• Флуконазолды келесі дәрілік заттармен бір мезгілде қолдануға болмайды:
• цизаприд – флуконазол қанда цизаприд концентрациясын арттырып, QT аралығын ұзартады, жүрек ырғағының бұзылуын, соның ішінде «пируэт» типті аритмияны дамытады;
• терфенадин - флуконазол қанда терфенадин концентрациясын арттырып, жағымсыз әсерлердің, соның ішінде QT аралығының ұзару, жүрек ырғағының бұзылу, «пируэт» типті аритмияның даму қаупін арттырады;
• астемизол – флуконазол астемизолдың клиренсін төмендетіп, оның қандағы концентрациясын арттырады, QT аралығын ұзартады, жүрек ырғағының бұзылуын, соның ішінде «пируэт» типті аритмияны дамытады;
• пимозид – флуконазол пимозидтің метаболизмін тежейді, соның нәтижесінде пимозидтің қандағы концентрациясы жоғарылайды, бұл QT аралығының ұзаруына және «пируэт» типті аритмияның дамуына әкеледі;
• хинидин – флуконазол хинидиннің метаболизмін тежейді, нәтижесінде қанда хинидиннің концентрациясы жоғарылайды, бұл QT аралығының ұзаруына және «пируэт» типті аритмияның дамуына әкеледі;
• эритромицин – флуконазолмен бір мезгілде қолдану кардиоуытты әсерлердің (QT аралығының ұзаруы, «пируэт» типті аритмия) жүректің тоқтап қалуына дейін даму қаупін арттырады;
• амиодарон - флуконазол амиодаронның метаболизмін тежейді, бұл QT аралығының ұзарып, амиодаронның кардиоуыттылық әсерлерінің жоғарылауына әкеледі.
Келесі дәрілік заттарды флуконазолмен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды:
галофантрин - флуконазол галофантриннің метаболизмін тежеуі мүмкін, бұл соңғысының қандағы концентрациясының жоғарылауына және кардиоуыттылық әсерлердің (QT аралығының ұзаруы, «пируэт» типті аритмия) жүректің тоқтап қалуына дейін жоғарылауына әкеледі.
Келесі дәрілік заттармен бір мезгілде тағайындағанда флуконазолмен емдеу дәрілік емнің дозасын түзетуді қажет етуі мүмкін:
Дәрілік заттардың флуконазолға ықпалы:
• рифампицин – флуконазолдың жартылай шығарылу кезеңін орта есеппен 20 %-ға және фармакокинетикалық қисық астындағы ауданын 25 %-ға азайтады;
• гидрохлоротиазид – дені сау еріктілерде қан плазмасындағы флуконазолдың концентрациясын 40 %-ға арттырды.
Флуконазолдың басқа дәрілік заттарға ықпалы:
Флуконазол Р450 цитохромының CYP2C9 изоферментінің күшті тежегіші және CYP3A4 және CYP2C19 изоферменттерінің орташа тежегіші болып табылады, оған флуконазолмен бір мезгілде қабылдағанда қан плазмасында CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 изоферменттерінің қатысуымен метаболизденетін басқа дәрілік заттар концентрацияларының жоғарылау қаупі себеп болады. Флуконазолдың тежегіш әсері, жартылай шығарылу кезеңінің ұзақ болуымен байланысты, препаратты тоқтатқаннан кейін 4-5 күн бойы сақталады.
Алфентанил – флуконазолды 400 мг дозада пероральді түрде қабылдау және алфентанилді 20 мкг/кг дозада вена ішіне енгізу дені сау еріктілерде алфентанилдің фармакокинетикалық қисық астындағы ауданының 2 есе артуын және клиренсінің төмендеуін туындатты.
• Амитриптилин және нортриптилин – флуконазолмен бір мезгілде қолданғанда аталған трициклді антидепрессанттардың қандағы концентрациясын арттырып, олардың уыттылық әсерлерін ұлғайтуы мүмкін.
• Амфотерицин В - эксперименттік зерттеуде флуконазол мен амфотерицин В-ны бір мезгілде қолдану мынадай нәтижелерге әкелді: С. аlbiсаns жүйелі инфекциясы кезінде аздаған аддитивтік зеңге қарсы әсер, Сryрtососсus пеоfоrтаns бассүйекішілік инфекциясы кезінде өзара әрекеттесудің болмауы және A. fumigatus жүйелі инфекциясы кезінде екі препараттың антагонизмі. Бұл зерттеулердің барысында алынған нәтижелердің клиникалық мәні белгісіз.
• Антикоагулянттар - флуконазол, триазолдың зеңге қарсы басқа да туындылары сияқты, кумаринді антикоагулянттардың тиімділігін (протромбин уақытын, мысалы, варфаринде 2 есе арттырады) және ішкі қан кетулердің даму қаупін арттырады. Кумаринді антикоагулянттарды қабылдап жүрген пациенттерде емдеу кезінде және бір мезгілде қолданудан кейін 8 күн бойы протромбин уақытын үнемі бақылап отыру қажет.
• Әсері қысқа бензодиазепиндер (мидазолам, триазолам) – флуконазол мидазоламның және триазоламның қандағы концентрацияларын арттырып, олардың психомоторлы әсерлерін күшейтеді. 200 мг доза флуконазолды және 7,5 мг доза мидазоламды бір мезгілде қабылдау мидазоламның фармакокинетикалық қисық астындағы ауданын 3,7 есе және жартылай шығарылу кезеңін 2,2 есе арттырды. 200 мг доза флуконазолды және 0,25 мг доза триазоламды бір мезгілде қабылдау триазоламның фармакокинетикалық қисық астындағы ауданын 4,4 есе және жартылай шығарылу кезеңін 2,3 есе арттырды.
• Карбамазепин - флуконазол карбамазепиннің метаболизмін тежеп, оның қан плазмасындағы концентрациясын 30 %-ға дейін арттырды және жағымсыз әсерлерін күшейтті.
• Кальций өзекшелерінің блокаторлары – флуконазол CYP3A4 изоферментінің қатысуымен метаболизденетін кальций өзекшелерінің бірқатар блокаторларының (нифедипин, исрадипин, амлодипин, верапамил, фелодипин) потенциальді тежегіші болып табылады, олардың қандағы концентрацияларын және емдік әсерін арттырады.
• Целекоксиб – тәулігіне 200 мг доза флуконазолды және 200 мг доза целекоксибті бір мезгілде қолданғанда целекоксибтің қандағы ең жоғары концентрациясы және фармакокинетикалық қисық астындағы ауданы, сәйкесінше, 68 %-ға және 134 %-ға жоғарылады. Флуконазол мен целекоксибті бір мезгілде тағайындау қажет болғанда целекоксибтің дозасын 2 есе төмендету ұсынылады.
• Циклофосфамид – флуконазолмен бір мезгілде қолданғанда қандағы билирубиннің және креатининнің концентрациясы жоғарылайды.
• Фентанил – флуконазол фентанилдің элиминациясын бәсеңдетіп, оның жағымсыз әсерлерін тыныстың тоқтап қалуына дейін күшейтеді.
• ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері – флуконазол қанда CYP3A4 изоферментінің (аторвастатин, симвастатин) және CYP2C9 қатысуымен (флувастатин) метаболизденетін ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерінің концентрациясын арттырып, олардың жағымсыз әсерлерін күшейтеді. Флуконазолды және ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерін бір мезгілде тағайындау қажет болғанда миопатия немесе рабдомиолиз симптомдарының пайда болуын, қандағы креатинкиназаның белсенділігін бақылаған жөн. Пациенттерге флуконазол мен лозартанды бір мезгілде тағайындағанда артериялық қысымға мониторинг жүргізу қажет.
• Ибрутиниб - орташа CYP3A4 тежегіштері, мысалы, флуконазол, қан плазмасындағы ибрутиниб концентрациясын жоғарылатады және уыттылық қаупін арттыруы мүмкін. Егер препарттарды біріктіріп қолданудан аулақ болу мүмкін болмаса, тежегішті қолдану кезеңінде ибрутиниб дозасын тәулігіне бір рет (2 капсула) 280 мг-ға дейін азайту және мұқият клиникалық бақылауды қамтамасыз ету қажет.
• Иммуносупрессорлар (мысалы, циклоспорин, эверолимус, сиролимус және такролимус).
• Циклоспорин - флуконазол циклоспориннің концентрациясы мен АUС елеулі түрде жоғарылатады. Флуконазолды тәулігіне 200 мг дозада және циклоспоринді тәулігіне 2,7 мг/кг дозада бір мезгілде қолданған кезде циклоспориннің АUС 1,8 есе ұлғайғаны байқалған. Бұл препараттарды циклоспориннің дозасын оның концентрациясына байланысты азайтқан жағдайда ғана бір мезгілде қолдануға болады.
• Эверолимус - in vitro және in vivo зерттеулері жүргізілмегенмен флуконазол қан плазмасындағы эверолимустың концентрациясын CYP3А4 бәсеңдетуге байланысты жоғарылатуы мүмкін.
• Сиролимус - флуконазол сиролимус метаболизмін, сірә, СYР3А4 ферментімен және Р-гликопротеинмен бәсеңдету арқылы, қан плазмасындағы сиролимустың концентрациясын жоғарылатуы ықтимал. Бұл препараттарды сиролимустың дозасын концентрация деңгейіне және препараттың әсерлеріне байланысты түзеткен жағдайда ғана бір мезгілде қолдануға болады.
• Такролимус - флуконазол такролимусты ішу арқылы қабылдаған кезде такролимустың метаболизмін СYР3А4 ферментімен ішекте бәсеңдету арқылы оның қан плазмасындағы концентрациясын 5 есе жоғарылатуы мүмкін. Такролимусты в/і қолданған кезде фармакокинетиканың мардымды өзгерістері байқалған жоқ. Такролимус деңгейлерінің жоғарылығы нефроуыттылықпен астасады. Ішуге арналған такролимус дозасын такролимустың концентрациясына байланысты төмендету керек.
• Лозартан - флуконазол лозартанның метаболизмін оның белсенді метаболитіне дейін (Е-3174) бәсеңдетеді, бұл лозартанды қолданған кездегі ангиотензин II рецепторларына антагонизмнің үлкен бөлігінен туындайды. Пациенттердің АҚ ұдайы мониторинг жүргізу ұсынылады.
• Метадон - флуконазол метадонның қан сарысуындағы концентрациясын жоғарылатуы мүмкін.
• Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП)
• Флуконазолмен бір мезгілде қолданғанда флурбипрофеннің Cmax және AUC мәндері, тек флурбипрофенді ғана қолданған кездегі осындай көрсеткіштермен салыстырғанда, сәйкесінше, 23 %-ға және 81 %-ға жоғарылады. Осыған ұқсас, флуконазолды рацемиялық ибупрофенмен (400 мг) бір мезгілде қолданғанда фармакологиялық тұрғыдан белсенді изомердің S-(+)-ибупрофен Cmax және AUC мәндері, тек рацемиялық ибупрофенді ғана қолданған кездегі көрсеткіштермен салыстырғанда, сәйкесінше, 15 %-ға және 82 %-ға жоғарылады.
• Флуконазол CYP2C9 метаболизденетін басқа ҚҚСП (мысалы, напроксен, лорноксикам, мелоксикам, диклофенак) жүйелі экспозициясын арттыруға потенциальді түрде қабілетті. ҚҚСП-пен байланысты жағымсыз реакцияларға және уыттылық көріністерге мезгіл-мезгіл мониторинг жасау ұсынылады. ҚҚСП дозасын түзету қажет етілуі мүмкін.
• Фенитоин – флуконазол қанда фенитоинның концентрациясын арттырып, жағымсыз әсерлердің даму қаупін ұлғайтады. 200 мг доза флуконазолды және вена ішіне енгізілетін 250 мг доза фенитоинды бір мезгілде қабылдау қанда фенитоинның ең жоғары концентрациясының және фармакокинетикалық қисық астындағы ауданының, сәйкесінше, 128 %-ға және 75 %-ға артуына әкелді.
• Преднизон - бауыр трансплантациясынан кейін преднизон қабылдаған пациентте флуконазолмен емдеуді аяқтағаннан кейін 3 айдан соң бүйрекүсті безі қыртысының жедел жеткіліксіздігінің дамығаны жөнінде мәлімдеме бар. Флуконазолмен және преднизонмен ұзақ емделіп жүрген пациенттерде флуконазолмен емдеуді аяқтағаннан кейін бүйрекүсті безі қыртысының функциясына мұқият мониторинг жүргізген жөн.
• Рифабутин - флуконазол қанда рифабутиннің концентрациясын жоғарылатып, оның фармакокинетикалық қисық астындағы ауданын 80 %-ға арттырады және жағымсыз әсерлерінің даму қаупін ұлғайтады (бір мезгілде қолданғанда увеит жағдайларының болғаны сипатталған).
• Саквинавир - флуконазол қанда саквинавирдің ең жоғары концентрациясын және фармакокинетикалық қисық астындағы ауданын, сәйкесінше, 50 %-ға және 55 %-ға арттырады.
• Сульфонилмочевина туындылары – флуконазол дені сау еріктілерде сульфонилмочевина туындыларының (хлорпропамид, глибенкламид, глипизид және толбутамид) жартылай шығарылу кезеңін ұзартады, бұл қандағы глюкоза концентрациясына мониторинг жүргізуді және қажет болғанда гипогликемиялық дәрілердің дозасын түзетуді қажет етеді.
• Теофиллин – 14 күн бойы 200 мг доза қабылдаған кезде флуконазол теофиллиннің клиренсін 18 %-ға төмендетті, бұл теофиллиннің жағымсыз әсерлерінің күшею қаупін арттыруы мүмкін.
• Қабіршөп алкалоидтары – флуконазолды қабылдау аясында қандағы винкристин және винбластин концентрациялары жоғарылауының потенциальді қаупі бар.
• А дәрумені - трансретин қышқылы (А дәруменінің қышқылдық түрі) және флуконазолды бір мезгілде қолданған пациентте ОЖЖ тарапынан мидың жалған туморы түріндегі жағымсыз реакциялар байқалғаны хабарланған, ол флуконазолды тоқтатқаннан кейін жойылған. Бұл дәрілік заттарды бір мезгілде қолдануға болады, бірақ ОЖЖ тарапынан жағымсыз реакциялардың пайда болу қаупін есте ұстау керек.
• Вориконазол (CYP2C9, CYP2C19, CYP3A4 изоферменттерінің тежегіші) - вориконазолды (1 күн 400 мг, кейінгі күндері әрбір 12 сағат сайын 200 мг 2,5 күн) және флуконазолды (1 күн 400 мг, содан кейін 4 күн бойы 200 мг) бір мезгілде пероральді түрде қабылдау дені сау еріктілерде қандағы вориконазолдың концентрациясын орта есеппен 57 %-ға арттырды. Бірге қолдану қажет болған кезде вориконазолды флуконазолдан кейін тағайындау ұсынылады.
• Зидовудин - флуконазол қандағы зидовудиннің концентрациясын арттырып, жағымсыз әсерлердің даму қаупін ұлғайтады. Флуконазолды зидовудинмен бір мезгілде қабылдау зидовудиннің ең жоғары концентрациясын және фармакокинетикалық қисық астындағы ауданын, сәйкесінше, 84 %-ға және 74 %-ға арттырды, оның клиренсін 45 %-ға төмендетті, жартылай шығарылу кезеңін 128 %-ға ұзартты.
• Азитромицин - азитромицин мен флуконазолдың бір-бірінің фармакокинетикасына ықпалына 18 дені сау еріктіде баға берген кезде оларды 1200 мг және 800 мг дозаларда бір мезгілде бір рет пероральді қолданғанда маңызды фармакокинетикалық әрекеттесулер анықталмады.
• Ішуге арналған контрацептивтер - 200 мг-ге дейінгі дозадағы флуконазол пероральді түрде қолданылатын, ұрықтануға қарсы біріктірілген дәрілердің тиімділігіне елеулі ықпалын тигізген жоқ, ал 200 мг флуконазолды күн сайын қабылдағанда этинилэстрадиолдың және левоноргестрелдің фармакокинетикалық қисық астандағы ауданы, сәйкесінше, 40 %-ға және 24 %-ға артты. 300 мг флуконазолды аптасына 1 рет қабылдағанда этинилэстрадиолдың және норэтиндронның фармакокинетикалық қисық астандағы ауданы, сәйкесінше, 24 %-ға және 13 %-ға артты.
• Ивакафтор – флуконазол қанда ивакафтордың CFTR-потенциаторының концентрациясын 3 есеге дейін, сондай-ақ оның метаболиті гидроксиметил-ивакафтордың концентрациясын арттырады.