Әсер ету механизмі
Несеп қышқылы адамдағы пуриндер метаболизмінің соңғы өнімі болып табылады және келесі реакция барысында түзіледі: гипоксантин-ксантин-несеп қышқылы. Осы реакцияның екі кезеңінде ксантиноксидаза катализатор ретінде әрекет етеді. Фебуксостат-2-арилтиазолдың туындысы болып табылады. Оның емдік әсері ксантиноксидазаны селективті тежеу арқылы сарысудағы несеп қышқылының концентрациясын төмендетуге негізделген. Фебуксостат ксантиноксидазаның қуатты әрі селективті пуриндік емес (NP-SIXO) тежегіші түрінде болады және оның Ki (тежелу константасы) in vitro 1 нМ аз құрайды. Фебуксостат едәуір дәрежеде ксантиноксидазаның тотыққан да, қалпына келтірілген де түрінің белсенділігін бәсеңдетеді. Емдік концентрацияларында фебуксостат гуаниндезаминаза, гипоксантингуанинфосфорибозилтрансфераза, оротатфосфорибозилтрансфераза, оротидинмонофосфатдекарбоксилаза немесе пуриннуклеозидфосфорилаза сияқты пуриндер немесе пиримидиндер метаболизміне қатысатын басқа ферменттерге ықпал етпейді.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Подагра
Фебуксостаттың тиімділігі гиперурикемия және подагра ауруына шалдыққан 4 101 пациентті қамтитын, үш негізгі зерттеудің (APEX және FACT екі негізгі зерттеуі және төменде сипатталған қосымша CONFIRMS зерттеуі) 3 фазасында расталды. Осы 3-ші фазаның негізгі зерттеулерінің әрқайсысында фебуксостат сарысудағы несеп қышқылының концентрациясын тиімдірек төмендетіп, оны аллопуринолға қарағанда тиісті деңгейде ұстап тұрды. Соңғы үш ай ішінде сарысудағы несеп қышқылының концентрациясы 6,0 мг/дл-ден (357 мкмоль/л) аспаған пациенттердің үлесі екі зерттеуде де тиімділіктің бастапқы соңғы нүктесі болды. Нәтижелері фебуксостатқа тіркеу куәлігі алғаш берілгеннен кейін қолжетімді болған 3-фазаның CONFIRMS қосымша зерттеуінде тиімділіктің бастапқы соңғы нүктесі соңғы келген кезінде сарысудағы несеп қышқылының концентрациясы 6,0 мг/дл-ден аспайтын пациенттердің үлесі болды. Бұл зерттеулерге ағзалардың трансплантациясы жасалған пациенттер кірмеген (4.2-бөлімді қараңыз).
APEX зерттеуі: 3-фазаның плацебо және аллопуринолды бақылаумен фебуксостаттың тиімділігін зерттеу (Allopurinol and Placebo-Controlled Efficacy Study of Febuxostat, APEX) рандомизацияланған, салыстырмалы жасырын, көп орталықты, ұзақтығы 28 апта болды. Барлығы 1072 пациент рандомизацияланды: сарысудағы креатининнің бастапқы концентрациясы < 1,5 мг/дл пациенттер үшін плацебо (n=134), фебуксостат 80 мг 1 р./тәул. (n=267), фебуксостат 120 мг 1 р./тәул. (n=269), фебуксостат 240 мг 1 р./тәул. (n=134) немесе сарысудағы креатининнің бастапқы концентрациясы > 1,5 мг/дл және < 2,0 мг/дл пациенттер үшін аллопуринол (300 мг 1 р./тәул. [n=258] немесе 100 мг 1 р./тәул. [n=10]. Қауіпсіздікті бағалау үшін фебуксостатты 240 мг дозада тағайындады (ең жоғары ұсынылған дозадан 2 есе жоғары).
APEX зерттеуі сарысудағы несеп қышқылы концентрациясының 6 мг/дл-ден төмен (357 мкмоль/л) қалыпты 300 мг (n=258)/100 мг (n=10) дозасындағы аллопуринолмен салыстырғанда 1 р./тәул. 80 мг фебуксостат және 1 р./тәул. 120 мг фебуксостат препараттарымен екі емдеу режимінің де статистикалық сенімді артықшылығын көрсетті (2-кестені және 1-суретті қараңыз).
FACT зерттеуі: 3-ші фазаның аллопуринол-бақыланатын (the Febuxostat Allopurinol Controlled Trial, FACT) фебуксостаттың тиімділігін зерттеу рандомизацияланған, салыстырмалы жасырын, көп орталықты, ұзақтығы 52 апта болды. Барлығы 760 пациент рандомизацияланды: фебуксостат 80 мг 1 р./тәул. (n=256), фебуксостат 120 мг 1 р./тәул. (n=251) немесе аллопуринол 300 мг 1 р./тәул. (n=253).
FACT зерттеуі әдеттегі 300 мг дозадағы аллопуринолмен салыстырғанда тәулігіне 1 р./тәул. 80 мг фебуксостат және 1 р./тәул. 120 мг фебуксостат препараттарымен екі емдеу режимінің де, сарысудағы несеп қышқылының концентрациясын 6 мг/дл-ден (357 мкмоль/л) төмендету және ұстап тұрудағы статистикалық сенімді артықшылығын көрсетті.
Кестеде тиімділіктің бастапқы соңғы нүктесін бағалау нәтижелері ұсынылған.
Сарысудағы несеп қышқылының деңгейі < 6,0 мг/дл (357 мкмоль/л) бар пациенттердің үлесі
Соңғы үш ай сайынғы тексеру
Зерттеу — фебуксостат 80 мг 1 р/тәулік — фебуксостат 120 мг 1 р./тәулік — фебуксостат 300/100 мг 1 р/тәулік1
APEX (28 апта) — 48%* (n = 262) — 65% *, # (n=269) — 22% (n = 268)
FACT (52 апта) — 53%* (n = 255) — 62%* (n = 250) — 21% (n = 251)
Біріктірілген нәтижелер — 51%* (n = 517) — 63%*, # (n=519) — 22% (n = 519)
1 тәулігіне 1 рет 100 мг (n = 10: сарысу креатинині > 1,5 және ≤2,0 мг / дл) немесе тәулігіне 1 рет 300 мг (n = 509) алған субъектілердің нәтижелері талдау үшін біріктірілді. * p <0,001 аллопуринолмен салыстырғанда, # p <0,001 80 мг-мен салыстырғанда
Фебуксостатты қабылдау сарысудағы несеп қышқылы концентрациясының тез төмендеуіне әкелді және бұл әсер ұзақ уақыт сақталды. Сарысудағы несеп қышқылы деңгейінің <6,0 мг/дл (357 мкмоль/л) дейін төмендеуі зерттеудің екінші аптасында байқалды және барлық емдеу кезеңінде сақталды. 1-суретте 3-ші фазаның екі негізгі зерттеулерін емдеудің әр тобы үшін уақытқа байланысты сарысудағы несеп қышқылының орташа концентрациясын көрсетілген.
1-сурет. Сарысудағы несеп қышқылының орташа концентрациясы - 3-ші фазаның негізгі зерттеулерінің біріктірілген деректері
Ескертпе: 509 пациент тәулігіне 1 р./300 мг дозада аллопуринол алды; сарысудағы креатининнің бастапқы концентрациясы >1,5 мг/дл және ≤2,0 мг/дл 10 пациент аллопуринолды 1 р./тәул. 100 мг дозада алды (APEX зерттеуіндегі 268 пациенттің 10-ы).
240 мг фебуксостат ең жоғары ұсынылғаннан 2 есе жоғары дозада қауіпсіздікті бағалау үшін тағайындалды.
CONFIRMS зерттеуі: CONFIRMS зерттеуі подагра мен гиперурикемияға шалдыққан пациенттерде 300 мг және 200 мг дозалардағы аллопуринолмен салыстырғанда 40 мг және 80 мг дозалардағы фебуксостаттың қауіпсіздігі мен тиімділігін бағалау үшін жүргізілген, 26 аптаға созылған, рандомизацияланған, 3-ші фазаның бақыланатын зерттеуі болды. Барлығы 2269 пациент рандомизацияланды: фебуксостат 40 мг 1 р./тәул. (n=757), фебуксостат 80 мг 1 р./тәул. (n=756), немесе аллопуринол 300/200 мг 1 р./тәул. (n=756). Пациенттердің кемінде 65% - ында бүйрек функциясының жеңілден орташа дәрежеге дейінгі бұзылуы (креатинин клиренсімен 30-89 мл/мин) болған. Подагра ұстамасының профилактикасын жүргізу 26 аптадан астам уақытқа міндетті болды.
Соңғы келген кезінде сарысудағы несеп қышқылының концентрациясы <6,0 мг/дл (357 мкмоль/л) болған пациенттердің үлесі фебуксостат үшін 40 мг 45%-ды, фебуксостат үшін 80 мг 67%-ды және тиісінше аллопуринол үшін 300/200 мг 42%-ды құрады.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттердің қосалқы тобындағы бастапқы соңғы нүкте
APEX зерттеуінде бүйрек функциясы бұзылған 40 пациентте препараттың тиімділігі бағаланды (яғни сарысудағы креатининнің бастапқы концентрациясы > 1,5 мг/дл және 2,0 мг/дл). Аллопуринол тобына рандомизацияланған бүйрек функциясы бұзылған субъектілерге препараттың дозасын тәулігіне 1 рет 100 мг-ға дейін төмендетті. Бастапқы соңғы тиімділік нүктесіне тәулігіне 1 рет 100 мг аллопуринолды және плацебоны қабылдаған пациенттер топтарындағы 0% - бен салыстырғанда пациенттердің 44% - ында (80 мг 1 р./тәул.), 45%-ында (120 мг 1 р./тәул.) және 60%-ында (240 мг 1 р./тәул.) фебуксостат алған пациенттер тобында қол жеткізілді.
Бұл ретте бүйрек функциясына байланысты сарысудағы несеп қышқылы концентрациясының төмендеу дәрежесі бойынша айырмашылықтар байқалмады (бүйрек функциясы қалыпты топта 58% және бүйрек функциясы бұзылған топта 55%).
CONFIRMS зерттеуі аясында подаграға шалдыққан және бүйрек функциясы бұзылған пациенттер туралы деректерді талдау проспективті түрде жүргізілді және подаграға шалдыққан әрі бүйрек функциясы жеңіл мен орташа дәрежеде бұзылған пациенттерде (зерттелген пациенттердің 65% - ы) 300 мг/200 мг аллопуринолмен салыстырғанда сарысудағы несеп қышқылының деңгейін < 6 мг/дл-ге дейін төмендету кезінде фебуксостат айтарлықтай тиімдірек болғанын көрсетті.
Сарысудағы несеп қышқылының концентрациясы ≥ 10 мг/дл болған пациенттердің қосалқы тобындағы бастапқы соңғы нүкте
Пациенттердің шамамен 40% - ында сарысудағы несеп қышқылының бастапқы концентрациясы ≥ 10 мг/дл болған (APEX және FACT біріктірілген зерттеулері). Бұл пациенттердің ішінде бастапқы соңғы тиімділік нүктесіне (сарысудағы несеп қышқылының концентрациясы соңғы 3 келгенде 6 мг/дл-ден аз) тәулігіне 1 рет 300/100 мг аллопуринол қабылдаған пациенттер тобындағы 9% - бен және плацебо қабылдаған пациенттер тобындағы 0% - бен салыстырғанда фебуксостат алған пациенттер тобындағы пациенттердің 41% - ында (80 мг 1 р./тәул.), пациенттердің 48% - ында (120 мг 1 р./тәул.) және пациенттердің 66% - ында (240 мг 1 р./тәул.) қол жеткізілді.
CONFIRMS зерттеуінің деректері бойынша бастапқы соңғы тиімділік нүктесіне жеткен пациенттердің үлесі (соңғы келгенінде сарысудағы несеп қышқылының концентрациясы <6,0 мг/дл) тәулігіне 1 рет 40 мг фебуксостат алған сарысудағы несеп қышқылының бастапқы концентрациясы ≥ 10 мг/дл пациенттер тобында 27 %-ды (66/249), фебуксостат 80 мг 1 р./тәул. - 49 %-ды (125/254) және аллопуринол 300 мг/200 мг 1 р./тәул. тиісінше -31 %-ды (72/230) құраған.
Клиникалық нәтижелер: подагра ұстамаларын емдеуді қажет ететін пациенттердің пайыздық үлесі
APEX зерттеуі: 8 апталық профилактикалық кезең ішінде 120 мг (36%) фебуксостаттың емдік тобындағы подагра ұстамаларын емдеуді қажет ететін пациенттердің үлкен үлесі 80 мг (28%) фебуксостатты, 300 мг (23%) аллопуринолды немесе плацебоны (20%) қабылдаған пациенттермен салыстырылды. Профилактикалық кезеңнен кейін ұстамалардың жиілігі жоғары болды және уақыт өте келе біртіндеп төмендеді. 46% - дан 55% - ға дейінгі сыналушыларға 8-ші аптадан және 28-ші аптадан бастап подагра ұстамаларына ем жүргізілді. Сынақтардың соңғы 4 аптасында (24-28 апта) пайда болған подагра ұстамалары пациенттердің 15%-ында (фебуксостат 80, 120 мг), пациенттердің 14% - ында (аллопуринол 300 мг) және пациенттердің 20% - ында (плацебо) байқалды.
FACT зерттеуі: 8 апталық профилактикалық кезең ішінде 120 мг (36%) фебуксостаттың емдік тобындағы подагра ұстамаларын емдеуді қажетсінетін пациенттердің үлкен үлесі 80 мг (22%) фебуксостатты, 300 мг (21%) аллопуринолды қабылдаған екі емдік топпен салыстырылды. 8 апталық профилактикалық кезеңнен кейін ұстамалардың жиілігі артып, уақыт өте келе біртіндеп төмендеді (8-52-ші аптадан бастап подагра ұстамалары үшін ем қабылдаған субъектілердің 64% және 70%). Соңғы 4 апта ішінде (49-52 апта) подагра ұстамалары пациенттердің 6-8%-ында (фебуксостат 80 мг, 120 мг) және пациенттердің 11% - ында (аллопуринол 300 мг) байқалды.
Подагра асқынуын тоқтатуды қажетсінетін пациенттердің үлесі (APEX және FACT зерттеулері) емдеудің соңғы 32-ші аптасында (20-24-ші аптадан 49-52-ші аптаға дейін) несеп қышқылының орташа деңгейі ≥6,0 мг/дл құраған топтармен салыстырғанда ем жүргізілгеннен кейін сарысудағы несеп қышқылының орташа концентрациясы <6,0 мг/дл, <5,0 мг/дл немесе <4,0 мг/дл-ге дейін төмендеген топтарда төмен болған.
CONFIRMS зерттеуі кезінде подагра ұстамаларын емдеуді қажетсінетін пациенттердің пайызы (6 айдан кейін 1-ші күн) сәйкесінше 80 мг фебуксостат пен аллопуринолды қабылдаған топтарда 31%-ды және 25%-ды құрады. 80 мг және 40 мг фебуксостатты қабылдаған топтар арасында подагра ұстамаларын емдеуді қажетсінетін пациенттердің арақатынасында айырмашылықтар болған жоқ.
Ұзақ мерзімді кеңейтілген ашық зерттеулер
EXCEL зерттеуі (C02-021): Excel зерттеуі үш жылдық, ашық, көп орталықты, рандомизацияланған, кеңейтілген, 3-ші фазаның қауіпсіздігін аллопуринол- бақыланатын зерттеуі болып табылады, ол 3-ші фазаның негізгі зерттеулерінен (APEX немесе FACT) өткен пациенттерде қауіпсіздікті бағалау үшін жүргізілді. Зерттеуге барлығы 1 086 пациент енгізілді: фебуксостат 80 мг 1 р./тәул. (n=649), фебуксостат 120 мг 1 р./тәул. (n=292) немесе аллопуринол 300/100 мг 1 р./тәул. (n=145). Пациенттердің шамамен 69% - ында ақырғы тұрақты емге қол жеткізу үшін емді түзету қажет болмады. Үш реттік бірізді өлшеу кезінде сарысудағы несеп қышқылы концентрациясының деңгейі > 6.0 мг/дл құраған пациенттер зерттеуден шығарылды.
Уақыт өте келе сарысудағы несеп қышқылы концентрациясының деңгейі өзгерген жоқ (мысалы, бастапқыда фебуксостатты тиісінше 80 мг және 120 мг дозаларда қабылдаған пациенттердің 91% және 93% - ында сарысудағы несеп қышқылы концентрациясының деңгейі 36 айда 6.0 мг/дл-ден кем болды).
Үш жылдық бақылауға сәйкес, ұстаманы емдеуді қажетсінетін пациенттердің 4% - дан азында подагра ұстамаларының жиілігі 16-24 айда және 30-36 айда азаюы орын алған (яғни, пациенттердің 96% - дан астамында ұстамаларды емдеу қажеттілігі болмады).
Тиісінше, тәулігіне 1 рет 80 немесе 120 мг дозада фебуксостатпен ақырғы тұрақты ем алған пациенттердің 46% пен 38% - ында бастапқы пальпацияланатын тофустың бастапқы деңгейден соңғы келгенге дейін толық жоғалуы орын алды.
FOCUS (TMX-01-005) зерттеуі TMX-01-004 сынағында фебуксостатты 4 апталық қабылдауды салыстырмалы жасырын дозалаумен аяқтаған пациенттерде жүргізілген бес жылдық, ашық, көп орталықты, 2-ші фазаның қауіпсіздігін кеңейтілген зерттеу болды. Бастапқыда тәулігіне 1 рет 80 мг фебуксостат алған 116 пациент қосылды. Пациенттердің 62% - ында сарысудағы несеп қышқылы концентрациясының деңгейін 6,0 мг/дл-ден төмен ұстап тұру үшін дозаны түзету талап етілмеді, ал пациенттердің 38% - ы ақырғы тұрақты дозаға қол жеткізу үшін дозаны түзетуге мұқтаж болды.
Қорытынды келу мезетінде сМК деңгейі < 6,0 мг/дл (357 мкмоль/л) болған пациенттердің үлесі фебуксостаттың әрбір дозасы үшін 80% - дан (81-100%) астамды құрады.
Клиникалық зерттеулердің 3-ші фазасында фебуксостат алған пациенттерде бауыр функциясы көрсеткіштерінің елеусіз өзгерістері (5,0%) байқалды. Берілген өзгерістер бұзылуының туындау жиілігі аллопуринол үшін осындайларға ұқсас болды (4,2%) (4.4-бөлімді қараңыз). Ашық зерттеулердің ұзақ мерзімді кеңейтілген фазаларында ұзақ уақыт бойы фебуксостат (5,5%) немесе аллопуринол (5,8%) алған пациенттерде ТТГ (>5,5 мкМЕ/мл) жоғарылауы байқалды (4.4-бөлімді қараңыз).
Тіркеуден кейінгі ұзақ мерзімді зерттеулер
CARES зерттеуі көп орталықты рандомизацияланған салыстырмалы жасырын анағұрлым аз тиімділік зерттеуі болып табылды, мұнда миокард инфарктісін, тұрақсыз стенокардия себебінен ауруханаға жатқызуды, коронарлық немесе церебральді реваскуляризация емшарасын, инсультті, ауруханаға жатқызумен ишемиялық типі бойынша ми қан айналымының өтпелі бұзылуы, шеткері қантамырлар ауруларын немесе микроангиопатия немесе макроангиопатия белгілері бар қант диабетін қоса алғанда, анамнездегі негізгі жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттерде фебуксостат пен аллопуринолды қолдану кезіндегі жүрек-қантамыр ауруларының нәтижелерін салыстырылды. 6 мг/дл-ден төмен сарысудағы ЕЖК деңгейіне қол жеткізу үшін фебуксостат дозасы 40-тан 80 мг-ға дейін (бүйрек функциясына қарамастан) титрленді, ал аллопуринол дозасы бүйрек функциясы қалыпты және ауырлығы жеңіл дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде 300-ден 600 мг-ға дейін және ауырлығы орташа дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде 200-ден 400 мг-ға дейін 100 мг адыммен титрленді.
MACЕ алғашқы пайда болу уақыты, оның ішінде өліммен аяқталмаған миокард инфарктісі, өліммен аяқталмаған инсульт, жүрек-қантамыр патологиясымен байланысты себептер бойынша өлім және коронарлық реваскуляризациясы бар тұрақсыз стенокардия CARES алғашқы соңғы нүктесі болды.
Соңғы нүктелер (бастапқы және екіншілік) рандомизацияланған және кемінде бір рет салыстырмалы жасырын қабылдау режимінде зерттелетін препаратты қабылдаған барлық қатысушыларды қоса алғанда, ем тағайындалған пациенттер тобы (ITT) үшін талданды.
Жалпы, пациенттердің 56,6% - ы зерттеуге мерзімінен бұрын қатысуды тоқтатты, ал пациенттердің 45% - ы зерттеудің барлық келуді аяқтамады.
Жалпы алғанда, орташа есеппен 32 ай ішінде 6 190 пациент бақылау жүргізілді, ал орташа әсер ету ұзақтығы фебуксостат (n=3098) алған пациенттер үшін 728 күнді және аллопуринол (n=3092) қабылдаған пациенттер үшін 719 күнді құрады.
Бастапқы соңғы нүкте ретінде MACE құбылыстары фебуксостатпен және аллопуринолмен емдеу топтарында бірдей жиілікпен байқалды (тиісінше пациенттердің 10,4%-бен салыстырғанда 10,8%; қауіптер қатынасы [ҚҚ] 1,03; екі жақты қайталама 95% сенімді аралық [СА] 0,87-1,23).
MACE-ге қатысты жекелеген оқиғаларды талдау кезінде жүрек–қантамыр ауруларына байланысты себептер бойынша өлім-жітім жиілігі аллопуринолды қолданғанға қарағанда фебуксостатты қолдану кезінде жоғары болды (пациенттердің 3,2% - бен салыстырғанда 4,3%; ҚҚ 1,34; 95% СА 1,03-1,73). MACE-ге қатысты басқа оқиғалардың жиілігі фебуксостат пен аллопуринол алған топтарда ұқсас болды, яғни өліммен аяқталмаған миокард инфарктісі (пациенттердің 3,8%-бен салыстырғанда 3,6%; ҚҚ 0,93; 95% СА 0,72-1,21), өліммен аяқталмаған инсульт (пациенттердің 2,3% - ына қарсы 2,3%; ҚҚ 1,01; 95% СА 0,73-1,41) және тұрақсыз стенокардия салдарынан болған жедел реваскуляризация (пациенттердің 1,8% - ына қарсы 1,6%; ҚҚ 0,86; 95% СА 0,59-1,26). Барлық себептерден болатын өлім-жітім деңгейі аллопуринолды қолданғанға қарағанда фебуксостатты қолдану кезінде жоғары болды (пациенттердің 6,4%–бен салыстырғанда 7,8%; ҚҚ 1,22; 95% СА 1,01-1,47), бұл негізінен осы топтағы жүрек-қантамыр ауруларына байланысты өлім-жітімнің жоғары деңгейіне байланысты болды (4.4-бөлімді қараңыз).
Жүрек жеткіліксіздігіне байланысты ауруханаға жатқызу, ишемиямен байланысты емес аритмияға, веноздық тромбоэмболиялық асқынуларға байланысты ауруханаға жатқызу және ми қанайналымының ишемиялық түріне байланысты өтпелі бұзылуларға қатысты ауруханаға жатқызу жиілігі фебуксостат пен аллопуринол үшін салыстырмалы болды.