Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Лиофилизат для приготовления раствора для инъекций и ингаляций в комплекте с растворителем
Дозасы
500 мг
Саудалық атауы
Флуимуцил-антибиотик ИТ
Әсер етуші зат
Тиамфеникол в комбинации с другими препаратами
Мақсаты
Препаратқа сезімтал микроорганизмдерден туындаған және мукостазбен қатар жүретін респираторлық бактериялық инфекцияны емдеу үшін
Өндіруші
Замбон С.П.А.
Ел
Италия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
белсенді зат: 810 мг тиамфеникол глицинатының ацетилцистеинаты (500 мг тиамфениколға баламалы),
Қосымша зат: динатрий эдетаты.
Еріткіш: инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің иісінің, дәмінің сипаттамасы
Жеңіл күкірт иісі бар ақ немесе ашық сары жұқа қатпарлы масса.
Препаратқа сезімтал микроорганизмдерден туындаған және мукостазбен қатар жүретін респираторлық бактериялық инфекцияны емдеу үшін.
Жергілікті қолдану:
- жедел және созылмалы бронхит, бронхопневмония және ұзаққа созылған пневмония, обструктивті эмфизема, бронхоэктазды ауру
- торакальді хирургиялық араласулардан кейінгі (бронхопневмония, ателектаз) бронхөкпе асқынуларының профилактикасы және емдеу
- кавернозды ошақты дренаждауды жақсарту үшін өкпе туберкулезі кезінде респираторлық инфекцияның спецификалық емес түрлері
- экссудативті ортаңғы отит, синусит, ринофарингит, фаринготрахеит
- трахеостомиядан кейінгі обструктивті және инфекциялық асқынулардың профилактикасы мен емдеу, бронхоскопияға, бронхографияға, бронхоаспирацияға дайындау
Жүйелі қолдану:
- дәрігер біріктірілген микробқа қарсы және муколитикалық ем ұсынған бронхөкпе ауруларының жоғарыда аталған барлық жағдайларында.
ATХ коды J01BA52
Флуимуцил-антибиотик ИТ - шырышты және шырышты-іріңді бөліністерге сұйылтатын әсер ететін және бактерияға қарсы әсерінің кең спектріне иеленген дәрілік препарат.
Тыныс алу жолдарындағы муколитикалық белсенділік шырышты және шырышты-іріңді тұтқыр бөліністерге қарқынды сұйылту әсерімен көрінеді және ацетилцистеин + тиамфеникол біріктіріліміне қарағанда жоғары клиникалық жағушылықпен сипатталады.
Кең спектрлі антибиотикалық белсенділіктің бір мезгілде болуы препаратты бронх-өкпе инфекцияларын емдеу үшін тиімді етеді, әсіресе респираторық жолдың патогенді қоздырғыштарына қатысты белсенді: анаэробты бактерияларды қоса, pneumococci, haemophili, Kl. pneumonia және т.б. Флуимуцил-антибиотик ИТ респираторлық инфекцияларды тиімді емдеуді қамтамасыз етеді, оның тұтқыр бөліністері мен қабаттасқан бактериялық инфекциялар арасындағы шырғалаң шеңберді жою қабілетіне байланысты, экссудаттың шығарылуын жеңілдетеді, тезірек және толық бактерияға қарсы әсерді қамтамасыз етеді.
Флуимуцил-антибиотик ИТ тиамфениколдың емдік әсерін күшейтуге мүмкіндік береді, өйткені бос сульфгидрильді топ шырыштың лизисін тудырады, бұл антибиотиктің енуіне және әсеріне, сондай-ақ оның тіндердің таралуына ықпал етеді, сонымен қатар адгезияға қарсы белсенділік көрсетеді, мысалы, тыныс алу жолдарының жасушаларының препараттарында Pseudomonas қатысты.
Дозалау режимі
Жергілікті қолдану
Ингаляциялық: ересектерге - 250 мг-ден (2 мл ерітінді) тәулігіне 1-2 рет, балаларға - 125 мг-ден (1 мл ерітінді) (500 мг құрғақ затты 4 мл инъекцияға арналған суда ерітеді).
Инстилляция:
Препаратты эндотрахеальді түрде ересектерге және балаларға бронхоскоп, интубациялық түтік, трахеостома арқылы енгізеді - 1-2 мл ерітіндіден (500 мг құрғақ затты 4 мл инъекцияға арналған суда ерітеді).
Ересектерге және балаларға мұрын маңындағы қойнауларға енгізу үшін, сондай-ақ мұрын және емізік тәрізді өскін аумағындағы хирургиялық араласулардан кейін қойнауларын шаю үшін - 1-2 мл ерітіндіден (500 мг құрғақ затты 4 мл инъекцияға арналған суда ерітеді).
Мұрын-жұтқыншақ және құлақ ауруларында әрбір мұрын жолына немесе сыртқы есту жолына 2-4 тамшыдан тамызады.
Жүйелі қолдану
Бұлшықет ішіне: ересектерге - 500 мг-ден тәулігіне 2-3 рет тұрақты аралықтармен.
3 жасқа дейінгі балаларға – 125 мг-ден тәулігіне 2 рет, 3-тен 7 жасқа дейінгі балаларға – 250 мг-ден тәулігіне 2 рет, 7-ден 13 жасқа дейінгі балаларға – 250 мг-ден тәулігіне 3 рет, 13-тен 16 жасқа дейінгі балаларға –500 мг-ден тәулігіне 2 рет, 16-дан 18 жасқа дейінгі балаларға –500 мг-ден тәулігіне 2-3 рет.
Қажет болған жағдайда доза 2 есе арттырылуы мүмкін (ерекше ауыр жағдайларда емнің бастапқы 2-3 күнінде). Шала туған және жаңа туған балаларда, сондай-ақ 65 жастан асқан пациенттерде дозаны ұлғайтуға болмайды.
Енгізу әдісі және жолы
Флуимуцил-антибиотик ИТ бұлшықет ішіне енгізеді, ингаляция, инстилляция, қуыстарды шаю үшін қолданады.
Ингаляция үшін аэрозольдық жабдықты пайдалану қажет. Небулайзер диаметрі 3-тен 20 мкм-ге дейінгі бөлшектердің ең көп санын алуға бапталуы тиіс.
Ерітіндіні дайындау
- Құтыдан қорғайтын алюминий қалпақшаны алу керек (1-сурет)
1-сурет
- Қолданар алдында еріткіші бар ампуланы ашу керек. Ампуланы сындыру нүктесі жоғары қарай бағытталатындай етіп, қолға алу керек (2-сурет).
Бас бармақты сындыру нүктесіне немесе сәл жоғары орналастырып, «өзіңнен» қимылымен ампуланың басын сындыру керек (3-сурет).
2-сурет 3-сурет
- Шприцтің көмегімен ампуланың ішіндегісін препараты бар жабық құтыға енгізіп (4-сурет), мұқият араластыру керек (5,6-сурет).
4-сурет
5-сурет — 6-сурет
Емдеу ұзақтығы
Препаратты 10 күннен артық қолдануға болмайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Егер Сізге дәрілік препаратты қолдану тәсілі түсініксіз болса кеңес алу үшін медицина қызметкеріне жүгінуді ұсынамыз.
Емдеуші дәрігерге не қабылдап жүргеніңіз, жақын арада қабылдағаныңыз немесе қандай да бір басқа препараттарды қабылдауға кірісуіңіз мүмкін екенін хабарлаңыз.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- анамнездегі сүйек кемігі функциясының жеткіліксіздігі
- анурия
- жүктілік және бала емізу
Жүйелі қолданғанда:
Тиамфениколды жүйелі қолданғанда негізгі жағымсыз әсерлер орташа анемия, тромбоцитопения және лейкопения көріністерімен сүйек кемігі функциясының бәсеңдеуі болып табылады. Бұл әсерлер енгізілген препараттың дозасына байланысты және емдеуді тоқтатқаннан кейін қайтымды болып табылады.
- енгізу орындағы гипертермия
- анемия, лейкопения, тромбоцитопения
- көру жүйкесінің невриті, шеткері невропатия (ұзақ қолданғанда)
- жүрек айнуы, құсу, диарея
- анафилаксиялық реакциялар
- тері бөртпесі
Жергілікті қолданғанда:
- аса жоғары сезімталдық реакциялары
- көмейдің ісінуі
- бронх түйілуі (көбіне бронх демікпесі бар пациенттерде)
- ринорея
- стоматит
- жүрек айнуы
- тері бөртпесі
Балалар (жергілікті қолданған кезде)
Клиникалық зерттеулер мен маркетингткен кейінгі бақылау деректерінде ересектер мен педиатриялық қауымдағы, сондай-ақ басқа да тиісті жас топтарындағы қауіпсіздік бейіндері арасындағы жағымсыз реакциялардың сипатында, жиілігінде, күрделілігінде және қайтымдылығында клиникалық елеулі айырмашылықтар анықталған жоқ.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ұлттық сараптау орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: бактериялық флораның өзгеруі, суперинфекциялар. Препараттың жағымсыз әсері (аллергиялық реакцияларды қоспағанда) күшеюі мүмкін.
Емі: демеуші ем ұсынылады.
Флуимуцил-антибиотик ИТ препаратын қабылдар алдында дәрігерге немесе фармацевтке хабарлаңыз, егер:
- Сізде бронх демікпесі немесе бронх асқынреактивтілігі болса
- Сізде бүйрек функциясының бузылуы болса.
Егер жоғарыда көрсетілгеннің Сізге қатысы бар екендігіне сенімсіз болсаңыз, Флуимуцил-антибиотик ИТ қабылдар алдында дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.
Арнайы ескертулер
Осы бөлімде көрсетілген жай-күйлер болған жағдайда, препаратты қолданар алдында дәрігерге көріну керек.
Ересектер мен балалар
Басқа антибиотиктер сияқты, Флуимуцил-антибиотик ИТ тек бактериялық инфекцияны толық жойғанша қолданылуы тиіс. Тек муколитикалық емді жалғастыру қажет болғанда, жалғыз белсенді зат ретінде құрамында ацетилцистеин бар препараттарды қолдану керек.
Флуимуцил-антибиотик ИТ әсер етуші затын тиамфениколды этерификация және салификация жолымен алынады, сондықтан Флуимуцил-антибиотик ИТ, тиамфеникол антибиотигі сияқты сақтықпен қолданылуы тиіс. Жүйелі енгізу кезінде тиамфеникол қан көрінісінің өтпелі өзгерістерін туындатуы мүмкін. Бұл өзгерістер қайтымды және қандағы тиамфеникол концентрациясына байланысты, яғни өзгерістердің дәрежесі дозаға және емдеу ұзақтығына байланысты болады. Мұндай өзгерістер артық дозаланған жағдайда, әдетте бүйрек жеткіліксіздігімен байланысты, сондай-ақ анамнезінде сүйек кемігі функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде едәуір айқын және ұзаққа созылады.
Тиамфениколды химиопрофилактика үшін немесе спецификалық емес инфекцияларды емдеу үшін қолданудан аулақ бола отырып, оған өте сезімтал микроорганизмдер туындататын инфекцияларды емдеу үшін ғана қолдану ұсынылады.
Флуимуцил-антибиотик ИТ ингаляциялық қолданғанда абсорбциясы жүйелі түрде қолданғанға қарағанда төмен.
Емдеу ұзақтығы он күннен аспауы тиіс; қан көрінісін мезгіл-мезгіл бақылау керек, лейкоциттер саны 4000/мкл-ден астам және гранулоциттер саны 40% астам төмендеген кезде емдеуді тоқтату керек.
Орташа және ауыр дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі кезінде муколитик пен антибиотикті бөлек тағайындау ұсынылады, өйткені бүйрек функциясының төмендеуіне байланысты тиамфеникол дозасы төмендетілуі тиіс. Тиамфеникол бауыр функциясының бұзылуы кезінде қолданылуы мүмкін, өйткені ол глюкурон қышқылымен конъюгаттар түзбейді.
Шала туған нәрестелер және 2 аптаға дейінгі жаңа туған нәрестелер үшін бүйрек функциясы жеткілікті қалыптаспауына байланысты дозалаудың ерекше режимін (орта есеппен 25 мг/кг) сақтау ұсынылады.
Препаратты қолдану, әсіресе емдеудің басында, оның көлемін бір мезгілде арттыра отырып, бронх секретін сұйылтуы мүмкін. Қақырықты тиімді түсіре алмайтын пациенттерге қақырықтың іркілуін болдырмау үшін постуральді дренаж немесе бронхоаспирациясы жүргізілуі керек.
Бронх демікпесі бар пациенттерде ингаляциялық емді дәрігердің бақылауымен жүргізу керек және бронх түйілуі дамыған жағдайда тоқтату керек, содан кейін мүмкіндігінше бронхолитикті алдын-ала қабылдаған жағдайда қайта бастау керек.
Флуимуцил-антибиотик ИТ күкірт иісі болуы мүмкін, бұл препараттағы қандай да бір өзгерістерді көрсетпейді, әсер етуші заттың спецификалық иісі болып табылады.
Флуимуцил-антибиотик ИТ препаратының кейбір ингредиенттері туралы маңызды ақпарат (тек инъекциялық қолдану тәсіліне қатысты)
Бұл препараттың құрамында Флуимуцил-антибиотик ИТ бір құтысында 1 ммольден (23 мг) кем натрий бар, яғни құрамында натрий жоқ дерлік.
Үйлесімсіздік
Инъекциялық қолдану
Дәрілік затты басқа препараттармен араластырмаған жөн.
Ингаляциялық қолдану
Шыны және пластикалық жабдықты пайдаланған жөн және ерітіндінің резеңке немесе металл (тот баспайтын болаттан басқа) компоненттермен жанасуын болдырмаған жөн; пайдаланғаннан кейін бөлшектерді сумен мұқият шаю керек.
Флуимуцил-антибиотик ИТ ерітіндісін ингаляцияға арналған басқа препараттармен, егер олардың химия-физикалық үйлесімділігі анықталмаса, араластырмаған жөн.
Зертханалық зерттеулер кезіндегі өзара әрекеттесулер
Деректер жоқ.
Педиатрияда қолданылуы
Флуимуцил-антибиотик ИТ дәрілік затын балаларда жас шектеуінсіз қолдануға болады.
Көлік құралдарын, механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Флуимуцил-антибиотик ИТ көлік құралдары мен қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ететіндігі белгісіз.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуді зерттеу жүргізілген жоқ, өзара әрекеттесу жағдайлары сипатталмаған.
Қазіргі уақытта тиамфениколдың зертханалық тесттермен өзара әрекеттесуі туралы деректер жоқ.
Тиамфеникол бауырда метаболизденбесе де, тиамфениколдың басқа препараттардың метаболизміне әсер етуі мүмкін бауырдың микросомальді ферменттерін тежеуі туралы хабарламалар бар.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Инъекция және ингаляция үшін ерітінді дайындауға арналған 500 мг лиофилизат (құтылар) — 3 жыл
Еріткіш: инъекцияға арналған су (ампулалар) — 5 жыл
Жиынтық — 3 жыл
Ескертпе: Жиынтықтың жарамдылық мерзімі жарамдылығы ең қысқа компонентіне байланысты анықталады.
Дайындалған ерітінді 24 сағат ішінде пайдаланылуы тиіс және тек жергілікті қолдану үшін. Дәрілік заттың қасиеттерінің өзгеруінің көрсеткіші болып табылмайтын және оны пайдаланылуына кедергі болмайтын ерітіндінің жеңіл бозаңдануы пайда болуы мүмкін.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Дайын ерітіндіні тоңазытқышта 2 °C-ден 8 °C-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Пікірлер
Пікірлер жалпы препаратқа қатысты; автор қабылдаған нұсқа бөлек көрсетіледі.
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.