Жиі
- мөлдір қабықтағы жинақталу, көздің жайсыздығы, көздің гиперемиясы
- дисгевзия.
Жиі емес
- бас ауыруы
- кератопатия, нүктелі кератит, мөлдір қабықтың инфильтраттары, фотофобия, көру өткірлігінің төмендеуі, анық көрмеу, ауырсыну, көздің құрғауы, қабақтың ісінуі, қышыну, көзден жас ағудың жоғарылауы, көзден секрецияның бөлінуі, көздің ісінуі, қабақтың шетінде қыртыстың пайда болуы, қабақ терісінің қабыршақтануы, конъюнктиваның ісінуі, қабақ эритемасы
- жүрек айнуы.
Сирек
- аса жоғары сезімталдық
- бас айналу
- көзге уытты әсер, кератит, конъюнктивит, мөлдір қабық эпителийінің ақауы, диплопия, көздің гипоэстезиясы, астенопия, теріскен, көздің тітіркенуі, көздің қабынуы
- құлақтың ауыруы, мұрынның қосалқы қойнауларының гиперсекрециясы, ринит
- диарея, іштің ауыруы
- дерматит.
Белгісіз
- сіңірдің зақымдануы.
Жекелеген жағымсыз реакциялар сипаттамасы
Фторхинолондарды жергілікті қолданғанда жайылған бөртпе, уытты эпидермолиз, эксфолиативті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы және есекжем өте сирек білінді.
Жүйелі хинолонды ем қабылдайтын пациенттерде аса жоғары сезімталдықтың (анафилаксиялық) елеулі және кейде өлімге әкелетін реакциялары туралы хабарланды, олардың кейбіреулері бірінші дозаны қабылдағаннан кейін дамыды. Жеке реакциялар жүрек-қантамырлары коллапсымен, естен танумен, шаншумен, жұтқыншақтың немесе беттің ісінуімен, ентігумен, есекжеммен және қышынумен қатар жүрді.
Жүйелі фторхинолондарды қабылдаған пациенттерде хирургиялық араласуды қажет еткен немесе ұзақ мерзімді еңбекке жарамсыздыққа әкеп соққан сіңірлердің (иық, қол сіңірін, ахиллов сіңірін және т.б. қоса) үзілуі туралы хабарланды. Жүйелі фторхинолондарды қолданудың зерттеулері мен постмаркетингтік тәжірибесі кортикостероидтарды қабылдайтын пациенттерде, әсіресе егде жастағы пациенттерде және ахиллов сіңірін қоса алғанда, сіңірлерге стресс жүктемесі бар пациенттерде сіңірлердің үзілу қаупі артуы мүмкін екенін көрсетеді. Қолдану тәжірибесі ципрофлоксацин мен қаңқа-бұлшықет жүйесі мен дәнекер тін тарапынан жағымсыз реакциялар арасында нақты байланыс көрсеткен жоқ.
Бірлі-жарым жағдайларда офтальмологиялық ципрофлоксацинді қабылдау кезінде анық көрмеу, көру жітілігінің төмендеуі және дәрілік препараттың көздің мөлдір қабығында жинақталуы байқалды.
Жүйелік хинолондарды қабылдаған пациенттерде айқындылықтың орташа дәрежесінен ауыр дәрежесіне дейін фотоуыттылық байқалған, бұл ретте ципрофлоксацинге фотоуытты реакциялар сирек байқалады.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz