Препаратты қабылдаған кезде белгіленген жағымсыз реакциялар жиілігі ДДҰ жіктелуіне сәйкес келтірілген: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100 <1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1, 000 <1/100 дейін), сирек (≥ 1/10 000 <1/1000), өте сирек (<1/10, 000), жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).
Өте жиі (шамамен 10% -дан артық пациентте кездеседі):
- салмақтың артуы (дене салмағынан ≥15%)
- ұйқышылдық, миға қанның жеткіліксіз келуіне байланысты тұрған кезде немесе ұзақ түрегеп тұрған кезде дене қалпының күрт өзгеруі кезінде қан қысымының төмендеуі
- қандағы пролактин деңгейінің жоғарылауы.
Жиі (1%-дан артық, бірақ 10%-дан кем пациентте кездеседі):
- тәбеттің жоғарылауы, орташа уақытша іш қатуы немесе ауыздың құрғауы
- эозинофилдер санының артуы, қандағы ақ жасушалар (лейкоциттер, нейтрофилдер) санының азаюы
- қандағы бауыр ферменттерінің, әсіресе емдеудің ерте кезеңдерінде ештеңемен көрініс бермей жоғарылауы (аспартатаминотрансфераза-ACT және аланинотрансфераза-АЛТ, холестерин, триглицеридтер немесе глюкоза деңгейінің жоғарылауы)
- бас айналу, шаршау, қатты қажу
- дене температурасының жоғарылауы, буындардың ауыруы, бөртпе, ісінулер (соның ішінде аяқ-қолдарда)
- қозғалысқа тұрақты ішкі қажеттілік (патологиялық орнықсыздық), қозғалыс белсенділігінің бұзылуы, аяқ-қолдың дірілдеуі, бұлшықет тонусының жоғарылауы (бұлшықет тонусының тұрақты айқын жоғарылауы, бүгу және жазу кезінде), дене тепе-теңдігін ұстаудағы қиындықтар
- несепте глюкозаның болуы, еркектерде жыныстық қатынас үшін қажетті эрекцияға қол жеткізу немесе оны сақтау қабілетсіздігі, ерлер мен әйелдерде жыныстық құмарлықтың төмендеуі.
Жиі емес (0,1%-дан артық, бірақ 1%-дан кем пациентте кездеседі):
- препаратқа жоғары сезімталдық, күн сәулесіне жоғары сезімталдық, бас немесе дененің белгілі бір бөліктерінде ішінара немесе толық түсуіне әкелетін шаштың патологиялық түсуі,
- қант диабетінің дамуы немесе өршуі, кейде кетоацидозбен (қандағы ацетон құрамының жоғары болуымен қатар жүретін өмірге қауіп төндіретін жай-күймен) немесе ауыр естен тану жағдайымен (өліммен аяқталуды қоса), іштің кебуі
- бұрын құрысу ұстамалары бар пациенттерде құрысу ұстамалары немесе құрысу дамуының қауіп факторлары, мазасыз аяқ синдромы
- бұлшықеттердің тұрақты түйілу арқылы жиырылуы (көз қозғалысының бұзылуын қоса)
- жүректің сирек соғуы, жүрек ырғағының бұзылуында пайда болатын жүректе электрлік импульс жүргізу уақытының ұзаруы
- тамырлар тромбозы (өкпе артериясы мен терең вена тромбозын қоса), мұрыннан қан кету
- ішінара немесе толық өткенді еске түсіре алмау, сөйлеудің бұзылуы, тұтығу, психозға қарсы дәрілік заттарды, бас сақинасына және құсуға қарсы препараттарды ұзақ уақыт қабылдау нәтижесінде дамитын препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін сақталатын еріксіз қозғалыстар,
- несепті ұстай алмау, несептің тежелуі, несеп шығарудың қиындауы
- етеккірдің болмауы, сүт бездерінің ұлғаюы, бұл әйелдерде емшек емізу кезеңінен тыс сүттің бөлінуі, ерлерде кеуде бездерінің ұлғаюы (гинекомастия)
- қандағы сілтілік фосфатаза, креатинфосфокиназа, гамма-глутамилтрансфераза немесе несеп қышқылы көрсеткіштерінің жоғарылауы.
Сирек (0,01% - дан астам, бірақ 0,1% - дан кем пациентте кездеседі):
- гепатит (бауыр жасушаларының зақымдануымен, өт іркілуімен немесе бауырдың аралас зақымдануымен), жалпы билирубиннің жоғарылауы, ұйқы безінің қабынуы (панкреатит)
- дене температурасының төмендеуі, қатерлі нейролептикалық синдром (дене температурасының, бұлшықеттер тонусының айқын жоғарылауы, психикалық жай-күйдің өзгеруі, жүрек соғуының жиілеуі, тамыр соғуының немесе қан қысымының тұрақсыздығы, жүрек ырғағының бұзылуы, тер бөлінуінің жоғарылауы бар өмірге қауіпті жағдай), сексуалдық қатынас немесе қозумен байланысты емес ауыртатын, патологиялық эрекция
- емдеуді тоқтату симптомдары
- жүрек соғуының жиілеуі немесе жылдам, тұрақсыз, өмірге қауіпті жүректің жиырылу ырғағы, белгісіз себеппен кенеттен өлім.
Жиілігі белгісіз
- жаңа туған нәрестелердегі тоқтату симптомы (жүктілік кезінде оланзапин қабылдаған аналардан туған)
- қандағы тромбоциттер санының төмендеуі, эозинофилдер деңгейінің жоғарылауымен және организмнің жалпы реакциясымен дәрілік аллергия
- препаратты тоқтатқаннан кейін дамитын ересектердегі тоқтату симптомы
- қандағы креатинкиназа және миоглобин деңгейінің күрт жоғарылауымен, несепте миоглобиннің пайда болуымен, жедел бүйрек жеткіліксіздігінің дамуымен бұлшықет тіні жасушаларының бұзылуы.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz