Келесі дәрілік заттарды бір мезгілде қолдануға болмайды:
Цизаприд: жүрек тарапынан, «пируэт» типті қарыншалық тахикардияны қоса, жағымсыз реакциялар болуы мүмкін. Флуконазолды күніне 1 рет 200 мг дозада және цизапридті күніне 4 рет 20 мг дозада бір мезгілде қолдану қан плазмасындағы цизаприд деңгейінің айтарлықтай жоғарылауына және QTc аралығының ұзаруына әкелді.
Терфенадин: пациенттерде QTc аралығының ұзаруына байланысты ауыр жүрек аритмиясының пайда болуына байланысты флуконазолды терфенадинмен емдеу кезінде күніне 400 мг немесе одан жоғары дозада бір мезгілде қолдануға болмайды. Флуконазолды күніне 400 мг-ден төмен дозада терфенадинмен бір мезгілде мұқият бақылаумен қабылдау керек.
Астемизол: флуконазолды астемизолмен бір мезгілде қолдану астемизол клиренсін төмендетуі мүмкін. Нәтижесінде плазмадағы астемизол концентрациясының жоғарылауы QT аралығының ұзаруына және сирек жағдайларда «пируэт» типті қарыншалық тахикардияның пайда болуына әкелуі мүмкін.
Пимозид: флуконазолды пимозидпен бір мезгілде қолдану пимозид метаболизмінің тежелуіне әкелуі мүмкін. Қан плазмасындағы пимозид концентрациясының жоғарылауы QT аралығының ұзаруына және сирек жағдайларда «пируэт» типті қарыншалық тахикардияның пайда болуына әкелуі мүмкін.
Хинидин: флуконазолды хинидинмен бір мезгілде қолдану хинидин метаболизмінің тежелуіне әкелуі мүмкін. Хинидинді қолдану QT аралығының ұзаруымен және сирек жағдайларда – «пируэт» типті қарыншалық тахикардияның пайда болуымен қатар жүрді.
Эритромицин: флуконазол мен эритромицинді бір мезгілде қолдану кардиоуыттылық (QT аралығының ұзаруы, «пируэт» типті қарыншалық тахикардия) және онымен байланысты өлім қаупін арттырады.
Келесі дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды:
Галофантрин: флуконазол CYP3A4 тежегіш әсеріне байланысты қан плазмасындағы галофантрин концентрациясын жоғарылатуы мүмкін. Эритромицин: флуконазол мен эритромицинді бір мезгілде қолдану кардиоуыттылық (QT аралығының ұзаруы, «пируэт» типті қарыншалық тахикардия) және онымен байланысты өлім қаупін арттырады.
Сақтықпен қолдану қажет дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану:
Амиодарон: флуконазолды амиодаронмен бір мезгілде қолдану QT аралығын ұзартуы мүмкін. Флуконазол мен амиодаронды бір мезгілде қолдану қажет болған жағдайда, әсіресе флуконазолдың жоғары дозаларын (800 мг) қабылдаған кезде сақ болу керек.
Келесі дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану сақтық шараларын және дозаларды түзетуді талап етеді:
Басқа дәрілік заттардың флуконазолға әсері
Рифампицин: рифампицинді бір мезгілде қабылдайтын пациенттер флуконазолдың дозасын көтеру мүмкіндігін қарастыруы керек.
Өзара әрекеттесу зерттеулері флуконазолды тамақпен, циметидинмен, антацидтермен пероральді қолданғанда немесе дененің жалпы сәулеленуінен кейін сүйек кемігін трансплантациялау кезінде флуконазолды сіңірудің клиникалық маңызды бұзылуы байқалмайтынын көрсетті.
Гидрохлоротиазид: диуретиктерді бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде флуконазолдың дозалау режимін өзгерту қажет емес.
Флуконазолдың басқа дәрілік заттарға әсері
Флуконазол-P450 цитохромының (CYP) 2C9 және 3A4 изоферменттерінің орташа тежегіші болып табылады. Флуконазол сонымен қатар CYP2C19 изоферментінің күшті тежегіші болып табылады. Төменде көрсетілген бақыланған/құжатталған өзара әрекеттесулерден басқа, флуконазолмен бір мезгілде қолданылатын CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 арқылы метаболизденетін басқа заттардың қан плазмасындағы концентрациясының жоғарылау қаупі бар. Осы себепті мұндай біріктірілімдерді қолданған кезде абай болу керек және пациенттердің жағдайын мұқият бақылау қажет. Флуконазолдың жартылай шығарылуының ұзақ кезеңіне байланысты оның ферменттерді тежейтін әсері терапияны тоқтатқаннан кейін 4-5 күн бойы сақталады.
Аброцитиниб: флуконазол (CYP2C19, 2C9, 3A4 тежегіші) аброцитинибтің белсенді бөлігінің экспозициясын 155% - ға арттырды. Флуконазолмен бірге қолданған кезде аброцитиниб дозасын аброцитинибті медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта қамтылған ақпаратқа сәйкес түзету керек.
Алфентанил: флуконазолды (400 мг) алфентанилді (20 мкг/кг) вена ішіне енгізумен бір мезгілде қолданғанда, дені сау еріктілерде AUC 10 алфентанилдің 2 есе жоғарылауы байқалды, бұл SUR3A4 тежелуіне байланысты болуы мүмкін. Алфентанил дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Амитриптилин, нортриптилин: флуконазол амитриптилин мен нортриптилиннің әсерін күшейтеді. Біріктірілген терапияның басында және 1 аптадан кейін 5-нортриптилин және/немесе S-амитриптилин концентрациясын өлшеу ұсынылады. Қажет болса, амитриптилин/нортриптилин дозасын түзету керек.
Амфотерицин В: қалыпты және иммунитеті төмендеген инфекция жұқтырған тышқандарға флуконазол мен амфотерицин В-ны бір мезгілде енгізу С. albicans жүйелі инфекциясында зеңге қарсы шағын аддитивті әсерді, Cryptococcus neoformans бассүйекішілік инфекциясында өзара әрекеттесудің болмауын және Aspergillus fumigatus жүйелі инфекциясында екі препараттың антагонизмін анықтады. Осы зерттеулерден алынған нәтижелердің клиникалық мәні белгісіз.
Антикоагулянттар: тіркеуден кейінгі қолдануда, басқа азолды зеңге қарсы препараттар сияқты, флуконазолды варфаринмен бір мезгілде қабылдаған пациенттерде протромбин уақытының ұлғаюымен бірге жүретін геморрагиялық құбылыстар (көгеру, мұрыннан қан кету, асқазан-ішектен қан кету, гематурия және мелена) байқалды. Флуконазол мен варфаринді бір мезгілде қолданғанда протромбин уақытының 2 есеге дейін ұлғаюы байқалды, бұл CYP2C9 арқылы варфарин метаболизмінің тежелуіне байланысты болуы мүмкін. Флуконазолмен бір мезгілде кумарин типті антикоагулянттарды немесе индандионды антикоагулянттарды қабылдайтын пациенттерде протромбин уақытын мұқият бақылау қажет. Антикоагулянт дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Қысқа әсер ететін бензодиазепиндер (мысалы, мидазолам, триазолам): мидазоламды ішке қабылдағаннан кейін флуконазолды тағайындау мидазолам концентрациясының айтарлықтай жоғарылауына және психомоторлық әсерлердің жоғарылауына әкелді. Триазоламды флуконазолмен бір мезгілде қолданғанда триазолам әсерінің потенциалдануы және ұзаруы байқалды. Егер флуконазолмен емделген пациенттерге бензодиазепиндерді бір мезгілде қолдану қажет болса, бензодиазепиндердің дозасын төмендетуді қарастырып, пациенттердің жағдайына тиісті мониторинг жүргізу керек.
Карбамазепин: флуконазол карбамазепиннің метаболизмін тежейді және қан сарысуындағы карбамазепин деңгейінің 30% жоғарылауына әкеледі. Карбамазепиннің уыттылық көріністерін дамыту қаупі бар. Карбамазепиннің дозасын оның концентрациясының деңгейіне және препараттың әсеріне қарай түзету қажет болуы мүмкін.
Кальций өзекшелерінің блокаторлары: Кейбір кальций өзекшелерінің антагонисттері (нифедипин, исрадипин, амлодипин, верапамил және фелодипин) CYP3A4 ферментімен метаболизденеді. Флуконазол кальций өзекшелері антагонисттерінің жүйелі әсерін әлеуетті арттыра алады. Жағымсыз реакцияларды мұқият бақылау ұсынылады.
Целекоксиб: флуконазолды (күніне 200 мг) және целекоксибті (200 мг) бір мезгілде қолданғанда, целекоксибтің Cmax және AUC мәндері тиісінше 68% және 134%-ға өсті. Флуконазолды бір мезгілде қолданған кезде целекоксиб дозасын екі есе азайту қажет болуы мүмкін.
Циклофосфамид: циклофосфамид пен флуконазолды бір мезгілде қолдану қан сарысуындағы билирубин мен креатинин деңгейінің жоғарылауына әкеледі. Қан сарысуындағы билирубин мен креатинин концентрациясының жоғарылау қаупін ескере отырып, бұл препараттарды бір уақытта қолдануға болады.
Фентанил: фентанил мен флуконазолдың өзара әрекеттесуіне байланысты өлімге әкелетін фентанилмен уланудың бір жағдайы туралы хабарланды. Флуконазол дені сау еріктілерде фентанилді жоюды айтарлықтай баяулатқаны анықталды. Фентанил концентрациясының жоғарылауы тыныс алу депрессиясына әкелуі мүмкін, сондықтан пациенттің жағдайын мұқият бақылау керек. Фентанил дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері: флуконазолды және CYP3A4 (мысалы, аторвастатин және симвастатин) немесе CYP2C9 (мысалы, флувастатин) арқылы метаболизденетін ГМК-КоА-редуктаза тежегіштерін бір мезгілде қолдану (бауырдағы статиндер метаболизмінің төмендеуі) миопатия мен рабдомиолиздің даму қаупін арттырады (дозаға тәуелділік тән). Осы препараттарды бір мезгілде қолдану қажет болған жағдайда миопатия мен рабдомиолиз симптомдарының пайда болуына қатысты пациентті мұқият бақылап, креатинкиназа деңгейіне мониторинг жүргізу қажет. Креатинкиназа деңгейінің едәуір жоғарылауы жағдайында, сондай-ақ миопатия/рабдомиолиз диагнозы қойылған немесе күдіктенген жағдайда ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерін қолдануды тоқтату керек. Статиндерді медициналық қолдану жөніндегі тиісті нұсқаулықта қамтылған ақпаратқа сәйкес ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштеріy төмен дозада қолдану қажеттілігі туындауы мүмкін.
Ибрутиниб: флуконазол сияқты CYP3A4 орташа тежегіштер плазмадағы ибрутиниб концентрациясын арттырады және уыттылық қаупін арттыруы мүмкін. Егер мұндай комбинацияны қолданудан аулақ болу мүмкін болмаса, тежегішті қолдану кезеңінде Ибрутиниб дозасын күніне 1 рет (екі капсула) 280 мг-ге дейін төмендетіп, мұқият клиникалық бақылауды қамтамасыз ету керек.
Ивакафтор (жеке немесе осы терапевтік сыныптағы басқа дәрілік заттармен бірге қолданғанда): муковисцидозды трансжарғақшалық өткізгіштік реттегішінің (CFTR) күшейткіші ивакафтормен бір мезгілде қолдану ивакафтордың әсерін 3 есе, ал гидроксиметил ивакафторды (M1) 1,9 есе арттырды. Ивакафторды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта қамтылған ақпаратқа сәйкес (жеке немесе басқа дәрілік заттармен біріктірілімде пайдаланған кезде) ивакафторды дозасын төмендету керек (жеке немесе басқа дәрілік заттармен біріктірілімде пайдаланған кезде).
Олапариб: флуконазол сияқты CYP3A4 орташа тежегіштері қан плазмасындағы олапариб концентрациясын ұлғайтады; бұндай біріктірілімді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Егер комбинацияларды болдырмау мүмкін болмаса, олапариб дозасын күніне 2 рет 200 мг-ге дейін шектеу керек.
Иммуносупрессанттар (циклоспорин, эверолимус, сиролимус және такролимус):
Циклоспорин: флуконазол циклоспориннің концентрациясын және AUC деңгейін айтарлықтай арттырады. Күніне 200 мг флуконазолды және циклоспоринді (күніне 2,7 мг/кг) бір мезгілде қолданғанда циклоспориннің АUC 1,8 есе жоғарылауы байқалды. Бұл үйлесімді циклоспорин дозасын концентрациясына байланысты төмендету кезінде қолданылуы мүмкін.
Эверолимус: флуконазол CYP3A4 тежелуіне байланысты қан сарысуындағы эверолимус концентрациясын жоғарылатуы мүмкін.
Сиролимус: флуконазол қан плазмасындағы сиролимус концентрациясын жоғарылатады, мүмкін CYP3A4 және P-гликопротеин әсерінен сиролимус метаболизмін басу арқылы. Бұл препараттарды концентрация деңгейіне және препараттың әсеріне байланысты сиролимус дозасын түзету шартымен бір мезгілде қолдануға болады.
Такролимус: флуконазол CYP3A4 әсерінен ішекте такролимус метаболизмінің тежелуі нәтижесінде қан сарысуында пероральді қолданылатын такролимустың концентрациясын 5 есеге дейін арттыруы мүмкін. Такролимусты вена ішіне қолданғанда фармакокинетикасында айтарлықтай өзгерістер байқалмады. Такролимус деңгейінің жоғарылауы нефроуыттылықпен байланысты болды, Такролимустың пероральді дозасын оның концентрациясына байланысты төмендету керек.
Лозартан: флуконазол лозартанды қолданғанда ангиотензин II рецепторларына антагонизмнің көп бөлігіне жауап беретін белсенді метаболитке (Е-31 74) дейін лозартанның метаболизмін тежейді. Пациенттерде артериялық қысымның тұрақты мониторингін жүргізу ұсынылады.
Луразидон: Флуконазол сияқты орташа CYP3A4 тежегіштері қан плазмасындағы луразидон концентрациясын жоғарылатуы мүмкін. Флуконазолмен бір мезгілде қолдану қажет болған жағдайда луразидонның дозасын луразидонды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта қамтылған ақпаратқа сәйкес азайту керек.
Метадон: флуконазол қан сарысуындағы метадон концентрациясын жоғарылатуы мүмкін. Метадон дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП): флурбипрофеннің максималды концентрациясы (Cmax) және AUC мәндері флуконазолмен бір мезгілде флурбипрофен монотерапиясымен салыстырғанда тиісінше 23% және 81% - ға өсті. Сол сияқты, фармакологиялық белсенді изомер [S-(+)-ибупрофеннің] Сmах және AUC мәндері рацемиялық ибупрофенмен (400 мг) флуконазолды бір мезгілде қолданғанда рацемиялық ибупрофенмен монотерапиямен салыстырғанда тиісінше 15% және 82%-ға өсті.
Нақты зерттеулердің жоқтығына қарамастан, флуконазол CYP2C9 (мысалы, напроксен, лорноксикам, мелоксикам, диклофенак) метаболизденетін басқа ҚҚСП-нің жүйелік әсерін арттыруға қабілетті. ҚҚСП-мен байланысты жағымсыз реакциялар мен уыттылықты жиі бақылау ұсынылады. ҚҚСП дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Фенитоин: флуконазол бауырдағы фенитоин метаболизмін тежейді. Препараттарды бірге қолданған кезде фенитоиннің уыттылығын болдырмау үшін қан сарысуындағы фенитоин концентрациясын бақылау қажет.
Преднизон: преднизонды қолдану аясында бауыр трансплантациясынан кейін пациент флуконазолмен емдеудің үш айлық курсын тоқтатқаннан кейін пайда болған бүйрек үсті безінің жедел кортикальды жеткіліксіздігін дамытқан жағдай туралы хабарланды. Флуконазолдың жойылуы CYP3А4 белсенділігінің жоғарылауына әкеліп соқтырды, бұл преднизон метаболизмінің жеделдеуіне әкелді. Флуконазолмен және преднизонмен ұзақ мерзімді емдеуден өтетін пациенттер бүйрек үсті безінің қыртысының жеткіліксіздігін анықтау мақсатында флуконазолды алып тастаған кезде мұқият бақылауда болуы керек.
Рифабутин: флуконазол сарысудағы рифабутин концентрациясын арттырады. Флуконазол мен рифабутинді бір мезгілде қолданған пациенттерде увеит жағдайлары туралы хабарланды. Біріктірілген емдеу кезінде рифабутин уытты әсерінің симптомдарына назар аудару қажет.
Саквинавир: флуконазол бауырдағы саквинавир метаболизмінің CYP3A4 ферментімен және Р-гликопротеинді тежеу арқылы басылуына байланысты саквинавирдің AUC және C max көрсеткіштерін сәйкесінше шамамен 50% және 55% арттырады. Саквинавирмен/ритонавирмен өзара әрекеттесу зерттелмеген, сондықтан ол одан да айқын болуы мүмкін. Саквинавирдің дозасын түзету қажет болуы мүмкін.
Сульфонилмочевина препараттары: флуконазол дені сау еріктілерде қан сарысуынан бір мезгілде пероральді қолданылатын сульфонилмочевина препараттарының (хлорпропамид, глибенкламид, глипизид, толбутамид) жартылай шығарылу кезеңін ұзартты. Бір мезгілде қолданған кезде қандағы глюкоза деңгейін үнемі бақылау және қажет болған жағдайда сульфонилмочевина препараттарының дозасын уақтылы төмендету ұсынылады.
Теофиллин: теофиллиннің жоғары дозаларын қабылдайтын немесе басқа жағдайда теофиллиннің уытты әсер ету қаупі жоғары пациенттер флуконазолды қолдану кезінде теофиллиннің уыттылық белгілерін анықтау үшін бақылауда болуы керек. Егер уыттылық белгілері пайда болса, емдеуді өзгерту қажет.
Тофацитиниб: тофацитинибтің әсері оны CYP3A4 орташа тежелуін және CYP2C19 күшті тежелуін (мысалы, флуконазол) бір мезгілде қамтамасыз ететін дәрілік препараттармен бірге қолданғанда артады. Осы себепті, осындай препараттармен бір мезгілде қолданғанда, тофацитиниб дозасын күніне 1 рет 5 мг дейін төмендету ұсынылады.
Толваптан: толваптанның жүйелік әсері (CYP3A4 субстраты) флуконазолмен (CYP3A4 орташа тежегіші) бір мезгілде қолданғанда айтарлықтай артады, бұл жағымсыз реакциялардың, әсіресе несеп шығарудың, дегидратацияның және бүйректің жедел еткіліксіздігінің айтарлықтай жоғарылау қаупін едәуір арттырады. Біріктірілген қолдану кезінде толваптан дозасын толваптанды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтағы ақпаратқа сәйкес азайту керек, сонымен қатар толваптанды қолданумен байланысты кез келген жағымсыз реакцияларды анықтау үшін пациенттердің жиі мониторингін қамтамасыз ету қажет.
Қабіршөп алкалоидтары: зерттеулердің жоқтығына қарамастан, флуконазол, мүмкін, CYP3A4 тежелуіне байланысты, қан плазмасындағы кабіршөп алкалоидтарының (мысалы, винкристин мен винбластин) концентрациясының жоғарылауына және нейроуытты әсерлерге әкелуі мүмкін.
А дәрумені: толық транс-ретиноин қышқылын (А дәруменінің қышқыл түрі) және флуконазолды бір уақытта қолданған бір пациентте флуконазол жойылғаннан кейін жоғалып кеткен жалған-ісік түрінде орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) жағымсыз реакциялары байқалды. Бұл дәрілік заттарды бір уақытта қолдануға болады, ОЖЖ тарапынан жағымсыз реакцияларды бақылау ұсынылады.
Вориконазол (CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 тежегіші): флуконазолдан кейін вориконазолды қолданған кезде вориконазолдың жағымсыз әсерлерін бақылау керек.
Зидовудин: бұл комбинацияны қабылдаған пациенттер зидовудинмен байланысты жағымсыз реакцияларды бақылау үшін бақылауда болуы керек. Зидовудин дозасын төмендету туралы мәселені қарастыру керек.
Азитромицин: флуконазол мен азитромицин арасындағы маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесу табылған жоқ.
Пероральді контрацептивтер: флуконазолды бірнеше рет қолдану аясында біріктірілген пероральді контрацептивті қолдану арқылы екі фармакокинетикалық зерттеу жүргізілді. Флуконазолды 50 мг дозада қолданған кезде гормондардың деңгейіне айтарлықтай әсер етпеді, алайда тәулігіне 200 мг қолданған кезде этинилэстрадиол мен левоноргестрелдің AUC мәндерінің сәйкесінше 40% және 24% жоғарылауы байқалды. Осылайша, флуконазолдың осы дозаларын бірнеше рет қабылдау біріктірілген пероральді контрацептивтердің тиімділігіне әсер етуі екіталай.