Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки вагинальные
Дозасы
20 мг
Саудалық атауы
Фарматекс®
Әсер етуші зат
Миристалконий хлориді
Мақсаты
Жергілікті контрацепцияның бұл әдісін контрацепция қажет әйелдердің барлығы пайдалануына болады, атап айтқанда: гормональді контрацептивтерді немесе жатырішілік спиральді (ЖІС)…
Өндіруші
Иннотера Шузи
Ел
Франция
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – миристалконий хлориді 20,0 мг,
қосымша заттар: натрий гидрокарбонаты, сусыз лимон қышқылы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, макрогол 6000.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ортасында тесігі бар дөңгелек ақ таблеткалар.
Жергілікті контрацепцияның бұл әдісін контрацепция қажет әйелдердің барлығы пайдалануына болады, атап айтқанда:
• гормональді контрацептивтерді немесе жатырішілік спиральді (ЖІС) қолдануға уақытша немесе нақты қарсы көрсетілімдер болған жағдайда
• босанғаннан кейінгі кезеңде, бала емізу кезінде, менопауза алдындағы кезеңде
• кездейсоқ жүктіліктен сақтану қажет болған жағдайда
• қынаптық тығынды (диафрагманы, цервикальді қалпақшаны) немесе ЖІС пайдаланғанда (әсіресе, ҚҚСП сияқты белгілі бір дәрілік заттармен ұзақ уақыт емдеу жағдайында) қосымша жергілікті контрацепция ретінде
• пероральді контрацептивтерді тұрақты пайдалану кезінде таблетканы қабылдауды өткізіп алған немесе кешіктірген жағдайда қосымша жергілікті контрацепция ретінде. Ондай жағдайда контрацепцияның екі әдісін бүкіл цикл бойына біріктіріп пайдаланыңыз.
Миристалконий хлориді бір мезгілде спермицид және антисептик болып табылады. Әсер етуші зат сперматозоидтардың жарғақшаларын ыдыратады. Сперматозоидтардың ыдырауы екі сатыда жүреді: алдымен талшықтың ыдырауы, содан соң бас жағының жарылуы жүреді, бұл ұрықтануына мүмкіндік болмауына негіз болады.
Әдістің тиімділігі қолдану жөніндегі ұсынымдардың дұрыстығына және дәл сақталуына тәуелді.
Сапрофитті флора контрацептивтің әсерінен өзгермейді – Фарматекс лактобацилдердің (Додерляйн таяқшалары) мөлшеріне әсер етпейді.
Гормональді препарат емес болғандықтан, Фарматекс етеккір оралымына, либидоға, фертильділікке әсер етпейді.
Миристалконий хлориді антисептикалық белсенділігін де байқатады:
• in vitro, препарат жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың қоздырғыштарына, атап айтқанда: Neisseria gonorrhoeae, Chlamydia spp., Herpes simplex 2 типі, АИТВ, Trichomonas vaginalis, Staphylococcus aureus қатысты белсенді. Дегенмен, ол Mycoplasma spp. қатысты белсенді емес және Gardnerella vaginalis, Candida albicans, Haemophilus ducreyi және Treponema pallidum қатысты белсенділігі төмен;
• in vivo, кейбір элементтер жыныстық жолмен берілетін кейбір аурулардың қоздырғыштарына қатысты белсенді. Профилактикалық дәрі ретінде қолданылуы жөнінде ақпарат жоқ.
Дозалау режимі
Жыныстық қатынасқа дейін 10 минут бұрын шалқадан жатқан қалыпта, суға шыланған таблетканы қынапқа терең енгізеді.
Енгізу әдісі және жолы
Қынапқа енгізіледі.
Қабылдау уақытының көрсетілуімен қолдану жиілігі
Препараттың әсер ету ұзақтығы - 3 сағат. Әр қайталанатын жыныстық қатынастың алдында міндетті түрде жаңа таблетканы енгізу керек.
Бір реттік дозасы: бір таблетка бір жыныстық қатынасқа есептелген. Пайдалану жиілігі әсер етуші заттың жекелей субъективті жағымдылығына және жыныстық қатынастардың жиілігіне қарай шектеледі.
Фарматексті қынаптық диафрагмамен немесе ЖІС-мен бірге қолдануға болады.
Жыныстық қатынастан кейін бірден сыртқы жыныс мүшелерін жай сумен ғана жууға болады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкердің кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Бұл дәрілік препаратты әрдайым осы нұсқаулықта, немесе дәрігердің, немесе фармацевттің ұсынымдарында сипатталғандай дәлдікпен қолданыңыз.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- кольпит, вагинит
- қынап пен жатырдың шырышты қабығының ойық жаралануы және тітіркенуі
- психика бұзылулары бар адамдарда немесе контрацептивті пайдалануға кедергі келтіретін, жыныс мүшелеріне жасалатын кез келген араласуларға жол бермейтін адамдарда Фарматексті дұрыс қолдану мүмкін болмағанда
- контрацепцияның осы түрін түсінбейтін немесе онымен келіспейтін кез келген адамға.
Сирек
- қышыну, ашыту, жұптардың біреуінде немесе екеуінде де болатын жергілікті тітіркену
Белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес)
- аллергия, жанаспалы дерматит болуы мүмкін
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Фарматекс® препаратын дұрыс қолданған жағдайда, ол жүктіліктен сақтану үшін тиімді препарат болып табылады. Алайда, гормональді контрацепциямен, жатырішілік контрацептивтермен, диафрагмамен, цервикальді қалпақшамен немесе мүшеқаппен салыстырғанда, спермицидтік жергілікті контрацепция әдісінің тиімділігі әрдайым аздау.
Контрацепцияның тиімділігі оны пайдалану ережелерінің қатаң сақталуына ғана байланысты.
• Жүйелі түрде әр жыныстық қатынастың алдында қолдану керек.
• Жұптастардың екеуіне де жыныстық қатынасқа дейін 2 сағат бұрын және жыныстық қатынастан кейінгі 2 сағат ішінде жыныс мүшелерін жуып-шаю үшін сабынды пайдалануға тыйым салынады, өйткені сабын, тіпті қалдық мөлшерде де Фарматекстің әсер етуші затын ыдыратады.
• Жыныстық қатынастан кейін бірден жыныс мүшелерін сыртынан ғана тек жай сумен жуып-шаюға болады. Қынапты бүркіп-шаймас бұрын, жыныстық қатынастан кейін 2 сағат күте тұру керек.
• Қынапқа енгізілген Фарматекстің контрацептивтік әсерінің төмендеуін болдырмас үшін, онымен ванна қабылдауға, теңізде, бассейнде және суқоймаларда шомылуға болмайды.
• Егер қынап ауруларын емдеу қажеттілігі туындаса және/немесе қандай-да бір басқа қынаптық дәрілік зат тағайындалса, Фарматекстің көмегімен контрацепцияны жаңғыртпас (бастамас) бұрын емнің аяқталуын күте тұру қажет.
• Контрацепцияның бұл әдісі жыныстық жолмен берілетін немесе адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған инфекциялардан қорғамайды. Ондай аурулардан қорғайтын бөгеттік контрацепцияның бір ғана әдісі бар – ол мүшеқап.
• Контрацепцияның бұл әдісі ерлерге арналған латекс, полиизопрен және полиуретан мүшеқаптармен үйлесімді.
• Контрацепцияның бұл әдісін диафрагма немесе цервикальді қалпақша сияқты силиконды тосқауыл құралдарымен пайдаланбаған дұрыс.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Жүктілік
Жүктілік кезінде препаратты пайдаланумен байланысты қандай-да бір зиянды әсері анықталмады: әсер етуші заттың өзінің тератогендік қасиеттерінің сараптамасы сияқты, соңғы өнімінің тератогендік қасиеттерінің сараптамасы да теріс нәтижелер берді.
Бала емізу
Ана сүтіне өте елеусіз мөлшерде, қандай-да бір белгілі теріс салдарларсыз өтуі мүмкін. Препаратты бала емізу кезеңінде қолдануға болады.
Қынапқа енгізілген кез келген дәрі Фарматекстің жергілікті спермицидтік әсерінің белсенділігін жоюы мүмкін. Әсер етуші зат – миристалконий хлориді сабынның әсерінен ыдырайды, сондықтан жыныс мүшелерін жуып-шаю үшін, тіпті өте аз мөлшерде де сабынды пайдалануға тыйым салынады.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Пікірлер
Пікірлер жалпы препаратқа қатысты; автор қабылдаған нұсқа бөлек көрсетіледі.
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.