Парацетамолды 5 г және одан көп мөлшерде қабылдағанда келесі қауіп факторлары бар ересек пациенттерде бауыр функциясының бұзылулары туындауы мүмкін:
- карбамазепинмен, фенобарбиталмен, фенитоинмен, примидонмен, рифампицинмен, шайқураймен немесе бауыр ферменттерін индукциялайтын басқа препараттармен ұзақ уақыт бойы ем қабылдап жүрген пациенттер.
- ұсынылған мөлшерінен артық мөлшерде алкогольдік ішімдіктерді жүйелі қолдану.
- глутатион тапшылығы, яғни, ас қорыту бұзылысы, кисталық фиброзы, АИТВ бар, тойып тамақтанбайтын, кахексиясы бар пациенттер.
Парацетамолдың артық дозалануының алғашқы 24 сағат ішіндегі симптомдары: тері жабындарының бозаруы, жүрек айнуы, құсу, анорексия және іштің ауыруы. Бауыр зақымдануының белгілері препаратты қабылдағаннан кейін 12-48 сағаттан соң пайда болуы мүмкін. Глюкоза метаболизмінің аномалиялары және метаболизмдік ацидоз туындауы мүмкін. Ауыр улану кезінде бауыр жеткіліксіздігі энцефалопатияға, қан құйылуға, гипогликемияға, мидың ісінуіне және өлімге дейін үдеуі мүмкін. Жедел тубулярлық некрозбен, белдегі айқын ауырумен, гематуриямен және протеинуриямен жүретін бүйректің жедел жеткіліксіздігі, тіпті бауырдың елеулі зақымдануы болмаған жағдайда да, дами беруі мүмкін. Сонымен қатар, жүрек аритмиясы жағдайлары мен панкреатит туралы хабарланды.
Емі: парацетамол артық дозаланған жағдайда тез арада емдеу қажет. Бастапқы айқын симптомдарының жоқтығына қарамастан, пациент медициналық көмекке жүгінуі керек. Симптомдары жүрек айнуымен және құсумен шектелуі, ауыр артық дозалануының белгілері мен ағзалардың зақымдану қаупі білінбеуі мүмкін. Емдеу белгіленген ережелерге сәйкес жүргізіледі (БНФ "артық дозалануы" бөлімін қараңыз).
Белсендірілген көмірмен емдеуді артық дозалануынан кейінгі 1 сағат ішінде жүргізу керек. Парацетамолдың қан плазмасындағы концентрациясын қабылдағаннан кейін 4 сағаттан соң немесе одан да кейінірек өлшеу керек (бастапқы концентрациялары ескерілмейді). N-ацетилцистеинмен емдеу парацетамолды қабылдағаннан кейін 24 сағат ішінде қолданылады, бірақ, ең жоғарғы әсеріне қолданғаннан кейін 8 сағат ішінде қол жеткізіледі, содан кейін антидоттың тиімділігі азаяды. Қажет болған жағдайда, пациентке белгіленген дозалау кестесіне сәйкес, вена ішіне N-ацетилцистеин енгізіледі. Ауруханадан тыс, алыс аудандарда тұратын пациенттерде құсу болмаған жағдайда, қолайлы баламасы ретінде метионинді ішу арқылы қабылдауға болады. Бауырдың ауыр бұзылуы бар пациенттерді емдеу әдісі туралы шешімді, препарат қабылданғаннан кейін 24 сағат өткен соң токсикология бөлімінің мамандарымен бірге қабылдау керек.
Кофеиннің артық дозалануының симптомдары: күйгелектік, мазасыздық, ұйқышылдық, үрейлену, диурез жоғарылауы, беттің терлеуі, тремор, асқазан-ішек жолының бұзылыстары, тахикардия, аритмия, ойлау мен сөйлеудің байланыссыздығы, психомоторлық қозу немесе қажымаушылық кезеңдері.
Препаратты қабылдағанда туындаған кофеиннің артық дозалануының клиникалық маңызды симптомдары үшін, қабылданған препарат мөлшері парацетамолды қабылдаудан туындаған бауырға уыттылығының ауырлығына тәуелді екендігін ескеру қажет.
Емі: клиникалық симптомдарына сәйкес. Артық дозаланғаннан кейін 1-ден 4 сағатқа дейін белсендірілген көмірді қабылдауға болады. Тыныштандыратын препараттарды вена ішіне енгізу қажет болуы мүмкін.
Фенилэфриннің артық дозалану симптомдары:
Симптомдар жағымсыз реакциялар бөлімінде көрсетілгендерге ұқсас. Сонымен қатар, ашушаңдық, мазасыздық, артериялық қысымның жоғарылауы және брадикардия пайда болуы мүмкін. Ауыр жағдайларда сананың шатасуы, елестеулер, құрысулар және жүрек ырғағының бұзылуы мүмкін.
Жоғарыда аталған симптомдардың пайда болуы үшін парацетамолдың артық дозалануынан туындаған симптомдардың пайда болуына қарағанда фенилэфриннің едәуір көп мөлшерін қажет ететінін есте ұстаған жөн.
Емі: симптоматикалық. Айқын гипертензия фентоламин сияқты адреноблокаторларды қолдануды қажет етуі мүмкін.
Аскорбин қышқылы
Симптомдары: аскорбин қышқылының (>3000 мг) артық дозалануы кезінде уақытша осмостық диарея және асқазан-ішек жолы тарапынан жүрек айнуы, құсу және іштегі жайсыздық сияқты реакциялар туындауы мүмкін. Аскорбин қышқылының артық дозалануының әсері парацетамолдың артық дозалануынан туындаған бауыр үшін ауыр уыттылығымен байланысты болуы мүмкін.
Терпингидрат
Симптомдары: артық дозалануы асқазан-ішек жолы тарапынан жүрек айнуы, құсу және іштің ауыруы сияқты реакцияларды туындатуы мүмкін.
Емі: симптоматикалық.