуі
ФАНИГАН® GR, басқа ҚҚСП сияқты, өзінің фармакодинамикалық қасиеттерінің арқасында инфекциялық аурулардың көріністері мен симптомдарын бүркемелеуі мүмкін.
Препаратты тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Лапп лактазасы тапшылығы, глюкоза – галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға қолданбау керек.
Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
ФАНИГАН® GR препаратын қабылдау кезінде бас айналуды немесе орталық жүйке жүйесі тарапынан көру бұзылуларын қоса, басқа жағымсыз сезімдерді бастан өткерген пациенттер көлік құралдарын басқармағаны немесе күрделі механизмдермен жұмыс істемегені дұрыс.