Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки
Дозасы
250 мг
Саудалық атауы
Фенибут
Әсер етуші зат
Фенибут
Мақсаты
Астениялық және үрейлі-невроздық жағдайлар
Өндіруші
Московский эндокринный завод
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – аминофенилмай қышқылы гидрохлориді (фенибут) 250 мг,
қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, повидон К-17 типі (медициналық төмен молекулалық поливинилпирролидон), кальций стеараты моногидраты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ немесе сәл сарғыш реңді ақ түсті жайпақ цилиндр пішінді, бір жағында сызығы мен ойығы бар таблеткалар.
– астениялық және үрейлі-невроздық жағдайлар
– 8 жастан асқан балаларда тұтығу, тартылулар және энурезді емдеу
– егде жастағы адамдарда ұйқысыздық және түнгі үрейлену
– Меньер ауруы, шығу тегі әртүрлі вестибулярлық анализаторлар дисфункциясымен байланысты бас айналуы
– кинетоз кезінде шайқалудың профилактикасы
– алкогольдік абстинентті синдромды емдеуде кешенді ем құрамында
Әсер ету механизмі
Ноотропты дәрі, орталық жүйке жүйесінде жүйке импульстарын өткізу арқылы ГАМК (γ-аминомай қышқылы) жеңілдетеді (ГАМК-ергиялық рецепторларға тікелей әсері).
Фармакодинамикалық әсерлері
Тыныштандыратын әсері белсенділендіретін әсерімен қатар жүреді. Сондай-ақ антиагрегантты, антиоксидантты және кейбір құрысуға қарсы әсерге ие.
Оның метаболизмін қалпына келтіру және ми қан айналымына (көлемдік және жүйелі жылдамдықты арттырады, қантамырларындағы кедергіні азайтады, микроциркуляцияны жақсартады) әсер етуі есебінен мидың функцияналдық жағдайын жақсартады.
Холино- және адренорецепторларға әсер етпейді.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Латентті кезеңді ұзартады және нистагмның ұзақтығы мен айқындығын қысқартады. Вазовегетативті симптомдарды азайтады (оның ішінде бас ауыруы, баста ауырлықты сезіну, ұйқының бұзылуы, ашушаңдық, көңіл күйдің ауытқымалығы). Курспен қабылдағанда физикалық және оймен жұмыс жасау қабілетін арттырады (зейін, жады, сенсорлы-моторлық реакциялар жылдамдығы мен дәлдігі).
Астения біліністерін азайтады (жағдайдың жақсаруы, қызығушылық пен бастамашылықты арттырады (белсенділік білдіруге мотивация)) седация немесе қозусыз.
Үрейлену, ширығу және мазасыздану сезімдерінің азаюына ықпал етеді, ұйқыны қалпына келтіреді.
Егде жастағы адамдарда орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуін туындатпайды, кейіннен бұлшықетті босаңсытатын әсері болмайды деуге болады.
Этанолдың орталық жүйке жүйесіне бәсеңдететін әсерін азайтады.
Балалар
Деректер жоқ.
Дозалау режимі
Астениялық және үрейлі-невроздық жағдайлар
Күніне 3 рет 250-500 мг. Ең жоғары бір реттік доза – 750 мг, 60 жастан асқан пациенттер үшін – 500 мг. Емдеу курсы 2-3 апта. Қажет болса, емдеу курсын 4-6 аптаға дейін ұзартуға болады.
Егде жастағыпациенттердегі ұйқысыздық және түнгі мазасыздық
Күніне 3 рет 250-500 мг.
Меньер ауруы және шығу тегі әртүрлі вестибулярлық анализаторлар дисфункциясымен байланысты бас айналуы
Шығу тегі инфекциялық вестибулярлық анализатор дисфункциясында және Меньер ауруының өршу кезеңінде: 5-7 күн ішінде күніне 3-4 рет 750 мг, содан кейін 5-7 күн ішінде күніне 3 рет 250-500 мг, содан кейін 5 күн ішінде күніне 1 рет 250 мг.
Аурудың жеңіл ағымында 250 мг күніне 2 рет 5-7 күн, содан кейін 250 мг күніне 1 рет 7-10 күн ішінде қабылданады.
Шығу тегі тамырлық және жарақаттық вестибулярлық анализатор дисфункциясы кезінде бас айналуды емдеу үшін: 12 күн бойы күніне 3 рет 250 мг.
Кинетоз кезінде шайқалудың профилактикасы
Болжамды бас айналуы басталудан 1 сағат бұрын немесе бас айналуының алғашқы симптомдары пайда болғанда бір рет 250-500 мг. Фенибуттың бас айналуына қарсы әсері препарат дозасының жоғарылауымен күшейеді. Қозғалыс ауруының айқын көріністері («тоқтаусыз» құсу және т.б.) пайда болған кезде фенибутты ішке тағайындау тіпті 750-1000 мг дозада да тиімсіз.
Алкогольдік абстинентті синдромды емдеуде кешенді ем құрамында
Күндіз емдеудің алғашқы күндерінде 250-500 мг күніне 3 рет және түнде 750 мг, ересектер үшін күнделікті дозаны біртіндеп төмендетеді.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Астениялық және үрейлі-невроздық жағдайлар
8 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға: күніне 3 рет 250 мг. 14 жастан асқан балаларға: осы көрсетілім бойынша ересектерге арналған дозаларды қараңыз. Емдеу курсының ұзақтығы 2-6 апта.
8 жастан асқан балалардағы тұтығу, тартылулар және энурез
8 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға: күніне 2-3 рет 250 мг. 14 жастан асқан балаларға: күніне 3 рет 250-500 мг. Емдеу курсының ұзақтығы 2-6 апта.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Осы топтағы пациенттер ең аз тиімді дозаны қабылдауы керек.Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Осы топтағы пациенттерге дозаны түзету талап етілмейді.
Енгізу жолы және тәсілі
Тамақтанғаннан кейін ішіп қабылдаңыз. Таблеткаларды екіге бөлуге болады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Препаратты қолдану бойынша кез келген сұрақтар болған жағдайда дәрігерге қаралыңыз.
• фенибутқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp(ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
• жүктілік және бала емізу кезеңі
• 8 жасқа дейінгі балалар
Сирек
– аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыну)
Жиілігі белгісіз
– ұйқышылдық (емдеудің басында)
– ашушаңдықтың күшеюі, қозу, үрей, бас ауыруы, бас айналуы (күніне 2 г астам дозада қабылдаған кезде, доза төмендеген кезде жағымсыз реакциялардың айқындылығы азаяды)
– жүрек айнуы (емдеудің басында)
– гепатоуыттылық (жоғары дозаларды ұзақ қолданғанда)
– аса жоғары сезімталдық реакциялары (есекжем, қышыну, эритема, бөртпе, ангионевроздық ісіну, беттің ісінуі, тілдің ісінуі қоса)
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: қатты ұйқышылдық, жүрек айнуы, құсу, бауырдың майлы дистрофиясы (7000 мг артық қабылдау), эозинофилия, артериялық қысымның төмендеуі, бүйрек функциясының бұзылуы.
Емі: асқазанды шаю, белсендірілген көмір қабылдау, симптоматикалық ем жүргізу және өмірлік маңызды функцияларды демеу.
Арнайы ескертулер
Асқазан-ішек жолының эрозиялық-ойық жаралы зақымданулары бар пациенттерге препаратты қолданған кезде сақ болу керек. Бұл пациенттерге препараттың аз дозалары тағайындалады.
Ұзақ қолданған кезде (2-3 аптадан астам) бауыр мен шеткері қан функциясының көрсеткіштерін 2-3 апта сайын бақылау қажет.
Педиатрияда қолдану
Препарат 8 жасқа дейінгі балаларда қолданылмайды.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолданылуы
Бауыр функциясы бұзылған пациенттерге Фенибут препаратының жоғары дозалары бауырға уытты әсер етуі мүмкін. Осы топтағы пациенттер ең аз тиімді дозаны қабылдауы керек.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолданылуы
Дәрілік затты терапиялық дозаларда қабылдау кезінде бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге Фенибут препаратының жағымсыз әсері туралы деректер жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын басқарудан және аса зейін қоюды және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын талап ететін аса қауіпті қызмет түрлерімен айналысудан бас тарту қажет, өйткені кейбір пациенттерде ұйқышылдық және бас айналуы сияқты орталық жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар байқалуы мүмкін.
Қосымша заттарға қатысты айрықша нұсқаулар
Тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp(ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, препарат құрамында лактоза моногидратының болуына байланысты глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға қолдануға болмайды. Егер Сізге кейбір қанттар жақпаса, препаратты қабылдағанға дейін дәрігерге хабарлаңыз.
Жүктілік және емшек емізу кезеңінде қолдану ұсынылмайды, өйткені клиникалық бақылаулар жеткіліксіз.
Жануарларға жүргізілген эксперименттік зерттеулерде препараттың мутагендік, тератогендік және эмбриоуытты әсері анықталмаған.
Фертильділік
Фенибуттың фертильділікке әсері туралы ақпарат жоқ.
Емдеуші дәрігерге басқа препараттар қабылдағаныңыз, жақында қабылдағаныңыз немесе қабылдауды бастауыңыз мүмкін екенін айтыңыз.
Фенибут препаратының және онымен үйлесетін дәрілік заттардың дозасын азайту арқылы Фенибутты психотропты препараттармен біріктіруге болады.
Препарат ұйықтататын дәрінің, есірткі анальгетиктерінің, нейролептиктердің, паркинсонизмге қарсы және эпилепсияға қарсы дәрілік заттардың әсерін ұзартады және күшейтеді.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында (қорапшада), 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.