Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Дозасы
1000 мг
Саудалық атауы
Флебавен®
Әсер етуші зат
Диосмин, комбинации
Мақсаты
Вена-лимфа жеткіліксіздігін (аяқтағы ауырлық сезімі, ауыру, ісіну және құрысулар) симптоматикалық емдеу
Өндіруші
КРКА-РУС
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - тазартылған микрондалған флавоноидты фракция 1000 мг (90% (900 мг) диосмин және гесперидинге шаққанда 10% (100 мг) басқа флавоноидтар)
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, повидон К-30, натрий крахмалы гликоляты, тальк, магний стеараты
үлбірлі қабығы: қабық қоспасы (құрамы: гипромеллоза, титанның қостотығы (Е171), тальк, пропиленгликоль), темірдің сары тотығы (Е172), темірдің қызыл тотығы (Е172)
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сопақша пішінді, екі беті дөңес, қызғылт сары-қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында сызығы бар таблеткалар.
Ересектерде қолдануға арналған
- вена-лимфа жеткіліксіздігін (аяқтағы ауырлық сезімі, ауыру, ісіну және құрысулар) симптоматикалық емдеу
- геморройдың жедел ұстамаларымен байланысты функционалдық симптомдарда
Фармакодинамикалық әсерлері
Флебавен вена тонусын көтермелейтін және ангиопротекторлы әсер етеді. Венаның созылғыштығын төмендетеді, оның тонусын арттырады және венозды іркілуді азайтады; капиллярлардың өткізгіштігін төмендетеді және олардың резистенттілігін арттырады, микроциркуляцияны жақсартады; лимфалық дренажды жақсартады.
Клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі
Флебавенді жүйелі қолданған кезде аяқ веналарының шығу тегі органикалық және функционалдық созылмалы жеткіліксіздігінің, сондай-ақ геморрой ауруының клиникалық симптомдары айқындылығының төмендегені байқалады.
Дозалау режимі
Созылмалы веналық жеткіліксіздік: ұсынылатын доза тәулігіне 1 таблетканы құрайды, дұрысы таңертең қабылдаған жөн.
Жедел геморрой кезінде ұсынылатын доза - 4 күн бойы тәулігіне 3 таблетка (тәулігіне 3 рет 1 таблеткадан), содан кейін - келесі 3 күн бойы тәулігіне 2 таблеткадан (тәулігіне 2 рет 1 таблеткадан).
Созылмалы геморрой кезінде ұсынылатын доза тәулігіне 1 таблетканы құрайды.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке қабылдауға арналған.
Таблеткаларды судың жеткілікті мөлшерімен ішіп, жұту керек.
Таблеткаларды тамақ ішу кезінде қабылдау керек.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсының ұзақтығы бірнеше айды (12 айға дейін) құрауы мүмкін. Симптомдар қайта пайда болған жағдайда емдеу курсы қайталануы мүмкін.
Емдеу курсының ұзақтығын дәрігер белгілейді.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алғанда қажетті шаралар
Қабылдауды өткізіп алған препараттың орнын толтыру үшін дозаны екі еселеп қабылдауға болмайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Осы дәрілік препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаған кезде дәрігерге немесе фармацевтке жүгіну керек.
• әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• лактация кезеңі
• 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер
Жиі
- диарея, диспепсия, жүрек айнуы, құсу
Жиі емес
- колит
Сирек
- бас айналуы, бас ауыруы, жалпы дімкәстік
- тері бөртпесі, қышыну, есекжем
Белгісіз
- іштің ауыруы
- беттің, еріннің, қабақтың ісінуі жекелеген жағдайларда ангионевроздық ісіну
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімді еместігі туралы мәлімдемелерді қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөнінде деректердің ақпараттық базасына тікелей хабарлау керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: артық дозаланғанда асқазан-ішек жолдары (диарея, жүрек айну, іштің ауыруы) және тері жабындысы (қышыну, бөртпе) тарапынан жағымсыз құбылыстар жиі байқалды.
Емі: симптоматикалық.
Флебавен® препаратын қабылдауды бастамас бұрын дәрігерден кеңес алу ұсынылады.
Геморройдың асқынуы кезінде Флебавен® препаратын қолдану басқа анальді бұзылуларды спецификалық емдеуді алмастырмайды. Емдеу ұзақтығы «Дозалау режимі» бөлімінде көрсетілген мерзімнен аспауы тиіс. Егер симптомдар ұсынылған ем курсынан кейін жоғалмаса, проктологтың тексеруінен өту керек, ол одан әрі емді таңдайды.
Веноздық қан айналымының бұзылуы болған кезде емдеудің ең жоғары әсері емнің салауатты (теңдестірілген) өмір салтымен бірге қамтамасыз етіледі: күн сәулесінің ұзақ әсерінен, ұзақ уақыт аяқта тік тұрудан аулақ болған жөн, сонымен қатар артық салмақты азайту ұсынылады. Жаяу серуендеу және кейбір жағдайларда арнайы шұлық кию қан айналымын жақсартуға көмектеседі.
Егер емдеу барысында Сіздің жағдайыңыз нашарласа немесе жақсару басталмаса, дереу дәрігерге қаралыңыз.
Арнайы ескертулер
Қосымша заттар туралы ақпарат
Флебавен® дозасының құрамында натрий 1 ммоль-ден аз (23 мг), яғни, құрамында натрий жоқ дерлік.
Пропиленгликольді пероральді қабылдағанда алкогольге ұқсас әсерлер тудырады.
Педиатрияда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларда және жасөспірімдерде қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Флебавен® көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Микрондалған тазартылған флавоноидты фракцияны жүкті әйелдерде қолдану туралы деректер шектеулі немесе жоқ.
Сақтық мақсатында Флебавен® жүктілік кезінде қабылдамаған дұрыс.
Белсенді зат немесе оның метаболиттері емшек сүтіне енетіні белгісіз.
Жаңа туылған нәрестелер мен сәбилер үшін қауіпті жоққа шығаруға болмайды.
Бала емізуді тоқтату немесе Флебавенмен емдеуді тоқтату/бастамау туралы шешімді бала үшін емшек емізудің пайдасы мен әйел үшін емнің пайдасы негізінде қабылдаған жөн.
Қазіргі уақытта тіркеуден кейінгі кезеңде клиникалық маңызды дәрілік өзара әрекеттесулер туралы хабарланған жоқ.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада, ылғалдан қорғалған жерде сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.