Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Капли назальные
Дозасы
0.1 %
Саудалық атауы
Фармазолин®
Әсер етуші зат
Ксилометазолин
Мақсаты
Әр түрлі этиологиядағы тұмау
Өндіруші
АО Фармак
Ел
Украина
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір мл препараттың құрамында
белсенді зат - 100 % затқа шаққанда ксилометазолин гидрохлориді – 0,5 мг немесе 1,0 мг,
қосымша заттар: натрий гидрофосфат додекагидраты, натрий дигидрофосфат дигидраты, сорбит (Е 420), бензалконий хлориді, динатрий эдетаты, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз сұйықтық.
• әр түрлі этиологиядағы тұмау
• мұрынның қосалқы қуыстарының қабынуы (секрецияның бөлінуін жеңілдету үшін)
• ортаңғы отит (мұрын-жұтқыншақтың шырышты қабығының ісінуін азайту үшін)
• науқасты мұрын жолдарында диагностикалық манипуляцияларға дайындау (риноскопия)
АТХ R01AA07
Фармазолин селективті емес α-адреномиметиктерге жатады, олар шырышты қабық қантамырларын жергілікті тарылтып, шырышты қабықтың ісінуі мен гиперемиясын басады. Мұрынның шырышты қабығына жаққан кезде ісінуге қарсы әсер береді, ол мұрынмен тыныс алудың жеңілдеуіне ықпал етеді.
Препараттың әсері 5-10 минуттан соң басталады және 5-6 сағатқа созылады.
Дозалау режимі
Фармазолин®, мұрынға тамызатын дәрі, 0,05 %: 2-ден 11 жасқа дейінгі балаларға (ересектердің бақылауымен) әр мұрын жолына тәулігіне 2-3 рет 1-2 тамшыдан, бірақ тәулігіне 3 реттен көп емес қолданылады.
Тәулігіне 3 реттен артық емес
Фармазолин®, тамшыларын 1 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
1 жастан 2 жасқа дейінгі балаларға дәрігердің нұсқауы бойынша қолданылады.
Емдеу ұзақтығы аурудың ағымына байланысты және егер дәрігер басқаша тағайындамаса, қатарынан 7 күннен аспауы тиіс
Фармазолин®, мұрынға тамызатын дәрі 0,1 %: ересектер мен 12 жастан асқан балаларға әр мұрын жолына тәулігіне 3 рет 2-3 тамшыдан қолданады. Тәулігіне 3 реттен артық емес
Соңғы қолданылуын тікелей ұйықтар алдында жасаған жөн.
Емдеу ұзақтығы аурудың ағымына байланысты және қатарынан 7 күннен аспауы керек, өйткені ұзақ уақыт қолдану дәрі-дәрмектік ринитке әкелуі мүмкін.
Енгізу әдісі және жолы
Мұрын ішіне.
Препаратты енгізер алдында мұрын қуысын мұқият тазарту керек.
Полиэтиленнен жасалған құтыны пайдаланғанда, алғаш қолданар алдында қалпақшасын барынша қатты бұрап бекітеді, сол кезде қалпақшасының ішкі жағындағы бүртігі арқылы тесік ойылады.
Құтымен пломбасы бар қақпақпен тығындалған полиэтиленді (бірінші ашылуын бақылаумен) пайдаланған кезде пломбаны жыртып, қақпақты айналдыру керек. Препаратты қолданар алдында бөтелкені дене температурасына дейін қыздыру үшін алақанда ұстау керек.
Тамшыларды қолдану әдісі:
1. Қалпақша/қақпақты бұраңыз, шешіп алыңыз.
2. Құтыны төңкеріп жіне құтының корпусын аздап басып, әр мұрын жолына қажетті тамшылардың санын тамызыңыз.
3. Қолданғаннан кейін құтыны қалпақша/қақпақпен жабыңыз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну керек
ДП стандартты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар (қажет болса)
Жиі:
• бас ауыруы
• мұрынның шырышты қабығы тарапынан құрғауы немесе жайсыздығы, ашытып күйдіру, дәрі-дәрмектік ринит
• жүрек айнуы
• қолдану орнында ашытып күйдіру сезімі
Жиі емес:
• мұрыннан қан кету
Өте сирек:
• аса жоғары сезімталдық реакциялары (ангионевроздық ісіну, терінің бөртуі, қышыну)
• көру қабілетінің уақытша бұзылуы
• жүректің ырғақсыз немесе жиі қағуы, гипертония, аритмия
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
• ксилометазолинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• атрофиялық ринит
• құрғақ ринит (rhinitis sicca)
• жабық бұрышты глаукома
• трансфеноидты гипофизэктомиядан кейінгі жағдай және ми қабығындағы басқа хирургиялық араласулар (анамнезінде)
• 1 жасқа дейінгі балалар (Фармазолин®, 0,05 %, мұрынға тамызатын дәрі үшін)
• 12 жасқа дейінгі балалар (Фармазолин®, 0,1 %, мұрынға тамызатын дәрі үшін)
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Ксилометазолин гидрохлоридін шамадан тыс жергілікті қолдану немесе оны кездейсоқ жұтып алу ОЖЖ бәсеңдеуі (ұйқышылдық, кома), артериялық гипер - немесе гипотензия, сондай-ақ тахикардия және брадикардия сияқты симпатолитикалық әсерлердің туындауына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, жүрек айнуы және құсу сияқты асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылу орын алуы мүмкін. Басқа симптомдарға тері қабаттарының бозаруы, қатты терлеу, салқындау, миоз, тыныс алудың бәсеңдеуі, атаксия және мазасыздық жатады.
Балалар
Препаратты кездейсоқ жұтқаннан кейінгі ауыр симптомдар тіркелген жоқ; дегенмен, нәрестеде (2 апталық) 1 тамшы 0,1% ерітіндіні әрбір танауға қолдану комаға әкеп соқтырған жағдайлар айтылады.
Балаларда препаратты дене салмағына 0,5 мг/кг дейін дозада қолдану клиникалық тұрғыдан маңызды симптоматиканың пайда болуына әкелмеді.
Деректердің болмауына байланысты препаратты дене салмағына 0,5 мг/кг артық дозада қолданған жағдайда аса маңызды симптоматиканың пайда болу мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды. Мұндай жағдайларда тәжірибелі дәрігермен немесе токсикологиялық ақпарат орталығының маманымен кеңескеннен кейін пациентке медициналық бақылау және белсендірілген көмір дозасын бір рет қабылдау көрсетілген.
Спецификалық антидоты жоқ. Мұндай жағдайларда симптоматикалық ем жүргізіледі; брадикардияны емдеуді атропинмен жүргізуге болады.
Мына пациенттерге сақтықпен қолдану керек:
- артериялық қысымы жоғары
- жүрек-қантамыр аурулары бар
- гипертиреозбен
- қант диабеті бар
- феохромоцитомамен
- қуықасты безінің гипертрофиясы бар
- МАО тежегіштерімен емделетін (сондай-ақ емдеу аяқталғаннан кейін 14 күн ішінде) («Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз)
- симпатомиметиктерге айқын реакциясы (ұйқысыздық, бас айналуы және т.б.) бар.
Ксилометазолин алатын, QT аралығының ұзару синдромы бар пациенттер ауыр қарыншалық аритмиялардың даму қаупіне ұшырауы мүмкін.
Басқа жергілікті әсер ететін тамыр тарылтатын препараттар сияқты, Фармазолин, мұрынға тамызатын дәрі препаратымен 7 күннен көп үздіксіз емдеу көрсетілмеген, өйткені мұрынның шырышты қабығының ісінуі бар дәрі-дәрмектік риниті пайда болуы мүмкін, оның симптомдары тұмауға қатты ұқсас.
Әсіресе балалар мен егде жастағы адамдарды емдеу кезінде препараттың ұсынылған дозасынан асырмау керек.
Арнайы ескертулер
Қосымша заттар
Препарат құрамында бензалконий хлориді бар, оны ұзақ уақыт қолдану мұрынның шырышты қабығының ісінуіне әкелуі мүмкін.
Педиатрияда қолданылуы
Фармазолин®, мұрынға тамызатын дәрі, 0,05 %, 1 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
1-ден 2 жасқа дейінгі және одан үлкен балалар тек дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылады.
Ересектердің бақылауымен 2-ден 11 жасқа дейінгі балаларда қолдану.
Фармазолин®, мұрынға тамызатын дәрі, 0,1 %, 12 жасқа дейінгі балаларға қолданбайды.
Фармазолин®, мұрынға тамызатын дәрі тамыр тарылтатын әсерге ие болғандықтан, жүктілік кезінде қолдануға ұсынылмайды.
Ксилометазолиннің емшек сүтіне енуі туралы сенімді деректер жоқ, сондықтан бала емізу кезінде Фармазолин®, мұрынға тамызатын дәріні тек дәрігерің тағайындауы бойынша қолдану керек.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерешеліктері
Фармазолин®, мұрынға тамызатын дәрі препаратының, фертильділікке әсері туралы деректер, сондай-ақ жануарларға жүргізілген клиникалық зерттеулердің нәтижелері жоқ. Ксилометазолин гидрохлоридін жергілікті қолданғанда жүйелік әсер өте төмен болғандықтан, оның фертильділікке әсері екіталай.
Моноаминоксидаза тежегіштері: ксилометазолин МАО тежегіштерінің әсерін күшейтуі және гипертониялық кризді тудыруы мүмкін. Ксилометазолинді МАО тежегіштерін қабылдап жатқан немесе соңғы 14 күн ішінде қабылдаған пациенттерде қолдануға болмайды.
Үш- және тетрациклді антидепрессанттар: үш- немесе тетрациклді антидепрессанттар мен симпатомиметиктерді бір мезгілде қолданған кезде ксилометазолиннің симпатомиметикалық әсері күшеюі мүмкін, сондықтан мұндай дәрілерді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Құтыны ашқаннан кейінгі сақтау мерзімі – 28 тәулік.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.