Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Капсулы
Саудалық атауы
Фосфоглив®
Әсер етуші зат
Препараты для лечения заболеваний печени
Мақсаты
Бауырдың майлы дегенерациясында (гепатоз), бауырдың алкогольдік, уытты, оның ішінде дәрілік зақымдануында
Өндіруші
Открытое акционерное общество "Фармстандарт-Лексредства", (ОАО "Фармстандарт-Лексредства")
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір капсуланың құрамында
белсенді заттар: Фосфолипидтер (липоид С80) (100% затқа шаққанда) (негізгі компонент фосфатидилхолин 73-79%) – 65,0 мг, глицирризин қышқылының тринатрий тұзы (натрий глицирризинаты) – 35,0 мг,
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза – 141,2 мг, кальций карбонаты ‒ 204,7 мг, кальций стеараты – 0,9 мг, тальк – 7,7 мг, коллоидты кремнийдің қостотығы (аэросил) – 5,5 мг.
Қатты желатинді капсулалар – 96,0 мг
[Капсула құрамы:
Корпусы: күн батар түстес сары бояғышы (Е 110), титанның қостотығы (Е 171), желатин.
қақпақшасы: титанның қостотығы (Е 171), темірдің қара тотығы бояғышы (Е 172), желатин]
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Қатты желатин капсулалар №0, капсуланың корпусы – қызғылт-сары түсті, қақпағы – қара түсті. Капсуланың ішінде – өзіне тән аздаған иісі бар сәл сарғыш реңді ақтан ашық-сары түске дейінгі түйіршіктелген ұнтақ.
- бауырдың майлы дегенерациясында (гепатоз), бауырдың алкогольдік, уытты, оның ішінде дәрілік зақымдануында;
- вирустық гепатиттер, бауыр циррозы мен псориазды кешенді емдеу құрамында.
Бауыр мен өт жолдарының ауруларын емдеуге арналған препараттар. Бауыр ауруларын емдеуге арналған препараттар, липотропты препараттар. Бауыр ауруларын емдеуге арналған препараттар.
АТХ коды А05ВА
Біріктірілген зат. Оның гепатопротекторлық, жарғақша тұрақтандырғыш және вирусқа қарсы әсері бар.
Глицирризин қышқылы антиоксидантты, қабынуға қарсы әсері, сондай-ақ фиброгенезге ықпалы есебінен гепатопротекторлық әсерге ие.
Антиоксидантты әсері. Глицирризин қышқылы бос оттегі радикалдарын байланыстырады және гепатоциттерде липидтердің асқын тотығуын (ЛАТ) бастамалайтын ферменттерді тежейді.
Қабынуға қарсы әсері. Глицирризин қышқылы NF-kB- және TLR4-сигналдық жолдарына тежегіш әсері; қабынуға қарсы цитокиндер (ІНФ α, ИЛ -1, ИЛ -6, ИЛ -8) өндірісінің бәсеңдеуі; қабынуға қарсы цитокиндердің (ИЛ-2, ИЛ-10, ИЛ-12) өндірісін стимуляциялау есебінен қабынуды төмендетеді. Глицирриз қышқылы қандағы эндогенді кортизолдың жоғарылауына ықпал ететін 11β-оксистероиддегидрогеназаны тежейді (жалған кортикостероидты әсер).
Фиброгенезге әсері 1 типті коллаген гені экспрессиясының төмендеуімен және бауырдың жұлдызша жасушаларының (Ито жасушалары) коллаген өндірісінің төмендеуімен, сондай -ақ табиғи киллер жүйесі арқылы іске қосылатын Ито жасушаларының жойылуымен байланысты, бұл фиброз өршуінің баяулауына ықпал етеді.
Интерферондардың өндірісін стимуляциялау, фагоцитозды жоғарылату, табиғи киллер жасушалардың белсенділігін ұлғайту есебінен бауыр мен басқа ағзаларда вирустар репродукциясын бәсеңдетеді.
Қабынуға қарсы әсер есебінен тері зақымданған жағдайда, бұл үдерістің таралуын шектейді және аурудың регресіне ықпал етеді.
Фосфатидилхолин (фосфолипидтердің белсенді заты) жасушалық және жасушаішілік жарғақшалардың негізгі құрылымдық элементі болып табылады, зақымдалған жағдайда олардың құрылымы мен функциясын қалпына келтіреді, жарғақша тұрақтандырушы әсер көрсетеді. Ақуыз және липид алмасуын қалыпқа келтіреді, ферменттер мен басқа белсенді заттардың гепатоциттер арқылы жоғалуын болдырмайды, бауыр функциясының қалпына келуіне ықпал етеді.
Дозалану режимі
Ересектер
2 капсуладан тәулігіне 3 рет.
Пациенттердің ерекше топтары
18 жасқа дейінгі балалар:
Препаратты 18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Қолдану тәсілі
Ішке қабылдауға арналған.
Тамақтану кезінде, шайнамай, аздаған мөлшердегі сұйықтықпен қабылданады.
Емдеу ұзақтығы
Қолдану ұзақтығы 6 айға дейін болуы мүмкін, орта есеппен – 3 ай.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Қатысты емес
Тоқтату симптомдарының болу қаупіне нұсқау
Қатысты емес
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- антифосфолипидтік синдром
- жүктілік және бала емізу
- 18 жасқа дейінгі балаларға
Сақтықпен
- портальді гипертензиясы бар науқастарда
- артериялық гипертензиясы бар науқастарда.
Өте сирек
тері бөртпесі, мұрынмен тыныс алудың қиындауы, конъюнктивит, жөтел, артериялық қысымның транзиторлық (өтпелі) жоғарылауы, шеткері ісіну, диспепсия (кекіру, жүрек айнуы, іш кебуі), іштегі жайсыздық.
Артериялық қысым көтерілген жағдайда препарат қабылдауды тоқтатып, дәрігермен кеңесуіңіз керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Препаратты дәрігердің бақылауымен қабылдау керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралдарын басқару және жоғары зейін қою мен психомоторлық реакциялар жылдамдығын қажет ететін басқа жұмысты орындау қабілетіне қолайсыз әсер етпейді.
Жүктілік
Фосфоглив® препаратын жүктілік кезінде қолдануға болмайды.
Бала емізу кезеңі
Фосфоглив® препаратын бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды.
Фертильділік
Фосфоглив® препаратының адам фертильділігіне ықпалы туралы деректер жоқ.
Жануарлардан алынған токсикологиялық деректер фертильділікке әсер етпейтінін растайды.
Өзара әрекеттесуге зерттеулер жүргізілген жоқ.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Препаратты түпнұсқалық қаптамасында сақтау керек.
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.