Өте жиі
• бас ауыру
• шаршау, астения
• диарея, жүрегі айну
• ұйқысыздық, таңертең ерте ояну, ұйықтаудың бұзылуы, түн ортасында ұйқының бұзылуы.
Жиі
• үрей, күйгелектік, мазасыздық, кернеулілік, либидоның төмендеуі, либидоның жоғалуы, ұйқының бұзылуы, қалыптан тыс түс көру, жаман түс көру
• зейіннің бұзылуы, бас айналу, дисгевзия, летаргия, ұйқышылдық, гиперсомния, әлсіздік, діріл
• көрудің бұлыңғырлануы
• жүрегі соғу
• гиперемия, қан кернеу
• есінеу
• құсу, диспепсия, ауыздың құрғауы
• эритеманы, қабыршақтану, тербөртпе, эритематозды бөртпені, фолликулярлық бөртпені, жайылған бөртпені, макулезді бөртпені, макулезді-папулезді бөртпені, қызылша тәрізді бөртпені, папулезді бөртпені, қышынған бөртпені, везикулезді бөртпені, умбиликальді бөртпені, есекжемді, пруритті (қышыну), гипергидрозды қоса бөртпе
• артралгия
• кіші дәретке жиі шығу, поллакиурия
• жатыр мойнынан қан кетуді, жатыр дисфункциясын, жатырдан қан кетуді, жыныс мүшелеріне қан кетуді, менометроррагияны, меноррагияны, метроррагияны, полименореяны, постменопаузадан кейінгі қан кетуді, қынаптан қан кетуді, эрекцияның дисфункциясын, эякуляцияның бұзылуын, эякуляторлық дисфункцияны, мерзімінен бұрын эякуляцияны, эякуляцияның тежелуін, ретроградтық эякуляцияны қоса эякуляцияның бұзылуын қоса алғанда, гинекологиялық қан кетулер
• үрей сезімі, суықтау
• салмақ жоғалту
Жиі емес
• тәбеттің төмендеуі, анорексия
• өзін өзі танымау, көңіл-күйдің жоғарылауы, эйфория жағдайы, қалыпты емес ойлау, қалыпты емес оргазм, аноргазмия, бруксизм, суицидтік ойлар және суицидтік мінез-құлық, соның ішінде өзін-өзі өлтіру, суицидтік ойлармен депрессия, қасақана өзін-өзі зақымдау, өзін-өзі зақымдау туралы ойлар, суицидтік мінез-құлық, суицид туралы ойлар, өзін-өзі өлтіру әрекеті, зиянды ойлар, мүшені зақымдайтын мінез-құлық. Бұл симптомдар негізгі аурудан туындауы мүмкін.
• психомоторлық гипербелсенділік, дискинезия, атаксия, тепе-теңдіктің бұзылуы, миоклонус, еске сақтаудың нашарлауы
• мидриаз (үлкейген қарашық)
• артериялық қысымның төмендеуі (гипотензия)
• ентігу, эпистаксис (мұрыннан қан кету)
• құлақтың шулауы
• дисфагия, асқазан-ішектен қан кету, гингивальді қан кету, гематемезис, гематохезия, геморрагиялық диарея, мелена және асқазан ойықжарасы кезінде қан кету
• аллопеция, көгеруге жоғары бейімділік, суық тер
• бұлшықет құрысуы
• дизурия
• сексуальдық дисфункция
• жалпы әлсіздік сезімі, қалыптан тыс сезім, суық сезімі, ыстық сезімі
• трансаминаза, гамма-глутамилтрансфераза көрсеткіштерінің ұлғаюы
Сирек
• тромбоцитопения, нейтропения, лейкопения
• анафилаксиялық реакция, сарысу құю ауруы
• антидиуретикалық гормонның дұрыс емес секрециясы
• гипонатриемия флуоксетин қабылдауды тоқтатқаннан кейін қайтымды болды. Кейбір жағдайларда бұл антидиуретикалық гормонның тиісті секрецияланбауынан туындауы мүмкін. Хабарламалардың көпшілігі егде жастағы пациенттерге, диуретиктермен емделген немесе басқа себептер бойынша аштықтан зардап шегетін пациенттерге қатысты болды.
• гипомания, мания, елестеулер, шекті толқу, үрей ұстамасы, шатасқан сана, дисфемия
• конвульсиялар, акатизия, буккоглоссальды синдром, серотонин синдромы
• қарыншалық аритмия, пируэтті қарыншалық тахикардияны қоса, электрокардиограмма: ұзартылған QT аралығы
• васкулит, вазодилятация
• фарингит, өкпе құбылыстары (әртүрлі гистопатологияның және/немесе фиброздың қабыну процестері, ателектаз, аралық өкпе ауруы, пневмония), кейде алдыңғы жалғыз симптом ретінде ентігу.
• өңештің ауыруы
• идиосинкразиялық гепатит
• Квинке ісінуі, экхимоз, фотосезімталдық реакциясы, пурпура, экссудативті эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальды некролиз (Лайелл синдромы)
• миалгия
• несеп шығарудың кідіруі, несеп шығарудың бұзылуы
• галакторея, гиперпролактинемия, приапизм
• шырышты қан кету
Белгісіз
- босанғаннан кейінгі қан кету *
⃰ Бұл көрініс SSRIs / SNRI емдік класс үшін тіркелген.
Жекелеген жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Өзін өзі өлтіру/суицидтік ойлар немесе клиникалық жағдайдың нашарлауы
Суицидтік ойлау және суицидтік мінез-құлық жағдайлары туралы флуоксетин көмегімен емдеу кезінде немесе емдеуді тоқтатқаннан кейін бірден хабарланған.
Сүйектердің сынуы
Негізінен 50 жастағы және одан асқан пациенттер арасында жүргізілген эпидемиологиялық зерттеулер СКҚТ және ТЦА қабылдайтын науқастарда сүйектің сыну қаупінің жоғарылағанын көрсетеді. Бұл қауіптің артуына әкелетін себептер анықталмаған.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz