Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – фолий қышқылы гидраты, 5 мг,
қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, картоп крахмалы.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Жайпақ цилиндр тәрізді, сары түсті, бір жағында сызығы және екі жағында да ойығы бар дөңгелек таблеткалар.
- фолий қышқылының тапшылығынан туындаған мегалобластты анемия
- макроциттік гиперхромды анемия
- пострезекциялық анемия
- егде жаста байқалатын сидеробластты анемия
- дәрілік заттар және иондаушы радиация туындатқан анемия және лейкопения
- асқазан-ішек жолы ауруларымен (спру, мальабсорбция синдромы, персистирлеуші диарея, бауыр функциясының жеткіліксіздігі, бауырдың алкогольдік циррозы) байланысты анемия
- жүктілердің анемиясы
- шарананың жүйке түтігі ақауларының (анэнцефалия, гидроцефалия, ми жарығы, «қасқыр таңдай», «қоян жырық») дамуының, көпұрықты жүктіліктің, жүктілікті аяғына дейін көтере алмаудың профилактикасында
- лактация кезеңіндегі анемияның профилактикасы
- никотинге, алкогольге немесе дәрілерге тәуелділік аясындағы анемия
- фолий қышқылын антагонистермен (метотрексат, сульфаметаксазол – триметоприм біріктірілімі), құрысуға қарсы препараттармен (фенитоин, примидон, фенобарбитал) ұзақ уақыт емдеу
- полиневриттер және полинейропатиялар, оның ішінде алкогольді этиологиядағы
- фолий қышқылы тапшылығымен байқалатын үйлесімсіз немесе жеткіліксіз тамақтану.
Әсер ету механизмі
В тобының дәрумені (ВС дәрумені, В9 дәрумені). Фолий қышқылы тапшылығының орнын толтырады.
Организмде коферментке (тетрагидрофолий қышқылы) айналады, ол мегалобласттардың дұрыс жетілуіне және нормобласттардың түзілуіне түрлі қажетті метаболизмдік процестерге қатысады. Фолий қышқылы тапшылығында қан түзудің мегалобласттық типі дамиды. Эритропоэзді стимуляциялайды, амин қышқылдарының (оның ішінде метионин, серин, глицин), нуклеин қышқылдарының, пуриндердің, пиримидиндердің синтезіне, холин, гистидин алмасуына қатысады. Жүктілік кезінде тератогенді және зақымдаушы факторлардың шаранаға әсеріне қатысты қорғағыш функциясын орындайды. Оған қоса, плацентаның дұрыс жетілуіне және қызмет етуіне ықпал етеді, оның ажырауын болдырмайды. Фолий қышқылы сперматозоидтардың жетілу процесінде маңызды рөл атқарады және еркектердің белсіздігінің профилактикасы ретінде қолданылуы мүмкін.
Дозалау режимі
Ересектерге:
Фолий қышқылының тапшылығынан туындаған мегалобластты анемияны емдеу үшін: тәулігіне 5 мг-ден 4 ай бойы, профилактикасы үшін - тәулігіне 2,5 мг-ден. Емдеу курсы 20-30 күн. Бір айдан соң емдеу курсын қайталау керек. Препаратты ұзақ қолдану В12 дәрумені препаратымен (цианокобаламин) біріктіру ұсынылады.
- мальабсорбцияда, ішектің қабыну ауруларында және үйлесімсіз немесе жеткіліксіз тамақтану жағдайында макроциттік анемияның профилактикасы және емдеу үшін тәулігіне 15 мг-ден, спру ауруы бар пациенттерге – тәулігіне 5-15 мг-ден;
- шаранада жүйке түтігінің даму ақаулары профилактикасы үшін: болжамды жүктілікке дейін тәулігіне 5 мг және қабылдауды жүктіліктің I триместрі ішінде дәрігердің тағайындауымен жекелей жалғастыру
- созылмалы гемолиздік жағдайларда немесе бүйрек диализінде профилактика үшін: негізгі ауруға байланысты 1-7 күн сайын 5 мг
- үйлесімсіз немесе жеткіліксіз тамақтануға байланысты фолий қышқылы тапшылығының профилактикасы үшін тәулігіне 2,5 - 5 мг-ден.
Жоғарырақ демеуші дозалар алкоголизмнен зардап шегетін, сонымен қатар созылмалы инфекциялары бар және құрысуға қарсы препараттар қабылдайтын пациенттерге тағайындалуы мүмкін
Балаларға:
- 12 жастан бастап тәулігіне ½ таблеткадан (2,5 мг).
Енгізу әдісі мен жолы
Таблеткалар ішке қолданылады
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну жөніндегі нұсқаулар
Егер Сізде осы препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаса, дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.
- әсер етуші затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға.
- пернициоздық анемия
- қатерлі жаңа түзілімдер
- кобаламин тапшылығы
- 12 жасқа дейінгі балалар
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар:
Фолий қышқылы бұрыннан бар В12 дәрумені тапшылығының симптомдарын нашарлатуы мүмкін және ешқашан анемияны емдеу үшін себебін толық зерттемей пайдалануға болмайды.
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар:
Сирек: аллергиялық реакциялар, соның ішінде эритема, бөртпе, қышу, есекжем, ентігу және анафилаксиялық реакциялар (шокты қоса).
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар:
Іш кебу, метеоризм, анорексия және жүрек айну.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: аллергиялық реакциялар болуы мүмкін. Ұзақ қолданғанда В12 гиповитаминозы дамуы мүмкін. Уытты әсерге фолий қышқылын 300 мг және одан жоғары дозаларда бір сәтте қолданғанда жетеді.
Емі: препаратты қабылдауды тоқтату. Гемодиализ көмегімен шығарылады.
Гемодиализдегі пациенттер фолий қышқылының жоғары мөлшерін қажет етеді.
Фолий қышқылы ұзақ уақыт, әсіресе жоғары дозаларда қолданғанда қандағы В12 дәруменінің концентрациясы төмендеуі мүмкін.
Препаратты ұзақ уақыт қолдануды В12 дәруменін (цианокобаламин) қабылдаумен біріктіру ұсынылады.
Арнайы сақтандырулар
Препарат құрамында лактоза бар. Тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге осы препаратты қабылдау ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Жүктілік кезінде және лактация кезеңінде препарат ұсынылған дозаларда қабылдау көрсетілген.
Стероидты емес анальгетиктерді, құрысуға қарсы препараттарды (соның ішінде фенитоин және карбамазепин), эстрогендерді, пероральді контрацептивтерді ұзақ қабылдау фолий қышқылына деген қажеттілікті арттырады.
Фолий қышқылы фенитоиннің тиімділігін төмендетеді.
Антацидтер (оның ішінде Са2+, Al3+, Mg2+ препараттары), колестирамин, этил спирті, сульфасалазин және вальпрой қышқылы фолий қышқылының сіңуін азайтады.
Бактерияға қарсы дәрілер (хлорамфеникол және котримазол) фолий қышқылының метаболизмін төмендетеді.
Метотрексат, пириметамин, триамтерен, триметоприм дигидрофолатредуктазаны тежейді және фолий қышқылының әсерін төмендетеді.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.