Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Порошок для приготовления раствора для приема внутрь для детей
Дозасы
4 г
Саудалық атауы
Форлакс®
Әсер етуші зат
Макрогол
Мақсаты
Форлакс® препараты 6 айдан 8 жасқа дейінгі балалардағы іш қатуды симптоматикалық емдеу үшін қолдануға арналған
Өндіруші
Бофур Ипсен Индастри
Ел
Франция
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір пакеттің құрамында
әсер етуші зат: макрогол.
Ұнтақтың әр пакетінде 4 г макрогол 4000 (полиэтиленгликоль 4000) бар.
қосымша заттар: Натрий сахаринаты (E954), апельсин-грейпфрут хош иістендіргіші*
* апельсин эфир майы, грейпфрут эфир майы, концентрацияланған апельсин шырыны, цитраль, ацетальдегид, линалол, этилбутират, альфа-терпинеол, октаналь, бета-гамма- гексенол, мальтодекстрин, қараған шайыры, сорбитол (Е420), бутилгидроксианизол (Е320), күкірттің қостотығы (Е220).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Апельсин мен грейпфрут иісі бар, суда оңай еритін, ақ немесе ақ дерлік ұнтақ.
Форлакс® препараты 6 айдан 8 жасқа дейінгі балалардағы іш қатуды симптоматикалық емдеу үшін қолдануға арналған.
Әсер ету механизмі және фармакодинамикалық әсерлер
Макрогол 4000 үлкен молекулалық салмағы сутегі байланыстары арқылы су молекулаларын ұстайтын ұзын желілі полимерлерге байланысты.
Осының арқасында препаратты пероральді қабылдағаннан кейін ішек ішіндегісінің көлемі артады.
Ішектің саңылауындағы сіңірілмеген сұйықтықтың мөлшері ерітіндінің іш жүргізетін әсерін қолдайды.
Бұл препаратты үнемі осы қосымша параққа немесе емдеуші дәрігер нұсқауларына толық сәйкестікте қабылдаңыз. Күмән болған жағдайда емдеуші дәрігермен немесе дәріхана қызметкерімен кеңесіңіз.
Дозалау режимі
Әдетте ұсынылатын доза сіздің балаңыздың жасына байланысты өзгереді.
•6 айдан 1 жасқа дейінгі балалар: күніне 1 пакет (4 г).
•1 жастан 4 жасқа дейінгі балалар: күніне 1 – 2 пакет (4 – 8 г).
•4-тен 8 жасқа дейінгі балалар: күніне 2 – 4 пакет (8 – 16 г).
Енгізу әдісі мен жолы
Препарат ішке қабылдауға арналған.
Препарат ерітіндісін дайындау
Бір пакеттің ішіндегісін балаға ішуге рұқсат бермес бұрын кем дегенде 50 мл суда еріту керек.
Егер 1 пакет жеткілікті болса, оны балаңызға таңертең беріңіз. Егер 1 пакеттен артық қажет болса, препаратты балаға таңертең және кешке беріңіз.
1 жастан асқан балаларда тәуліктік доза әсеріне қарай таңдалуы тиіс. Форлакс® әдетте 24-48 сағат ішінде әсер етеді.
Емнің ұзақтығы
Балалардағы Форлакс® препаратымен емдеу ұзақтығы 3 айдан аспауы тиіс. Егер симптомдар сақталса немесе нашарласа, емдеуші дәрігерге жүгініңіз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Қолдану тәсілі туралы сұрақтар туындаған жағдайда емдеуші дәрігерге қаралу қажет.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар
Препаратты қолдану бойынша сұрақтар туындаған жағдайда емдеуші дәрігерге жүгініңіз.
-егер Сіздің балаңызда әсер етуші зат макроголға (полиэтиленгликоль) немесе препараттың кез келген басқа қосымша заттарына (қосымша парақтың 6-бөлімінде көрсетілген) аллергия (аса жоғары сезімталдық) болса.
-егер Сіздің балаңызда ішектің ауыр қабыну аурулары (ойық жаралы колит, Крон ауруы) немесе ішектің қалыптан тыс кеңеюі (уытты мегаколон) болса;
-егер Сіздің балаңызда асқазан-ішек жолдарының тесілуі немесе тесілу қаупі болса;
-егер Сіздің балаңызда ішектің болжалды немесе белгілі толық немесе ішінара бітелісі (илеус) немесе симптоматикалық стеноз туралы күдік болса немесе белгілі болса;
-егер Сіздің балаңызда іштің шығу тегі белгісіз ауыруы болса;
Егер жоғарыда аталған жағдайлардың кез келгені болса, препаратты балаға бермеңіз. Егер күмәндансаңыз, препаратты бермес бұрын емдеуші дәрігермен немесе дәріхана қызметкерімен кеңесіңіз.
Барлық дәрілік препараттардағыдай осы препарат жағымсыз реакцияларды тудыру мүмкін, бірақ олар бәрінде бола бермейді.
Форлакс® препаратын қабылдауды дереу тоқтатыңыз және белгісіз жиілікте байқалған балаларда төменде көрсетілген ауыр жағымсыз реакциялардың симптомдары пайда болған кезде дереу медициналық көмекке жүгініңіз (қолда бар деректерге сүйене отырып, пайда болу жиілігін анықтау мүмкін емес):
• бет терісінің, еріннің, қабақтың, тамақтың, тілдің ісінуі, тыныс алудың қиындауы (дем алу немесе дем шығару кезінде ысқырықты дыбыс, тұншығу) және жұтылу, терінің қызаруы, терінің қышынуы, есекжем, бұл аса жоғары сезімталдық реакциясының белгілері болуы мүмкін: анафилаксиялық шок, Квинке ісінуі;
Форлакс® препаратын қабылдау кезінде байқалуы мүмкін басқа да ықтимал жағымсыз реакциялар:
Жиі – 10 адамның 1-ден көп емесінде пайда болуы мүмкін:
•Іштің ауыруы;
•Диарея (артқы өтіс жолы аймағында тітіркенуді тудыруы мүмкін).
Жиі емес - 100 адамның 1-ден көп емесінде пайда болуы мүмкін:
•Құсу;
•іштің кебуі;
•Жүрек айнуы.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Форлакс® препаратын тым көп мөлшерін қабылдау диареяны, іштің ауырсынуын немесе құсуды тудыруы мүмкін. Диарея әдетте емдеу тоқтатылғанда немесе доза азайған кезде басылады.
Егер сіздің балаңызда қатты диарея немесе құсу болса, сіз мүмкіндігінше тезірек дәрігерге қаралуыңыз керек, өйткені олар сұйықтықтың жоғалуына байланысты тұздардың (электролиттердің) жоғалуын болдырмау үшін емдеуді қажет етуі мүмкін.
Есіңізге түскен кезде балаңызға өткізіп алған дозаны беріңіз, ал келесі дозаны қалыпты уақытта беріңіз. Егер дозаны кешіктіру жарты күннен артық болса, қабылданбаған дозаны өткізіп жіберіп, препаратты қабылдаудың әдеттегі кестесіне оралыңыз.
Өткізіп алған дозаны өтеу үшін қосарлы дозаны қабылдамаңыз. Осы препаратты қолдану бойынша сұрақтар туындаған жағдайда емдеуші дәрігерге жүгініңіз.
Форлакс® препаратын қабылдар алдында емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.
Құрамында макрогол (полиэтиленгликоль) бар препараттарды қабылдағаннан кейін ересектерде бөртпе және беттің немесе тамақтың ісінуі (ангионевроздық ісіну) түрінде көрінетін аллергиялық реакциялар жағдайлары туралы хабарланды. Естен тануға, коллапсқа немесе тыныс алудың қиындауына (анафилаксиялық шок), сондай-ақ жалпы дімкәстік сезіміне әкелетін ауыр аллергиялық көріністердің жекелеген жағдайлары туралы хабарланды.
Егер сіздің балаңызда аталған симптомдардың қандай да бірі байқалса, дереу емдеуші дәрігерге хабарласыңыз.
Іш қатуды дәрілік препараттармен емдеу тек салауатты өмір салты мен диетаға қосымша дәрі ретінде ұсынылады, мысалы:
-сұйықтықтар мен талшықты тұтынуды арттыру,
-ас қорыту жолдарының моторикасын қалпына келтіруге көмектесетін талапқа сәйкес физикалық белсенділік.
Қолдануды бастамас бұрын асқазан-ішек жолдарының органикалық бұзылыстары алынып тасталуы керек.
Препарат кейде нәрестеге бермес бұрын диарея тудыруы мүмкін болғандықтан, емдеуші дәрігерге немесе дәріхана қызметкеріне хабарласыңыз, егер:
-баланың бауыр немесе бүйрек қызметі бұзылған болса;
-бала диуретиктерді (несеп шығаруды күшейтетін дәрілер) қабылдайтын болса, себебі сіздің балаңызда қандағы натрий мен калий деңгейі төмендеуі мүмкін.
Жұтылу бұзылған жағдайда Форлакс® препаратын қабылдағанға дейін емдеуші дәрігермен немесе дәріхана қызметкерімен кеңесіңіз.
Құсу рефлексі бұзылған пациенттер, сондай-ақ құсуға немесе аспирацияға бейім пациенттер препаратты қолданған кезде сақ болу керек. Макрогол мен электролиттердің үлкен көлемін назогастральды зондпен енгізген кезде аспирация жағдайлары туралы хабарланды. Жұтумен байланысты бұзылулары бар неврологиялық бұзылулары бар балалар аспирация қаупіне ұшырайды.
Егер жұту қиын болса, Форлакс® препаратын крахмал негізіндегі қоюландырғыштармен араластырудан аулақ болыңыз. Егер сіздің балаңыз дұрыс жұта алмаса, бұл балаңыздың өкпесіне еніп, тыныс алу ауруын тудыруы мүмкін сұйық ерітіндінің түзілуіне әкелуі мүмкін.
Арнайы ескертулер
Препараттың құрамында бір пакетте 1 ммольден аз натрий (23 мг) бар, сондықтан препараттың құрамында натрий жоқ деп айтуға болады.
Сирек жағдайларда күкірттің қостотығының болуына байланысты ауыр аса жоғары сезімталдық реакциялары және тыныс алудың қиындауы (бронх түйілуі) пайда болуы мүмкін.
Препарат әр пакетте 0,66 мг сорбитолдан тұрады.
Форлакс® препаратында қанттың немесе полиолдардың айтарлықтай мөлшері жоқ және оны қант диабетімен ауыратын балаларда немесе рационынан галактоза алынып тасталған балаларда қолдануға болады.
Егер Сізде кейбір қанттарға жақпаушылық болса, осы дәрілік препаратты қабылдағанға дейін емдейтін дәрігерге қаралыңыз.
Педиатрияда қолдану
Бұл препарат 6 айдан 8 жасқа дейінгі балаларда қолдануға рұқсат етілген.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Форлакс® препаратының көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсері туралы зерттеулер жүргізілген жоқ.
Форлакс® препаратын жүктілік және бала емізу кезінде қабылдауға болады. Егер Сіз жүкті болсаңыз немесе бала емізетін болсаңыз, жүкті болдыңыз деп ойласаңыз, немесе жүктілікті жоспарласаңыз, препаратты қолданар алдында немесе препаратты балаңызға бермес бұрын емдеуші дәрігермен немесе дәріхана қызметкерімен кеңесіңіз.
Егер сіздің балаңыз басқа препараттарды, соның ішінде рецептісіз босатылатын препараттарды қабылдаса, жақында қабылдаса немесе қабылдайтын болса, емдеуші дәрігермен немесе дәріхана қызметкерімен кеңесіңіз.
Басқа препараттардың, әсіресе тар терапиялық индексі бар немесе дигоксин, эпилепсияға қарсы препараттар, кумариндер және иммуносупрессанттар сияқты жартылай шығарылу кезеңі қысқа препараттардың сіңуі Форлакс® препаратымен бір мезгілде қолданғанда уақытша төмендеуі мүмкін, бұл олардың тиімділігінің төмендеуіне әкеледі.
Форлакс® препаратын басқа препараттарды қолданғаннан кейін кем дегенде 2 сағаттан кейін қабылдау ұсынылады.
Егер сіз балаңыздың сұйықтықты жұтуын жеңілдету үшін қоюландырғыштарды қолдансаңыз, Форлакс® қоюландырғыштың әсерін бейтараптандырып, оның әсерін тежеуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
30 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.