Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Гель
Дозасы
0,025%
Саудалық атауы
Флуцинар®
Әсер етуші зат
Флуоцинолон ацетониді
Мақсаты
Флуцинар® гелін сыртқа, глюкокортикостероидтармен емге жауап беретін және төзімді қышынумен немесе гиперкератозбен өтетін жедел және ауыр, инфекцияланбаған, құрғақ дерматиттерді…
Өндіруші
Фармзавод Jelfa А.О.
Ел
Польша
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір грамм препараттың құрамында:
белсенді зат - флуоцинолон ацетониді 0,25 мг
қосымша заттар: пропиленгликоль, этанол, лимон қышқылы, динатрий эдетаты, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, карбомер 980 (жоғары молекулярлық карбоксиполиметилен), троламин, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Аздап бозаңданатын және этил спиртінің иісі бар, түссіз мөлдір гель.
Флуцинар® гелін сыртқа, глюкокортикостероидтармен емге жауап беретін және төзімді қышынумен немесе гиперкератозбен өтетін жедел және ауыр, инфекцияланбаған, құрғақ дерматиттерді емдеудің бірінші сатысында, жақпамайды қолданардың алдында қолданады.
- себореялық дерматитте
- атопиялық дерматитте
- есекжемде
- экземада
- қызыл жегіде
- терінің түкті бөлігінің псориазында
- қызыл жалпақ теміреткіде
ATХ коды: D07АС04
Флуцинар гель – теріге сыртқа қолдануға арналған белсенділігі жоғары синтетикалық глюкокортикостероид болып табылады. 0,025% гель түрінде қолданылатын препарат қабынуға қарсы, қышынуға қарсы, аллергияға қарсы және вазоконстрикторлық әсер көрсетеді. Липофильді қасиеттерге ие және организмге тері арқылы өтеді. 2 г гельді қолданғаннан кейін-ақ гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті безі жүйесін тежеу арқылы гипофизбен адренокортикотроптық гормон (АКТГ) секрециясы төмендеуі мүмкін.
Флуоцинолон ацетонидінің қабынуға қарсы әсерінің механизмі соңына дейін зерттелмеген және бұл дәрілік зат А2 фосфолипазасы белсенділігінінің төмендеуі және арахоидон қышқылының жасуша қабығы фосфолипидтерінен босап шығуы нәтижесінде простагландиндер мен лейкотриендер түзілуін бәсеңдету арқылы қабыну үдерістерін азайтады деп есептеледі. Жергілікті жоғары сезімталдық реакцияларының дамуын бәсеңдету арқылы аллергияға қарсы әсер етеді. Жергілікті тамыр тарылтатын әсері нәтижесінде экссудативті реакциялардың даму қаупін азайтады. Ақуыздар синтезін және коллаген түзілуін төмендетеді. Терідегі ақуыз ыдырауын жылдамдатады және пролиферативті үдерістерді тежейді.
Дозалау режимі
Флуцинар® гельді емдеудің бірінші сатысында жақпамайды қолданар алдында сыртқа қолданады. Емнің басында гельді күніне 2-3 рет, содан соң жедел қабыну жағдайлары түзелгеннен кейін күніне 1-2 реттен жиі емес қолданады. Аптасына бір сықпадан (15 г) артық пайдалануға болмайды. 2 жастан асқан балаларға қажет болған жағдайда терінің азғантай беткейіне ерекше сақтықпен күніне 1 рет қолдану керек. Бет терісіне қолдануға болмайды
Енгізу жолы және тәсілі
Сыртқа. Емді үздіксіз 2 аптадан артық жүргізуге болмайды. Гельді зақымдалған тері беткейіне жұқа қабаттап жағу керек. Гельді окклюзиялық таңғыштың астына қолдануға болмайды. Егер таңғыш салу қажет болса, ауа өткізетін таңғышты пайдалану керек.
Емдеу ұзақтығы
(дәрілік препараттың қасиеттеріне байланысты, егер қажет болса)
Гельмен жергілікті емдеудің бірінші сатысының ұзақтығын дәрігер анықтайды. Емді үздіксіз 2 аптадан артық жүргізуге болмайды. Бет аумағында 1 аптадан артық пайдалануға болмайды.
- флуоцинолон ацетонидіне немесе басқа глюкокортикостероидтарға және препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
- терінің бактериялық, вирустық және зеңді инфекциялары
- тұрпайы және қызғылт безеулер
- периоральді дерматит
- вакцинациядан кейінгі жай-күй
- 2 жасқа дейінгі балалар
- анустық және генитальді қышыну
- мерездің терідегі көріністері
- тері туберкулезі
- анустық және генитальді қышыну
- ауқымды псориаздық түйіндер
- терінің ісіктері және обыр алдындағы жағдайлар
- АІЖ эрозиялық-ойықжаралы зақымданулары
- тері жабындарының жаралы зақымданулары, ойықжаралар
- жаялықтан болған дерматитте
ДП «пайда–қауіп» арақатынасына жүйелі мониторингті қамтамасыз ету мақсатында ДП тіркеуден кейін күдікті жағымсыз реакциялар туралы хабарлау маңызды. Медицина қызметкерлеріне ДП кез келген күдікті жағымсыз реакциялары туралы ҚР жағымсыз реакциялар туралы ұлттық хабарламалар жүйесі арқылы хабарлаған жөн.
Жағымсыз реакциялардың кездесу жиілігінің санаттары келесідей анықталды:
Өте жиі: (>1/10)
Жиі: (>1/100, <1/10)
Жиі емес: (>1/1 000, <1/100)
Сирек: (>1/10 000, <1/1 000)
Өте сирек: (<1/10 000) оның ішінде жекелеген жағдайлар
Жиілігі белгісіз (жиілігін қолда бар деректер негізінде анықтау мүмкін емес)
Сирек (> 1/10 000 - <1/1000)
Тері және тері асты шелдері тарапынан болатын бұзылыстар
- акне тәрізді өзгерістер, стероидты пурпура, эпидермис өсімінің бәсеңдеуі, шымылдату, қышыну, тітіркену, бөртпе, тері асты шелінің атрофиясы, терінің құрғауы, гипертрихоз немесе алопеция, терінің депигментациясы немесе гиперпигментациясы, атрофия және тері стриялары, телеангиэктазия, периоральді дерматит, түкті фолликулдардың қабынуы, салдарлы инфекциялар, жергілікті тері реакциялары (мысалы, жанаспалы дерматит). Кейде есекжем немесе теңбіл-папулезді бөртпе не бұрыннан бар зақымданулардың өршуі мүмкін.
Көру ағзалары тарапынан болатын бұзылыстар
Анық көрмеу. Қабақ терісіне жергілікті пайдаланғаннан кейін глаукома немесе катаракта туындауы мүмкін.
Жүйелік бұзылыстар және енгізген жердегі асқынулар
Әсер етуші заттардың қанға сіңуі салдарынан флуоцинолон ацетонидінің жүйелі жағымсыз әсерлері туындауы мүмкін. Олар негізінен ұзақ емдегенде, препаратты терінің ауқымды бөліктеріне қолданғанда, окклюзиялық таңғыш таққанда не балаларға қолданғанда дамиды.
Флуоцинолон ацетонидінің жүйелі жағымсыз әсерлері кортикостероидтарға тән болып табылады және оған гипоталамус-гипофизарлы-бүйрекүсті безі жүйесінің бәсеңдеуі, Кушинг синдромы, балаларда өсудің және дамудың кідіруі, гипергликемия, глюкозурия, ісінулер, артериялық гипертензия, иммунитеттің төмендеуі кіреді.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Терінің ауқымды беткейінде ұзақ уақыт қолданғанда қысымның жоғарылауымен, ісінулермен, гипергликемиямен және иммунодепрессиялық әсермен көрінетін артық дозалану симптомдары, ал күрделі жағдайларда Кушинг синдромы дамуы мүмкін. Артық дозалану симптомдары препаратты тоқтатқаннан кейін және глюкокортикостероидтардың мөлшері аз емді қолданғаннан кейін жоғалады.
Үздіксіз 2 аптадан артық қолдануға болмайды. Дененің ауқымды беткейіне ұзақ қолданғанда жағымсыз әсерлердің көрініс табу жиілігі және ісінудің, артериялық гипертензия, гипергликемия дамуы, инфекцияларға төзімділіктің төмендеу мүмкіндігі ұлғаяды.
Флуоцинолон ацетонидін жергілікті қолданғанда гипофиз-бүйрекүсті безі жүйесінің бәсеңдеуі салдарынан АКТГ өнімінің төмендеуі, қандағы кортизол деңгейінің төмендеуі және емді тоқтатқаннан кейін басылатын ятрогендік Кушинг синдромының дамуы мүмкін. АКТГ бүйрекүсті безін көтермелегеннен кейін қанда және несепте кортизолды анықтау арқылы бүйрекүсті бездері қыртысының функциясын мезгіл-мезгіл бақылау көрсетілген.
Препаратты ауру симптомдарының күшею ықтималдығына байланысты жабық бұрышты және ашық бұрышты глаукомасы бар пациенттерге, сондай-ақ катарактасы бар пациенттерге қабаққа немесе көз маңындағы теріге жағудан аулақ болу керек.
Көрудің бұзылуы кортикостероидтарды жүйелі және жергілікті қолдану нәтижесінде туындауы мүмкін. Катаракта, глаукома немесе кортикостероидтарды жүйелі, сондай-ақ жергілікті қолданғанда тіркелген орталық сероздық хориоретинопатия (ang. Central Serous Chorioretinopathy, CSCR) сияқты сирек кездесетін ауруларды қоса, бұзылулардың ықтимал себептерін анықтау үшін бұлыңғыр көру, көру өткірлігінің төмендеуі сияқты симптомдар туындағанда офтальмологқа қаралу керек.
Препаратты псориазы бар пациенттерде аса сақтықпен қолдану керек, өйткені псориаз кезінде кортикостероидтармен жергілікті емдеу бірқатар себептермен қауіпсіз болмауы мүмкін, мысалы, толеранттылық дамуына байланысты аурудың қайталануына түрткі болуға, жайылған пустулездік псориаздың даму қаупін арттыруға қабілетті және тері жабынының бүтіндігі бұзылуымен негізделген жалпы уытты әсерлерге әкелуі мүмкін.
Бет терісіне және шап аймағына жоғары деңгейдегі сіңуін және тіпті қысқа мерзімді қолданудан кейін де жағымсыз әсерлерінің (телеангиэктазия, dermatitis perioralis) даму қаупі жоғары екендігін ескере отырып, аса қажет болған жағдайда ғана қолдану керек.
Препаратты тері асты шелінің атрофиясы болғанда, әсіресе егде жастағы адамдарда сақтықпен қолдану керек.
Гельді қолданған жерде инфекция дамыса қосымша бактерияға қарсы немесе зеңге қарсы ем жүргізу қажет. Егер инфекция симптомдары жойылмаса инфекцияны емдеу кезеңіне препаратты пайдалануды тоқтату қажет.
Препарат құрамында метилпарагидроксибензоат және пропилпарагидроксибензоат бар, олар аллергиялық реакциялар туындатуы мүмкін (мүмкін кейіннен болатын).
Препарат құрамында пропиленгликоль бар, ол терінің тітіркенуін туындатуы мүмкін.
Қыздарға жыныстық жетілу кезеңінде сақтықпен қолдану керек.
Педиатрияда қолдану
Препаратты балаларға қолданудан аулақ болу керек.
Ересектерге қарағанда балаларда дене көлемі ауданының дене салмағына қатынасының жоғарылығына байланысты гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті безі жүйесі функциясының бұзылуы және кортикостероидтардың жүйелі әсерінен туындаған Кушинг синдромының даму қаупі жоғары. Балаларды кортикостероидатармен ұзақ емдеу өсу және даму бұзылыстарына әкелуі мүмкін.
Арнайы ескертулер
Жүктілік
Анасы үшін күтілетін пайда шаранаға төнетін ықтимал қауіптен басым болған жағдайда ғана Флуцинарды әйелдерге жүктілік кезінде қолдануға болады. Жүктіліктің бірінші триместрінде препаратты абсолютті түрде қолдануға болмайды. Жануарларға жасалған зерттеулерде кортикостероидтарды ішке аз дозаларда пайдаланғанның өзінде тератогенді әсер көрсететіні анықталған. Сондай-ақ тератогенді әсері жануарларда күшті әсер ететін кортикостероидтарды теріге жаққанда көрініс тапты.
Лактация
Балада жағымсыз әсерлерінің даму ықтималдығын ескере отырып, анасы үшін күтілетін пайданы бағалау және емшек емізуді не Флуцинар гелін қолдануды тоқтату туралы шешім қабылдау керек.
Гель түрінде теріге жергілікті пайдаланғанда флуоцинолон ацетониді емізетін әйелдің сүтіне қанша мөлшерде енетіні белгісіз.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Дәрілік препарат психомоторлық белсенділікті шектемейді және көлік құралдарын басқару және қозғалатын механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Глюкокортикостероидтармен жергілікті қолданғанда дәрілік өзара әрекеттесу жағдайлары белгісіз. Препаратпен емдеу кезінде иммунологиялық тапшылық пайда болу қаупіне байланысты шешекке қарсы егу және иммунизациялаудың басқа түрлерін жүргізуге болмайды. Флуцинар® гелі иммунодепрессиялық дәрілік препараттардың әсерін ұлғайтуы және иммунитет стимуляциялайтын дәрілердің әсерін азайтуы мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды!
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.