Др. Герхард Манн Химико-фармацевтическое предприятие ГмбХ
Ел
Германия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір мл препараттың құрамында:
белсенді зат – 3.0 мг офлоксацин
қосымша заттар: бензалконий хлориді, натрий хлориді, 1 М хлорсутек қышқылы, 1 М натрий гидроксиді ерітіндісі, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір, түссіз дерлік ерітінді
Фармакодинамикасы
Офлоксацин бактерицидтік әсері бар фторхинолон болып табылады. Негізгі әсер ету механизмі – ДНҚ-гиразаның бактериялық ферментінің спецификалық тежелуі. ДНҚ-гираза ферменті ДНҚ репликацияларына, транскрипцияларына, репарацияларына және рекомбинацияларына қатысады. ДНҚ-гираза ферментінің тежелуі бактериялық ДНҚ-ның созылуына және дестабилизациясына әкеледі және бактериялық жасушалардың жойылуын туындатады.
Мыналарға қатысты белсенді: Bacillus spp., Staphylococcus aureus (метициллинрезистентті), Acinetobacter calcoaceticus вар. anitratum, Acinetobacter Iwoffii, Haemophilus influenzae, Haemophilus parainfluenzae, Klebsiella oxytoca, Klebsiella Sp, Moraxella catarrhalis, Proteus mirabilis, Serratia marcescens, Chlamydia trachomatis.
Офлоксацинге орташа сезімтал: Corynebacterium spp., Streptococcus pneumoniae, Staphylococcus epidermidis, Pseudomonas aeruginosa, Stenotrophomonas maltophilia.
Препаратқа сезімтал емес: Enteroccocus spp.
Дозалау режимі
Ересектерге және 8 жастан асқан балаларға препаратты конъюнтивальді қалтаға күніне 4 рет 1 тамшыдан тамызады.
Енгізу әдісі және жолы
Конъюнктивальді қалтаға тамызуға арналған.
Қолдану жиілігі
Күніне 4 рет.
Емдеу ұзақтығы
10 күнге дейін.
- офлоксацинге және препараттың қосымша компоненттеріне немесе кез келген басқа хинолондарға жоғары сезімталдық;
- бактериялық емес созылмалы конъюнктивит;
- жүктілік, лактация кезеңі;
- 8 жасқа дейінгі балаларға
Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден <1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан <1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000-нан <1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолдағы мәліметтердің негізінде бағалау мүмкін емес)
Офлоксацинді жүйелі қолданғаннан кейінгі ауыр реакциялар сирек кездеседі және симптомдардың көпшілігі қайтымды. Офлоксациннің аздаған мөлшері жергілікті қолданудан кейін жүйелі түрде сіңірілетіндіктен, жүйелі қолдану кезінде хабарланған жағымсыз әсерлердің пайда болуы мүмкін.
Өте жиі
- жергілікті аса жоғары сезімталдық реакциялары
Жиі
- көздің тітіркенуі
- көздегі жайсыздықты және аздап ашуын сезіну
- суперинфекциялардың дамуы
- мөлдір қабық инфильтрациясы
Жиі емес
- уақытша шаншу
- тамызғаннан кейін аздаған ауыру
- жарыққа сезімталдық
Сирек
- мөлдір қабықтағы шөгінділер (әсіресе мөлдір қабықтың зақымдануы бұрыннан бар болған жағдайда)
Белгісіз
- аса жоғары сезімталдық реакциясы, соның ішінде көздің аллергиялық белгілері немесе симптомдары (мысалы, көздің қышуы және қабақтың қышуы) және анафилаксиялық реакциялар (ангионевроздық ісіну, ентігу, анафилаксиялық шок, ауыз жұтқыншақтың ісінуі, беттің ісінуі және тілдің ісінуі)
- бас айналу
- кератит, конъюнктивит, көздің қарығуы, көзден жас ағу, көру жітілігінің нашарлауы, көзде бөгде заттың сезілуі, көздің құрғауы, көз гиперемиясы, периорбитальді ісіну
- қарыншалық аритмия (әсіресе QT аралығының ұзаруы үшін қауіп факторлары бар пациенттерде)
- жүрек айнуы
- Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз
- сіңірлердің үзілуі
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Артық дозалану жағдайында симптоматикалық ем жүргізілуі тиіс. QT аралығының ұзаруы мүмкін болғандықтан, ЭКГ мониторингті жүзеге асыру керек.
Арнайы сақтандырулар
Препаратты тек жергілікті қолдану керек, субконъюнктивальді түрде немесе көздің алдыңғы камерасына қолдануға болмайды.
Аса жоғары сезімталдықтың (анафилаксиялық / анафилактоидты) елеулі және кейде өлімге әкелетін реакциялары туралы хабарланды, олардың кейбіреулері офлоксацинді қоса, жүйелік хинолондарды қабылдайтын пациенттерде бірінші дозадан кейін пайда болды. Кейбір реакциялар жүрек-қан тамырларының бұзылуымен, сананың естен танумен, ангионевроздық ісінумен (көмекейдің, жұтқыншақтың немесе беттің ісінуін қоса), тыныс алу жолдарының обструкциясымен, ентігумен, есекжеммен және қышынумен қатар жүрді. Жергілікті офтальмологиялық дәрі қабылдаған пациентте Стивенс-Джонсон синдромының сирек көрінісі туралы хабарланды. Аса жоғары сезімталдықтың елеулі реакциялары дамыған кезде препаратты қолдануды тоқтатып, шұғыл емді бастау қажет.
Флоксалды басқа хинолонды бактерияға қарсы дәрілерге сезімталдығы бар пациенттерде сақтықпен пайдалану керек.
Жүрек бұзылыстары
QT аралығын ұзарту қаупінің белгілі факторлары бар пациенттерде фторхинолондарды пайдалану кезінде сақ болу керек, мысалы:
- ұзарған QT аралығының туа біткен синдромы
- QT аралығын ұзартатын препараттарды бір мезгілде қабылдау (мысалы, IA және III класты аритмияға қарсы дәрілер, трициклді антидепрессанттар, макролидтер, нейролептиктер)
- электролиттердің түзетілмеген теңгерімсіздігі (мысалы, гипокалиемия, гипомагниемия)
- жүрек аурулары (мысалы, жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфаркты, брадикардия)
Егде жастағы пациенттер мен әйелдер QT аралығын ұзартатын препараттарға аса сезімтал болуы мүмкін. Осылайша, халықтың осы топтарында фторхинолондарды қолданған кезде сақ болу керек.
Препараттың құрамында бензалконий хлориді бар болғандықтан, ириттер болуы мүмкін. Жұмсақ жанаспалы линзаларды кию ұсынылмайды. Бензалконий хлориді жұмсақ жанаспалы линзаларды түссіздендіреді.
Қатты линзаларды пайдаланғанда препаратты қолданар алдында линзаларды шешіп алып, препаратты тамызғаннан кейін кем дегенде 15 минут күту қажет.
Мөлдір қабықтың эпителиясында ақаулары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек, себебі мөлдір қабық тесілуінің даму қаупі бар (әсіресе қабынуға қарсы стероидты және стероидты емес дәрілермен бір мезгілде қолданғанда).
Микробтарға қарсы қолданылатын барлық дәрілер сияқты, Флоксалды ұзақ қолдану резистентті микроорганизмдердің, соның ішінде зеңдердің өсуіне әкелуі мүмкін. Егер инфекциялық көріністер нашарлай бастаса немесе белгілі бір кезең өткеннен кейін клиникалық жақсаруы байқалмаса, препаратты пайдалануды тоқтатып, баламалы ем тағайындау қажет.
Хинолондарды қолданған кезде тендинит байқалады, ол сіңірлердің үзілуіне әкелуі мүмкін. Егде жастағы пациенттер тендиниттің дамуына көбірек бейім. Фторхинолондарды қабылдап жүрген пациенттерде сіңірлердің үзілу қаупі глюкокортикостероидтарды бір мезгілде қолданғанда жоғарылауы мүмкін.
Офлоксацинді пайдалану кезінде ықтимал жарыққа сезімталдыққа байланысты күн сәулесінің немесе УК-сәулеленудің әсерінен аулақ болу керек.
Балаларда қолдану
Құрамында бензалконий хлориді болғандықтан, 8 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды.
Жүктілік
Жүктілік кезінде офлоксацинді пайдалану туралы жеткілікті деректер жоқ. Жануарлардың төлдерінде фторхинолондарды жүйелік енгізу артропатияны туындатты, осыған байланысты жүкті әйелдерге офлоксацинді пайдалану ұсынылмайды.
Лактация
Офлоксациннің және жүйелік түрде қабылданатын басқа да хинолондардың емшек сүтіне ену, және емшек еміп жүрген бала үшін потенциалды қаупі бар болғандықтан, препаратты ананың қолдануы қажет екендігін назарға ала отырып, емшек емізуді уақытша тоқтатуға немесе препаратты енгізуге қарамай-ақ шешім қабылдануы тиіс.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көзге тамызатын дәрілерді қолданудан кейін көру жітілігі уақытша нашарлайды, мұны автомобиль жүргізгенде және механизмдермен жұмыс жасағанда ескеру қажет.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Флоксалды құрамында мырыш/ алюминий/магний бар препараттармен бір мезгілде қолданғанда офлоксациннің сіңуі төмендейді.
Препаратты көзге тамызатын басқа дәрілермен/жақпамайлармен бірге пайдаланғанда, оларды 15 минут аралықпен қолдану керек.
Жақпамайды соңғы кезекте қолданады.
Флоксалды, басқа да фторхинолондар сияқты, QT аралығын ұзартуға қабілетті препараттарды (мысалы, аритмияға қарсы IA және III класының препараттары, трициклдік антидепрессанттар, макролидтер, нейролептиктер) қабылдап жүрген пациенттерде сақтықпен пайдалану керек.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Құтыны ашқаннан кейінгі сақтау мерзімі 6 апта.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.