Келесі дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді:
Цизаприд: «пируэт» типті қарыншалық тахикардияны қоса, жүрек тарапынан жағымсыз реакциялар болуы мүмкін. Флуконазолды күніне 1 рет 200 мг дозада және цизапридті күніне 4 рет 20 мг дозада бір мезгілде қолдану қан плазмасында цизаприд деңгейінің едәуір жоғарылауына және QTc аралығының ұзаруына әкелді.
Терфенадин: QTc аралығының ұзаруы салдарынан күрделі жүрек аритмияларының туындауына байланысты, терфенадинмен емдеу кезінде күніне 400 мг немесе одан жоғары дозаларда флуконазолды бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді. Флуконазолды күніне 400 мг-ден төмен дозаларда терфенадинмен бір мезгілде қабылдау мұқият қадағалаумен жүргізілуі тиіс.
Астемизол: флуконазолды астемизолмен бір мезгілде қолдану астемизол клиренсін төмендетуі мүмкін. Соның нәтижесінде туындайтын плазмадағы астемизолдың жоғары концентрациялары QT аралығының ұзаруына, ал сирек жағдайларда – «пируэт» типті қарыншалық тахикардияның пайда болуына әкелуі мүмкін.
Пимозид: флуконазолды пимозидпен бір мезгілде қолдану пимозид метаболизмінің тежелуіне әкелуі мүмкін. Қан плазмасында пимозид концентрациясының жоғарылауы QT аралығының ұзаруына және сирек жағдайларда – «пируэт» типті қарыншалық тахикардияның туындауына әкелуі мүмкін.
Хинидин: бір мезгілде қолдану хинидин метаболизмінің бәсеңдеуіне әкелуі мүмкін. Хинидинді қолдану QT аралығының ұзаруымен және сирек жағдайларда – «пируэт» типті қарыншалық тахикардияның туындауымен қатар жүрді.
Эритромицин: флуконазол мен эритромицинді бір мезгілде қолданудың кардиоуыттылық қаупін (QT аралығының ұзаруы, «пируэт» типті қарыншалық тахикардия) және онымен байланысты өлімге ұшырауды арттыру ықтималдығы зор.
Келесі дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды:
Галофантрин: флуконазол CYP3A4 тежеу әсеріне орай қан плазмасында галофантрин концентрациясын арттыруы мүмкін. Флуконазол мен галофантринді бір мезгілде қолданудың кардиоуыттылық қаупін (QT аралығының ұзаруы, «пируэт» типті қарыншалық тахикардия) және онымен байланысты өлімге ұшырауды арттыру қабілеті зор.
Сақтықпен қолдану қажет болатын дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану:
Амиодарон: флуконазолды амиодаронмен бір мезгілде қолдану QT аралығын ұзартуы мүмкін. Флуконазол мен амиодаронды бір мезгілде қолдану қажет болса, әсіресе, флуконазолдың жоғары (800 мг) дозаларын қабылдағанда сақтық таныту керек.
Келесі дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану сақтық шараларын қадағалауды және дозаларын түзетуді талап етеді:
Басқа дәрілік заттардың флуконазолға әсері
Рифампицин: рифампицинді бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерге флуконазол дозасын арттыру мүмкіндігін қарастыру керек.
Өзара әрекеттесу зерттеулері флуконазолды тамақпен, циметидинмен, антацидтермен пероральді қолданғанда немесе сүйек кемігін трансплантациялау кезінде денені жалпы сәулелендіруден соң флуконазол сіңірілуінің клиникалық мәнді бұзылуы байқалмайтынын көрсетті.
Гидрохлоротиазид: диуретиктерді бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде флуконазолды дозалау режимін өзгерту қажет емес.
Флуконазолдың басқа дәрілік заттарға әсері
Флуконазол P450 (CYP) цитохромы 2C9 және 3A4 изоферменттерінің орташа тежегіші болып табылады. Флуконазол сонымен қатар CYP2C19 изоферментінің күшті тежегіші болып табылады. Төменде көрсетілген бақыланған/құжатталған өзара әрекеттесулерге қосымша, флуконазолмен бір мезгілде қолданылатын CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 арқылы метаболизденетін басқа заттардың қан плазмасындағы концентрацияларының жоғарылау қаупі бар. Сол себепті, осындай біріктірілімдерді қолдану кезінде сақтық шарасын қадағалау керек және пациенттердің жай-күйін мұқият бақылап отыру керек. Флуконазолдың жартылай шығарылу кезеңінің ұзаққа созылуы себепті оның ферменттерді тежеу әсері емді тоқтатудан кейін 4-5 күн бойы сақталады.
Аброцитиниб: флуконазол (CYP2C19, 2C9, 3A4 тежегіші) аброцитинибтің белсенді бөлігінің экспозициясын 155% - ға арттырды. Флуконазолмен бірге қолданған кезде аброцитиниб дозасын аброцитинибті медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта қамтылған ақпаратқа сәйкес түзету керек.
Алфентанил: флуконазол (400 мг) алфентанилді вена ішіне енгізумен (20 мкг/кг) бір мезгілде қолданылғанда дені сау еріктілерде, СҮР3А4 тежеу ықтималдығына орай, алфентанил AUC10 2 есе жоғарылауы байқалды. Алфентанил дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Амитриптилин, нортриптилин: флуконазол амитриптилин мен нортриптилин әсерін күшейтеді. Біріктірілген емнің басында және 1 апта өткенде 5-нортриптилин және/немесе S-амитриптилин концентрациясын өлшеу ұсынылады. Қажет болған жағдайда амитриптилин/нортриптилин дозасын түзету керек.
Амфотерицин В: флуконазол мен В амфотерицинін иммунитеті қалыпты және төмен, инфекция жұқтырған тышқандарға бір мезгілде енгізгенде С. albicans жүйелі инфекциясы кезіндегі аздаған зеңге қарсы аддитивті әсер, Cryptococcus neoformans бассүйекішілік инфекциясы кезінде өзара әрекеттесудің болмауы және Aspergillus fumigatus жүйелі инфекциясы кезінде екі препараттың антагонизмі анықталды. Осы зерттеулер барысында алынған нәтижелердің клиникалық маңызы белгісіз.
Антикоагулянттар: тіркеуден кейінгі қолдану кезінде, басқа зеңге қарсы азол дәрілерімен болған жағдайдағы сияқты, флуконазолды варфаринмен бір мезгілде қабылдаған пациенттерде протромбин уақытының ұзаруымен қатар жүретін геморрагиялық құбылыстар (көгеру, мұрыннан қан кету, асқазан-ішектен қан кету, гематурия және мелена) байқалды. Флуконазол мен варфаринді бір мезгілде қолданғанда протромбин уақытының, CYP2C9 арқылы варфарин метаболизмінің тежелуі салдарынан, ықтималды түрде, 2 еселік мәнге дейін ұзаруы байқалды. Кумарин типті антикоагулянттарды немесе индандион антикоагулянттарын флуконазолмен бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерде протромбин уақытына мұқият мониторинг өткізу қажет. Антикоагулянт дозасын түзету қажет болуы мүмкін
Қысқа әсер ететін бензодиазепиндер (мысалы, мидазолам, триазолам): мидазоламды пероральді қолданудан кейін флуконазол тағайындау мидазолам концентрациясының едәуір артуына және психомоторлық әсерлерінің күшеюіне әкелді. Триазоламды флуконазолмен бір мезгілде қолданғанда триазолам әсерінің күшеюі және ұзаққа созылуы байқалды. Егер флуконазолмен емделіп жүрген пациенттерге бензодиазепиндерді бір мезгілде қолдану қажет болса, бензодиазепиндер дозасын азайту мүмкіндігін қарастыру және пациенттердің жай-күйіне тиісті мониторинг өткізу керек.
Карбамазепин: флуконазол карбамазепин метаболизмін бәсеңдетеді және қан сарысуында карбамазепин деңгейінің 30% артуына алып келеді. Карбамазепин тарапынан уыттылық көріністерінің даму қаупі бар. Карбамазепин дозасын препараттың концентрация деңгейіне және оның әсеріне қарай түзету қажет болуы мүмкін.
Кальций өзекшелерінің блокаторлары: кейбір кальций өзекшелерінің антагонистері (нифедипин, исрадипин, амлодипин, верапамил және фелодипин) CYP3A4 ферментімен метаболизденеді. Флуконазол кальций өзекшелері антагонистерінің жүйелік әсерін арттыруы мүмкін. Жағымсыз реакцияларға мұқият мониторинг өткізу ұсынылады.
Целекоксиб: флуконазол (күніне 200 мг) мен целекоксиб (200 мг) бір мезгілде қолданылғанда целекоксиб Сmaх және AUC мәндері, тиісінше, 68% және 134% жоғарылады. Флуконазолды бір мезгілде қолданғанда целекоксиб дозасын екі есе азайту қажет болуы мүмкін.
Циклофосфамид: Циклофосфамид пен флуконазолды бір мезгілде қолдану қан сарысуында билирубин мен креатинин деңгейлерінің жоғарылауына әкеледі. Бұл препараттарды қан сарысуындағы билирубин мен креатинин концентрацияларының жоғарылау қаупін ескеріп, бір мезгілде қолдануға болады.
Фентанил: фентанил мен флуконазол арасында болуы мүмкін өзара әрекеттесу салдарынан өліммен аяқталған фентанилмен уыттанудың бір жағдайы хабарланды. Флуконазолдың дені сау еріктілерде фентанил элиминациясын едәуір баяулататыны анықталды. Фентанил концентрациясының жоғарылауы тыныстың тарылуына әкелуі мүмкін, сондықтан пациенттің жай-күйін мұқият бақылап отыру керек. Фентанил дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері: флуконазолды және CYP3A4 (мысалы, аторвастатин және симвастатин) немесе CYP2C9 (мысалы, флувастатин) арқылы метаболизденетін ГМК-КоА-редуктаза тежегіштерін бір мезгілде қолдану (бауырдағы статиндер метаболизмінің төмендеуі) миопатия мен рабдомиолиздің даму қаупін (дозаға тәуелділік тән) арттырады. Осы препараттарды бір мезгілде қолдану қажет болған жағдайда, миопатия мен рабдомиолиз симптомдарының туындауына қатысты пациентті мұқият бақылап, креатинкиназа деңгейіне мониторинг жүргізу қажет. Креатинкиназа деңгейі едәуір жоғарылаған жағдайда, сондай-ақ миопатия/рабдомиолиз диагнозы қойылған немесе оған күдіктенген жағдайда, ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерін қолдануды тоқтатқан жөн. Статиндерді медициналық қолдану жөніндегі тиісті нұсқаулықтарда қамтылған ақпаратқа сәйкес ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерін анағұрлым төмен дозада пайдалану қажеттілігі туындауы мүмкін.
Ибрутиниб: флуконазол сияқты орташа CYP3A4 тежегіштері плазмадағы ибрутиниб концентрациясын жоғарылатады және уыттылық қаупін арттыруы мүмкін. Егер осындай біріктірілімді қолданбау мүмкін болмаса, тежегішті қолдану кезеңінде ибрутиниб дозасын күніне 1 рет 280 мг (екі капсулаға) дейін азайту және мұқият клиникалық бақылауды қамтамасыз ету керек.
Ивакафтор (жекелеп немесе осы емдік класындағы басқа дәрілік заттармен біріктірілімде қолданғанда): муковисцидозды трансжарғақшалық өткізгіштік реттегішінің (CFTR) күшейткіші - ивакафтормен бір мезгілде пайдалану ивакафтордың әсерін 3 есе, ал гидроксиметил-ивакафтордың (M1) әсерін - 1,9 есе арттырды. Ивакафторды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта қамтылған ақпаратқа сәйкес (жекелеп немесе басқа дәрілік заттармен біріктірілімде пайдаланған кезде) ивакафтордың дозасын (жекелеп немесе басқа дәрілік заттармен біріктірілімде пайдаланған кезде) төмендету керек.
Олапариб: флуконазол сияқты CYP3A4 орташа тежегіштері плазмада олапариб концентрациясын арттырады; осындай біріктірілімді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Егер біріктірілімді болдырмау мүмкін болмаса, олапариб дозасын күніне 2 рет 200 мг дейін шектеу керек.
Иммуносупрессанттар (циклоспорин, эверолимус, сиролимус және такролимус):
Циклоспорин: флуконазол циклоспорин AUC және концентрациясын едәуір арттырады. Күніне 200 мг флуконазолмен циклоспоринді (күніне 2,7 мг/кг) бір мезгілде қолданғанда циклоспорин АUC 1,8 есе артуы байқалды. Осы біріктірілімді циклоспорин дозасын азайту кезінде оның концентрациясына қарай қолдануға болады.
Эверолимус: флуконазол CYP3A4 тежелуі салдарынан қан сарысуында эверолимус концентрациясын арттыруы мүмкін.
Сиролимус: флуконазол CYP3A4 және P-гликопротеин әсер етуімен сиролимус метаболизмін бәсеңдету арқылы, ықтималды түрде, қан плазмасында сиролимус концентрациясын арттырады. Бұл препараттарды концентрация деңгейіне және препараттың әсеріне қарай сиролимус дозасын түзету шартымен бір мезгілде қолдануға болады.
Такролимус: флуконазол CYP3A4 әсерімен ішекте такролимус метаболизмін тежеу нәтижесінде қан сарысуында пероральді қолданылған такролимус концентрациясын 5 есеге дейін арттыра алады. Такролимус вена ішіне қолданылғанда фармакокинетикасының елеулі өзгерістері байқалмады. Такролимустың жоғары деңгейлері нефроуыттылықпен байланысты болды. Такролимустың пероральді дозасын оның концентрациясына қарай төмендету керек.
Лозартан: флуконазол лозартанды қолдану кезінде ангиотензин II рецепторларына антагонизмнің көп бөлігіне жауапты лозартанның өзінің белсенді метаболитіне (Е-31 74) дейінгі метаболизмін бәсеңдетеді. Пациенттердің артериялық қысымына тұрақты мониторинг өткізуге кеңес беріледі.
Луразидон: флуконазол сияқты орташа CYP3A4 тежегіштері қан плазмасындағы луразидон концентрациясын жоғарылатуы мүмкін. Флуконазолмен бір мезгілде қолдану қажет болған жағдайда, луразидонның дозасын луразидонды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта қамтылған ақпаратқа сәйкес төмендету керек.
Метадон: флуконазол қан сарысуындағы метадон концентрациясын жоғарылатуы мүмкін. Метадон дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП): флурбипрофен монотерапиясымен салыстырғанда, флуконазолмен бір мезгілде қолдану кезінде флурбипрофеннің ең жоғары концентрациясы (Сmах) мен AUC мәндері, тиісінше, 23% және 81% артты. Осыған ұқсас фармакологиялық белсенді изомер [S-(+) – ибупрофен] Сmах және AUC мәндері флуконазолды ракемиялық ибупрофенмен (400 мг) бір мезгілде қолданғанда, рацемиялық ибупрофен монотерапиясымен салыстырғанда, тиісінше, 15% және 82% жоғарылады.
Спецификалық зертттеулер жүргізілмегеніне қарамастан, флуконазолдың CYP2C9 арқылы метаболизденетін басқа ҚҚСП (мысалы, напроксен, лорноксикам, мелоксикам, диклофенак) жүйелік әсерін арттыру қабілеті зор. ҚҚСП-мен байланысты жағымсыз реакцияларына және уыттылығына жиі мониторинг өткізу ұсынылды. ҚҚСП дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Фенитоин: флуконазол бауырдағы фенитоин метаболизмін бәсеңдетеді. Препараттарды бірге қолдану кезінде фенитоин уыттылығынан сақтану үшін қан сарысуында фенитоин концентрациясын бақылап отыру қажет.
Преднизон: бауыр трансплантациясынан кейін пациентте преднизон қолдану аясында флуконазолмен емдеудің үш айлық курсын тоқтатудан кейін туындаған бүйрек үсті бездері қыртысының жедел жеткіліксіздігі дамыған жағдай хабарланды. Флуконазолды тоқтату СYР3А4 белсенділігінің күшеюін туғызуы ықтимал, бұл преднизон метаболизмінің жеделдеуіне әкелді. Флуконазолмен және преднизонмен ұзақ мерзімді емнен өтетін пациенттер бүйрек үсті бездері қыртысының жеткіліксіздігін анықтау мақсатында флуконазолды тоқтату кезінде мұқият қадғалауда болуы тиіс.
Рифабутин: флуконазол сарысуда рифабутин концентрациясын арттырады. Флуконазол мен рифабутинді бір мезгілде қолданған пациенттерде увеит жағдайлары хабарланды. Біріктіріп емдеу кезінде рифабутиннің уытты әсер ету симптомдарына назар аудару қажет.
Саквинавир: CYP3A4 ферментімен бауырда саквинавир метаболизмінің бәсеңдеуі салдарынан және Р-гликопротеинді тежеу арқылы флуконазол саквинавирдің AUC және Cmax мәндерін, тиісінше, шамамен 50% және 55% арттырады. Саквинавир/ритонавирмен өзара әрекеттесу зерттелмеді, сондықтан ол өте айқын сипатта болуы мүмкін. Саквинавир дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Сульфонилмочевина препараттары: флуконазол дені сау еріктілерде бір мезгілде пероральді қолданылатын сульфонилмочевина препараттарының (хлорпропамид, глибенкламид, глипизид, толбутамид) қан сарысуынан жартылай шығарылу кезеңін ұзартты. Бір мезгілде қолдану кезінде қандағы глюкоза деңгейін жүйеді бақылап отыру, ал қажет болғанда сульфонилмочевина препараттарының дозасын дер мезгілінде азайту ұсынылады.
Теофиллин: Теофиллиннің жоғары дозаларын қабылдайтын немесе өзге жағдайда теофиллиннің уытты әсерінің жоғары қаупіне ұшырайтын пациенттер флуконазолды қолдану кезінде теофиллиннің уыттылық белгілерін анықтау үшін қадағалауда болуы тиіс. Егер уыттылық белгілері пайда болса, емдеуді өзгерту қажет.
Тофацитиниб: тофацитиниб әсері оны бір мезгілде CYP3A4 орташа тежелуін және CYP2C19 күшті тежелуін қамтамасыз ететін дәрілік препараттармен (мысалы, флуконазолмен) бірге қолданғанда артады. Сол себепті, осындай препараттармен бір мезгілде қолданғанда тофацитиниб дозасын күніне бір рет 5 мг дейін азайту ұсынылады.
Толваптан: толваптанның жүйелік әсері (CYP3A4 субстраты) флуконазолмен (орташа CYP3A4 тежегіші) бір мезгілде қолданғанда айтарлықтай артады, бұл ретте жағымсыз реакциялардың туындау қаупі едәуір артады, әсіресе диурездің, сусызданудың айтарлықтай артуы және бүйректің жедел жеткіліксіздігі. Біріктірілген қолдану кезінде толваптан дозасын толваптанды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтағы ақпаратқа сәйкес азайту керек, сонымен қатар толваптанды қолданумен байланысты кез келген жағымсыз реакцияларды анықтау тұрғысынан пациенттерге жиі мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету қажет.
Қабіршөп алкалоидтары: зерттеулер жүргізілмеуіне қарамастан, флуконазол ықтималды түрде CYP3A4 тежелуіне орай, қан плазмасындағы қабіршөп алкалоидтары (мысалы, винкристин және винбластин) концентрациясының және нейроуытты әсерлерінің артуына әкелуі мүмкін.
А дәрумені: транс-ретиной қышқылын (А дәруменінің қышқыл түрі) және флуконазолды бір мезгілде толық қолданған бір пациентте флуконазолды тоқтатудан кейін жоғалып кеткен мидың жалған ісігі түрінде орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) тарапынан жағымсыз реакциялар байқалуы хабарланды. Бұл дәрілік заттарды бір мезгілде қолдануға болады, ОЖЖ тарапынан болатын жағымсыз реакцияларға мониторинг өткізу ұсынылады.
Вориконазол (CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 тежегіші): флуконазолдан кейін вориконазол қолданылғанда вориконазолдың жағымсыз әсерлеріне мониторинг өткізу керек.
Зидовудин: осы біріктірілімді қабылдайтын пациенттер зидовудинмен байланысты қолайсыз реакцияларды мониторингтеу үшін қадағалауда болуы тиіс. Зидовудин дозасын азайту мәселесі қарастырылу керек.
Азитромицин: флуконазол мен азитромицин арасында елеулі фармакокинетикалық өзара әрекеттесу болмады.
Пероральді контрацептивтер: флуконазолды бірнеше рет қабылдау аясында біріктірілген пероральді контрацептивті қолданумен екі фармакокинетикалық зерттеу жүргізілді. Флуконазолды 50 мг дозада қолданғанда гормондар деңгейлеріне айтарлықтай әсері болмады, алайда күніне 200 мг қолданғанда этинил эстрадиол және левоноргестрел AUC мәндерінің, тиісінше, 40% және 24% жоғарылауы байқалды. Осылайша, флуконазолдың атап көрсетілген дозаларын бірнеше рет қабылдаудың біріктірілген пероральді контрацептивтер тиімділігіне ықпалын тигізуі екіталай.