Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки
Дозасы
500 мг
Саудалық атауы
Фталазол
Әсер етуші зат
Фталилсульфатиазол
Мақсаты
Жедел дизентерия, өршу кезеңінде созылмалы дизентерия, колиттер, гастроэнтериттер
Өндіруші
АО «Ирбитский химфармзавод»
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – фталилсульфатиазол – 500 мг,
қосымша заттар: картоп крахмалы, тальк, кальций стеараты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Жалпақ цилиндр пішінді, ойығы мен сызығы бар ақ немесе сәл сарғыш реңді ақ түсті таблеткалар.
- жедел дизентерия
- өршу кезеңінде созылмалы дизентерия
- колиттер
- гастроэнтериттер
- ішекте хирургиялық араласу кезінде іріңді асқынулардың алдын алу
Фталазол, құрылымы жағынан парааминобензой қышқылына (ПАБҚ) ұқсайтын басқа да сульфаниламидті препараттар сияқты, бәсекелестік өзара қатынастар принципі бойынша микроб жасушасының фолий қышқылының синтезіне қосылуына кедергі жасайды. Бұл микроорганизмдердің өсуі мен дамуына жауап беретін пуриндік және пиримидиндік негіздің синтезіне қатысатын фолий қышқылы түзілуінің бұзылуына әкеледі. Фталазол микробтардың вегетативтік түрлеріне неғұрлым айқын бактериостатикалық әсер көрсетеді. Бұл әсер біртіндеп дамиды, өйткені микроб жасушасында біраз ПАБҚ қоры болады. Бұдан басқа, фталазолдың дегидрофолий қышқылының – фолий қышқылының түзілуін шектейтін ферменттің синтетазасымен ұқсастық дәрежесі ПАБҚ-мен салыстырғанда едәуір әлсіз. Сондықтан фталазолды микроорганизмдердің тіндер құрамындағы ПАБҚ пайдалануына кедергі жасайтын жеткілікті жоғары дозаларда енгізу керек. Олай болмаған жағдайда сульфаниламидтік препараттардың одан әрі әсер етуіне көнбейтін қоздырғыштардың төзімді штаммдары қалыптасуы мүмкін. Бактерияға қарсы әсерінен бөлек, фталазол басқа да сульфаниламидті препараттар сияқты, қабынуға қарсы әсер көрсетеді, мұны оның лейкоциттердің миграциясын шектеу, көшпелі жаушалық элементтердің жалпы санын азайту және глюкокортикостероидтардың өндірілуін ішінара стимуляциялау қабілетімен байланыстырады.
Препарат көбінесе ішек саңылауында әсер етеді.
Фталазол микробқа қарсы ауқымды спектріне ие. Бірқатар грамоң (Streptococcus, Pneumococcus, Staphylococcus) және грамтеріс (Meningococcus, Gonococcus, Shigella dysenteriae, Escherichіa coli, Pseudomonas aeruginosa, Proteus vulgaris) микроорганизмдер, оның ішінде ішек инфекциялары қоздырғыштарына қатысты белсенді.
Бактериостатикалық әсер танытады.
Дозалау режимі
Дизентерияның жедел түрінде ересектерге тәулігіне 6 г (әр 4 сағатта 1 г) 1-2-ші күні, 3-4-ші күні – 1 г тәулігіне 4 рет (әр 6 сағатта), 5-6-шы күні 1 г тәулігіне 3 рет (әр 8 сағатта) тағайындайды. Емдеу курсына барлығы 25-30 г.
Алғашқы емдеу курсынан кейін (5-6 күннен соң) екінші курсты жүргізеді: 1-2-ші күні – 1 г 4 сағаттан соң (түнде 8 сағат сайын), тәулігіне барлығы 5 г; 3 - 4-ші күні - 1 г тәулігіне 4 рет (түнге тағайындамайды), тәулігіне барлығы 4 г; 5-ші күні – 1 г тәулігіне 3 рет (түнде бермейді), тәулігіне барлығы 3 г. Екінші курс бойы жалпы доза 21 г; ауру жеңіл өткен кезде екінші курс дозасы - 18 г.
Басқа инфекцияларда ересектерге бастапқы 2-3-ші күні әр 4-6 сағат сайын 1-2 г, келесі 2-3-ші күні – жартылай дозалар. Ересектерге арналған жоғары дозалар: бір реттік - 2 г, тәуліктік – 7 г.
Жедел дизентерияда 6-тен 12 жасқа дейінгі балаларға бір қабылдауға 0.5 – 0.75 г тәулігіне 4 рет.
Басқа инфекцияларда балаларға 1-ші күні тәулігіне дене салмағының әр келісіне шаққанда 0.1 г тағайындайды. Препаратты түнге қарай үзіліс жасап, әр 4 сағат сайын бірдей дозада береді. Келесі күндері әр 6-8 сағат сайын 0.25-0.5 г береді. Емдеу курсы - 7 күнге дейін.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Препаратты қолдану туралы сұрақтар туындаған жағдайда емдеуші дәрігерге немесе дәріхана қызметкеріне хабарласыңыз.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- сульфаниламидтерге аса жоғары сезімталдық
- қан ауруы
- жедел гепатит
- 6 жасқа дейінгі балаларға
- диффузды уытты зоб
- созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
- гломерулонефрит
- ішек бітелісі
- жүктілік және лактация кезеңі
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- бас ауыру, бас айналу, жабырқау көңіл-күй
- жүрек айну, құсу, іш өту, ауыз қуысы шырышты қабығының зақымдануы (стоматит, гингивит, глоссит), гастрит, холангит, гепатит, В тобы дәрумендерінің жеткіліксіздігі (ішек микрофлорасын бәсеңдеуі салдарынан болатын)
- конкременттердің түзілуі
- эозинофильді пневмония
- миокардит, цианоз
- лейкопения, тромбоцитопения, агранулоцитоз, эритроциттер гемолизі, аплазиялық анемия
Ұзақ уақыт қолданғанда пайда болуы мүмкін
- аллергиялық және уытты-аллергиялық реакциялар: дәрілік аллергия, оның ішінде дәрілік аллергияның түйінді және көп формалы экссудативті эритемаға дейін әртүрлі бөртпелер түрінде терідегі көріністері, жекелеген жағдайларда – уытты эпидермалық некролиз (Лайелл синдромы), еріннің және беттің аллергиялық ісінулері, түйінді периартериит
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: жүрек айну, құсу, диарея, диспепсиялық бұзылыстар, асқазанның ауыруы, препаратты тоқтатқаннан кейін басылатын аллергиялық реакциялар.
Емдеу: препаратты тоқтату, натрий гидрокарбонатының 2% ерітіндісімен және белсенділендірілген көмір жүзіндісімен асқазанды шаю; натрий гидрокарбонатының 2% ерітіндісін көп ішу, қарқындатылған диурез, гемодиализ.
Аурудың сипатына байланысты фталазолды антибиотиктермен бірге қолдануға болады. Препаратпен бір мезгілде жақсы сіңетін сульфаниламидтерді (сульфадимезин, этазол, этазол-натрийі және т.б.) тағайындаған тиімді. Нефроздар, нефриттер кезінде сақтықпен тағайындайды.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолданылуы
Препарат 6 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын басқарғанда және жоғары зейін қоюды және психомоторлық реакциялардың жылдамдығын талап ететін басқа да әлеуетті қауіпті әрекет түрлерімен шұғылданғанда сақ болу керек.
Препарат плацента арқылы оңай өтеді, ал жануарларға жүргізілген зерттеулерде оның ұрыққа жағымсыз әсері айқындалған, сондықтан препаратты жүктілік кезеңінде қолданбайды.
Ана сүтінде препараттың концентрациясы оның қан сарысуындағы концентрациясына тең болады және балаларда ядролық сарғаюды, сондай-ақ глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы бар балаларда гемолиздік анемияны туындатуы мүмкін, сондықтан препаратты бала емізу кезеңінде тағайындамайды.
Фталазолды басқа дәрілік препараттармен бірге қолданған кезде мынадай
өзара әрекеттесулер байқалуы мүмкін:
ПАСҚ (пара-аминсалицил қышқылы) және барбитураттар – сульфаниламидтердің белсенділігі күшейеді.
Салицилаттар – салицилаттардың белсенділігі және уыттылығы күшейеді.
Метотрексат және дифенин – метотрексаттың және дифениннің уыттылығы күшейеді.
Тиоацетазон, левомицетин - агранулоцитоздың даму мүмкіндігі артады.
Нитрофурандар - анемия мен метгемоглобинемияның туындау қаупін арттырады.
Әсері тікелей емес антикоагулянттар - антикоагулянтты әсері күшейеді.
Оксациллин - оксациллиннің белсенділігі төмендейді.
Фталазолды қышқылдармен және қышқылмен реакцияға түсетін препараттармен, гексаметилентетраминмен, эпинефрин ерітіндісімен бірге қолданған кезде химиялық үйлесімсіздік байқалады.
Фталазолды құрамында парааминобензой қышқылының эфирлері бар препараттармен (прокаин, бензокаин, тетракаин) бірге қолданғанда сульфаниламидтің бәсекелес механизм бойынша бактерияға қарсы белсенділігі жойылады.
Әсер ету тиімділігін антибиотиктер мен жақсы сіңетін сульфаниламидтер күшейтеді.
Сақтау мерзімі
4 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Пікірлер
Пікірлер жалпы препаратқа қатысты; автор қабылдаған нұсқа бөлек көрсетіледі.
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.