Суицид/суицидтік ойлар немесе клиникалық нашарлау
Депрессия суицидтік ойлар, өзіне-өзі зиян келтіру және суицидтің өзінің (суицидпен байланысты оқиғалар) қауіпті жоғарылауымен байланысты. Бұл қауіп орнықты оңалу басталғанша сақталады. Пациенттер емнің алғашқы бірнеше немесе одан астам аптасы ішінде жақсару туындамауы мүмкін болғандықтан жай-күйлері жақсарғанша мұқият бақылауда болуы тиіс. Клиникалық тәжірибе суицид қаупінен айығудың ерте сатыларында ұлғаюы мүмкін.
Емдеу үшін флувоксамин тағайындалатын басқа психиатриялық бұзылыстар да суицид оқиғаларына байланысты қауіптің жоғарылауымен сипатталады. Ол өз алдына, мұндай ахуалдар ауқымды депрессиялық бұзылыстармен қатар жүруі мүмкін. Сондықтан басқа психиатриялық бұзылыстары бар пациенттерді емдегенде олар мұқият бақылауда болуы тиіс. Анамнезінде суицидпен байланысты оқиғалары бар және емдеу басталғанға дейін суицидтік идеациясының дәрежесі жоғары пациенттерді емдеудің бүкіл кезеңі бойына, мұқият бақылау керек. Пациенттерге және әсіресе жоғары қауіп тобына жататындарға дәрімен емдеу аясында, әсіресе ем басында және дозаны өзгерткенде мұқият бақылау керек.
Пациенттерге және оларды күтіп-бағатын адамдарға аурудың кез келген клиникалық нашарлауы, суицидтік ойлар немесе суицидтік мінез-құлық пайда болған және мінез-құлықта әдеттен тыс өзгерістер байқалған жағдайда дереу емдеуші дәрігерден кеңес алу керек екені жөнінде нұсқау берілуі тиіс.
Педиатриялық популяция
Флувоксаминді ОКБ-мен науқастарды есептемегенде, 18 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдерге тағайындалмайды. Клиникалық тәжірибенің болмауына орай, Феварин® препаратын балалардағы депрессияны емдеу үшін ұсынуға болмайды. Емдеу туралы шешім қабылданатын клиникалық қажеттілік жағдайларында науқасты суицидтік симптомдар пайда болуы тұрғысынан мұқият қадағалау керек.
Оның үстіне, балалар мен жасөспірімдерде өсуі, жетілуі, когнитивті және мінез-құлықтық дамуына қатысты препараттың қауіпсіздігі туралы ұзақ мерзімдік деректер жоқ.
18-24 жастағы пациенттер
Антидепрессанттарды психикалық бұзылыстары бар ересектерде қолдану плацебо алғандармен салыстырғанда антидепрессанттар қабылдаған 25 жасқа дейінгі пациенттерде суицидтік мінез-құлықтың жоғары қаупін көрсетті. Дәрі-дәрмекпен емдеу, әсіресе жоғары қауіп тобында, әсіресе емнің басында және дозаны өзгерту уақытында пациенттерді мұқият қадағалаумен қатар жүруі тиіс.
Пациенттер (және айналасындағылар) жағдайдың клиникалық нашарлауын, суицидтік көзқарастардың/мінез-құлықтың және мінездегі кез келген қалыптан тыс өзгерістердің дамуын бақылау қажеттілігі туралы хабардар болуы, сондай-ақ бұл симптомдар туындаған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгінулері тиіс.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде тәуліктік дозаны азайту қажет емес, дегенмен дозаны титрлеу баяу және үнемі абайлап жүргізіледі.
Акатизия/психомоторлық мазасыздық
Флувоксамин қабылдағанда акатизия дамуы мүмкін, ол науқастың қозғалуды қажетсінетін субьективті жағымсыз мазасыздығымен сипатталады, бұл көбіне науқастың тыныш отыруға немесе тұруға қабілетсіздігімен қатарлас жүреді. Бұл симптомның туындау ықтималдығы емдеудің алғашқы бірнеше апталарында пайда болады. Мұндай симптомдар дамыған пациенттерде дозаны арттыру зиянды болуы мүмкін.
Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр немесе бүйрек функциясының бұзылуы бар науқастарды емдеу ең аз дозадан және қатаң дәрігерлік бақылаумен басталу керек. Флувоксаминмен емдегенде сирек жағдайларда клиникалық белгілермен қатар жүретін бауыр трансаминазалары деңгейінің жоғарылауы байқалады.
Бұл жағдайларда емді тоқтату керек.
Неврологиялық бұзылыстар
Флувоксамин анамнезінде құрысулар көрсетілген науқастарға абайлап тағайындалады. Тұрақсыз эпилепсиясы бар науқастарға флувоксамин тағайындаудан аулақ болу керек. Тұрақты эпилепсиясы бар науқастарға флувоксамин сақтықпен және қатаң бақылаумен тағайындалады. Құрысулар пайда болғанда және жиілегенде емдеу тоқтатылады.
Басқа серотонинергиялық және/немесе нейролептикалық препараттармен, немесе бупренорфинмен немесе бупренорфин/налоксон біріктірілімінде әсіресе біріктірілген флувоксаминмен емдеу кезінде серотониндік синдром және нейролептикалық қатерлі синдромға ұқсас жай-күйлер дамитын сирек жағдайлар сипатталған. Бұл синдромдар өмірге зор қауіп төндіретін ахуалдарға алып келетіндіктен бұндай (гипертермия, сіресулер, миоклонус, өмірлік маңызды параметрлердің болжамды ауытқулары, ашушаңдықты, сананың шатасуын, делирийлік бұзылыстарға ұласа үдейтін ажитацияның артуын және команы қоса, ментальді статус өзгерістері болатын вегетативтік жүйке жүйесінің тұрақсыздығы сияқты симптомдар тобы пайда болуымен сипатталатын) жағдайлар пайда болғанда флувоксаминмен емдеуді тоқтату және симптомдарына қарай тиісінше емдеуді бастау керек.
Метаболизм және тамақтану бұзылыстары
Серотонинді кері қармайтын басқа селективті тежегіштермен емделген кездегідей, сирек жағдайларда флувоксамин қабылдау аясында гипонатриемияның дамуы мүмкін, ол препаратты тоқтатқаннан кейін жоғалады. Кейбір жағдайлары антидиурездік гормон сөлінісінің бұзылуы синдромымен байланысты болуы мүмкін. Негізінен бұл құбылыстар егде жастағы пациенттерде байқалған.
Қандағы глюкоза деңгейін бақылау, әсіресе, емдеудің ерте сатыларында бұзылуы мүмкін (гипогликемия, гипергликемия, глюкозаға төзімділіктің төмендеуі). Флувоксамин қант диабетімен науқастарға тағайындалғанда диабетке қарсы препараттардың дозаларын реттеу қажет болады.
Флувоксаминмен емдеудің аясында кейде құсумен қатар жүретін жүрек айну көбірек жиі байқалады. Әдетте бұл симптомдар емдеудің алғашқы екі аптасында азаяды.
Көру бұзылыстары
Серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштерімен, соның ішінде флувоксаминмен емдегенде мидриаз жағдайлары сипатталған. Сондықтан көзішілік қысымы жоғары пациенттерге немесе жедел жабық бұрышты глаукома болғанда флувоксаминді тағайындаған кезде ерекше сақ болу керек.
Гематологиялық бұзылыстар
Серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштерді қолданғанда экхимоздар мен пурпура түріндегі тері ішіне қан құйылулар, сондай-ақ асқазан-ішектік және гинекологиялық қан кетулер сияқты өзге де қанағыштық көріністері байқалған. Сондықтан флувоксаминді серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштерді қабылдайтын пациенттерге, әсіресе егде жастағы пациенттерге және тромбоциттер функциясына әсер ететін препараттарды пациенттерге (мысалы, атипиялық антипсихоздық дәрілер мен фенотиазиндер, көптеген трициклді антидепрессанттар, ацетилсалицил қышқылы, қабынуға қарсы стероидты емес дәрілік заттар) немесе қан кетулердің даму қаупін арттыратын препараттарды бір мезгілде алатын пациенттерге, сондай-ақ анамнезінде қан кетулері бар пациенттерге және соған бейім жай-күйдегі тұлғаларға (мысалы, тромбоцитопенияда немесе коагуляция бұзылуында) сақтықпен тағайындалады.
Серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштер (СКҚСТ)/ серотонинді-норэпинефринді кері қармайтын селективті тежегіштер (СНСКҚТ) босанудан кейінгі қан кету қаупін арттыруы мүмкін.
Жүрек-қантамыр бұзылыстары
Флувоксаминмен бір мезгілде қабылдағанда қан плазмасындағы терфенадин, астемизол немесе цизаприд концентрациялары жоғарылауы мүмкін, бұл QТ/Torsade de Pointes аралығының ұзару қаупін арттырады. Сондықтан флувоксамин бұл препараттармен бірге тағайындалмайды. Флувоксамин қабылдау кезінде жүректің жиырылу жиілігі мардымсыз азаюы (минутына 2-6 рет соғатындай) мүмкін.
Электроқұрысу емі (ЭҚЕ)
ЭҚЕ мен флувоксаминді бірге қолдану тәжірибесі шектеулі, сондықтан осындай біріктірілім қолданған кезде сақтық шарасын қадағалауға кеңес беріледі.
Тоқтату синдромы
Флувоксамин қабылдауды тоқтатқанда тоқтату реакциялары пайда болуы мүмкін, алайда қолда бар клиникаға дейінгі және клиникалық деректер бұл ем тәуелділік тудырады деп болжамайды. Препаратты тоқтатқан кезде мынадай симптомдар көбірек байқалады: бас айналу, сезім мүшелері функциясының бұзылулары (парестезия, көру бұзылыстарын, электр тоғының соққысын сезінуді қоса), ұйқы бұзылыстары (ұйқысыздық пен түстерді көп көруді қоса), ашушаңдық, ажитация, сананың шатасуы, эмоционалды орнықсыздық, бас ауыру, жүрек айну және/немесе құсу, диарея, тершеңдік, жүрек қағуы, тремор және үрей. Бұл симптомдар, әдетте, әлсіз немесе орташа білінеді және өз бетінше басылады, алайда кейбір пациенттерде олар ауыр түрде көрініс беруі және/немесе ұзаққа созылуы мүмкін. Әдетте, тоқтату белгілері емдеуді тоқтатқаннан кейін алғашқы бірнеше күнде көрініс береді. Сондықтан флувоксамин дозасын пациенттің қажеттілігіне сай емдеуді аяқтай келе біртіндеп азайту ұсынылады.
Мания/Гипомания
Флувоксамин анамнезінде мания/гипомания бар пациенттерде сақтықпен пайдаланылады. Пациент мания фазасына ауысқанда флувоксамин қабылдауды тоқтату керек.
Тері тарапынан бұзылулар
Феваринді қолдану кезінде, кейбіреулері өліммен аяқталатын ауыр тері реакциялары байқалған, соның ішінде көп формалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз. Бұл жанама әсердің пайда болу қаупі емдеудің алғашқы кезеңдерінде жоғары. Тері реакциялары пайда болған кезде пациентке мұқият бақылауды орнатып, Феваринді қабылдауды дереу тоқтату қажет.
Жыныстық дисфункция
СКҚСТ сексуалдық дисфункция симптомдарын туындатуы мүмкін. ССКҚТ тоқтатуға қарамастан симптомдар жалғасқан ұзақ жыныстық дисфункция туралы хабарламалар болды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Флувоксамин тәулігіне 150 мг дейінгі дозада автомобильді басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді немесе елеусіз әсер етеді. Алайда флувоксаминмен емдеу кезінде ұйқышылдық туралы хабарланған, сондықтан емдеуге дербес реакцияны түпкілікті анықтауға дейін сақтық таныту ұсынылады.