Дозалау режимі
Ересектер
Ересектерге ұсынылатын доза: әр 8-12 сағат сайын 50 мг. Қажет болған жағдайда, препаратты 6 сағаттық аралықпен қайталап енгізуге болады. Тәуліктік доза 150 мг аспауы тиіс. Фламадекс® қысқа мерзімді қолдану үшін көрсетілген және олармен емдеуді жедел симптомдар кезеңімен (2 тәуліктен аспайтын) шектеу керек.
Мүмкіндігінше пациенттерді пероральді анальгетиктерге ауыстыру керек.
Жағымсыз реакциялардың пайда болуын симптомдарды бақылау үшін ең төменгі тиімді дозаларды қысқа мерзімде қолдану арқылы азайтуға болады (4.4. бөлімді қараңыз).
Операциядан кейінгі орташа және айқын қарқындылықтағы ауырсыну кезінде декскетопрофенді ересектердегі көрсеткіштер бойынша сол бір апиынды анальгетиктермен біріктіре ұсынған дозаларда қолдануға болады («Фармакокинетика» бөлімін қараңыз).
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Декскетопрофенді қолдану балалар мен жасөспірімдерде зерттелмеген. Сондықтан балалар мен жасөспірімдерде қауіпсіздік пен тиімділік анықталмаған және Фламадекс® осы жас тобында қолдануға болмайды.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттер үшін дозаны түзету әдетте талап етілмейді, алайда бүйрек функциясының физиологиялық төмендеуіне байланысты препарат дозасын төмендету ұсынылады: егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясы жеңіл дәрежеде бұзылған кезде жалпы тәуліктік доза 50 мг.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Жеңіл және орташа дәрежедегі бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 5-9 балл) тәуліктік жиынтық дозаны 50 мг-ға дейін төмендетіп, бауырдың функционалдық көрсеткіштеріне жиі бақылауды жүргізу керек. Фламадекс® ауыр дәрежедегі бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерге тағайындауға болмайды.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Жеңіл дәрежедегі бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер үшін (креатинин клиренсі – 60-89 мл/мин) тәуліктік дозаны 50 мг-ға дейін төмендетеді. Фламадекс® орташа және ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі ≤ 59 мл/мин-ден кем) бар пациенттерге тағайындауға болмайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Фламадекс® бұлшықет ішіне немесе вена ішіне енгізуге болады:
-Бұлшықет ішіне енгізу: Фламадекс® препаратының бір ампуласының (2 мл) ішіндегісі бұлшықетке терең баяу енгізеді.
-Вена ішіне енгізу:
• Вена ішіне инфузия: төменде сипатталғандай дайындалған сұйылтылған ерітінді 10-30 минут ішінде баяу вена ішіне инфузия түрінде енгізілуі керек. Ерітінді әрқашан табиғи күндізгі жарықтан қорғалуы керек.
• Вена ішіне болюсті енгізу: қажет болған жағдайда Фламадекс® (2 мл) препаратының бір ампуласының ішіндегісін вена ішіне болюсті түрде кемінде 15 секунд ішінде енгізуге болады.
Ерітінділерді дайындау ережелері
Фламадекс® препаратын бұлшықет ішіне немесе вена ішіне болюсті енгізу түрінде қолданған кезде ерітіндіні ампуладан алып, дереу енгізу керек.
Вена ішілік инфузияға арналған ерітіндіні табиғи күндізгі жарықтың әсерінен қорғап, асептикалық жағдайда сұйылту керек.
Қолдану және өңдеу жөніндегі нұсқаулық
Декскетопрофеннің гепарин, лидокаин, морфин және теофиллиннің инъекциялық ерітінділерімен аз мөлшерде (мысалы, шприцте) араласқан кезде үйлесімді екендігі дәлелденді.
Вена ішіне инфузия түрінде енгізу үшін Фламадекстің® бір ампуласының (2 мл) ішіндегісін 30-100 мл физиологиялық ерітіндімен, глюкоза ерітіндісімен немесе Рингер лактат ерітіндісімен сұйылту керек. Ерітінді асептикалық жағдайда сұйылтылып, табиғи күндізгі жарықтан қорғалуы керек. Дайындалған ерітінді мөлдір болып табылады.
100 мл физиологиялық ерітіндімен немесе глюкоза ерітіндісімен сұйылтылған декскетопрофеннің келесі дәрілік заттармен үйлесімді екендігі дәлелденді: допамин, гепарин, гидроксизин, лидокаин, морфин, петидин және теофиллин.
Декскетопрофен ерітіндісі этилвинилацетаттан (ЭВА), пропионат целлюлозасынан (ПЦ), тығыздығы төмен полиэтиленнен (ТТПЭ) және поливинилхлоридтен (ПВХ) жасалған пластикалық контейнерлерде немесе енгізу құрылғыларында сақталған кезде белсенді заттың сорбциясы анықталмады.
Фламадекс® тек бір рет пайдалануға арналған және ерітіндінің кез келген пайдаланылмаған мөлшері төгілуі тиіс. Енгізер алдында ерітіндінің мөлдір және түссіз екеніне көз жеткізу үшін оны көзбен тексеру керек - егер қатты бөлшектер байқалса, оны пайдалануға болмайды.
Кез келген пайдаланылмаған дәрілік препаратты немесе пайдаланылған материалды жергілікті талаптарға сәйкес утилизациялау керек.
Үйлесімсіздігі
Фламадексті® бір шприцте допамин, прометазин, пентазоцин, петидин немесе гидроксизин ерітіндісімен араластыруға болмайды (тұнба түзіледі).
В/і тамшылатып енгізуге арналған Фламадекс® препаратының дайындалған ерітіндісін прометазинмен немесе пентазоцинмен араластыруға болмайды.
Емдеу ұзақтығы
Фламадекс® препаратымен емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Бұл препаратты әрдайым емдеуші дәрігердің ұсынымдарына сәйкес қолданыңыз. Күмән туындаған жағдайда емдеуші дәрігерге хабарласыңыз.
Дәрілік препараттарды стандартты қолдану кезінде көрінетін жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдау керек шаралар
Жиі
- жүрек айнуы, құсу
- инъекция орнындағы ауырсыну, инъекция орнындағы реакция, оның ішінде қабыну, гематома, қан кету
Жиі емес
- анемия
- ұйқысыздық
- бас ауыруы, бас айналу, ұйқышылдық
- көрудің бұлыңғырлануы
- артериялық гипотония, бет пен мойынның қызаруы
- іштің ауыруы, диспепсия, диарея, іш қату, қанаралас құсу, ауыздың құрғауы
- дерматит, қышыну, бөртпе, қатты терлеу
- қызба, шаршау, ауырсыну, қалтырау
Сирек
- көмейдің ісінуі
- гипергликемия, гипогликемия, гипертриглицеридемия, анорексия
- парестезия, естен тану
- құлақтағы шуыл
- экстрасистолия, тахикардия
- артериялық гипертензия, беткейлік веналардың тромбофлебиті
- брадипноэ
- ойық жара ауруы, қан кету немесе ойылуы
- бауыр жасушаларының зақымдануы
- есекжем, акне
- бұлшықеттердің сіресуі, буындардың қарысуы, бұлшықеттің құрысуы, арқаның ауыруы
- жедел бүйрек жеткіліксіздігі, полиурия, бүйректің шаншуы, кетонурия, протеинурия
- етеккір оралымының бұзылуы, қуықасты безі функциясының бұзылуы
- қалтырау, шеткері ісіну
- бауыр функциясы көрсеткіштеріндегі ауытқу
Өте сирек
- нейтропения, тромбоцитопения
- анафилаксиялық реакциялар, оның ішінде анафилаксиялық шок
- бронх түйілуі, ентігу
- панкреатит
- Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз (Лайелл синдромы), ангионевроздық ісіну, беттің ісінуі, фотосезімталдық реакциясы
- нефрит немесе нефроздық синдром
Белгісіз
Коунис синдромы
Тұрақты дәрілік бөртпе
Жекелеген жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Асқазан-ішек ауытқулар: көбінесе асқазан-ішек жолдары тарапынан жағымсыз әсерлер байқалады. Асқазанның ойық жарасы, тесілуі немесе кейде өліммен аяқталуы мүмкін, әсіресе егде жастағы пациенттерде асқазан-ішек қан кетуі орын алуы мүмкін. Препаратты қолдану аясында жүрек айну, құсу, диарея, метеоризм, іш қату, диспепсиялық құбылыстар, іштің ауыруы, мелена, қанаралас құсу, ойық жаралы стоматит, колиттің өршуі және Крон ауруы туралы хабарланды. Гастрит сиректеу кездеседі. Сондай-ақ, ісіну, артериялық гипертензия және жүрек жеткіліксіздігі байқалады.
Басқа ҚҚСП сияқты, келесі жағымсыз әсерлер болуы мүмкін: негізінен жүйелі қызыл жегі немесе дәнекер тінінің аралас аурулары бар пациенттерде пайда болатын асептикалық менингит және қан тарапынан реакциялар (пурпура, аплазиялық және гемолиздік анемия, сирек агранулоцитоз және сүйек кемігі гипоплазиясы).
Буллезді реакциялар, соның ішінде Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермалық некролиз (өте сирек) болуы мүмкін.
Кейбір ҚҚСП әсіресе жоғары дозаларда және ұзақ уақыт бойы қолдану, артериялардың тромбозынан туындаған патологияның (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт) даму қаупінің кейбір артуымен қатар жүруі мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz