Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Крем вагинальный
Дозасы
1,2%
Саудалық атауы
Фарматекс®
Әсер етуші зат
Бензалконий хлориді
Мақсаты
Жергілікті контрацепцияның бұл әдісін контрацепцияны қажет ететін әйелдердің барлығы пайдалануына болады, атап айтқанда: гормональді контрацептивтерді немесе жатырішілік…
Өндіруші
Лаборатории Шемино
Ел
Франция
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
100 г кремнің құрамында
белсенді зат – 2,4 г 50% бензалконий хлоридінің ерітіндісі, бұл 1,2 г бензалконий хлоридіне сәйкес келеді,
қосымша заттар: сусыз лимон қышқылы, динатрий гидрофосфатының додекагидраты, макрогол және этиленгликоль пальмитостеараты (Тефоз® 63), лаванда майының эссенциясы, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Лаванда иісі бар біртекті ақ крем.
Жергілікті контрацепцияның бұл әдісін контрацепцияны қажет ететін әйелдердің барлығы пайдалануына болады, атап айтқанда:
• гормональді контрацептивтерді немесе жатырішілік спиральді (ЖІС) қолдануға уақытша немесе нақты қарсы көрсетілімдер болғанда
• босанудан кейінгі кезең және бала емізу кезінде, менопауза алдындағы кезеңде
• жүктіліктен эпизодты сақтану қажеттілігінде
• қынап тығынын (диафрагма, цервикальді қалпақша) немесе ЖІС пайдалану кезінде (әсіресе, ҚҚСП сияқты белгілі бір дәрілік заттармен ұзақ емдеу жағдайында) қосымша жергілікті контрацепция ретінде.
• пероральді контрацептивтерді тұрақты пайдалану кезінде таблетканы қабылдауды өткізіп немесе кешіктіріп алған жағдайда қосымша жергілікті контрацепция ретінде. Мұндай жағдайда контрацепцияның екі әдісін бүкіл цикл бойына біріктіріп пайдаланыңыз.
Бензалконий хлориді бір мезгілде спермицид және антисептик болып табылады. Әсер етуші зат сперматозоидтар жарғақшаларын ыдыратады. Сперматозоидтардың ыдырауы екі сатыда жүреді: басында талшығының ыдырауы, содан соң бас жағының жарылуы жүреді, бұл ұрықтанудың мүмкін болмауына негіз болады.
Әдістің тиімділігі қолдану жөніндегі ұсынымдардың дұрыстығына және дәл сақталуына тәуелді.
Сапрофитті флора контрацептивтің әсерінен өзгермейді – Фарматекс лактобациллдердің (Додерляйн таяқшалары) санына әсер етпейді.
Фарматекс гормональді препарат болмағандықтан, етеккір оралымына, либидоға, фертильдікке әсер етпейді.
Бензалконий хлориді антисептикалық белсенділігін де байқатады:
• in vitro, препарат жыныстық жолмен берілетін инфекция қоздырғыштарына қатысты белсенді, атап айтқанда: Neisseria gonorrhoeae, Chlamydia spp., Herpes simplex 2 типі, АИТВ, Trichomonas vaginalis, Staphylococcus aureus. Дегенмен, ол Mycoplasma spp. қатысты белсенді емес және Gardnerella vaginalis, Candida albicans, Haemophilus ducreyi және Treponema pallidum қатысты белсенділігі төмен;
• in vivo, кейбір элементтер жыныстық жолмен берілетін кейбір аурулардың қоздырғыштарына қатысты белсенді. Профилактикалық дәрі ретінде қолданылуы жөнінде ақпарат жоқ.
Дозалау режимі
Дозаторды қақпақшаның орнына сықпаға жалғау керек. Оны ауа көпіршіктері түзілмейтіндей етіп толығымен (сақина тәріздес белгіге дейін немесе поршень тірелгенге дейін) толтырады. Оны сықпадан ажыратады. Шалқадан жатып, жыныстық қатынасқа дейін кремді дозалағыш құрылғының көмегімен, поршенін баяу баса отырып, қынапқа терең енгізу керек. Дозалағыш құрылғыны шығарып алу керек.
Енгізу әдісі және жолы
Қынапқа енгізуге арналған.
Қабылдау уақытының көрсетілуімен қолдану жиілігі
Қорғағыш әсері дереу басталады және ең кемі 10 сағатқа созылады. Әрбір қайталанатын жыныстық қатынастың алдында міндетті түрде кремнің жаңа порциясын енгізу керек. Бір реттік дозасы: кремнің бір порциясы бір жыныстық қатынасқа есептелген. Пайдалану жиілігі әсер етуші заттың жекелей жағымдылығына және жыныстық қатынастардың жиілігіне қарай шектеледі. Фарматексті қынаптық диафрагмамен немесе ЖІС-мен бірге қолдануға болады.
Жыныстық қатынастан кейін бірден сыртқы жыныс мүшелерін жай сумен ғана жууға болады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіруі үшін медициналық қызметкердің кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Бұл дәрілік препаратты әрдайым осы нұсқаулықта сипатталғандай, немесе дәрігердің немесе фармацевтің ұсынымдарына дәл сәйкестікпен қабылдаңыз.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық
- кольпит, вагинит
- қынап пен жатырдың шырышты қабығының ойық жаралануы және тітіркенуі
- психика бұзылулары бар адамдарда немесе контрацептивті пайдалануға кедергі келтіретін, жыныс мүшелеріне жасалатын кез келген араласуларға жол бермейтін тұлғаларда Фарматексті дұрыс қолдану мүмкін болмағанда
- контрацепцияның осы түрін түсінбейтін немесе келіспейтін кез келген тұлғаға.
Сирек
- жұптардың біреуінде немесе екеуінде де болатын қышыну, ашыту немесе жергілікті тітіркену
Белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес)
- аллергия болуы мүмкін, жанаспалы дерматит
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Фарматекс® оны дұрыс қолданған жағдайда жүктіліктен сақтануға арналған тиімді препарат болып табылады. Алайда, гормональді контрацепциямен, жатырішілік контрацептивтермен, диафрагмамен, цервикальді қалпақша немесе мүшеқаппен салыстырғанда, әрдайым жергілікті спермицидтік контрацепция әдісінің тиімділігі аздау.
Контрацепцияның тиімділігі оны пайдалану ережелерін қатаң сақтаумен ғана байланысты.
• Әр жыныстық қатынас алдында жүйелі түрде қолдану керек.
• Жыныстық қатынастан 2 сағат бұрын және жыныстық қатынастан кейінгі 2 сағат ішінде жыныс мүшелерін жуып-шаю үшін сабынды пайдалануға тыйым салынады, өйткені сабын, тіпті қалдық мөлшерлерінде де Фарматекстің әсер етуші затын ыдыратады.
• Жыныстық қатынастан кейін бірден жыныс мүшелерінің сыртынан ғана жай сумен жуып-шаюға болады. Қынапты бүркіп-шаймас бұрын жыныстық қатынастан кейін 2 сағат күте тұру керек.
• Фарматекстің контрацептивтік әсерінің төмендеуін болдырмас үшін, қынапқа енгізілген Фарматекспен ванна қабылдауға, теңізде, бассейнде және су қоймаларында шомылуға болмайды.
• Егер қынап ауруларын емдеу және/немесе қынапқа қандай-да бір басқа дәрілік затты тағайындау қажеттілігі туындаса, Фарматекстің көмегімен контрацепцияны жаңғыртпас (бастамас) бұрын, емнің аяқталуын күте тұру қажет.
• Контрацепцияның бұл әдісі жыныстық жолмен берілетін немесе адамның иммун тапшылығы вирусы туындатқан инфекциялардан қорғамайды. Ондай аурулардан қорғайтын бөгеттік контрацепцияның бір ғана әдісі бар – ол мүшеқап.
• Контрацепцияның бұл әдісі ерлерге арналған латекс және полиизопрен мүшеқаптармен, және диафрагма немесе цервикальді қалпақша сияқты силиконды тосқауыл құралдарымен үйлесімді.
• Контрацепцияның бұл әдісін ерлерге арналған полиуретан мүшеқаптармен бірге пайдаланбаған дұрыс.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Жүктілік
Препаратты жүктілік кезінде пайдаланумен байланысты қандай-да бір зиянды әсері анықталмады: әсер етуші заттың өзінің тератогендік қасиеттерінің сараптамасы сияқты, соңғы өнімнің де тератогендік қасиеттерінің сараптамасы теріс нәтижелер берді.
Емшекпен емізу
Ана сүтіне қандай-да бір белгілі теріс салдарларсыз, аса елеусіз мөлшерде өтуі мүмкін. Препаратты бала емізу кезеңінде қолдануға болады.
Қынапқа енгізілген кез келген дәрі Фарматекстің жергілікті спермицидтік әсерінің белсенділігін жоя алады. Әсер етуші зат – бензалконий хлориді сабынның әсерінен ыдырайды, сондықтан жыныс мүшелерін жуып-шаю үшін, тіпті өте аз мөлшерде де сабынды пайдалануға тыйым салынады.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25° С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.