Қауіпсіздік бейініне шолу
Жағымсыз әсерлердің кейбір түрлері, мысалы, ОЖЖ (бас айналу, бас ауыруы, атаксия, ұйқышылдық, жалпы әлсіздік, диплопия), АІЖ (жүрек айну, құсу) немесе аллергиялық тері реакциялары тарапынан, әсіресе Финлепсин-Тева емінің басында, препараттың бастапқы дозасын тым көп қолданғанда немесе егде жастағы пациенттерді емдеуде көп немесе аз жиі кездеседі.
Дозаға тәуелді жағымсыз әсерлер әдетте бірнеше күн ішінде өздігінен де, препарат дозасын уақытша төмендеткеннен кейін де өтеді. ОЖЖ тарапынан жағымсыз әсерлердің дамуы препараттың салыстырмалы түрде артық дозалануының немесе қан плазмасындағы белсенді зат концентрациясының елеулі ауытқуының салдары болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда қан плазмасындағы белсенді заттың деңгейін мониторингтеу және тәуліктік дозаны аз (яғни 3-4) бөлшек дозаларға бөлу ұсынылады.
Өте жиі
- лейкопения
- атаксия, бас айналу, ұйқышылдық
- құсу, жүрек айнуы
- терінің ауыр аллергиясы болуы мүмкін есекжем
- шаршау
-гамма-глутамилтрансферазаның жоғарылауы (бауыр ферменттерінің индукциясы салдарынан), әдетте, клиникалық маңызы жоқ.
Жиі
- тромбоцитопения, эозинофилия
- ісіну, сұйықтықтың іркілуі, дене салмағының артуы, гипонатриемия және сирек жағдайларда сумен уыттануға әкелетін, солбырлық, құсу, бас ауруы, сананың шатасуы, неврологиялық бұзылыстармен қатар жүретін антидиурездік гормонға (АДГ) ұқсас әсерге байланысты қанның осмолярлығының төмендеуі.
- диплопия, бас ауыруы
- аккомодацияның бұзылуы (мысалы, көрудің бұлыңғырлануы)
- ауыздың құрғауы, суппозиторийлерді пайдаланған кезде тік ішектің тітіркенуі пайда болуы мүмкін
- қандағы сілтілік фосфатазаның жоғарылауы.
Жиі емес
- ауытқулы еріксіз қозғалыстар (мысалы, тремор, астерикс, дистония, тартылулар), нистагм
- диарея, іш қату
- эксфолиативті дерматит
- трансаминазаның жоғарылауы
Сирек
- лейкоцитоз, лимфаденопатия
-қызбамен, бөртпемен, васкулитпен, лимфаденопатиямен, жалған-лимфомамен, артралгиямен, лейкопениямен, эозинофилиямен, гепатоспленомегалиямен кейінге қалдырылған көп ағзалық аса жоғары сезімталдық, бауырдың функционалдық тестілерінің бұзылуы және әртүрлі үйлесімде пайда болатын өт жолдарының жоғалу синдромы (бауырішілік өт жолдарының бұзылуы және жоғалуы). Басқа ағзаларға зақым келуі мүмкін (мысалы, бауыр, өкпе, бүйрек, ұйқы безі, миокард, жуан ішек)
- фолаттардың тапшылығы, тәбеттің төмендеуі
- елестеулер (көру немесе есту), депрессия, озбырлық, қозу, мазасыздық, сананың шатасуы
- дискинезия, көз қозғалысының бұзылуы, сөйлеу бұзылулары (мысалы, дизартрия немесе түсініксіз сөйлеу), хореоатетоз, шеткері невропатия, парестезия және парез
- жүрек өткізгіштігінің бұзылуы
- гипертензия немесе гипотензия
- іштің ауыруы
- холестаздық, паренхиматоздық (гепатоцеллюлярлық) немесе аралас типті гепатит, жоғалып бара жатқан өт жолының синдромы, сарғаю
- жүйелі қызыл жегі, қышыну
- бұлшықет әлсіздігі
Өте сирек
-агранулоцитоз, апластикалық анемия, панцитопения, шынайы эритроциттік аплазия, анемия, мегалобластты анемия, ретикулоцитоз, гемолиздік анемия
- анафилаксиялық реакция, ангионевроздық ісіну, гипогаммаглобулинемия
- галакторея, гинекомастия
-жедел порфирия (жедел интермиттирлеуші порфирия және аралас порфирия), жедел емес порфирия (кеш тері порфириясы)
- психоздың белсенуі
- қатерлі нейролептикалық синдром, миоклониямен және шеткері эозинофилиямен асептикалық менингит, дисгевзия
- көздің қарашығының бұлыңғырлануы, конъюнктивит
- естудің бұзылуы, мысалы, құлақтағы шуыл, гиперакузия, кереңдік, дыбыс қабылдаудың биіктігін өзгеруі
- аритмия, естен танумен атриовентрикулярлық блокада, брадикардия, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, жүректің ишемиялық ауруының өршуі
- қантамыр жеткіліксіздігі, эмболия (мысалы, өкпе эмболиясы), тромбофлебит
- өкпенің аса жоғары сезімталдығы, мысалы, қызба, ентігу, пневмония немесе пневмониямен сипатталады
- панкреатит, глоссит, стоматит
- бауыр жеткіліксіздігі, бауырдың гранулематозды ауруы
- Стивенс-Джонсон синдромы*, уытты эпидермалық некролиз, жарыққа сезімталдық реакциясы, мультиформалы эритема, түйінді эритема, пигментацияның бұзылуы, пурпура, акне, гипергидроз, алопеция, гирсутизм
- сүйек алмасуының бұзылуы (плазмадағы кальций мен қандағы 25-гидроксихолекальциферол деңгейінің төмендеуі), бұл остеомаляцияға/остеопорозға, артралгияға, миалгияға, бұлшықет түйілуіне әкеледі
- тубулоинтерстициальді нефрит, бүйрек жеткіліксіздігі, бүйрек функциясының бұзылуы (мысалы, альбуминурия, гематурия, олигурия және мочевина/қан азотемиясы), несептің іркілуі, несеп шығару жиілігі
- сексуалды бұзылулар/эректильді дисфункция сперматогенездің бұзылуы (сперматозоид санының және/немесе қозғалғыштығының төмендеуімен)
- көзішілік қысымның жоғарылауы, қандағы холестерин деңгейінің жоғарылауы, жоғары тығыздықтағы липопротеидтер деңгейінің жоғарылауы, қандағы триглицеридтердің жоғарылауы. Қалқанша безінің дисфункциясы: L-тироксин деңгейінің төмендеуі (бос тироксин, тироксин, триодотиронин) және қандағы тироотропты гормон деңгейінің жоғарылауы, әдетте клиникалық көріністерсіз, қандағы пролактин деңгейінің жоғарылауы
Белгісіз
- сүйек кемігі функциясының бәсеңдеуі
- эозинофилиясы және жүйелі көріністері бар дәрілік бөртпе (DRESS-синдром)
- адамның герпес вирусы инфекциясының реактивациясы
- гипераммониемия
- седация, жадының нашарлауы
- колит
- жедел жайылған экзантематозды пустулез (ЖЖЭ)**, лихеноидты кератоз, онихомадез
- сыну
- сүйек тығыздығының төмендеуі
- құлау (карбамазепинмен емдеумен байланысты, атаксия, бас айналу, ұйқышылдық, гипотензия, сананың шатасуы, седация)
* Кейбір Азия елдерінде «сирек» жиілікпен хабарланды.
** Спонтанды хабарламалардан қосымша жағымсыз дәрілік реакциялар (жиілігі белгісіз).
Карбамазепинмен ұзақ ем қабылдаған пациенттерде сүйек тінінің минералды тығыздығының төмендеуі, остеопения, остеопороз және сынықтар туралы хабарламалар алынды. Карбамазепин сүйек тінінің метаболизміне әсер ететін механизм анықталған жоқ.
Генетикалық маркерлердің байланысы мен СДС, УЭН, ЖЖЭП және макулопапулезді бөртпе сияқты тері ЖДР пайда болуы туралы көбірек дәлелдер бар. Шығу тегі жапондық және еуропалық пациенттерде бұл реакциялар карбамазепинді қолданумен және HLA-A*3101 аллелінің болуымен байланысты болды. Тағы бір маркер, HLA-B*1502, қытайлық хан және шығу тегі азиялық басқа тұлгалардың кейбіреулерінде СДС және УЭН тығыз байланысты екендігі көрсетілді.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz