Препаратты, яғни темір сахарозасын қолданғанда өте жиі жағымсыз реакция 100 адамға шаққанда жиілігі 4,5 жайтпен пайда болған дисгевзия болды. Темір сахарозасын қолданумен астасқан өте жиі маңызды күрделі жағымсыз реакциялар жоғары сезімталдық реакциялары болды, олар клиникалық сынақтарда сынаққа алынған 100 адамға шаққанда жиілігі 0,25 жағдаймен пайда болды. Анафилактоидтық/ анафилаксиялық реакциялар туралы тек постмаркетингтік жағдайларда ғана мәлімделді (сирек ретінде баға беріледі); өлім-жітім жағдайлары туралы мәлімделді.
Клиникалық сынақтарда 4064 пациентке темір препаратын енгізгеннен кейін мәлімделген, сондай-ақ постмаркетингтік жағдайларда мәлімделген жағымсыз дәрілік реакциялар төменде берілген:
Жағымсыз реакциялар жиілігінің сандық критерийлері және жүйелік-ағзалық жіктелімге және олардың туындау жиілігіне сәйкес жағымсыз реакциялардың жіктелімі (Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде баға беру мүмкін емес).
Жиі
- дисгевзия
- гипотензия, гипертензия
- жүректің айнуы
- инфузия/инъекция жасалған жердегі реакциялар2
Жиі емес
- аса жоғары сезімталдық
- бас ауыру, бас айналу, ашыту сезіну, парестезия, гипестезия
- ысынулар, флебит
- ентігу
- құсу, іштің ауыруы, диарея, іш қату
- қышыну, бөрте
- бұлшықет түйілуі, миалгия, артралгия, аяқ-қолдың ауыруы, арқаның ауыруы
- қалтырау, астения, шаршағыштық, шеткері ісінулер, ауыру
- аланин-аминотрансферазаның жоғарылауы, аспартатаминотрансферазаның жоғарылауы, гамма-глутамилтрансферазаның жоғарылауы, сарысуда ферритин деңгейінің жоғарылауы
Сирек
- естен тану, ұйқышылдық
- пальпитация
- хроматурия
- кеуденің ауыруы, гипергидроз, гипертермия
- қанда лактатдегидрогеназа деңгейінің жоғарылауы, гипофосфатемия4
Белгісіз1
- анафилактоидтық/анафилаксиялық реакциялар3, ангионевроздық ісіну
- сана деңгейінің басылуы, сананың шатасу жағдайы, естен тану, мазасыздық, тремор
- брадикардия, тахикардия, Коунис синдромы
- циркуляторлы коллапс, тромбофлебит
- бронхтың түйілуі
- есекжем, эритема
- суық тер, дімкәстік, бозару, инъекциядан кейін бірнеше сағаттан немесе күннен кейін пайда болуы мүмкін тұмау тәріздес синдром3
• тіркеуден кейінгі кездейсоқ мәлімдемелерге сирек ретінде баға беріледі.
• өте жиі мәлімдемелер: ауыру, препараттың вена маңындағы кеңістікке ағуы, тітіркену, түсінің өзгеруі, гематома, қышыну, инъекция/инфузия жасалған жерде реакциялар
• туындауы бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейінгі кезеңде өзгеруі мүмкін
• фосфаттар деңгейінің орташа төмендеуі
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімді еместігі туралы мәлімдемелерді қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөнінде деректердің ақпараттық базасына тікелей хабарлау керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметттер