ATХ коды C03DA05
Әсер ету механизмі
Финеренон-альдостеронмен және кортизолмен белсендірілетін және гендер транскрипциясын реттейтін минералокортикоидты рецепторлардың (МР) стероидты емес селективті антагонисті болып табылады. Оның МР-мен байланысуы қабынуға қарсы және профиброзды медиаторлардың экспрессиясына қатысатын транскрипциялық коактиваторлар жиынтығын бөгейтін лигандпен спецификалық рецепторлық кешеннің пайда болуына әкеледі.
Фармакодинамикалық әсерлері
FIDELIO-DKD және FIGARO-DKD зерттеулерінде, рандомизацияланған, салыстырмалы жасырын, плацебо бақыланатын, БСА және 2ҚД бар ересек пациенттерде III фазалық көп орталықты зерттеулерде финеренонды қабылдау үшін рандомизацияланған пациенттерде плацебо түзетілген несептегі альбумин мен креатинин арақатынасының (АКрА) салыстырмалы төмендеуі, 4-ші айда сәйкесінше 31% және 32% құрады және АКрА екі зерттеуде де төмендеген күйінде қалды.
Рандомизацияланған, салыстырмалы жасырын, плацебо-бақыланатын, көп орталықты III фазаның СҚШФ ≥ 40% болатын жүрек жеткіліксіздігі бар ересек пациенттерде FINEARTS-HF зерттеуінде финеренон тобына рандомизацияланған пациенттерде плацебо-реттелген АКрА-ның салыстырмалы түрде төмендеуі 6-айында 30% болды, және АКрА 2 жыл кезеңіндегі соңғы өлшеуге дейін төмендеген күйінде қалды.
Рандомизацияланған, салыстырмалы жасырын, плацебо-бақыланатын, көп орталықты IIb фазаның БСА және 2ҚД бар ересек пациенттерде ARTS-DN зерттеуінде 90-шы тәулікте плацебомен түзетілген АКрА салыстырмалы төмендеуі тәулігіне бір рет 10 мг және 20 мг финеренон қабылдаған пациенттерде сәйкесінше 25 % және 38 % құрады.
Жүрек электрофизиологиясы
57 дені сау қатысушыда QT арнайы зерттеуі финеренонның жүрек реполяризациясына әсер етпейтінін көрсетті. Финеренонның бір реттік дозалары 20 мг (емдік) немесе 80 мг (аса жоғары емдік) әсер еткеннен кейін QT/QTc ұзаруы туралы ешқандай көрсеткіш болған жоқ.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
2ҚД-ке байланысты созылмалы бүйрек ауруы
FIDELIO-DKD және FIGARO-DKD зерттеулері БСА және 2ҚД бар ересек пациенттерде плацебомен салыстырғанда финеренонның бүйрек пен жүрек-қантамыр жүйесіне (ЖҚЖ) әсерін зерттеді. Пациенттер барлық стандартты емдеуді, соның ішінде ангиотензин өзгертетін фермент тежегіштерінің (АӨФт) немесе ангиотензин рецепторларының блокаторының (АРБ) ең жоғары жағымды дозасын алды. Лықсу фракциясы төмендеген жүрек жеткіліксіздігі диагнозы қойылған пациенттер және Нью-Йорк жүрек ассоциациясының жіктемесі бойынша II-IV класты пациенттер АМР терапиясына арналған 1А класты ұсынысқа байланысты шығарылды.
FIDELIO-DKD зерттеуіне тұрақты альбуминуриясы (>30 мг/г-ден 5000 мг/г-ге дейін), 25-тен 75 мл/мин/1,73 м2-ге дейінгі еШСЖ бар және скрининг кезінде қан сарысуындағы калий концентрациясы 4,8 ммоль/л-ден аз пациенттер кірді.
FIDELIO-DKD зерттеуіндегі бастапқы біріктірілген соңғы нүкте бүйрек жеткіліксіздігінің дамуына дейінгі уақыт (ұзақ мерзімді диализ немесе бүйрек трансплантациясы немесе кем дегенде 4 апта ішінде < 15 мл/мин/1,73 м2 дейін еШСЖ тұрақты төмендеуі ретінде анықталатын), еШСЖ кем дегенде 4 апта бастапқы мәнімен салыстырғанда 40% немесе одан да көп тұрақты төмендеуі немесе бүйрек ауруы салдарынан өлім болды. Негізгі салдарлы біріктірілген соңғы нүкте жүрек-қан тамырлары ауруларынан, өлімге әкелмейтін миокард инфарктісінен (МИ), өлімге әкелмейтін инсульттан немесе жүрек жеткіліксіздігіне байланысты ауруханаға жатқызудан болатын өлім уақыты болды.
Барлығы 5662 пациент финеренон (N = 2824) немесе плацебо (N = 2838) қабылдауға кездейсоқ түрде бөлінді және талдауға енгізілді. Орташа бақылау 2,6 жылды құрады. Зерттеу барысында негізінен қан сарысуындағы калий концентрациясына негізделген финеренон дозасын күніне бір рет 10 мг-ден 20 мг-ге дейін реттеуге болады. 24-ші айда финеренонмен емделген пациенттердің 67 %-ы күніне бір рет 20 мг, 31 %-ы күніне бір рет 10 мг және 3 %-ы емдеуды тоқтатты.
Зерттеу аяқталғаннан кейін пациенттердің 99,7 %-да өмірлік статус берілді. Зерттелген популяция 63 % еуропеоидтардан, 25 % моңғолоидтардан және 5 % негроид нәсілдерден тұрды. Зерттеуге енгізілген орташа жас 66 жасты құрады, пациенттердің 70 %-ы ер адамдар болды. Бастапқы деңгейде еШСЖ орташа мәні 44,3 мл/мин/1,73 м2, бұл ретте пациенттерінің 55 %-да еШСЖ < 45 мл/мин/1,73 м2, ҚЖТт медианасы 852 мг/г, ал гликирленген гемоглобиннің A1с (HbA1c) орташа концентрациясы 7,7 % құрады, 46 %-да анамнезінде атеросклероздық жүрек-қан тамырлары ауруы болды, 30 % коронарлық артерия ауруы, 8 %-да жүрек жеткіліксіздігі болды және орташа артериялық қысым, 138/76 мм сын. бағ. құрады. Бастапқы деңгейдегі 2ҚД орташа ұзақтығы 16,6 жылды құрады, анамнезінде диабеттік ретинопатия және диабеттік нейропатия бар ауруулар тиісінше пациенттердің 47 % және 26 %-да тіркелген. Бастапқыда пациенттердің барлығы дерлік АӨФт (34 %) немесе АРБ (66 %) қабылдады, пациенттердің 97 %-ы бір немесе бірнеше диабетке қарсы препараттарды (инсулин [64 %], бигуанидтер [44 %], глюкагон тәрізді пептид-1 рецепторларының агонистері [ГПРАт-1] [7 %], натрий-глюкоза котранспортерлерінің тежегіштері 2 түрі [НГКт-2] [5 %]). Зерттеудің басында жиі қабылданған басқа препараттар статиндер (74 %) және кальций өзекшелерінің блокаторлары (63 %) болды.
Финеренонның пайдасына статистикалық маңызды айырмашылық бастапқы біріктірілген соңғы нүкте мен негізгі салдарлы біріктірілген соңғы нүкте үшін көрсетілді (төмендегі 1 суретті/ 6 кестені қараңыз). Бастапқы және негізгі салдарлы соңғы нүктелер үшін емдеу әсері аймаққа қарамастан, еШСЖ, ЖҚТт, систолалық артериялық қысым (АҚ) және HbA1c бастапқы деңгейінде әртүрлі қосалқы топтар үшін біркелкі болды.
FIGARO-DKD зерттеуіне ≥ 30 мг/г-ден < 300 мг/г-ге дейін ЖҚТт бар тұрақты альбуминуриясы бар және скрининг кезінде 25-тен 90 мл/мин/1,73 м2 немесе ЖҚТт ≥ 300 мг/г және еШСЖ ≥ 60 мл/мин/1,73 м2 дейінгі еШСЖ бар пациенттер кірді. Скрининг кезінде пациенттердің қан сарысуындағы калий концентрациясы ≤ 4,8 ммоль/л болуы керек еді.
Бастапқы біріктірілген соңғы нүкте жүрек-қан тамырлары ауруларынан, өлімге әкелмейтін миокард инфарктісінен, өлімге әкелмейтін инсульттан немесе жүрек жеткіліксіздігіне байланысты ауруханаға жатқызудан болатын өлім уақыты болды. Салдарлы біріктірілген соңғы нүкте бүйрек жеткіліксіздігінің дамуына дейінгі уақыт, кем дегенде 4 апта ішінде бастапқы мәнмен салыстырғанда еШСЖ-ның 40 % немесе одан да көп тұрақты төмендеуі немесе бүйрек ауруы салдарынан болатын өлім болды.
Барлығы 7328 пациент финеренон (N = 3674) немесе плацебо (N = 3654) қабылдау үшін кездейсоқ түрде бөлінді және талдауға енгізілді. Орташа бақылау 3,4 жылды құрады. Зерттеу барысында негізінен қан сарысуындағы калий концентрациясы негізінде финеренон немесе плацебо дозасын күніне бір рет 10 мг-ден 20 мг-ге дейін реттеуге болады. 24-ші айда финеренонмен емделген пациенттердің 82 %-ы күніне бір рет 20 мг, 15 %-ы күніне бір рет 10 мг және 3%-ы емделуден үзіліс алды.
Зерттеу аяқталғаннан кейін пациенттердің 99,8 %-да өмірлік статус берілді. Зерттелген популяция 72% еуропеоидтардан, 20 % моңғолоидтардан және 4 % қара нәсілдерден тұрды. Зерттеуге енгізілген орташа жас 64 жасты құрады, пациенттердің 69 %-ы ер адамдар болды. Бастапқы деңгейде еШСЖ орташа мәні 67,8 мл/мин/1,73 м2 құрады, еШСЖ пациенттерінің 62% ≥ 60 мл/мин/1,73 м2, ЖҚТт медианасы 309 мг/г, ал гликирленген гемоглобин A1с (HbA1c) орташа концентрациясы 7,7 % құрады, пациенттердің 45 %-да анамнезінде атеросклероздық жүрек-қан тамырлары аурулары, 8 %-да анамнезінде жүрек жеткіліксіздігі болды, орташа артериялық қысым 136/77 мм сын. бағ. құрады. Бастапқы деңгейдегі 2ҚД орташа ұзақтығы 14,5 жыл болды, анамнезінде диабеттік ретинопатия және диабеттік нейропатия ауру пациенттердің тиісінше 31 % және 28 %-да тіркелген. Бастапқыда пациенттердің барлығы дерлік АӨФт (43 %) немесе АРБ (57 %) қабылдады, пациенттердің 98 %-ы диабетке қарсы бір немесе бірнеше дәрі қабылдады (инсулин [54 %], бигуанидтер [69 %], ар-ГПП-1 [7 %], НГКт-2 [8 %]). Зерттеудің басында жиі қабылданған басқа дәрілік заттар статиндер болды (71 %).
Финеренонның пайдасына статистикалық маңызды айырмашылық жүрек-қан тамырлары бастапқы біріктірілген соңғы нүктесі үшін көрсетілген (төмендегі 2 суретті/7 кестені қараңыз). Бастапқы соңғы нүктеге емдеудің әсері аймаққа, еШСЖ, ЖҚТт, систолалық АҚ және HbA1c-ге қарамастан әр түрлі қосалқы топтар үшін бастапқы деңгейде біркелкі болды.
Финеренон тобында бүйрек жеткіліксіздігі, еШСЖ 40 % немесе одан да көп тұрақты төмендеуі немесе плацебомен салыстырғанда бүйрек ауруы салдарынан қайтыс болу түріндегі салдарлы біріктірілген нүкте оқиғаларының жиілігі төмен болды, бірақ бұл айырмашылық статистикалық маңыздылыққа жеткен жоқ (төмендегі 7 кестені қараңыз). Бүйректің салдарлы біріктірілген соңғы нүктесі үшін емдеу әсері бастапқы деңгейдегі еШСЖ барлық қосалқы топтарында бірдей болды, бірақ ЖҚТт < 300 мг/г пациенттердың қосалқы тобы үшін ҚҚ 1,16 (95 % СА 0,91; 1,47), ал ЖҚТт ≥ 300 мг/г пациенттердің қосалқы тобы үшін 0,74 (95 % СА 0,61; 0,89) құрады.
Қосымша берілген «оқиғаға дейінгі уақыт» салдарлы нүктелері 7 кестеге енгізілген.
6 кесте: FIDELIO-DKD III фазалық зерттеуіндегі бастапқы және салдарлы соңғы нүктелерді (және олардың жеке компоненттерін) талдау
Фириалта* (N = 2824) — Плацебо (N = 2838) — Емдеу тиімділігі
N (%) — Құбылыстың жиілігі/ 100 пациент-жыл — N (%) — Құбылыстың жиілігі/ 100 пациент-жыл — ҚҚ (95 % СА)
Бүйректің бастапқы біріктірілген соңғы нүктесі және оның компоненттері
Біріктірілген соңғы нүкте: бүйрек жеткіліксіздігі, еШСЖ ≥ 40 % тұрақты төмендеуі немесе бүйрек ауруы салдарынан өлім — 498 (17,6) — 7,53 — 600 (21,1) — 9,09 — 0,82 (0,73; 0,92) p = 0,0009
Бүйрек жеткіліксіздігі — 205 (7,3) — 2,96 — 235 (8,3) — 3,39 — 0,86 (0,72; 1,05)
еШСЖ тұрақты төмендеуі ≥ 40 % — 473 (16,7) — 7,15 — 577 (20,3) — 8,74 — 0,81 (0,72; 0,91)
Бүйрек ауруы салдарынан өлім — 2 (< 0,1) — - — 2 (< 0,1) — - — -
Негізгі жүрек-қан тамырларының салдарлы біріктірілген соңғы нүктесі және оның компоненттері
Біріктірілген соңғы нүкте: ЖҚА өлімі, өлімге әкелмейтін МИ, өлімге әкелмейтін инсульт немесе жүрек жеткіліксіздігіне байланысты ауруханаға жатқызу — 366 (13,0) — 5,11 — 420 (14,8) — 5,93 — 0,86 (0,75; 0,99) p = 0,0344
Жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім — 128 (4,5) — 1,70 — 150 (5,3) — 1,99 — 0,86 (0,68; 1,09)
Өлімге әкелмейтін МИ — 70 (2,5) — 0,94 — 87 (3,1) — 1,18 — 0,80 (0,58; 1,09)
Өлімге әкелмейтін инсульт — 90 (3,2) — 1,22 — 87 (3,1) — 1,18 — 1,03 (0,77; 1,38)
Жүрек жеткіліксіздігіне байланысты ауруханаға жатқызу — 138 (4,9) — 1,88 — 162 (5,7) — 2,22 — 0,85 (0,68; 1,07)
Тиімділіктің салдарлы соңғы нүктелері
Кез келген себептермен өлім — 219 (7,8) — 2,90 — 244 (8,6) — 3,24 — 0,90 (0,75; 1,08)**
Кез келген себептермен ауруханаға жатқызу — 1259 (44,6) — 22,59 — 1321 (46,5) — 23,91 — 0,95 (0,88; 1,02)**
Біріктірілген соңғы нүкте: бүйрек жеткіліксіздігі, еШСЖ ≥ 57% тұрақты төмендеуі немесе бүйрек ауруы салдарынан өлім — 248 (8,8) — 3,60 — 326 (11,5) — 4,74 — 0,75 (0,65; 0,90)**
* АӨФт немесе АРБ барынша жағымды тағайындалған дозаларға қосымша күніне бір рет 10 мг немесе 20 мг емдеу
** p = салыстырудың көптігін түзеткеннен кейін статистикалық тұрғыдан маңызды емес
СА: сенімділік аралығы
ҚҚ: қауіптер қатынасы
1 сурет: FIDELIO-DKD зерттеуінде бүйрек жеткіліксіздігінің дамуына, еШСЖ бастапқы деңгейден ≥ 40 % тұрақты төмендеуге немесе бүйрек ауруы салдарынан өлімге дейінгі уақыт
7 кесте: FIGARO-DKD III фазалық зерттеуіндегі бастапқы және салдарлы соңғы нүктелерді (және олардың жеке компоненттерін) талдау
Фириалта* (N = 3674) — Плацебо (N = 3654) — Емдеу тиімділігі
N (%) — Құбылыстың жиілігі/ 100 пациент-жыл — N (%) — Құбылыстың жиілігі/ 100 пациент-жыл — ҚҚ (95 % СА)
Жүрек-қан тамырларының бастапқы біріктірілген соңғы нүктесі және оның компоненттері
Біріктірілген соңғы нүкте: ЖҚА-нан өлім, өлімге әкелмейтін МИ, өлімге әкелмейтін инсульт немесе жүрек жеткіліксіздігіне байланысты ауруханаға жатқызу — 457 (12,4) — 3,88 — 518 (14,2) — 4,46 — 0,87 (0,76; 0,98) р = 0,025
Жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім — 193 (5,3) — 1,56 — 214 (5,9) — 1,75 — 0,89 (0,73; 1,08)
Өлімге әкелмейтін МИ — 103 (2,8) — 0,85 — 101 (2,8) — 0,84 — 1,00 (0,76; 1,32)
Өлімге әкелмейтін инсульт — 108 (2,9) — 0,89 — 111 (3,0) — 0,93 — 0,97 (0,74; 1,26)
Жүрек жеткіліксіздігіне байланысты ауруханаға жатқызу — 117 (3,2) — 0,97 — 163 (4,5) — 1,36 — 0,71 (0,56; 0,90)
Бүйректің салдарлы біріктірілген соңғы нүктесі және оның компоненттері
Біріктірілген соңғы нүкте: бүйрек жеткіліксіздігі, еЖШС тұрақты төмендеуі ≥ 40 % немесе бүйрек ауруы салдарынан өлім — 350 (9,5) — 3,17 — 395 (10,8) — 3,59 — 0,87 (0,75; 1,01) р = 0,0635**
Бүйрек жеткіліксіздігі — 46 (1,3) — 0,40 — 62 (1,7) — 0,55 — 0,72 (0,49; 1,05)
еШСЖ тұрақты төмендеуі ≥ 40 % — 338 (9,2) — 3,06 — 385 (10,5) — 3,50 — 0,86 (0,74; < 1,00)
Бүйрек ауруы салдарынан өлім — 0 — - — 2 (< 0,1) — - — -
Тиімділіктің салдарлы соңғы нүктелері
Кез келген себептермен өлім — 332 (9,0) — 2,69 — 370 (10,1) — 3,03 — 0,89 (0,77; 1,03)**
Кез келген себептермен ауруханаға жатқызу — 1569 (42,7) — 16,94 — 1599 (43,8) — 17,54 — 0,97 (0,90; 1,04)**
Біріктірілген соңғы нүкте: бүйрек жеткіліксіздігі, еШСЖ ≥ 57 % тұрақты төмендеуі немесе бүйрек ауруы салдарынан өлім — 108 (2,9) — 0,95 — 139 (3,8) — 1,23 — 0,77 (0,60; 0,99)**
* АӨФт немесе АРБ барынша жағымды тағайындалған дозаларға қосымша күніне бір рет 10 мг немесе 20 мг емдеу
** p = салыстырудың көптігін түзеткеннен кейін статистикалық тұрғыдан маңызды емес
СА: сенімділік аралығы
ҚҚ: қауіптер қатынасы
2 сурет: FIGARO-DKD зерттеуінде ЖҚА салдарынан қайтыс болғанға, өлімге әкелмейтін миокард инфарктісіне, өлімге әкелмейтін инсульт немесе жүрек жеткіліксіздігі себебінен ауруханаға жатқызуға дейінгі уақыт
СҚШФ ≥ 40% жүрек жеткіліксіздігі
FINEARTS-HF зерттеуі жүрек жеткіліксіздігі (ЖЖ) бар ересек пациенттерде жүрек-қан тамырлары нәтижелеріне финеренонның плацебомен салыстырғандағы әсерін зерттеді.
Зерттеуге NYHA жіктемесіне сәйкес II-IV функционалды класты ЖЖ диагнозы қойылған, негізінен ЖЖ бойынша амбулаториялық немесе ауруханаға жатқызылған, СҚШФ ≥ 40% құжатталған пациенттер қатысты. Сонымен қатар, скрининг және рандомизация кезінде пациенттерде еШСЖ ≥ 25 мл/мин/1,73 м², қан сарысуындағы калий деңгейі ≤ 5,0 ммоль/л болды және олар диуретикпен емдеуді қоса алғанда, негізгі терапия алды.
Бастапқы біріктірілген соңғы нүкте жүрек жеткіліксіздігі бойынша ауруханаға жатқызуды және жүрек жеткіліксіздігі бойынша шұғыл сапарларды қоса алғанда, жүрек-қан тамырлары себептерінен болатын өлім-жітімнің және жүрек жеткіліксіздігінің нашарлауы эпизодтарының жалпы саны (бірінші және қайталанған) жиынтығы болды.
Екінші реттік нүктелер үшін көптік тестілеу процедурасы қолданылды; бұл соңғы нүктелерге жүрек жеткіліксіздігінің нашарлауының (бірінші және қайталанатын) жалпы саны, сондай-ақ Канзас кардиомиопатия сауалнамасының (KCCQ) (ЖЖ симптомдарының жиілігі мен ауырлығын сандық бағалауға мүмкіндік беретін) симптомдарының жалпы ұпайының бастапқы деңгейден 6, 9 және 12 айға дейінгі өзгеруі кірді.
Зерттеуде финеренон (N = 3003) немесе плацебо (N = 2998) қабылдау үшін кездейсоқ таңдалған 6001 пациенттің деректері талданды. Кейінгі бақылаудың орташа кезеңі 2,7 жылды құрады. Зерттеуге соңғы 3 айда ЖЖ нашарлау эпизодын бастан кешірген 3247 (54 %) пациент, оның ішінде ауруханаға жатқызу кезінде немесе ауруханадан шыққаннан кейін 7 күн ішінде рандомизацияланған 1 219 (20%) пациент кірді.
Зерттеу барысында пациенттер бүйрек параметрлеріне байланысты тәулігіне бір рет 10 мг, 20 мг, немесе 40 мг финеренон немесе плацебо алды. 24-ші айында финеренон қабылдаған пациенттердің 35 %-ы күніне бір рет 40 мг, 32 %-ы күніне бір рет 20 мг, 12 %-ы күніне бір рет 10 мг қабылдаған, ал 1 %-ы емдеуді үзген. Жалпы алғанда, пациенттердің шамамен 80 %-ы емдеудің барлық кезеңінде мақсатты дозаға жетті.
Зерттеу аяқталғаннан кейін пациенттердің 99,7 %-тың өмірлік жағдайы туралы ақпарат алынды. Зерттелетін популяция 79 %-ы еуропалық нәсілді, 17 %-ы азиялықтар және 1,5%-ы негроид нәсілді болды. Зерттеуге енгізілген кездегі орташа жасы 72 жасты құрады, пациенттердің 46 %-ы әйелдер болды. Бастапқы деңгейде СҚШФ орташа мәні 53 % құрады, пациенттердің 64 %-ында СҚШФ ≥ 50% болды, және пациенттердің 69%-ында, 30%-ында және 1%-ында NYHA жіктелуі бойынша II, III және IV функционалдық класы сәйкесінше болды. Орташа артериялық қысым 129/75 мм сын. бағ., орташа ДСИ 30 кг/м2 болды. Мидың натрийуретикалық пептидінің (NT-pro-BNP) N-терминалды прогормон орташа деңгейі 1041 пг/мл болды, орташа еШСЖ мәні 62 мл/мин/1,73 м2 құрады, сонымен бірге пациенттердің 48%-ында еШСЖ < 60 мл/мин/1,73 м2 болды, ал АКрА медианасы 18 мг/г құрады. 38% -те жүрекшелер фибрилляциясы және 41% -те қант диабеті болған. Пациенттердің көпшілігі ілмекті диуретиктерді (87%), АКЕ тежегіштерін немесе ЖРБ (79%) немесе ангиотензин/неприлизин рецепторларының тежегіштерін (9 %) қабылдады және 14 % НГЛТ-2 тежегіштерін қабылдады.
Бастапқы біріктірілген соңғы нүкте үшін финеренонның статистикалық маңызды артықшылығы көрсетілді (төмендегі 8-кестені қараңыз). Терапияның әсері ерте кезеңде байқалды және зерттеу кезеңінде сақталды (төмендегі 3-суретті қараңыз). Финеренонның статистикалық маңызды артықшылығы, жүрек жеткіліксіздігі эпизодтарының жалпы санын қоса алғанда, екіншілік соңғы нүктелер үшін де көрсетілді. Басқа алдын ала анықталған қайталама өнімділік ұпайлары да төмендегі 8-кестеде келтірілген.
Бастапқы және негізгі екіншілік соңғы нүктелерге емнің әсері барлық көрсетілген кіші топтарда салыстырмалы болды, соның ішінде жынысы, СҚШФ, NYHA бойынша функционалдық класы, еШСЖ, ЖЖ соңғы эпизодынан кейінгі уақыт, SGLT2 ингибиторы терапиясы және қант диабетінің болуы.
8-кесте: FINEARTS-HF III фазалық зерттеуіндегі бастапқы және қосымша нүктелерді (және олардың оқиғаға дейінгі уақыт нүктелері үшін жеке компоненттерін) талдау
Фириалта* (N = 3003) — Плацебо (N = 2998) — Емдеу тиімділігі
[Құбылыстардың жалпы саны] N (%) — Құбылыстың жиілігі/ 100 пациент-жыл — [Құбылыстардың жалпы саны] N (%) — Құбылыстың жиілігі/ 100 пациент-жыл — (95 % СА)
Жүрек-қан тамырларының бастапқы біріктірілген соңғы нүктесі және оның компоненттері
Біріктірілген соңғы нүкте: ЖҚТ себептерінен өлім және ЖЖ нашарлауы эпизодтарының жалпы саны — [1083] 624 (20,8) — 14,88 — [1283] 719 (24,0) — 17,70 — ЖҚ 0,84 (0,74; 0,95) p = 0,0072
ЖЖ нашарлауы эпизодтарының жалпы саны** — [842] 479 (16,0) — 11,57 — [1024] 573 (19,1) — 14,12 — ЖҚ 0,82 (0,71; 0,94) p = 0,0062
ЖҚТ себептерінен өлім — 242 (8,1) — 3,33 — 260 (8,7) — 3,59 — ҚҚ 0,93 (0,78; 1,11)
Тиімділіктің салдарлы соңғы нүктелері
KCCQ бойынша симптомдардың жалпы бағалауының бастапқы деңгейінен өзгеруі — ЕКК бойынша орташа көрсеткіші 7,99 — - — ЕКК бойынша орташа көрсеткіші 6,43 — - — ЕКК бойынша айырмашылығы 1,56 (0,79; 2,34) p ˂ 0,0001
NYHA тарапынан функционалдық класты жақсарту — 557 (18,6) N = 3002 — - — 553 (18,4) — - — МҚ 1,01 (0,88; 1,15) p = 0,9295†
Бүйректің салдарлы біріктірілген соңғы нүктесі — 75 (2,5) — 1,16 — 55 (1,8) — 0,85 — ҚҚ 1,33 (0,94; 1,89) p††
еШСЖ ≥ 50 %-ға тұрақты төмендеуі — 68 (2,3) — 1,05 — 51 (1,7) — 0,79 — -
еШСЖ ˂ 15 мл/мин/ 1,73 м2 тұрақты төмендеуі — 5 (0,2) — 0,08 — 2 (˂ 0,1) — 0,03 — -
Диализдің басталуы — 2 (˂ 0,1) — 0,03 — 2 (˂ 0,1) — 0,03
Бүйрек трансплантациясы — 0 (0,0) — 0,00 — 0 (0,0) — - — -
Кез келген себептерден өлім — 491 (16,4) — 6,71 — 522 (17,4) — 7,17 — ҚҚ 0,93 (0,83; 1,06)
СА: сенімділік аралығы
ҚҚ: қауіптер қатынасы
ЕКК: ең кіші квадраттар әдісі
МҚ: мүмкіндіктер қатынасы
ЖҚ: жиілік қатынасы
* Диуретикалық емді қоса, негізгі терапияға қосымша тәулігіне бір рет 10 мг, 20 мг немесе 40 мг-мен емдеу.
** жүрек жеткіліксіздігінің нашарлауымен байланысты оқиғалардың (бастапқы және қайталанатын) жалпы саны, сонымен қатар негізгі екінші соңғы нүкте болды
† маңызды емес (сынақ процедураның аяқталуы)
†† соңғы нүкте ресми түрде тексерілмеген (сынақ процедурасындағы алдыңғы соңғы нүкте маңызды емес)
3-сурет: Бастапқы біріктірілген соңғы нүктесі: FINEARTS-HF зерттеуіндегі ЖҚТ өлімі және ЖЖ нашарлауының жалпы саны (бастапқы және қайталанатын)