Барлық дәрілік препарат сияқты препарат жағымсыз реакцияларды туындатуы мүмкін, бірақ олар барлығында туындай бермейді. Әдетте, жағымсыз реакциялар инъекциядан кейінгі алғашқы күндерде пайда болады және өткінші болып табылады. Сирек жағдайларда жағымсыз реакциялардың ұзақтығы бірнеше ай немесе одан да көп болуы мүмкін.
Бұлшықеттің жергілікті әлсіздігі ботулиндік токсиннің бұлшықетке күтілетін фармакологиялық әсерін көрсетеді. Алайда, үлкен дозалар бұлшықеттердің инъекция орнында ошақталғандардан басқа әлсіздігін туындату мүмкін.
Кез келген инъекциялық емшаралардағыдай, препаратты енгізу орнында жергілікті ауырсынғыштық, қабыну, парестезия, гипестезия, терінің тығыздалуы, ісіну, эритема, ошақталған инфекция, қан кету және/немесе гематомалар болуы мүмкін.
Емшарамен байланысты ауырсыну және/немесе үрей транзиторлық гипотензия мен талуды қоса алғанда, вазовагальді реакцияларды туындатуы мүмкін. Температураның жоғарылауы және тұмауға ұқсас синдромның туындауы сипатталған.
Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).
Жағымсыз реакциялар ауырлық дәрежесінің кему тәртібімен ұсынылған.
Жүйелік-ағзалық класс — Жиілігі — Жағымсыз реакциялар
Инфекциялық және паразиттік аурулар — Жиі — Назофарингит, цистит, фолликулит, гастроэнтерит
Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тін тарапынан бұзылулар — Жиі Жиі емес — Бұлшықеттің жергілікті ауыруы Артралгия, бұлшықеттердің жыбырлауы
Жүйке жүйесінің бұзылуы — Жиі Жиі емес — Бас ауыру, парестезия Бас айналу
Тыныс алу жүйесі, кеуде және көкірекорта ағзалары тарапынан бұзылулар — Жиі — Жөтел, гипервентиляция
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар — Жиі Жиі емес — Инфекциялық емес гингивит, іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы, гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы, тіс ауыруы, жүрек айну Ауыздың құрғауы
Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар — Жиі емес — Бауыр стеатозы, жедел гепатит
Тері мен тері асты шелмайы тарапынан бұзылулар — Жиі Жиі емес — Эритема, тері тартылғандай сезіну Аллергиялық дерматит, ісіну (беттің, қабақтың, периорбиталық аймақтың), фотосенсибилизация, қышыну, терінің құрғауы
Жалпы бұзылулар және енгізу орнындағы реакциялар — Жиі Жиі емес — Бет аймағының ауыруы, инъекция орнының ісінуі, инъекция орнының ауыруы/ ашытуы, инъекция орнының қышуы, Тұмау тәрізді синдром, астения, қызба
Психиканың бұзылуы — Жиі емес — Үрейлілік
Көру мүшесі тарапынан бұзылу — Жиі Жиі емес — Блефароптоз Блефариттер, көздің ауыруы, көрудің бұзылуы (оның көргішітігінің төмендеуін қоса алғанда)
Зертханалық және аспаптық деректер — Жиі емес — Несепте глюкозаның болуы, аланинаминотрансферазаның жоғарылауы, аспартатаминотрансферазаның жоғарылауы, қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауы
Келесі тізбе қолданылуына қарамастан, постмаркетингтік кезеңде олар туралы хабарламалар алынған және жоғарыда аталмаған жағымсыз реакцияларды қамтиды.
Иммундық жүйенің бұзылуы
анафилаксиялық шок, Квинке ісінуі, сарысу құю ауруы және есекжем
Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар
Анорексия
Жүйке жүйесінің бұзылуы
Иық плексопатиясы, дисфония, дизартрия, бет парезі, гипестезия, бұлшықет әлсіздігі, миастения гравис, шеткері нейропатия, парестезия, радикулопатия, құрысулар, талу және бет параличі
Көру мүшелері тарапынан бұзылулар
Жабықбұрышты глаукома (блефароспазмды емдеу кезінде), страбизм, айқындықтың әлсіреуі және көрудің басқа да бұзылулары, көздің құрғауы (периорбиталық инъекциялармен астасқан)
Есту тарапынан бұзылулар және лабиринттік бұзылулар
Саңыраулық, құлақтың шуылдауы және бас айналу
Жүрек тарапынан бұзылулар
Аритмия, миокард инфарктісі
Тыныс алу жүйесі, кеуде және көкірекорта ағзалары тарапынан бұзылулар
Аспирациялық пневмония (кейбір жағдайларда өліммен аяқталған), диспноэ, бронхоспазм, тыныс алудың тежелуі және тыныс алу жеткіліксіздігі
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар
Іштің ауыруы, диарея, іш қату, ауыздың құрғауы, дисфагия, жүрек айну және құсу
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар
Алопеция, псориаз тәрізді дерматит, көпформалы эритема, гипергидроз, мадароз, қышу және бөртпе.
Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тін тарапынан бұзылулар
Бұлшықет атрофиясы, миалгия, бұлшықет жергілікті жыбырлауы/жыбырлап тартылулар.
Жалпы бұзылулар және енгізу орнындағы бұзылулар
Денервация салдарынан атрофия, дімкәстік және қызба.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz