Тромбоз және тромбоэмболиялық асқынулар
Келесі жағдайларда, Фейба® препаратын тек, егер қанның коагуляция факторының қолайлы концентрациясымен емдеуге жауап болмаса, концентрациясы болжалды болса ғана – яғни тежегіш титрі жоғары және өмірге қауіп төндіретін қан құйылумен немесе қан кету қаупі болған жағдайда ғана (жарақаттан кейінгі немесе операциядан кейінгі) қолдануға болады:
- диссеминацияланған тамырішілік ұю синдромы (ДТҰ синдромы) –зертханалық зерттеулер мәліметтерінің және/немесе клиникалық симптомдарының негізінде
- бауыр зақымданулары: белсенділенген коагуляция факторлары клиренсінің кідіруіне байланысты, ДТҰ синдромның даму қаупі арта түседі
- коронарлық жүрек ауруы, жедел тромбоз және/немесе эмболия.
Фейба® препаратымен ем қабылдап жүрген пациенттер ДТҰ синдромының, жедел коронарлық аурудың, тромбоздардың немесе тромбоэмболиялық асқынулардың белгілері мен симптомдарының дамуына қатысты дәрігердің қадағалауында болуы тиіс. Препарат инфузиясын алғашқы белгілері мен симптомдарында бірден тоқтату және сәйкесінше сақтық шараларын қолдану қажет.
Шунттаушы агенттерді қолдануға дискордантты (қарама-қайшы) реакция
Пациенттің жекелеген ерекшеліктерінің салдарынан, шунттаушы агенттерді қолдануға реакция қан кеткен жағдайда да өзгеріп тұруы мүмкін, бір агентке реакция жеткіліксіз болған пациенттерде басқа агентке реакция болуы мүмкін. Бір шунттаушы агентке реакция жеткіліксіз болған жағдайда, басқа агентті қолдануды қарастыруға болады.
Анамнездегі реакция
Тежегіштері бар пациенттердің Фейба® препаратын қабылдауы тежегіштер деңгейінің бастапқы «анамнездік» артуына алып келуі мүмкін. Фейба® препаратын үздіксіз пайдаланған жағдайда, тежегіштер ұзақ уақыт бойы азаюы мүмкін. Клиникалық және жарияланған мәліметтерден Фейба® препаратының тиімділігі төмендемейді деп шамаланады.
Зертханалық тесттермен өзара әрекеттесуі
Фейба® препаратының жоғары дозаларын қабылдағаннан кейін В гепатитінің беткейлік антигеніне пассивті өтпелі антиденелердің транзиторлық артуы серологиялық тестілеудегі оң нәтижелердің қате түсіндірілуіне алып келуі мүмкін.
Фейба® құрамында қан топтарының изогемагглютининдері (анти-А және анти-В) бар. Эритроциттердің антигендеріне, мысалы, A, B, D, қарсы антиденелердің пассивті берілуі, антиглобулинге арналған тест (Кумбс тесті) сияқты, эритроциттік антиденелердің болуына кейбір серологиялық тестілерге кедергі келтіруі мүмкін.
Тежегіштерімен В гемофилиядан зардап шегетін пациенттерге профилактикалық қолдану
Аурудың сирек кездесетіндігіне байланысты, гемофилия В бар пациенттердегі қан кетулердің профилактикасына қатысты шектеулі клиникалық мәліметтер ғана бар (клиникалық жағдайлардың әдебиеттердегі сипаттамасы, ṇ=6, қан кетулердің профилактикасын зерттеу кезіндегі клиникалық мәліметтер 090701, ṇ=1 және PASS-EU-006, n = 1).
Инфекциялық аурудың берілу жолы
Адам қаны немесе плазмасынан дайындалған дәрілік препараттарды қолданудың нәтижесіндегі инфекцияларды болдырмауға арналған стандартты сақтық шараларына донорларды іріктеу, әр донорды және плазма пулдарын инфекцияның спецификалық маркерлері бойынша іріктеу және вирустардың белсенділігін жою/қайтаруға арналған тиімді өндірістік әрекеттерді қосу кіреді. Осыған қарамастан, адам қаны немесе плазмасынан дайындалған дәрілік өнімді қолданғанда инфекциялық агенттердің берілу мүмкіндігі толығымен жоққа шығарылмауы мүмкін. Бұл сонымен қатар белгісіз немесе пайда болып келе жатқан вирустар мен басқа да патогендерге де қатысты.
Қабылданған шаралар, АИТВ, В гепатиті және С гепатиті сияқты қабықты вирустар үшін және А гепатитінің қабықсыз вирустары үшін тиімді болып саналады. Қабылданған шаралардың В19 парвовирусы сияқты қабықсыз вирустарға қарсы маңыздылығы шектеулі болуы мүмкін. В19 парвовирусымен инфекция жұқтыру жүкті әйелдер (шаранаға жұқпа жұғуы мүмкін) және иммун тапшылығы бар немесе эритроциттердің ыдырауы жоғары (мысалы, гемолиздік анемия кезінде) пациенттер үшін қауіпті болуы мүмкін.
Пациенттердің мүддесі үшін, Фейба® препаратын әр енгізген сайын препараттың атауы мен серия нөмірін белгілеп отыру ұсынылады.
Қан ұю факторларының концентраттарымен ем қабылдап жүрген пациенттерге, А және В гепатиттеріне қарсы вакцинация жасау ұсынылады.
Қосымша заттарының сәйкесінше аспектілері
Фейба® 500 ӘБ құрамында бір құтыда шамамен 40 мг натрий бар, бұл ДДСҰ ұсынған ересек адам үшін ең жоғары тәуліктік 2 г натрийдің мөлшерінің 2%-ына тең.
Фейба® 1000 ӘБ құрамында бір құтыда шамамен 80 мг натрий бар, бұл ДДСҰ ұсынған ересек адам үшін ең жоғары тәуліктік 2 г натрийдің мөлшерінің 4%-ына тең.
Арнайы ескертулер
Бақылау мүмкіндігі
Биологиялық текті дәрілік заттардың қадағалануын жақсарту үшін енгізілген препараттың атауы мен сериясының нөмірі анық жазылуы керек.
Аса жоғары сезімталдық реакциялары.
Фейба® препараты есекжем, Квинке ісінуі, асқазан-ішек жолының бұзылулары, бронх түйілуі және артериялық қысымның төмендеуі сияқты аллергиялық типті аса жоғары сезімталдық реакцияларын туғызуы мүмкін; бұл реакциялар күрделі болуы және жүйелі сипатта болуы мүмкін (яғни, есекжеммен және Квинке ісінуімен жүретін анафилаксия, бронх түйілуі және айналымдық шок). Сонымен қатар препаратты енгізуге қалтырау, қызба және артериялық қысымның жоғарылауы сияқты басқа да реакциялар байқалады.
Пациенттер аса жоғары сезімталдық реакцияларының ерте білінетін белгілері, мысалы: терінің қызаруы, тері бөртпесі, жайылған есекжем, прурит, тыныс алудың бұзылуы немесе ентігу, кеуденің қысылу сезімі, жалпы дімкәстану, бас айналуы және тіпті аллергиялық шокқа дейін артериялық қысымның төмендеуі туралы хабардар болуы тиіс. Препаратты енгізуге аса жоғары сезімталдық реакцияларының алғашқы белгілері мен симптомдары кезінде, Фейба® препаратын қабылдауды тоқтату және сәйкесінше емдеуді бастау қажет.
Препаратқа белгілі немесе болжалды аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерде препаратты қайталап қолдану жөніндегі мәселені қарастырған кезде, қайта әсер етуінің күтілетін пайдасы мен қаупі профилактикалық ем жүргізу немесе емдеудің баламалы әдістерін қолдану мүмкіндігін қоса, пациенттің аса жоғары сезімталдығының белгілі немесе болжалды типін (аллергиялық немесе аллергиялық емес) ескере отырып, мұқият саралануы тиіс.
Тромбоз және тромбоэмболиялық асқынулар, диссеминацияланған тамырішілік ұюды (ДТҰ синдромын), веналық тромбоз, өкпе эмболиясы, миокард инфарктісін, инсультті қоса, Фейба® препаратымен емдеу кезінде дамуы мүмкін.
Бұл асқынулардың кейбіреуі кг дене салмағына 200 ӘБ дозасымен емдеу кезінде немесе басқа қауіп факторлары (ДТҰ синдромын, асқынып кеткен атеросклероздық ауруды, тіндердің жаншылуымен жүретін жарақатты қоса немесе сепсистік қызба кезінде) бар пациенттерде байқалуы мүмкін. Рекомбинантты VIIa факторымен қатарлас емдеу де тромбоэмболиялық асқынудың даму қаупін арттырады. Тромбоздардың немесе тромбоэмболиялық асқынулардың даму қаупі препараттың дозасын арттырған кезде жоғарылауы мүмкін. Туа біткен және жүре пайда болған гемофилиясы бар пациенттердегі мұндай қауіп факторларының болуы мүмкіндігіне де баға беру қажет.
Фейба® препаратын тромбоэмболиялық асқынулар қаупі жоғары пациенттерде ерекше сақтықпен және тек емдік баламалары болмаған жағдайларда ғана қабылдау қажет. Оларға коронарлық жүрек жеткіліксіздігі тарихы, бауыр аурулары, ДТҰ синдромы, артериялық немесе веналық тромбозы бар пациенттер, операциядан кейінгі иммобилизация, егде жастағы пациенттер мен жаңа туған сәбилер кіреді, бірақ солармен шектелмейді.
Тромбоздық микроангиопатия (ТМА) Фейба® препаратының клиникалық сынақтарында атап көрсетілмеген. ТМА жағдайлары пациенттер Фейба® препаратын құйылып қан кету кезіндегі емдік сызбаның бір бөлігі ретінде қабылдағанда, эмицизумабтың клиникалық зерттеулерінде тіркелді. Құйылып қан кету кезіндегі Фейба® қауіпсіздігі мен тиімділігі эмицизумаб қабылдайтын пациенттерде анықталмаған.
Осылайша, эмицизумаб қабылдайтын пациенттер үшін Фейба® препаратының қаупі мен пайдасын бағалау қажет және олар дәрігерлердің жіті бақылауында болуы тиіс.
Егер тромбоздар немесе тромбоэмболиялық асқынулардың симптомдары байқалса, онда кідіртпей құюды тоқтату және сәйкесінше және емдік сақтық шараларын қолдану қажет. Егер қан кетулердің ауырлығы жоғарғы дозаларды растайтын және түсіндіретін болса ғана, бір реттік 100 ӘБ/кг дозасы мен тәуліктік 200 ӘБ/кг дозасын арттыру керек. Қан кетуді тоқтату үшін препаратты қолданған кезде терапевтік мақсатқа жету үшін өте қажет уақыт ішінде ғана қолдану керек.
Емдеу барысында бақылау
Дене салмағына 100 ӘБ/кг бір реттік және дене салмағына 200 ӘБ/кг тәуліктік дозасын арттырмау керек. Бір реттік 100 ӘБ/кг емесе одан да көп дозасын қабылдап жүрген пациенттерге ДТҰ синдромының және/немесе жедел коронарлық ишемия мен басқа тромбоздар немесе тромбоэмболиялық асқынулар симптомдарының дамуы мүмкіндігіне қатысты мұқият қадағалау жүргізу керек. Фейба® препаратының жоғары дозалары тек қан кетуді тоқтату үшін қажетті уақытқа ғана тағайындалуы тиіс.
Артериялық қысым мен тамыр соғуы жиілігінің клиникалық тұрғыдан айқын бұзылулары, тыныс алудың қиындауы, кеуденің ауыруы және жөтел пайда болған жағдайда, препаратты енгізуді дереу тоқтату және сәйкесінше диагностикалық және емдік шараларды бастау қажет. ДТҰ синдромының зертханалық белгілері фибриноген төмендеуі, тромбоциттер санының азаюы және/немесе фибриннің/фибриногеннің ыдырау өнімдерінің (ФЫӨ) бар болуы болып табылады. Басқа белгілері: тромбиндік уақыттың, протромбиндік уақыттың немесе ішінара белсенділенген тромбопластиндік уақыттың (ІБТУ) едәуір ұзаруы болып табылады. Тежегіштік гемофилиясы немесе VIII, IX және/немесе XI факторларына тежегіштер жүре пайда болған пациенттерде ішінара белсенділенген тромбопластиндік уақыт (ІБТУ) қатарлас аурудың әсерінен ұзарады.
Тежегіштік гемофилиясы немесе коагуляция факторларына тежегіштері жүре пайда болған, Фейба® препаратымен ем қабылдаған пациенттерде қан кетулерге бейімділік, сондай-ақ тромбоздардың даму қаупі артуы мүмкін.
Зертханалық талдаулар мен клиникалық тиімділігі
In vitro емдеудің тиімділігін бақылау үшін жүргізілген, ішінара белсенділенген тромбопластиндік уақыт (ІБТУ), жаңа алынған қанның ұю уақыты және тромбоэластограмма сияқты талдаулардың нәтижелері клиникалық жақсарумен өзара байланысты болмауы мүмкін. Сондықтан бұл көрсеткіштерді Фейба® препаратының дозаларын арттыру арқылы қол жеткізуге әрекеттенулер тиімсіз болып қана қоймай, артық дозалануының нәтижесінде ДТҰ синдромының даму қаупін арттыруы да мүмкін.
Тромбоциттер санын бақылаудың маңызы
Фейба® препаратының әсері жүзеге асуы үшін функционалдық тұрғыдан толыққанды тромбоциттердің елеулі санының болуы қажет болғандықтан, препаратпен емдеуге жауап талапқа сай болмаған жағдайда, тромбоциттер санын бақылауға алу ұсынылады.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде Фейбаны қолдану бойынша клиникалық деректер шектеулі
Жүктілік
Фейба® препаратын жүктілік кезінде пайдаланудың қауіпсіздігі анықталған жоқ.
Жүктілік кезеңнің тромбоэмболиялық асқынулардың, ДТҰ синдромының даму қаупінің жоғарылығына байланысты жүктілік кезең асқынуларының қаупін арттыратындығын ескере отырып, препаратты тағайындаған кезде әлеуетті қауіптерді теңдестіру қажет.
Бала емізу
Бала емізетін әйелдерде Фейба® қолдану туралы жеткілікті деректер жоқ. Дәрігерлер босанғаннан кейінгі кезең тромбоэмболиялық асқынулардың қаупін арттыратынын ескере отырып, ықтимал қауіптерді өлшеп, Фейба® нақты қажет болған жағдайда ғана тағайындауы керек.
Фертильділік
Фейба® препараты жануарлардың репродуктивті функциясына әсері бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ және бақыланатын клиникалық зерттеулерде фертильділікке әсері анықталмаған.
Парвовирустық инфекция В19 туралы ақпарат алу үшін Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары бөлімді қараңыз.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Фейба® препаратының көлік құралдарын немесе машиналарды басқару қабілетіне қандай да бір сипаттағы әсерлері жоқ.