Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Мазь для наружного применения
Дозасы
0.025 %
Саудалық атауы
Флуцинар®
Әсер етуші зат
Флуоцинолон ацетониді
Мақсаты
Флуцинар® жақпамай түрінде глюкокортикостероидтармен емдеуге сезімтал және қарқынды қышынумен немесе гиперкератозбен өтетін терінің жедел және ауыр, инфекция жұқтырмаған, қабыну…
Өндіруші
Фармзавод Jelfa А.О.
Ел
Польша
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір грамм жақпамайдың құрамында
белсенді зат – флуоцинолон ацетониді 0,25 мг
қосымша заттар: пропиленгликоль, лимон қышқылы, сусыз ланолин, ақ вазелин
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ немесе ақ түсті дерлік өзіне тән жеңіл иісті жартылай мөлдір майлы масса.
Флуцинар® жақпамай түрінде глюкокортикостероидтармен емдеуге сезімтал және қарқынды қышынумен немесе гиперкератозбен өтетін терінің жедел және ауыр, инфекция жұқтырмаған, қабыну ауруларын (құрғақ түрлері) қысқа мерзімде емдеуге арналған.
- себореялы дерматит
- атопиялық дерматит
- есекжем
- экзема
- полиморфты эритема
- қызыл жегі
- псориаздың асқынған түрі
- жалпақ қызғылт теміреткі
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Дозалау режимі
Жақпамайды тәулік бойына 1-2 реттен жиі емес зақымданған тері бөлігіне жұқа қабатпен жағады. Жақпамайды окклюзиялық таңғыш астына қолдануға болмайды, псориазда ғана жабық таңғыш қолдануға болады, оны күн сайын ауыстырып отыру қажет.
Бет терісіне 1 аптадан артық қолдануға болмайды. Бір апта бойы ең көбі 15 г (1 сықпа) жақпамай пайдалануға болады.
Енгізу әдісі және жолы
Флуцинар жақпамайын сыртқа қолданады
Емдеу ұзақтығы
Емді үздіксіз 2 аптадан артық жүргізуге болмайды.
• әсер етуші затқа немесе препараттың кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық
• терінің вирустық, бактериялық және зеңдік инфекциялар
• тұрпайы және қызғылт безеулер
• периоральді дерматит
• вакциналаудан кейінгі жай-күйлер
• анальді және генитальді қышыну
• мерездің терідегі көріністері
• тері туберкулезі
• ауқымды псориаздық түйіндақ
• тері ісіктері және обыр алдындағы жай-күйлер
• АІЖ эрозиялы-ойық жаралы зақымданулары
• тері жабындарының жарақаттанып зақымдануы, ойық жаралар
• 2 жасқа дейінгі балалар
• жүктілік және бала емізу кезеңі
Белгісіз
• акне тәрізді өзгерістер, эпидермистің өсуін тежеу, күйдіру сезімі, қышыну, тітіркену, бөртпе
• тері астындағы шелдердің атрофиясы, терінің құрғауы, жергілікті тері реакциялары (мысалы, жанаспалы дерматит).
• есекжем немесе макуло-папулалық бөртпе, немесе бар зақымданулардың өршуі.
• атрофиялық дерматит және стриялар пайда болуы
• постстероидты пурпура
• терінің депигментациясы немесе пигментациясы
• телеангиэктазиялар
• периоральді дерматит
• фолликулит
• гипертрихоз немесе шаштың түсуі, шаш фолликулаларының қабынуы
• қайталанған инфекциялар
Қабақ тұсының терісіне жергілікті қолданғанда:
- глаукома
- катаракта
- орталық серозды хориоретинопатия дамуы мүмкін.
Окклюзиялық таңғыш астындағы дәрілік препараттың жоғары сіңірілуін ескере отырып, гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті жүйесінің бәсеңдеуі, Кушинг синдромы, балалардың бойы өсуінің және дамуының тежелуі, гипергликемия, глюкозурия, ісіну, артериялық гипертензия, иммунитеттің төмендеуі түрінде білінетін жүйелі әсерді туғызуы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» РМК ШЖҚ
http://www.ndda.kz
Симптомдары: терінің ауқымды беткейіне ұзақ қолданғаннан кейін келесі симптомдар орын алуы мүмкін: ісінулер, артериялық гипертензия, гипергликемия, инфекцияларға қарсы тұрудың төмендеуі, ал ауыр жағдайларда Кушинг синдромының дамуы.
Емі: дәрілік затты біртіндеп тоқтату керек және глюкокортикостероидтардың мөлшері төмен болатын ем пайдалану қажет. Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
2 жасқа дейінгі балаларға пайдалануға болмайды.
2 жастан асқан балаларға қажет болған жағдайда терінің азғантай беткейіне ерекше сақтықпен күніне 1 рет қолдану керек. Бет терісіне жағуға болмайды.
2 аптадан аса үздіксіз қолдануға болмайды. Дененің ауқымды беткейіне ұзақ қолданғанда жағымсыз әсерлері көрінісінің және ісінулер даму мүмкіндігінің жиілігі, артериялық гипертензия, гипергликемия, инфекцияларға қарсы тұруының төмендеуі артады.
Емдеу кезінде кеңдеу киім кию қажет.
Флуцинар жақпамайы құрамында пропиленгликоль және ланолин бар, олар терінің тітіркенуін, жанаспалы дерматитін тудыруы мүмкін.
Флуоцинолон ацетонидін жергілікті қолданғанда гипофиз-бүйрекүсті безі жүйесінің бәсеңдеуі салдарынан АКТГ өндірілуінің төмендеуі, қандағы кортизол деңгейінің төмендеуі және емді тоқтатқаннан кейін басылатын ятрогендік Кушинг синдромының дамуы болуы мүмкін. АКТГ бүйрекүсті безін көтермелегеннен кейін қанда және несепте кортизолды анықтау арқылы бүйрекүсті бездері қыртысының функциясын мезгіл-мезгіл бақылау көрсетілген.
Жақпамайды қолданған жерде инфекция дамыған жағдайда, тиісті бактерияға қарсы немесе зеңге қарсы ем қолдану керек. Егер инфекция симптомдары басылмаса, жақпамайды қолдануды инфекцияны емдеу кезеңінде тоқтату керек.
Ауру симптомдары күшеюі мүмкіндігін есепке ала отырып, жабық бұрышты және ашық бұрышты глаукомасы бар пациенттердің, сондай-ақ, катарактасы бар пациенттердің қабақтарына немесе көз маңындағы терісіне препаратты жағудан аулақ болу керек.
Кортикостероидтарды жүйелі және жергілікті қолдану нәтижесінде көрудің бұзылуы туындауы мүмкін. Көздің бұлдырауы, көру өткірлігінің төмендеуі сияқты симптомдар пайда болғанда, кортикостероидтарды жүйелі және жергілікті қолданғанда тіркелген катаракта, глаукома немесе орталық серозды хориоретинопатия (ang. Central Serous Chorioretinopathy, CSCR) сияқты сирек ауруларды қоса, бұзылулардың ықтимал себептерін анықтау үшін офтальмологқа қаралу керек.
Псориазы бар пациенттерге препараты ерекше сақтықпен қолдану қажет, өйткені псориазда кортикостероидтармен жергілікті емдеу бірқатар себепті қауіпсіз бола алмайды, мысалы, төзімділік дамуы салдарынан ауру қайта өршуі мүмкін, жайылған пустулезді псориаз даму қаупін арттыруы мүмкін және тері жамылғысының бүтіндігінің бұзылуына байланысты жалпы уытты әсерге әкеп соғуы мүмкін.
Бет терісінде, сонымен қатар шап және қолтық асты аумағында аса қажет жағдайда ғана қолдану керек, себебі аз уақыт қолданғаннан кейін де сіңірілуі артып, жағымсыз әсерлер даму қаупі жоғары болуы мүмкін (телеангиэктазия, dermatitis perioralis).
Препаратты тері асты шелінің атрофиясы болғанда, көбінесе егде жастағы адамдарға сақтықпен қолдану керек.
Препараттың құрамында пропиленгликоль болғандықтан, оны қолданғанда тері тітіркенуін туғызуы мүмкін. Препараттың құрамында ланолин болғандықтан, оны қолдану жергілікті реакцияны (мысалы, жанаспалы дерматит) туғызуы мүмкін.
Қыздарда жыныстық жетілу кезінде сақтықпен қолдану керек.
Балалар және жасөспірімдер
Препаратты балаларға пайдаланудан аулақ болған жөн.
Ересектерге қарағанда, балаларда дене салмағына дене беті алаңының жоғары арақатынасынан гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті безі жүйесі функциясының және кортикостероидтардың жүйелі әсерінен туындаған Кушинг синдромы даму қаупі жоғары. Балаларда кортикостероидтармен ұзақ емдеу бой өсуінің және дамуының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін.
Арнайы сақтандырулар
Жүктілік
Флуцинар жүктілік кезеңінде әйелдерге, егер ана үшін күтілетін пайда шаранаға ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда ғана пайдаланылуы мүмкін. Жүктіліктің бірінші триместрінде препаратты мүлдем қолдануға болмайды.
Лактация
Нәрестеде жағымсыз әсерлер даму мүмкіндігін ескере отырып, анаға күтілетін пайданы бағалау керек және бала емізуді тоқтату не Флуцинар жақпамайын қолдануды тоқтату туралы шешім қабылдау керек.
Бала емізетін әйел жақпамай түрінде теріге қаншалықты мөлшерде жергілікті қолданғанда, флуоцинолон ацетониді ана сүтіне енетіндігі белгісіз.
Қосымша заттар
Флуцинар жақпамайы құрамында пропиленгликоль мен ланолин бар, олар терінің тітіркенуін, жанаспалы дерматитті тудыруы мүмкін.
Дәрілік препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Дәрілік препарат психомоторлық белсенділікті шектемейді, көлік құралдарын басқару және қозғалатын механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Глюкокортикостероидтарды жергілікті қолданғанда дәрілермен өзара әрекеттесу жағдайлары белгісіз.
Алайда тиісті антиденелер пайда болуы түріндегі адекватты иммунологиялық жауаптар болмауын ескере отырып, терінің ауқымды бетінде әсіресе созылмалы түрде қолданғанда пациенттерге шешекке қарсы вакцинациялауды және басқа түрлі иммунизациялауды жүргізуге болмайтынын есте сақтаған жөн.
Флуцинар® иммуносупрессиялық дәрілік заттардың әсерін күшейтіп, иммунитетті көтермелейтін заттардың әсерін әлсіретуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25о С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.