Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки диспергируемые
Дозасы
1000 мг
Саудалық атауы
Флемоксин Солютаб®
Әсер етуші зат
Амоксициллин
Мақсаты
Жедел бактериялық синусит, жедел ортаңғы отит, жедел стрептококты тонзиллит және фарингит, созылмалы бронхиттің асқынуы, ауруханадан тыс пневмония
Өндіруші
Хаупт Фарма Латина С.р.л.
Ел
Италия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – амоксициллин тригидраты түріндегі амоксициллин
125 мг, 250 мг, 500 мг, 1000 мг
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза және натрий кармеллозасы, микрокристалды целлюлоза, кросповидон, ванилин, мандарин хош иістендіргіші, лимон хош иістендіргіші, сахарин, магний стеараты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сопақша пішінді, бір жағында фирма логотипі мен сандық белгісі (125 мг – «231», 250 мг – «232», 500 мг – «234», 1000 мг – «236») және екінші жағында сызығы бар, ақтан ақшыл сары түске дейінгі таблеткалар.
Флемоксин Солютаб® ересектер мен балаларда келесі инфекцияларды емдеу үшін қолданылады:
- жедел бактериялық синусит, жедел ортаңғы отит, жедел стрептококты тонзиллит және фарингит, созылмалы бронхиттің асқынуы, ауруханадан тыс пневмония
- жедел цистит, жүктілік кезіндегі симптомсыз бактериурия, жедел пиелонефрит
- іш сүзегі және паратиф
- эндокардит профилактикасы
- флегмонаның таралуымен тістің абсцессі
- протезделген буындардың инфекциялары
- Helicobacter pylori эрадикациясы
- Лайм ауруы
Бактерияға қарсы құралдарды дұрыс қолдану жөніндегі ресми нұсқауларды орындау қажет.
Әсер ету механизмі
Амоксициллин бактериялық пептидогликандар биосинтезіне қатысатын бір немесе одан көп ферменттерді (көбінесе пенициллинмен байланысатын ақуыздар, PBP деп аталатын) тежейтін жартылай синтетикалық пенициллин (бета-лактамды антибиотик) болып табылады. Пептидогликандар бактериялардың жасушалық қабырғасының міндетті құрылымдық компоненті болып табылады. Пептидогликан синтезінің тежелуі жасуша қабырғасының әлсіреуіне, ал кейіннен жасушаның ыдырауына және өлуіне алып келеді.
Амоксициллинді резистентті бактериялар шығаратын бета-лактамазалар бұзуы мүмкін. Осылайша, осы ферменттерді шығаратын ағзалар амоксициллиннің белсенділік спектріне кірмейді.
Фармакокинетиканың/фармакодинамиканың өзара байланысы
Ең төменгі тежеуші концентрациядан асатын уақыт (t > ТТК) амоксициллин тиімділігінің ең маңызды анықтаушы факторы болып табылады.
Препаратқа төзімділік механизмдері
Амоксициллинге төзімділіктің ең маңызды механизмдері:
• бета-лактамазалардың бактерияларды әсерсіздендіруі.
• бактерияға қарсы препараттың нысанаға жақындығын азайтатын пенициллинмен байланысатын ақуыздардың (PBP) өзгерулері.
Бактериялық мембрананың дәрілік препаратты өткізбеуі немесе эффлюкстік сорғының болуы бактериялардың, әсіресе грамтеріс бактериялардың дәрілік препаратқа төзімділігіне үлесін қосуы мүмкін.
Шекті мәндер
Амоксицилиннің ТТК шекті мәндерін Антибиотиктерге сезімталдықты анықтау жөніндегі еуропалық комитет (EUCAST) өлшеген, 5.0-редакция.
Микроорганизм — ТТК шекті мәндері (мг/л)
Сезімтал ≤ — Резистентті >
Enterobacteriaceae — 81 — 8
Staphylococcus spp. — Ескертпе2 — Ескертпе2
Enterococcus spp.3 — 4 — 8
A, B, C және G топтарындағы стрептококтар — Ескертпе4 — Ескертпе4
Streptococcus pneumoniae — Ескертпе5 — Ескертпе5
Streptococcus viridans тобы — 0,5 — 2
Haemophilus influenzae — 26 — 26
Moraxella catarrhalis — Ескертпе7 — Ескертпе7
Neisseria meningitidis — 0,125 — 1
Clostridium difficile қоспағанда, грамоң анаэробты микроорганизмдер8 — 4 — 8
Грамтеріс анаэробты микроорганизмдер8 — 0,5 — 2
Helicobacter pylori — 0,1259 — 0,1259
Pasteurella multocida — 1 — 1
Түрмен байланысты емес шекті мәндер10 — 2 — 8
1Жабайы типті энтеробактериялар аминопенициллиндерге сезімтал болып саналады. Кейбір елдерде жабайы типтегі E. coli және P. mirabilis штамдарын аралық сезімталдықтағы микроорганизмдерге жатқызғанды жөн көреді. Мұндай жағдайларда ТТК S ≤ 0,5 мг/л шекті мәні қолданылады. 2Стафилококтардың көпшілігі пенициллиназалар түзеді және амоксициллинге төзімді болады. Сирек жағдайларды қоспағанда, метициллинге төзімді штамдар барлық бета-лактамды антибиотиктерге төзімді болады. 3Амоксициллинге сезімталдықты ампициллиннен алуға болады. 4A, B, C және G топтарындағы стрептококтардың пенициллиндерге сезімталдығын бензилпенициллинге сезімталдықтан алуға болады. 5Шекті мәндер менингит тудырмайтын штамдарға ғана қатысты. Пенициллиндерге аралық сезімталдығы бар деп танылған штамдар жағдайында амоксициллинді ауыз арқылы қабылдамаған дұрыс. Сезімталдық ампициллиннің ТТК негізінде анықталған. 6Шекті мәндер вена ішіне енгізуге негізделген. Бета-лактамазаға қатысты оң штамдар резистентті ретінде тіркеледі. 7Бета-лактамаза шығаратын бактериялар резистентті ретінде тіркеледі. 8Амоксициллинге сезімталдықты бензилпенициллиннен алуға болады. 9Шекті мәндер жабайы типті штамдарды сезімталдығы төмен штамдардан ажырататын эпидемиологиялық шек мәндеріне (ECOFF) негізделген. 10Түрмен байланысты емес шекті мәндер күніне x 0,5 г-нан кем дегенде 3 немесе 4 доза (күніне 1,5 г-нан 2 г-ға дейін) дозалауына негізделген.
Резистенттіліктің таралуы географиялық аймаққа байланысты және уақыт өте жеке түрлерде өзгеріп отыруы мүмкін. Мұндай төзімділік туралы, әсіресе инфекцияның ауыр түрлерін емдеу жағдайында жергілікті деректер болғаны жөн. Резистенттіліктің жергілікті таралуы жоғары болғандығы соншалық, антибиотикті кем дегенде кейбір инфекцияларға қолдануға болатын-болмайтыны туралы күмән туындаған жағдайда, қажет болса, сарапшының кеңесін алу қажет.
Микроорганизмдердің амоксициллинге in-vitro сезімталдығы
Әдетте сезімтал түрлер
Грамтеріс аэробты микроорганизмдер: Enterococcus faecalis Бета-гемолитикалық стрептококтар (A, B, C және G топтары) Listeria monocytogenes
Жүре пайда болған резистенттілік қиындық тудыруы мүмкін түрлер
Грамтеріс аэробты микроорганизмдер: Escherichia coli Haemophilus influenzae Helicobacter pylori Proteus mirabilis Salmonella typhi Salmonella paratyphi Pasteurella multocida
Грамтеріс аэробты микроорганизмдер: Коагулазонегативті стафилококтар Staphylococcus aureus£ Streptococcus pneumoniae Streptococcus viridans тобы
Грамоң анаэробты микроорганизмдер: Clostridium spp.
Грамтеріс анаэробты микроорганизмдер: Fusobacterium spp.
Басқалары: Borrelia burgdorferi
Бастапқы резистенттілігі бар микроорганизмдер †
Грамтеріс аэробты микроорганизмдер: Enterococcus faecium†
Грамтеріс аэробты микроорганизмдер: Acinetobacter spp. Enterobacter spp. Klebsiella spp. Pseudomonas spp.
Грамтеріс анаэробты микроорганизмдер: Bacteroides spp. (Bacteroides fragilis көптеген штамдары резистентті болып табылады).
Басқалары: Chlamydia spp., Mycoplasma spp., Legionella spp.
† Резистенттілік механизмі қалыптаспаса, аралық сезімталдықтан кейін табиғи түрде. £ Пенициллиназаның түзілуіне байланысты S.aureus барлық дерлік штамдары амоксициллинге резистентті. Бұдан бөлек, метициллинге төзімді штамдардың барлығы амоксициллинге төзімді.
Белгілі бір инфекцияны емдеу үшін Флемоксин Солютаб® препаратының дозасын таңдағанда мыналарды ескеру қажет:
- Болжалды инфекция қоздырғыштарын және олардың бактерияға қарсы препараттарға ықтимал сезімталдығын
- Инфекцияның ауырлық дәрежесі мен орналасуын
- Төмендегі ұсынымдарға сәйкес, пациенттің жас мөлшерін, дене салмағын және бүйрек функциясын
Дозалау режимі
Ересектер мен балалар ≥ 40 кг
Қолданылуы* — Дозасы*
Жедел бактериялық синусит — 250-500 мг әрбір 8 сағат сайын немесе 750 мг - 1 г әрбір 12 сағат сайын Ауыр инфекциялар кезінде 750 мг - 1 г әрбір 8 сағат сайын Жедел циститті емдеу үшін 3 г-нан тәулігіне екі рет қабылдауға болады
Жүктілік кезіндегі симптомсыз бактериурия
Жедел пиелонефрит
Флегмонаның таралуымен тістің абсцессі
Жедел цистит
Жедел ортаңғы отит — 500 мг әрбір 8 сағат сайын немесе 750 мг - 1 г әрбір 12 сағат сайын Ауыр инфекциялар кезінде 750 мг - 1 г әрбір 8 сағат сайын 10 күн бойы
Жедел стрептококкты тонзиллит және фарингит
Созылмалы бронхиттің асқынуы
Ауруханадан тыс пневмония — 500 мг - 1 г әрбір 8 сағат сайын
Іш сүзегі және паратиф — 500 мг - 2 г әрбір 8 сағат сайын
Протезделген буындардың инфекциялары — 500 мг - 1 г әрбір 8 сағат сайын
Эндокардит профилактикасы — 2 г пероральді, емшараға дейін 30-60 минут қалғанда бір реттік доза
Helicobacter pylori эрадикациясы — 750 мг - 1 г тәулігіне екі рет протонды помпа тежегішімен (мысалы, омепразолмен) және басқа антибиотикпен (мысалы, кларитромицинмен, метронидазолмен) біріктірімде 7 күн бойы
Лайм ауруы — Ерте сатысында: 500 мг - 1 г әрбір 8 сағат сайын, ең жоғары тәуліктік доза 4 г, бірнеше дозаға бөлінген, 14 күн бойы (10-нан 21 күнге дейін) Кеш сатысында (жүйелі инфекция): 500 мг - 2 г әрбір 8 сағат сайын, ең жоғары тәуліктік доза 6 г, бірнеше дозаға бөлінген, 10-30 күн бойы
*Көрсеткіштердің әрқайсысы үшін ресми клиникалық нұсқаулыққа назар аудару керек
˂ 40 кг балалар
Флемоксин Солютаб® таблеткаларымен балаларды емдеуге рұқсат етілген.
40 кг-ден асқан дене салмағымен балаларға ересектерге ұсынылатын дозаны қабылдау қажет.
<40 кг дене салмағымен балаларға ұсынылатын доза:
Қолданылуы* — Дозасы*
Жедел бактериялық синусит — Тәулігіне 20-90 мг/кг, бірнеше дозаға бөлінген
Жедел ортаңғы отит
Ауруханадан тыс пневмония
Жедел цистит
Жедел пиелонефрит
Флегмонаның таралуымен тістің абсцессі
Жедел стрептококкты тонзиллит және фарингит — Тәулігіне 40-90 мг/кг, бірнеше дозаға бөлінген*
іш сүзегі және паратиф — Тәулігіне 100 мг/кг, үш қабылдауға бөлінген
Эндокардит профилактикасы — 50 мг/кг пероральді, емшараға дейін 30-60 минут қалғанда бір реттік доза
Лайм ауруы — Ерте сатысында: тәулігіне 25-50 мг/кг, үш дозаға бөлінген, 10-21 күн бойы Кеш сатысында (жүйелі инфекция): тәулігіне 100 мг/кг, үш қабылдауға бөлінген, 10-30 күн бойы
+ Көрсеткіштердің әрқайсысы үшін ресми нұсқаулыққа назар аудару керек. *Дозалардың жоғарғы диапазонында дозаны тағайындау жағдайында ғана тәулігіне екі рет қолдану мүмкіндігін қарастыру керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Флемоксин Солютаб® ішке қабылдауға арналған.
Тамақтану Флемоксин Cолютабынің® сіңуіне әсер етпейді.
Емдеуді вена ішіне енгізу үшін дозалау жөніндегі нұсқауларға сәйкес парентералды енгізуден бастап, препаратты ішке қабылдаумен жалғастыруға болады.
Таблетканы стақан суда ерітіңіз, біртекті қоспа алынғанша араластырыңыз. Қоспаны дайындағаннан кейін бірден ішке қабылдау қажет.
Емдеу ұзақтығы
Кейбір инфекциялар ұзағырақ емдеуді қажет етеді.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолданылуы
Шумақтық сүзілу жылдамдығы (мл/мин.) — Ересектер мен балалар ≥ 40 кг — Балалар ˂ 40кг#
30-дан жоғары — Түзету қажеттілігі жоқ — Түзету қажеттілігі жоқ
10-30 — Тәулігіне екі рет ең көбі 500 мг — Тәулігіне екі рет 15 мг/кг (тәулігіне екі рет ең көбі 500 мг)
10-нан аз — Тәулігіне ең көбі 500 мг — Тәулігіне бір рет 15 мг/кг (тәулігіне көп дегенде 500 мг)
# Көп жағдайда парентералды емге басымдық беріледі.
Гемодиализ қабылдайтын пациенттерде қабылдау
Амоксициллин гемодиализ процесінде қаннан шығарылуы мүмкін.
Гемодиализ
Ересектер және ≥ 40 кг балалар — Тәулігіне 15 мг/кг бір рет Гемодиализге дейін 15 мг/кг есебінен бір қосымша дозаны енгізу керек. Гемодиализден кейін дәрілік затты айналым деңгейін қалпына келтіру үшін 15 мг/кг есебінен қосымша дозаны енгізу керек.
Перитонеалды диализді қабылдаған пациенттерде қабылдау
Тәулігіне ең көп дегенде 500 мг амоксициллин.
Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде қолданылуы
Сақтық танытып, бауыр функциясын үнемі бақылап отыру қажет.
Егде жастағы пациенттер
Дозаны түзету қажет болмайды.
Дозасын асырып алған жағдайда қабылдау қажет болатын шаралар
Симптомдары: асқазан-ішек жолының симптомдары (жүрек айнуы, құсу және іш өтуі сияқты) және су-тұз теңгерімінің бұзылуы орын алуы мүмкін. Сонымен қатар, амоксициллинді қабылдаумен байланысты кристаллурия байқалған, ол кейбір жағдайларда бүйрек жеткіліксіздігіне алып келеді. Бүйрек функциясы бұзылған немесе жоғары дозаларды алатын пациенттерде құрысулар болуы мүмкін.
Емі: асқазан-ішек жолының симптомдарын, су-электролит теңгерімін сақтай отырып, симптомдық түрде емдеуге болады.
Амоксициллинді қан ағысынан гемодиализдің көмегімен шығаруға болады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне консультацияға жүгіну бойынша ұсынымдар
Осы дәрілік препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда дәрігерге немесе фармацевтке кеңес алу үшін жүгіну керек.
- әсер етуші затқа, басқа пенициллиндерге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- анамнезінде басқа бета-лактамды антибиотиктерге (мысалы, цефалоспориндерге, карбапенемдерге немесе монобактамдарға) аса жоғары сезімталдықтың жедел түрдегі ауыр реакциясының (мысалы, анафилаксия) болуы.
Инфекциялар және инвазиялар
Өте жиі ( ≥1/10)
- тері-шырыш кандидозы
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар
Өте сирек (<1/10000)
- қайтымды лейкопения (ауыр нейтропения мен агранулоцитозды қоса)
- қайтымды тромбоцитопения және гемолиздік анемия
- қан кету уақыты мен қан ұю уақытының ұлғаюы
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
Өте сирек (<1/10000)
- ангионевроздық ісіну, анафилаксия, сарысу құю ауруы және аллергиялық васкулит сияқты ауыр аллергиялық реакциялар
Жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде анықтау мүмкін емес)
- Яриш-Герксгеймер реакциясы
Орталық жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
Өте сирек (<1/10000)
- гиперкинезия, бас айналуы және құрысулар
Жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде анықтау мүмкін емес)
- мидың және жұлын қабығының қабынуы (асептикалық менингит)
Жүрек тарапынан бұзылулар
Жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде анықтау мүмкін емес)
- аллергиядан туындаған миокард инфарктісінің болуы мүмкін симптомы ретіндегі аллергиялық реакциялармен байланысты кеуде ауыруы (Коунис синдромы)
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар (клиникалық зерттеулер деректері бойынша)
*Жиі (≥ 1/100, <1/10)
- диарея және жүрек айнуы
*Жиі емес (≥1/1 000 - <1/100)
- құсу
Өте сирек (<1/10000)
- антибиотикпен байланысты колит (жалған жарғақшалы және геморрагиялық колитті қоса)
- тілдің қара түкті болуы
- # тіс түсінің табиғи емес өзгеруі
Жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде анықтау мүмкін емес)
- дәрі-дәрмектік энтероколит синдромы (ДДЭС): ДДЭС туындауы көбіне амоксициллин қабылдаған балаларда анықталды. Бұл аллергиялық реакция, негізгі симптомы қайталанатын құсу болып табылады (препаратты қабылдағаннан кейін 1-4 сағаттан соң). Қосымша симптомдары іштің ауыруы, мәңгіру, диарея және атериялық қысымның төмендеуі болуы мүмкін
Бауыр мен өт қабы тарапынан бұзылулар
Өте сирек (<1/10000)
- гепатит және холестаздық сарғаю
- АСТ және/немесе АЛТ деңгейлерінің орташа жоғарылауы
Тері мен тері асты тіндері тарапынан бұзылулар
*Жиі (≥ 1/100, <1/10)
- тері бөртпесі
* Жиі емес (≥1/1 000 - <1/100)
- есекжем және қышыну
Жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде анықтау мүмкін емес)
- жарыққа сезімталдық реакциясы
Аса жоғары сезімталдық реакциялары
- ортасында қыртысы бар шеңбер бойымен орналасқан күлдіреуіктер түріндегі немесе інжу жібі тәрізді (IgA -тәуелді сызықтық дерматоз) бөртпе
Өте сирек (<1/10000)
- экссудативті эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермис некрозы, буллездік және эксфолиативтік дерматит, жайылған жедел экзантематозды пустулез (ЖЖЭП), эозинофилиясы және жүйелік көріністері бар дәрілік бөртпе (DRESS) сияқты тері реакциялары
Бүйрек пен несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар
Өте сирек (<1/10000)
- интерстициялық нефрит
Жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде анықтау мүмкін емес)
- несепте кристаллдар болуы, бұл бүйректің жедел зақымдануын тудырады
* Осы жағымсыз әсерлердің туындау жиілігі жалпы алғанда амоксициллин қабылдаған барлығы 6000 ересек және педиатриялық пациенттерді клиникалық зерттеу кезінде алынған.
# Балаларда тіс түсінің табиғи емес өзгеруі сипатталған. Ауыз қуысының гигиенасын сақтау тістердің түсінің өзгеруіне жол бермеуі мүмкін, өйткені бұл әдетте тіс тазалау кезінде жойылады.
Күдікті жағымсыз реакциялар туралы хабарлау
Дәрілік затты тіркегеннен кейін күдікті жағымсыз реакциялар туралы хабарлаудың маңызы зор. Бұл дәрілік заттың «пайда-қауіп» арақатынасын үздіксіз бақылауға мүмкіндік береді. Медицина қызметкерлеріне кез келген күдікті жағымсыз реакциялар туралы ұлттық хабарлау жүйесі арқылы хабарлап отыру ұсынылады.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Аса жоғары сезімталдық реакциялары
Амоксициллинмен емдеуді тағайындамас бұрын пациентте бұған дейін пенициллиндерге, цефалоспориндерге немесе басқа бета-лактамды антибиотиктерге аса жоғары сезімталдық реакцияларының болған-болмағанын егжей-тегжейлі анықтап алған жөн.
Пенициллинмен ем қабылдаған пациенттерде ауыр және кейде өліммен аяқталған аса жоғары сезімталдық реакциялары (анафилаксиялық реакциялар мен теріге зақым келтіретін ауыр жағымсыз құбылыстарды қоса алғанда) болғандығы сипатталған. Бұл реакциялардың даму ықтималдығы анамнезінде пенициллинге аса жоғары сезімталдық реакциялары болған адамдарда, сондай-ақ атопиясы бар адамдарда жоғары болады. Аллергиялық реакция туындаған жағдайда, амоксициллинмен емдеуді тоқтатып, қолдануға келетін баламалы емді бастау қажет.
Аса жоғары сезімталдықпен байланысты жіті коронарлық синдром (Коунис синдромы)Сирек жағдайларда амоксициллинмен емдеу кезінде аса жоғары сезімталдық реакциялары туралы хабарланған (аса жоғары сезімталдықпен байланысты жіті коронарлық синдром). Мұндай жағдайларда тиісті емді тағайындау қажет.
Сезімтал емес микроорганизмдер
Патогенді бактерияның сезімталдығы құжат түрінде расталған немесе патогеннің амоксициллинмен емдеуге сезімталдық ықтималдығы жоғары болатын жағдайлардан басқасында, амоксициллин кейбір инфекцияларды емдеу үшін қолдануға келмейді. Бұл, ең алдымен, зәр шығару жолдарының инфекцияларына және құлақтың, тамақтың, мұрынның ауыр инфекцияларына күдігі бар пациенттерге қатысты.
Құрысулар
Бүйрек функциясы төмендеген пациенттерде, жоғары дозаларды қабылдайтын немесе бейімділік факторлары бар (мысалы, анамнезінде эпилепсиялық талмалары, бақыланатын эпилепсиясы немесе менингеалдық аурулары бар) пациенттерде құрысулар болуы мүмкін.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек функциясы төмендеген пациенттерде препараттың дозасын бүйрек жеткіліксіздігінің ауырлық дәрежесіне байланысты түзетеді.
Тері реакциялары
Емдеудің басында қалтыраумен және іріңді бөртпелермен қатар жүретін жайылған эритеманың пайда болуы жайылған жіті экзантематозды пустулездің (ЖЖЭП) симптомы болуы мүмкін. Мұндай жағдайда Флемоксин Солютаб® қабылдау тоқтатылып, препаратты одан әрі қабылдауға тыйым салынады.
Инфекциялық мононуклеозға күдік болған жағдайда, амоксициллинді қолданудан аулақ болған жөн, өйткені бұл ауру кезінде амоксициллинді қолдану қызылша тәрізді бөртпенің пайда болуымен байланыстырылады.
Яриш-Герксгеймер реакциясы
Яриш-Герксгеймер реакциясы Лайм ауруын амоксициллинмен емдеуден кейін байқалған. Ол толығымен амоксициллиннің Лайм ауруын тудыратын бактерияға, Borrelia burgdorferi спирохетасына бактерицидтік әсерімен байланысты. Пациенттерге бұл реакцияның Лайм ауруын антибиотиктермен емдеу кезінде кең таралған әсер болып табылатындығын және әдетте емделусіз жазылатындығын түсіндіру қажет.
Сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс көбеюі
Препаратты ұзақ уақыт қолдану кейбір жағдайларда сезімтал емес микроорганизмдердің шамадан тыс көбеюіне алып келуі мүмкін.
Антибиотикпен байланысты колит барлық дерлік бактерияға қарсы препараттарды қолдану кезінде байқалады. Ауырлық дәрежесі жеңілден өмірге қауіп төндіретін дәрежеге дейін түрленуі мүмкін. Осылайша, кез келген антибиотиктермен емделу кезінде немесе ол аяқталғаннан кейін көп ұзамай диарея белгілері бар пациенттерде бұл күйдің болу мүмкіндігін қарастыру маңызды. Антибиотикпен байланысты колит болған жағдайда, амоксициллинмен емдеуді тоқтатып, дәрігерге жүгіну және қолдануға келетін емді бастау қажет. Бұл жағдайда перистальтикаға қарсы препараттарды қолдануға болмайды.
Ұзақ уақыттық емдеу
Ұзақ уақыттық емдеу кезінде мүшелер мен жүйелердің функцияларын, соның ішінде бүйрек, бауыр және қан түзу функцияларын мерзімді түрде бағалап отыру ұсынылады. Бауыр ферменттері құрамының жоғарылауы және қан талдауының өзгерулері сипатталған.
Антикоагулянттар
Амоксициллин қабылдаған пациенттерде қанның ұю уақыты ұзарған сирек жағдайлар болған. Антикоагулянттармен бір мезгілде тағайындалғанда, тиісті бақылау жүргізу қажет. Антикоагулянттар тиімділігінің қажетті деңгейін ұстап тұру үшін пероральді антикоагулянттардың дозаларын түзету қажет болуы мүмкін.
Кристаллурия
Кристаллурия жағдайлары өте сирек және несеп шығаруы төмендеген пациенттерде, негізінен парентералды енгізу кезінде байқалған. Амоксициллинді қолданудан болатын кристаллурияның ықтималдығын азайту үшін амоксициллиннің жоғары дозаларын қабылдау кезінде жеткілікті мөлшерде сұйықтық ішіп, несеп бөлуді барабар деңгейде ұстау ұсынылады. Қуығына катетер қойылған пациенттерде катетердің бітеліп қалмауы үнемі тексеріліп отыруы тиіс.
Диагностикалық зерттеулердің нәтижелеріне әсері
Амоксициллиннің сарысу мен несептегі концентрациясының жоғары мәндері кейбір зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне әсер етуі мүмкін. Амоксициллиннің несептегі жоғары концентрациясына байланысты химиялық зерттеулердің нәтижелері көбінесе жалған оң болады.
Амоксициллинмен емдеу кезінде несептегі глюкозаны анықтау үшін глюкоза-оксидаза негізіндегі ферменттік әдістерді қолдану ұсынылады.
Амоксициллиннің болуы жүкті әйелдерде эстриолды зерттеу нәтижелеріне әсер етуі мүмкін.
Арнайы ескертулер
Жүктілік немесе емізу кезінде
Жануарларға жүргізілген зерттеулерде ұрпақ өрбітуге уыттылығы тұрғысынан тікелей немесе жанама жағымсыз әсерлері анықталған жоқ. Адамдарда жүктілік кезінде амоксициллинді қолдану туралы шектеулі деректерге сәйкес, туа біткен даму ақауларының жоғары қаупі анықталған жоқ. Препараттың ықтимал пайдалы әсері оны қабылдағаннан болуы мүмкін қауіптен асып түсетін болса, амоксициллинді жүктілік кезінде қолдануға болады.
Амоксициллин емшек сүтіне аз мөлшерде шығарылады, бұл ықтимал сенсибилизация қаупін тудырады. Нәтижесінде емшек еметін сәбилерде диарея немесе шырышты қабықтың зеңдік инфекциясы пайда болуы және сол себепті емізуді тоқтату қажет болуы мүмкін. Бала емізу кезінде амоксициллинді емдеуші дәрігер «пайда-қауіп» арақатынасын бағалағаннан кейін ғана қолдануға болады.
Репродуктивті функция
Амоксициллиннің адамның ұрықтылығына әсері туралы деректер жоқ. Жануарларға жүргізілген ұрпақ өрбіту функциясын зерттеулер ұрықтылыққа жағымсыз әсерлерді көрсеткен жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың автокөлікті жүргізу және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсерін зерттеулер жүргізілген жоқ. Алайда көлікті жүргізу және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етуі мүмкін жағымсыз әсерлер (мысалы, аллергиялық реакциялар, бас айналуы, құрысулар) болуы мүмкін.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Пробенецид
Пробенецидті бір мезгілде қолдануға кеңес берілмейді. Пробенецид бүйрек түтікшелерінен амоксициллиннің бөлінуін төмендетеді. Пробенецидті бір мезгілде қолдану амоксициллиннің қандағы концентрациясының ұзақ уақытқа артуына алып келуі мүмкін.
Аллопуринол
Аллопуринолды амоксициллинмен бірге бір мезгілде қолданғанда, терінің аллергиялық реакцияларының туындау ықтималдығы артуы мүмкін.
Тетрациклиндер
Тетрациклиндер мен басқа да бактериостатикалық антибиотиктер амоксициллиннің бактерицидтік әсеріне әсер етуі мүмкін.
Пероральді антикоагулянттар
Клиникалық тәжірибеде пероральді антикоагулянттар мен пенициллин тобындағы антибиотиктерді кеңінен қолдану кезінде бұл дәрілік препараттар өзара әрекеттеспейді. Алайда әдебиетте аценокумарол немесе варфарин қабылдайтын пациенттерге амоксициллин курсын тағайындаған кезде халықаралық нормаланған қатынастың жоғарылау жағдайлары сипатталған. Препараттарды бір мезгілде қолдану қажет болған жағдайда, амоксициллинді қосу немесе қабылдауды тоқтату кезінде халықаралық нормаланған қатынас көрсеткіштерін мұқият қадағалау қажет. Оның үстіне, пероральді антикоагулянттардың дозаларын түзету қажет болуы мүмкін.
Метотрексат
Пенициллиндер метотрексаттың шығарылуын төмендетіп, бұл метотрексаттың уыттылығын арттыруы мүмкін.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.