Жиі:
- ұйқының бұзылуы
- көңіл-күйдің өзгеруі
- бас айналуы, бас ауыру
- көрудің бұзылуы
- тахикардия, аритмия, жүректің қағуы, стенокардия
- гипотензия, ортостаздық гипотензия
- құрғақ жөтел
- жүрек айну, құсу, диарея, диспепсия, іштің ауыруы, ентігу, дисгевзия
- бөртпе, ангионевроздық ісіну, дерматит
- бұлшықет-қаңқа ауыруы, миалгия
- несеп шығару бұзылыстары
- сексуалдық дисфункция
- шаршау, ісіну, астения, әлсіздік, кеуденің ауыруы (кардиологиялық сипаттағы емес), сілтілі фосфотаза, билирубин, лактатдегидрогеназа деңгейінің жоғарылауы, трансаминазалардың жоғарылауы
- жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары, фарингит, ринит, вирустық инфекциялар
Жиі емес:
- гемоглобиннің уақытша төмендеуі, гематокриттің төмендеуі
- тәбеттің төмендеуі, подагра, гиперкалиемия
ұйқысыздық, үрей, депрессия, сананың шатасуы, парестезиялар жоғары дозаларда қолданғанда
- ми инфарктісі, парестезия, ұйқышылдық, инсульт, естен тану, дәм сезудің бұрмалануы, тремор, ұйқының бұзылуы
- естудің бұзылуы, құлақтағы шуыл, құлақтың ауыруы, құлақтың шыңылдауы, бас айналу
- стенокардия, миокард инфарктісі, жүрек қызметінің тоқтауы, жүрек ырғағының бұзылуы, өткізгіштік бұзылулары
- шок, гипертензия, транзиторлы ишемия
- ентігу, ринит, фарингит, трахеобронхит, синусит
- іш қату, ауыздың құрғауы, метеоризм
- гипергидроз, қышыну, есекжем
- бүйрек жеткіліксіздігі, протеинурия
- қызба, шеткері ісіну, кеуденің ауыруы, кенеттен болған өлім, дене салмағының жоғарылауы, қандағы мочевинаның жоғарылауы, сарысу креатининінің жоғарылауы
- синусит, трахеобронхит
Сирек:
- пневмония, ларингит
- уақытша анемия, эозинофилия, лейкопения, лимфаденопатия, нейтропения, тромбоцитопения
- сөйлеудің бұзылуы, жады бұзылуы, бағдардан адасу
- ысыну, қан кету, шеткері тамырлар ауруы
- бронх түйілуі, мұрыннан қан кету, өкпе инфильтраттары, өкпедегі іркіліс, пневмония
- ауыз қуысының зақымдануы, панкреатит, тілдің ісінуі, іштің кебуі, дисфагия
- гепатит, холестаздық сарғаю
- экхимоздар
- артралгия, артрит, құрысулар
- қуық асты безі тарапынан бұзылулар
- бір аяқтың әлсіздігі, гемоглобин деңгейінің шамалы жоғарылауы, гипонатриемия
Өте сирек:
- агранулоцитоз
- асқазан-ішек жолының ісінуі, ішек бітелісі (ішінара)
- бауыр жеткіліксіздігі
- жедел бүйрек жеткіліксіздігі
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес):
- тәбеттің бұзылуы, салмақтың ауытқуы
- қалыпсыз мінез-құлық
- дисфония, плеврит
- гипертониялық криз
- бауыр функциясының бұзылуы, шеткері ісінулер, гипертермия
Төмендегілердің біреуін немесе бірнешеуін қамтуы мүмкін симптомдық кешен: қызба, васкулит, миалгия, артралгия/артрит, оң антиядролық антиденелер (ANA), эритроциттердің шөгу жылдамдығының жоғарылауы (ESR), эозинофилия, лейкоцитоз, бөртпе, фотосезімталдық немесе басқа дерматологиялық көріністеулер.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек (жағымсыз реакциялар бойынша ақпараттық деректер базасын көрсету)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz