Жиі:
- жүрек айну, сұйық нәжіс.
Жиі емес:
- зеңді суперинфекциялар,
- эозинофилия,
- психомоторлық аса жоғары белсенділік/қозу, бас ауыру, бас айналу, ұйқының бұзылуы, дәм сезудің бұзылуы,
- тәбет төмендеуі, құсу, асқазан-ішектік және абдоминальді ауырулар, диспепсия, метеоризм,
- қанда трансаминазалар жоғарылауы, билирубин жоғарылауы, сілтілі фосфатаза жоғарылауы,
- тері бөртпесі, қышыну, есекжем,
- қаңқа-бұлшықет ауыруы (мысалы, аяқ-қолдың, арқаның, кеуденің ауыруы), буындар ауыруы,
- бүйрек жұмысының бұзылуы,
- астения, жоғары температура.
Сирек:
- лейкопения, анемия, нейтропения, лейкоцитоз, тромбоцитопения, тромбоцитемия,
- аллергиялық реакция, аллергиялық ісіну, ангионевроздық ісіну,
- гипергликемия, гипогликемия,
- сананың шатасуы/бағдардан жаңылу, үрей, аномалиялық түстер, депрессия (суицидтік идеялар/ойлармен, өзін-өзі өлтіру әрекеттерімен немесе өзін-өзі өлтірумен аяқталуы мүмкін), елестеулер,
- парестезия, дизестезия, гипестезия, тремор, құрысулар (эпилепсия статусын қоса), бас айналу,
- көру бұзылулары (мысалы, диплопия),
- құлақтағы шыңыл, естімей қалу/есту қабілетінің бұзылуы,
- тахикардия,
- тамырлар кеңеюі, гипотония, естен тану,
- ентігу (демікпе статусын қоса),
- антибиотикпен астасқан колит (өте сирек өліммен аяқталатын),
- бауыр жеткіліксіздігі, холестаздық сарғаю, гепатит,
- фотосезімталдық реакциялары,
- миалгия, артрит, бұлшықет тонусының көтерілуі және бұлшықет түйілуі,
- бүйрек жеткіліксіздігі, гематурия, кристаллурия, тубулоинтерстициальді нефрит,
- ісіну, тершеңдік (гипергидроз),
- амилаза жоғарылауы.
Өте сирек:
- гемолиздік анемия, агранулоцитоз, панцитопения (өмірге қауіпті), сүйек кемігінің бәсеңдеуі (өмірге қауіпті),
- анафилаксиялық реакция, анафилаксиялық шок (өмірге қауіпті), сарысу құю ауруы тәрізді реакция,
- психоздық реакциялар (аяқталу ықтималдығы зор суицидтік идеялармен/ойлармен, өзін-өзі өлтіру әрекеттерімен немесе өзін-өзі өлтірумен аяқталған),
- бас сақинасы, қозғалыс үйлесімінің бұзылуы, жүріс-тұрыс бұзылуы, иіс сезу жүйкесінің бұзылулары, бассүйекішілік гипертензия, жалған ми ісігі,
- түсті ажыратудың бұрмалануы,
- васкулит,
- панкреатит, бауыр некрозы (өмірге қауіпті бауыр жеткіліксіздігіне дейін өте сирек үдейтін),
- петехиялар, көп пішінді эритема, түйінді эритема, Стивенс-Джонсон синдромы (өмірге зор қауіпті), уытты эпидермалық некролиз (өмірге зор қауіпті),
- миастения, тенденит, сіңірлердің (көбінесе ахилл сіңірінің) үзілуі, гравис миастения симптомдарының өршуі.
Белгісіз:
- диурезге қарсы гормонның талапқа сай емес секрециялану синдромы,
- гипогликемиялық кома,
- мания, гипоманияны қоса,
- шеткері нейропатия және полинейропатия,
- қарыншалық аритмия және torsades de pointes (көбінесе QT аралығын ұзартатын қауіп факторлары бар пациенттерде білінеді), ЭКГ-да QT аралығының ұзаруы,
- жедел жайылған экзантематозды пустулез, эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен болатын дәрілік реакция (DRESS-синдром),
- халықаралық қалыптасқан қатынастың артуы (К дәруменінің антагонистерін қабылдаған пациенттерде).
Өте сирек жағдайларда өмір сүру сапасының тұрақты нашарлауы (айлар немесе жылдар бойы жалғасатын), сондай-ақ ағзалардың және сезім ағзаларының әртүрлі, ал кейде бірнеше жүйесін зақымдайтын ауыр және қайтымсыз болу ықтималдығы зор күрделі жағымсыз әсерлері (оның ішінде, тендинит, сіңір үзілуі, артралгия, аяқ-қол ауыруы, жүріс-тұрыс бұзылуы, қатарлас парестезиялармен нейропатиялар, депрессия, қажу, жадының, ұйқының шектеулері мен бұзылыстары, естудің, көрудің, дәм сезудің және иіс сезудің бұзылулары) дамуы мүмкін. Кейде олар қауіп факторларының болуына қарамастан дамыды.
Фторхинолондар тобының препараттарын қолдану кезінде қолқа жақтауының кейде оның жарылуымен асқынатын кеңею және қатпарлану жағдайлары (оның ішінде өліммен аяқталатын), сондай-ақ жүрек клапандары арқылы қанның кері қайтара ағуы (жүрек клапандары жұмысы жеткіліксіздігінің көрінісі ретінде) болуы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттар тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық дерекқорға тікелей хабарласу (жағымсыз реакциялар бойынша ақпараттық дерекқорды көрсету) керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz