Клиникалық сынақтарда едәуір жиі хабарланған жағымсыз реакциялар окулярлық жайсыздық, дисгевзия және мөлдір қабықтың қыртыстануы болды, бұлар тиісінше шамамен 6%, 3% және 3% пациенттерде кездесті.
Жиі
- мөлдір қабықтың қыртыстануы, окулярлық жайсыздық, конъюнктиваның гиперемиясы
- дисгевзия
Жиі емес
- бас ауыру
- кератопатия, нүктелі кератит, мөлдір қабық инфильтраттары, жарықтан қорқу, көру жітілігінің төмендеуі, қабақтың ісінуі, көрудің бұлыңғырлануы, көздің ауыруы, көздің құрғауы, көздің ісінуі, көздің қышынуы, жастың көп ағуы, көзден бөліністер, қабақтың шетінде қабықтар түзілуі, қабақтың қабыршақтануы, конъюнктивалық ісіну, қабақ эритемасы
- жүрек айну
Сирек
- аса жоғары сезімталдық
- бас айналу
- окулярлық уыттылық, кератит, конъюнктивит, мөлдір қабық эпителийінің ақауы, диплопия, көз гипестезиясы, астенопия, көздің тітіркенуі, көздің қабынуы, теріскен
- құлақтың ауыруы
- параназальді синустің гиперсекрециясы, ринит
- диарея, іштің ауыруы
- дерматит
Белгісіз
- сіңірдің зақымдануы
Жекелеген жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Фторхинолондарды жергілікті қолданғанда жайылған бөртпе, уытты эпидермолиз, эксфолиативті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы және есекжем өте сирек кездеседі.
Хинолондармен жүйелі ем қабылдап жүрген пациенттерде күрделі және кейде өліммен аяқталатын аса жоғары сезімталдық реакциялары (анафилаксиялық реакциялар) байқалатыны хабарланған, кейбіреулері бірінші дозаны қабылдағаннан кейін. Кейбір реакциялар жүрек-қантамыр коллапсымен, естен танумен, шаншумен, тамақтың немесе беттің ісінуімен, ентігумен, есекжеммен және қышынумен қатар жүрген.
Жүйелі фторхинолондарды қабылдап жүрген пациенттерде иықтың, білезіктің, ахилл сіңірлерінің немесе басқа сіңірлердің үзілулері туралы хабарланды, бұл хирургиялық қалпына келтіру қажеттілігіне немесе ұзаққа созылған әрекетке қабілетсіздікке әкелді. Зерттеулер және жүйелі фторхинолондарды қолданудың маркетингтен кейінгі тәжірибесі мұндай үзілулердің пайда болу қаупі кортикостероидтарды қабылдайтын пациенттерде, әсіресе егде жастағы пациенттерде, және жоғары жүктемеге бейім, атап айтқанда ахилл сіңіріне жоғарылауы мүмкін екенін көрсетеді. Бүгінгі таңда клиникалық және маркетингтен кейінгі деректер ципрофлоксациннің көзге тамызатын дәрісі мен қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіндер тарапынан жағымсыз реакциялардың арасындағы айқын байланысты көрсеткен жоқ.
Жекелеген жағдайларда ципрофлоксациннің көзге тамызатын дәрісін қолданған кезде көрудің бұлыңғырлануы, көз жітілігінің төмендеуі және преципитаттың пайда болуы байқалды.
Жүйелік хинолондарды қабылдаған пациенттерде жарыққа сезімталдықтың орташадан ауыр дәрежеге дейінгі реакциялар байқалды. Алайда ципрофлоксацинге жарыққа сезімталдық реакциялары жиі болып табылмайды.
Педиатриялық қауым
Туғаннан бастап 12 жасқа дейінгі балаларда күрделі жағымсыз реакциялар байқалған жоқ.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz