Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Капсулы
Саудалық атауы
ФИТОХОЛ
Әсер етуші зат
Другие препараты для лечения заболеваний желчевыводящих путей
Мақсаты
Созылмалы калькулезді емес холецистит, өт шығару жолдарының дискинезиясы
Өндіруші
Киевмедпрепарат
Ел
Украина
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 капсуланың құрамында
белсенді заттар:
- Жабайы сәбіз жемістері және тырнақ гүлдерінің қою экстрактісі (7.75 – 13.4):1 Daucus carota және Calendulaе flos алынған, этанол экстрагенті 70%, құрғақ затқа шаққанда – 60 мг;
• Құмсалаубасы гүлдері құрғақ экстрактісі Helichrysi arenarii flos (40:1), этанол экстрагенті 50 % – 50 мг;
• С3 кешені куркумині Curcumae longae rhizomes (ұзын куркума тамырларынан) (64 - 66) : 1 алынған, этилацетат экстрагенті – 20 мг;
• Curcumae longae aetheroleii (ұзын куркума майы (турмерон майы)) – 5 мг;
• Menthae piperitae aetheroleii (бұрыш жалбызы майы) – 7,5 мг;
қосымша заттар – магний алюмометасиликаты (неусилин UFL2), ауыр магний карбонаты, тальк, лактоза моногидраты, картоп крахмалы, майсана майы;
желатин капсуласының құрамы:
капсула корпусы - титанның қостотығы (Е 171), темірдің сары тотығы (Е 172); желатин;
капсуланың қақпақшасы - титанның қостотығы (Е 171), темірдің сары тотығы (Е 172), желатин.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Қатты №0 желатинді капсулалар, корпусы мен сары түсті қақпақшасы бар. Капсула ішінде – сарыдан сары-қызғылт-сары түске дейінгі жасылдау-қоңыр реңді, теңбілдері және өзіне тән иісі бар түйіршіктелген ұнтақ және/немесе тығыздалған масса.
- созылмалы калькулезді емес холецистит
- өт шығару жолдарының дискинезиясы
- созылмалы гепатит (кешенді ем құрамында).
ФИТОХОЛ шығу тегі табиғи көп компонентті дәрі болып табылады, фармакологиялық қасиеттері препарат құрамына кіретін биологиялық белсенді заттардың кешенді бірлескен әсерімен байланысты.
ФИТОХОЛ препаратының холеретикалық (өт айдайтын) әсері – өт түзілуін стимуляциялау − препараттың мына компоненттерінің әсерімен байланысты: жабайы сәбіз жемістері, тырнақгүл гүлдері экстрактісі, құмсалаубасы гүлдері экстрактісі, ұзын куркума майы, бұрыш жалбызы майы.
ФИТОХОЛ препаратының холеретикалық әсері – өт жолдары арқылы он екі елі ішекке өттің ағып шығуын жақсарту және өт іркілісінің алдын алу − оның құрамында тырнақгүл гүлдері экстрактісі, құмсалаубасы гүлдері экстрактісі және ұзын куркума майының болуына байланысты.
ФИТОХОЛ препаратының холеспазмолитикалық әсері – өт шығару жолдарының ауырсынумен болатын түйілулерін жою − жабайы сәбіз экстрактісі және бұрыш жалбызы майы әсеріне байланысты.
ФИТОХОЛ препаратының гепатопротекторлық әсері – бауырдағы метаболизмдік үдерістердің жақсаруына − жабайы сәбіз экстрактісі, тырнақгүл гүлдері экстрактісі, құмсалаубасы гүлдері экстрактісі, ұзын куркума майы, бұрыш жалбызы майы әсеріне байланысты.
Дозалау режимі
Ішке қабылданады. 1-2 капсуладан тәулігіне 3 рет. Препаратты тамақтану алдында 30 минут бұрын, шайнамай, судың аздаған мөлшерімен ішіп қабылдайды. Ең жоғары тәуліктік доза – 6 капсула.
Дозасы және емдеу курсының ұзақтығын дәрігер аурудың сипатына және ағымына қарай жекелей анықтайды. Әдетте емдеу курсы 20 күнді құрайды. Емдеу курстарын дәрігермен кеңескеннен кейін қайталап жүргізуге болады.
Енгізу әдісі мен жолы
Пероральді қолдануға арналған.
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- өт жолдарының обструкциясы
- холангит
- өт қабының іріңдеуі (эмпиема)
- өт тас ауруы
- бауыр мен өт қабының жедел қабыну аурулары
- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі
- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі
- несеп шығару жолының бітелуі
- бүйректің жедел аурулары
- 6 жасқа дейінгі балалар
- тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- жайсыздық сезімі және іштің кебуі
- ішектің шұрылдауы
- диарея
- артқы өтіс аймағындағы қышыну
- жүрек айнуы
- кекіру
- бас айналуы
- ұйқышылдық
- бас ауыруы
- бастағы ауырлық сезімі
- ысыну сезімі
- беттің қызаруы.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Осы уақытқа дейін артық дозалану жағдайлары тіркелген жоқ.
Симптомдары: ұсынылғаннан асатын дозаларда ұзақ уақыт қолданғанда жағымсыз реакциялар күшеюі мүмкін.
Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем; спецификалық антидоты жоқ.
Препаратты қабылдау бойынша сұрақтар туындаған жағдайда дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгінуді ұсынамыз.
Өт жолдарының бітелуіне әкелуі мүмкін аурулар кезінде және бауырдың ауыр аурулары кезінде сақтықпен қолдану керек. Диарея немесе іштің ауыруы туындаған жағдайында емді тоқтату және дәрігермен кеңесу керек. Препараттың құрамында лактоза бар, сондықтан препаратты тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбция синдромы бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек. ФИТОХОЛ құрамында майсана майы бар, бұл асқазан-ішек жолдарының бұзылуын тудыруы мүмкін.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қолдану кезінде байқалуы мүмкін: бас айналуы, ұйқышылдық, бас ауруы, бастағы ауырлық сезімі, бұны көлік құралдарын басқару немесе басқа механизмдермен жұмыс істеу кезінде ескеру қажет.
Жүктілік немесе бала емізу кезеңінде препаратты егер әйел үшін күтілетін пайдасы шарана немесе бала үшін потенциалды қаупінен асып түскенде ғана тек дәрігердің тағайындауымен қолданады.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесу және өзара әрекеттесудің басқа түрлері белгісіз. Кез келген басқа дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану қажет болған жағдайда дәрігерге хабарлау қажет.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.