Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Капсулы
Дозасы
50 мг
Саудалық атауы
Флуконазол -ТК
Әсер етуші зат
Флуконазол
Мақсаты
Жедел немесе қайталанған қынаптық кандидозды (жергілікті ем қолданылмайтын кезде)
Өндіруші
ТК Фарм Актобе
Ел
Казахстан
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір капсуланың құрамында:
белсенді зат –флуконазол, 150 мг
қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, төмен молекулярлы медициналық поливинилпирролидон, кальций стеараты.
капсула қабығының құрамы:
корпусы: титанның қостотығы (Е 171), қызыл қанқызыл (Е 124), желатин.
қақпағы: темірдің қара тотығы (Е 172), желатин.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Корпусы қызғылт түсті және қақпағы қара түсті, өлшемі №2, қатты желатинді капсулалар.
Капсуланың ішінде – ақ немесе ашық сары реңді ақ түсті ұнтақ.
Флуконазол-ТК ересектердегі мынадай ауруларды емдеуге қолданылады:
• жедел немесе қайталанған қынаптық кандидозды (жергілікті ем қолданылмайтын кезде);
• кандидоздық баланитті (жергілікті ем қолданылмайтын кезде);
Ем өсірінділік зерттеу және басқа зертханалық зерттеулердің нәтижелері алынғанға дейін басталуы мүмкін, бірақ осы нәтижелер алынғаннан кейін зеңге қарсы ем тиісті түрде түзетілуі керек.
Зеңге қарсы дәрілерді дұрыс пайдалану туралы ресми нұсқауларды ескеру қажет.
Әсер ету механизмі
Флуконазол - зеңге қарсы триазол тобындағы дәрі. Оның негізгі әсер ету механизмі зеңдік Р - 450 цитохромы негіз болған зеңдердегі эргостерол биосинтезінің негізгі кезеңі болып табылатын 14 - альфа - ланостеролдың деметилдену реакциясын бәсеңдетуге негізделеді. 14 - альфа - метилстеролдардың жинақталуы зеңдердің жасуша жарғақшасы құрамына кіретін эргостеролдың келесі жоғалуымен өзара байланысты; бұл процесс флуконазолдың зеңге қарсы әсерінің негізінде жатыр. Флуконазолдың Р - 450 цитохромына тәуелді зең ферменттеріне қатысты спецификалылығы жоғары. Флуконазол түрлі сүтқоректілердің P - 450 цитохромы жүйесінің әртүрлі изоферменттеріне қатысты алғандағыға қарағанда, зеңдердің Р - 450 цитохромы жүйесінің изоферменттеріне қатысты едәуір іріктелгендігі анықталды.
Тәулігіне 50 мг флуконазолмен 28 тәулікке дейінгі уақыт бойы емдеу ерлердің плазмасындағы тестостерон концентрациясына немесе бала тууға қабілетті жастағы әйелдерде стероидтар концентрациясына әсер еткен жоқ. Флуконазол тәулігіне 200 - 400 мг дозада эндогендік стероидтардың деңгейіне және дені сау ер адамдардағы АКТГ стимуляциялаған реакцияға клиникалық маңызды әсер етпейді. Антипиринмен өзара әрекеттесуге жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, флуконазолды 50 мг дозада бір рет қабылдау да, бірнеше рет қабылдау да оның метаболизміне әсер етпейді.
In vitro сезімталдығы
in vitro зерттеулерде флуконазол клиникалық тәжірибеде таралған Candida (C. albicans, C. parapsilosis, C. tropicalis қоса) зең түрлеріне қатысты зеңге қарсы белсенділік танытады. C. glabrata флуконазолға төмен сезімталдықты көрсетеді, ал C. krusei және C. auris флуконазолға төзімді болып келеді. Флуконазолдың ең аз тежеуші концентрациясы (ЕТК) және эпидемиологиялық кесу мәні (ECOFF) C. albicans-қа қарағанда C. guilliermondii үшін жоғары.
Сонымен қатар флуконазол in vitro Cryptococcus neoformans және Cryptococcus gattii-ге қатысты, сондай-ақ эндемиялық Blastomyces dermatiditis, Coccidioides immitis, Histoplasma capsulatum және Paracoccidioides brasiliensis зеңдеріне қарсы белсенділік танытты. Фармакокинетикалық-фармакодинамикалық тәуелділік
Жануарларға жүргізілген зерттеулерде Candida тектес зеңдерден туындаған эксперименттік микоздарға қатысты ЕТК мәндері мен тиімділік арасындағы байланыс анықталды. Клиникалық зерттеулерде флуконазолдың AUC мен дозасы арасында 1:1 дозаға тәуелді қатынас орын алды. AUC көрсеткіші немесе дозасы мен ауыз қуысының кандидозының сәтті клиникалық жауабы және терапияға аз дәрежеде кандидемия арасында тікелей, бірақ толық емес байланыс бар. Ұқсас емдеу әдісі флуконазолдың жоғары ЕТК штаммдарынан туындаған инфекцияларды емдеу үшін аз дәрежеде қолайлы.
Резистенттіліктің даму механизмі
Candida тектестердің өкілдерінен азолдар тобының микозға қарсы дәрілерінің әсеріне қарсы бірқатар қорғаныс механизмдері анықталды. Мұндай резистенттілік механизмдерінің біреуін немесе бірнешеуін өндіретін зеңдік штаммдар үшін флуконазолдың ЕТК артқан, бұл in vivo зерттеулерде және клиникалық жағдайларда препараттың тиімділігіне теріс әсер етеді.
Әдетте флуконазолға сезімтал Сandida түрлерінде резистенттілік қалыптасуының ең жиі кездесетін механизмі эргостеролдың биосинтезіне жауап беретін азолды қосылыстарға әсер ететін мақсатты ферменттер болып табылады. Резистенттілік мутация, ферменттің жоғары өндірілуі, дәрілік заттың эффлюкс механизмдері немесе метаболизмдік жолдардың қалыптасуы нәтижесінде дамуы мүмкін.
C. albicans-тен басқа Candida түрлерімен суперинфекция туралы хабарламалар болды, олар көбінесе бастапқыда флуконазолға төмен сезімталдыққа ие (C. glabrata) немесе төзімді (мысалы, C. krusei, C. auris) болды. Мұндай инфекциялар зеңге қарсы баламалы емді талап етуі мүмкін. C. kruseiсияқты флуконазолға табиғи резистенттілігі бар немесе C. auris сияқты жақында пайда болған Candida-ның кейбір түрлері үшін резистенттілік механизмдері толығымен айқын емес.
EUCAST сезімталдығының шекаралық мәндері
Фармакокинетикалық /фармакодинамикалық (ФК/ФД) деректерді талдау, in vitro сезімталдық және клиникалық жауап негізінде, EUCASTAFST (Микроорганизмдердің бактерияға қарсы дәрілерге сезімталдығын анықтау жөніндегі еуропалық комитет – зеңдердің зеңге қарсы препараттарға сезімталдығын анықтау жөніндегі қосалқы комитет) Candidaтектес түрлер үшін флуконазолға сезімталдықтың шегін анықтады («EUCAST Fluconazole rational document құжаты (2020 ж.)» – редакция 3); Микроорганизмдердің бактерияға қарсы дәрілерге сезімталдығын анықтау жөніндегі еуропалық комитет, зеңге қарсы препараттар, ЕТК түсіндіру үшін шекаралық мәні бар кестелер, 10.0 редакция, 04.02.2020 ж. бастап жарамды). Шекті мәндер түрлерге қатысы жоқтар, олар көбінесе ФК/ФД деректері негізінде анықталды және нақты түрлер үшін ЕТК таралуына тәуелді емес және адамдарда инфекцияларды неғұрлым жиі тудыратын түрлермен байланыстылар деп бөлінді. Бұл шекті мәндер төменде кесте түрінде ұсынылған.
Зеңге қарсы препараттар — Қоздырғыштың түріне байланысты болатын сезімталдық шектері (С</Р>) мг/л — Түрге байланысты емес сезімталдық шектері А Ч</Р> мг/л
Candida albicans — Candidadubliniensis — Candida glabrata — Candida krusei — Candida parapsilosis — Candida tropicalis
Флуконазол — 2/4 — 2/4 — 0,001*/16 — — — 2/4 — 2/4 — 2/4
С — сезімтал; Р — резистентті.
А — қоздырғыштың түріне байланысты емес сезімталдық шектері, көбінесе ФК/ФД деректері негізінде анықталды және нақты түрлер үшін ЕТК таралуына тәуелді емес. Олар спецификалық шектік мәні жоқ организмге ғана қолдануға арналған.
Сызық – сезімталдығына сынақ жүргізу ұсынылмайды, өйткені бұл түрі аталған дәрілік препаратпен емге көне бермейді.
* — C. glabrata барлық штамдары «Ж» санатына жатады. C. glabrata үшін 16 мг/л-ден астам ЕТК мәндерін резистенттілік мәндері ретінде түсіндіру керек. Сезімталдық санаты (≤0,001 мг/л) «Ж» штаммдарын «С» штаммдарына қате жатқызуды болдырмау үшін ғана ұсынылған. «Ж» — сезімтал, жоғары әсер: микроорганизм емдеудің сәтті болу ықтималдығы жоғары болған кезде « сезімтал, жоғары әсер» ретінде жіктеледі, өйткені заттың әсері оның дозалау режимін немесе оның инфекция орнындағы концентрациясын түзету нәтижесінде жоғарылайды.
Дозалау режимі
Ересектерде қолдану
Бір реттік доза 150 мг
Егде жастағы пациенттер
Бүйрек функциясы бұзылуының белгілері жоқ болса, препаратты әдеттегі дозасында тағайындайды.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Флуконазол өзгермеген әсер етуші зат түрінде негізінен несеппен бірге шығады. Бір рет қабылдағанда дозасын өзгерту қажет емес.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Флуконазол препаратын бауыр функциясы бұзылған пациенттерде қолдану жөніндегі деректер шектеулі, сондықтан мұндай пациенттерде бұл препаратты сақтықпен қолдану керек
Енгізу әдісі мен жолы
Флуконазол-ТК ішке қабылдау арқылы, ашпай және шайнамай, тамақ ішуге байланыссыз қабылдайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерден кеңес алу бойынша ұсынымдар
Бүкіл қосымша парақты мұқият оқып шығыңыз. Егер Сізге дәрілік препаратты қолдану тәсілі түсініксіз болса, медицина қызметкерінің кеңесіне жүгінуді ұсынамыз.
- әсер етуші затқа, немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- флуконазол тәулігіне 400 мг және одан көп дозаларда бірнеше рет қолдану кезінде терфенадинді бір мезгілде қабылдау
- QT аралығын ұзартатын және Р450 CYP3A4 цитохромы арқылы метаболизденетін цизаприд, астемизол, пимозид, хинидин және эритромицин сияқты дәрілік препараттарды бір мезгілде қабылдау
- жүктілік және бала емізу кезеңі
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Жиі
- бас ауыруы
- іштің ауыруы, құсу, диарея, жүректің айнуы
- аланинаминотрансфераза (АЛТ) деңгейінің ұлғаюы, аспартатаминотрансфераза (АСТ) деңгейінің жоғарылауы, қандағы сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауы
- бөртпе
Жиі емес
- анемия
- тәбеттің төмендеуі
- ұйқышылдық, ұйқысыздық
- құрысулар, парестезия, бас айналу, дәм сезудің өзгеруі
- бас айналу
- іш қату, диспепсия, метеоризм, ауыздың құрғауы
- холестаз, сарғаю, билирубин деңгейінің жоғарылауы
- дәрілік бөртпе*, есекжем, қышыну, шамадан тыс терлеу
- миалгия
- қажу, дімкәстану, астения, қызба
Сирек
- агранулоцитоз, лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения
- анафилаксия
- гиперхолестеринемия, гипертриглицеридемия, гипокалиемия
- тремор
- «пируэт» типті қарыншалық тахикардия, QT аралығының ЭКГ-ға
- бауыр жеткіліксіздігі, гепатоцеллюлярлы некроз, гепатит, гепатоцеллюлярлы зақымданулар
- уытты эпидермалық некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, жайылған жедел экзантематозды пустулез, эксфолиативті дерматит, беттің ісінуі, алопеция
* тұрақты дәрілік бөртпелерді қоса
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, диарея, аса ауыр жағдайларда — құрысулар. Елестеулер және параноидальді мінез-құлықтың ілеспе жағдайлары туралы хабарланды.
Емі: асқазанды шаю, симптоматикалық ем
Бүйрек функциясының бұзылуы: флуконазол препаратын бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек.
Бүйрекүстібезі функциясының жеткіліксіздігі: кетоконазолдың бүйрекүстібезі функциясының жеткіліксіздігін туындататыны белгілі және бұл сирек жағдайларда флуконазолды қолданған кезде байқалуы мүмкін. Преднизонмен бір мезгілде емдеген кездегі бүйрекүстібезі қыртысының жеткіліксіздігіне қатысты ақпаратты «Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі» бөлімінен қараңыз.
Бауыр және өт шығару жолдары функциясының бұзылуы: флуконазол препаратын бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.
Сирек жағдайларда флуконазолды қолдану, негізінен күрделі қатарлас аурулары бар пациенттерде ауыр, соның ішінде өлімге соқтыратын гепатоуыттылықпен қатар жүреді. Флуконазолмен байланысты гепатоуыттылық жағдайларында жалпы тәуліктік дозасымен, емдеу ұзақтығымен, пациенттердің жынысымен немесе жас шамасымен қандай-да бір айқын өзара байланысы байқалған жоқ. Флуконазолдың гепатоуыттылығы әдетте қайтымды сипатта болды және емдеуді тоқтатқаннан кейін басылып отырды.
Бауыр функциясының зертханалық көрсеткіштерінің ауытқулары бар пациенттер флуконазолмен емдеу кезінде бауырдың аса ауыр зақымданулары дамуының алдын алу мақсатында тұрақты қадағалауда болуы тиіс.
Емдеуші дәрігер пациенттерді бауыр үшін ауыр салдарлардың симптомдары (астения, анорексия, тұрақты түрде жүрек айну, құсу және сарғаю) туралы хабардар етуі тиіс. Флуконазолды қабылдауды дереу тоқтату, ал пациент дәрігерге қаралуы керек.
Жүрек-қантамыр жүйесі: кейбір азолдар, оның ішінде флуконазол да, электрокардиограммада QТ аралығының ұзаруымен астасады. Флуконазолды қолданған кезде QТ аралығы ұзаруының және «пируэт» типті пароксизмдік қарыншалық тахикардияның өте сирек жағдайлары туралы хабарланған. Мұндай хабарлар жүректің құрылымдық аурулары, электролиттік алмасудың бұзылуы және QТ аралығына ықпал ететін басқа дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану сияқты маңызды қауіп факторлары бар ауыр науқасты пациенттерге қатысты болды.
Препаратты аритмияның даму қаупі бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек. QТс аралығын ұзартатын және Р450 цитохромының СYР3А4 ферментінің көмегімен метаболизденетін дәрілік заттармен бір мезгілде қолдануға болмайды.
Галофантрин: галофантрин СYР3А4 ферментінің субстраты болып табылады және ұсынылған емдік дозаларда қолданған кезде QТс аралығын ұзартады. Галофантрин мен флуконазолды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Дерматологиялық реакциялар: флуконазолды қолданғанда Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермалық некролиз сияқты эксфолиативтік тері реакцияларының дамуы туралы сирек хабарланған. ЖИТС-пен ауыратын пациенттер көптеген дәрілік заттарды қолданған кезде ауыр тері реакцияларының дамуына неғұрлым бейім болады. Егер беткейлік зеңдік инфекциялы пациентте флуконазолды қолданумен астасуы мүмкін бөртпелер пайда болса, препаратты әрі қарай қабылдауды тоқтату керек. Егер инвазиялық/жүйелі зеңдік инфекциялы пациентте терідегі бөртпелер пайда болса, оның жай-күйін мұқият бақылау керек, ал буллездік бөртпелер дамыған жағдайда немесе мультиформалы эритемада флуконазолды қолдануды тоқтату қажет.
Аса жоғары сезімталдық: сирек жағдайларда анафилаксиялық реакциялардың дамығаны туралы хабарланған.
Р450 цитохромы: флуконазол СYР2С9 ферментінің күшті тежегіші және СYР3А4 ферментінің орташа тежегіші болып табылады. Сондай-ақ флуконазол СYР2С19 ферментінің де тежегішіне жатады. Флуконазолды және СYР2С9, СYР2С19 және СYР3А4 қатысуымен метаболизденетін емдік аясы тар препараттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттердің жай-күйін бақылау керек.
Терфенадин: терфенадин мен флуконазолды тәулігіне 400 мг-ден аз дозада бір мезгілде қолданған кезде пациенттің жай-күйін мұқият бақылау керек.
Кандидоз: зерттеулер C. albicans-тен басқа Candida түрлері туындатқан инфекциялардың таралуының көбейіп жатқанын көрсетті. Олар көбінесе табиғаты бойынша тұрақты (мысалы, C. krusei және C. auris) немесе флуконазолға төмен сезімталдықты көрсетеді (C. glabrata). Ондай инфекциялар емдеудің тиімсіздігіне байланысты зеңге қарсы баламалы емді талап етуі мүмкін. Сондықтан дәрігерлерге Сandida әртүрлі түрлерінің флуконазолға төзімділігінің таралуын ескеру ұсынылады.
Қосымша заттар: капсулалардың құрамында лактоза маногираты бар. Галактозаның сирек тұқым қуалайтын жақпаушылығы, лактазаның жалпы тапшылығы немесе глюкоза мен галактозаның мальабсорбция синдромы бар пациенттерге осы дәрілік препаратты қабылдауға болмайды.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
Балалар
Препарат балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолдануға арналмаған.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Автокөлікті басқарғанда немесе техниканы пайдаланғанда сақ болған жөн, өйткені бас айналу немесе құрысулар пайда болуы мүмкін.
Егер сіз жүкті болсаңыз немесе бала емізетін болсаңыз, жүкті болып қалуым мүмкін деп ойласаңыз немесе балалы болуды жоспарласаңыз, бұл дәріні қабылдамас бұрын дәрігеріңізбен немесе фармацевтпен ақылдасыңыз.
Егер сіз жүкті болуды жоспарласаңыз, жүкті болмас бұрын флуконазолды бір рет қабылдағаннан кейін бір апта күту ұсынылады.
Флуконазолмен емдеудің ұзағырақ курстарын жүргізген кезде өз дәрігеріңізбен емдеу кезінде тиісті контрацепцияның қажеттілігі туралы кеңесіп алыңыз, ол соңғы дозаны қабылдағаннан кейін бір апта бойы жалғасуы тиіс.
Егер сіз жүкті болсаңыз, жүкті болуыңыз мүмкін деп күдіктенсеңіз, жүкті болуға ұмтылып жүрсеңіз, егер тек дәрігеріңіз сізге бұл туралы айтпаса, Сізге флуконазол қабылдауға болмайды. Егер сіз осы дәріні қабылдау кезінде немесе соңғы дозаны қабылдағаннан кейін 1 апта ішінде жүкті болып қалсаңыз, дәрігерге жүгініңіз.
Жүктіліктің бірінші немесе екінші триместрі ішінде қабылданған флуконазол түсік тастау қаупін арттыруы мүмкін. Бірінші триместр ішінде қабылданған флуконазол туа біткен жүрек, сүйек және/немесе бұлшықет ақаулары бар сәбидің туу қаупін аздап арттыруы мүмкін.
Үш немесе одан да көп айлар бойы кокцидиоидомикоздан флуконазолдың жоғары дозаларын (күн сайын 400-800 мг) қабылдаған әйелдерде бас сүйегінің, құлақтың және жамбас пен шынтақ сүйектерінің туа біткен ақауларымен туған нәрестелер туралы хабарламалар түскен. Флуконазол мен осы жағдайлардың арасындағы байланыс түсініксіз.
• Сіз 150 мг флуконазолдың бір дозасын қабылдағаннан кейін бала емізуді жалғастыра беруіңізге болады.
• Егер сіз флуконазолдың бірнеше дозасын қабылдаған болсаңыз, бала емізбегеніңіз жөн.
• Егер Сіз төменде көрсетілген препараттардың қандай да біреуін қабылдап жүрсеңіз, жақында қабылдаған болсаңыз немесе қабылдауыңыз мүмкін болса, дәрігеріңізге немесе фармацевтке хабарлаңыз.
Егер Сіз астемизол, терфенадин (аллергияны емдеуге арналған антигистаминдік препараттар), цизаприд (асқазан бұзылыстарын емдеуге арналған препарат), пимозид (психикалық ауруларды емдеуге арналған препарат), хинидин (жүрек аритмиясын емдеуге арналған препарат) немесе эритромицин (инфекцияларды емдеуге арналған антибиотик) қабылдап жүрсеңіз, өз дәрігеріңізге дереу хабарлаңыз, өйткені оларды флуконазолмен бірге қолдануға болмайды.
Кейбір дәрілік препараттар флуконазолмен өзара әрекеттесуі мүмкін. Егер Сіз төменде көрсетілген препараттарды қабылдап жүрсеңіз, Сіздің дәрігеріңіз бұл туралы білетініне көз жеткізіңіз, өйткені дәрі-дәрмектердің әлі де қажетті әсері бар екендігіне көз жеткізу үшін дозаны түзету немесе бақылау қажет болуы мүмкін:
• рифампицин немесе рифабутин (инфекцияны емдеуге арналған антибиотиктер)
• аброцитиниб (атопиялық экзема ретінде де белгілі атопиялық дерматитті емдеу үшін қолданылады)
• альфентанил, фентанил (анестетик ретінде қолданылады)
• амитриптилин, нортриптилин (антидепрессант ретінде қолданылады)
• амфотерицин В, вориконазол (зеңге қарсы препараттар)
• тромбтардың түзілуін болдырмау үшін қанды сұйылтатын дәрілік препараттар (варфарин немесе сол сияқты дәрілік препараттар)
• ұйқысыздықты немесе үрейленуді емдеуге арналған бензодиазепиндер (мидазолам, триазолам немесе ұқсас препараттар)
• карбамазепин, фенитоин (эпилепсиялық ұстамаларды емдеуге арналған препараттар)
• нифедипин, исрадипин, амлодипин, верапамил, фелодипин және лозартан (артериялық гипертензияны – артериялық қысымның жоғарылауын емдеуге арналған препараттар)
• олапариб (аналық бездердің обырын емдеуге арналған препарат)
• циклоспорин, эверолимус, сиролимус немесе такролимус (трансплантаттың ажырауын болдырмауға арналған препараттар)
• қатерлі жаңа түзілімдерді емдеуге қолданылатын циклофосфамид, қабыршөп алкалоидтары (винкристин, винбластин немесе соған ұқсас препараттар)
• галофантрин (безгекті емдеуге арналған препарат)
• холестериннің жоғары деңгейін төмендетуге қолданылатын статиндер (аторвастатин, симвастатин және флувастатин немесе соған ұқсас препараттар)
• метадон (ауырғанды басатын препарат)
• целекоксиб, флурбипрофен, напроксен, ибупрофен, лорноксикам, мелоксикам, диклофенак (қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер (ҚҚСД))
• пероральді контрацептивтер
• преднизон (стероид)
• зидовудин, AZT деп те аталады, саквинавир (АИТВ-инфекцияланған пациенттерді емдеуге арналған препараттар)
• хлорпропамид, глибенкламид, глипизид немесе толбутамид сияқты диабетті емдеуге арналған дәрілік препараттар
• теофиллин (демікпені бақылауға арналған препарат)
• тофацитиниб (ревматоидты артритті емдеуге арналған препарат)
• толваптан (гипонатриемияны емдеуге арналған (қандағы натрийдің төмен деңгейі) немесе бүйрек функциясының төмендеуін бәсеңдетуге арналған препарат)
• А дәрумені (биологиялық белсенді қоспа)
• ивакафтор (монотерапия түрінде немесе муковисцидозды емдеуге арналған басқа препараттармен біріктіріп қолданылатын препарат)
• амиодарон («аритмия» деп аталатын жүрек қағысының ырғақсыздығын емдеуге арналған препарат)
• гидрохлоротиазид (диуретик)
• ибрутиниб (қанның қатерлі ісіктерін емдеуге арналған препарат)
• луразидон (шизофренияны емдеуге арналған препарат).
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.