Төменде көрініс табу жиілігіне байланысты градацияға сәйкес жағымсыз реакциялар келтірілген: өте жиі (1/10); жиі (1/100, <1/10); жиі емес (1/1000, <1/100); сирек (1/10000, </1000); өте сирек (<1/10000, белгісіз (жиілігін қолда бар деректер негізінде анықтау мүмкін емес).
Өте жиі
• инфекциялар
• миелосупрессия, лейкопения, нейтропения және тромбоцитопения
• қажу, жалпы әлсіздік, ұйқышылдық және апатия
• ишемияға немесе кардиомиопатияға тән ЭКГ өзгерістері, стенокардия
• жүрек айнуы, құсу, анорексия, стоматит, эзофагит (төстің артындағы күйдіріп-ашыту сезімімен), фарингит (дисфагиямен), проктит (сулы диареямен)
• Тіпті толық алопеция дамығанға дейін шаштың түсуі, дерматит, дизестезиямен, қызарумен, ісінумен, алақан мен табандағы терінің ауыруы және қабыршақтануымен алақан-табан синдромы. Алақан-табан синдромы фторурацилді болюсті вена ішіне енгізуге қарағанда үздіксіз венаішілік инфузиямен дамиды.
Жиі
• агранулоцитоз, панцитопения, анемия, фебрильдік нейтропения
• гиперурикемия
• атаксияны, жедел мишық синдромын, дизартрияны, сананың шатасуын, бағдардан адасуды, миастенияны, афазияны, құрысулар немесе команы қоса, лейкоэнцефалопатия
• бронх түйілуі
• құрғақ, жарылған тері
Жиі емес
• анафилаксиялық шоктың дамуына дейінгі аллергиялық реакциялар, қызба
• нистагм, бас айналу, паркинсонизм симптомдары, пирамидалық жеткіліксіздік, бас ауыру және эйфория
• көру жүйкесінің невриті, диплопия, көру өткірлігінің төмендеуі, көздің қарығуы, конъюнктивит (кейде ойық жарасы бар), блефарит, көрудің бұлыңғырлығы, көз жасы жолдарының фиброзы, көз моторикасының бұзылуы, көп мөлшерде жас ағу
• миокард инфарктісі (жекелеген жағдайларда өліммен аяқталған), аритмия, жүректің созылмалы жеткіліксіздігі, миокардит (жекеленген жағдайларда өліммен аяқталған), төс артының ауыруы, солжақ қарыншаның дисфункциясы, кардиогендік шок
• геморрагиялық диарея, дегидратация, сепсис дамуымен ішек қабырғасының ауыр зақымдануы (кейде кенеттен басталып, өмірге қауіп төндіреді), бауыр жасушаларының зақымдануы
• мұрын сүйегінің некрозы
• бүйрек жеткіліксіздігі
• сперматогенездің немесе овуляцияның бұзылуы
Сирек
• есекжем, фотосенсибилизация, терінің гиперпигментациясы немесе тері пигментінің жоғалуы, тырнақтардың диффузиялы өзгерістері (соның ішінде пигментті өзгерістер, онихолизис, тырнақ дистрофиясы, тырнақ дистрофиясы және тырнақ ұясының қалыңдауы, паронихия)
Өте сирек
• ишемиялық инсульттің дамуы туралы хабарламалар бар (фторурацилді митомицинмен немесе цисплатинмен біріктіріп қолданғанда)
• жүректің тоқтап қалуы
• сирек жағдайларда бауыр некрозы (кейбір жағдайларда өліммен аяқталады)
• экзантема (жиі денедегі денедегі және аяқ-қолдағы қышынған макулопапулезді бөртпемен бірге жүреді)
Белгісіз
• лактацидоз, ісік лизисі синдромы, гипертриглицеридемия, В1 дәруменінің тапшылығы
• гипераммоний энцефалопатиясы, артқы қайтымды энцефалопатия синдромы (PRES), Вернике энцефалопатиясы
• перикардит, стресстік кардиомиопатия (Такоцубо синдромы)
• холецистит, ішек пневматозы, энтероколит, колит (некрозды колитті қоса)
• экстравазациядан туындаған жергілікті реакция (ауырсыну, ісіну, эритема)
Жекелеген жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылыстар
Миелосупрессия дәрежесі енгізу тәсіліне (вена ішіне болюсті енгізу немесе вена ішіне ұзақ инфузия) және фторурацилдің дозасына байланысты. Нейтропения фторурацилдің стандартты дозасын вена ішіне болюстік енгізгенде емнің әрбір курсынан кейін дамиды. Әдетте, надирге емнің 9-шы және 14-ші күндері арасында, кейде емнің 20-шы күнінен ерте емес жетеді. 30-шы күннен кейін лейкоциттер деңгейі қалпына келеді. Жоғарыда аталған барлық сақтық шараларын қолдану қажет.
Фторурацилмен емнің салдарынан сүйек кемігінің бәсеңдеуі инфекциялардың жоғары жиілігіне және жаралардың баяу жазылуына әкелуі мүмкін.
Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан бұзылыстар
Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан бұзылыстар әдетте емнің бірінші курсы ішінде дамиды және келесі курстарда қайталанады. Жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерде стенокардия немесе миокард инфарктісі даму қаупі жоғары. Стенокардия, миокард инфарктісі және жүректің созылмалы жеткіліксіздігі дамыған кезде осы жағдайлардың тиісті емдеуін бастау қажет.
Жүйке жүйесінің бұзылыстары
Лейкоэнцефалопатияның дамуы туралы хабарламалар бар, ол фторурацилды тоқтатқаннан кейін қайтымды болып табылады ДПД ферментінің тапшылығы бар пациенттерде лейкоэнцефалопатияның даму қаупі жоғары.
Диффузиялық өлшенген магнитті-резонанстық томография (ДӨ МРТ) лейкоэнцефалопатияны диагностикалауға көмектеседі.
Асқазан-ішек бұзылыстары
Асқазан-ішек жолы тарапынан жағымсыз әсерлер фторурацилмен емнің аясында жиі дамиды, және кейде өмірге қауіпті сипаттама болуы мүмкін Асқазан-ішектің ауыр уыттылығы дамыған кезде фторурацил енгізуді тоқтату қажет. Фторурацил туындатқан шырышты қабықтың зақымданулары асқазан-ішек жолының кез келген бөлігінде кездеседі және дисфагияның, төс артының күйдіріп-ашыту сезімінің пайда болуына, сулы диареяға және проктитке әкеледі. Стоматит, миелосупрессия емес, әдетте фторурацилдің үздіксіз венаішілік инфузиясын жүргізу кезінде дозаны шектейтін фактор болып табылады. Стоматит фторурацилдің 350 мг/м2 жоғары дозаларында бір – үш апта емдеуден кейін өте жиі дамиды (50% жағдайда).
Жүрек айнуы мен құсу көбінесе терапияның басында пайда болады. Егер бұл симптомдаар құсуға қарсы препараттармен тоқтатылмаса, фторурацилді енгізуді тоқтату керек.
Кальций немесе натрий фолинатымен біріктірілген кіріспе
Жалпы алғанда, қауіпсіздік бейіні фторурацилмен индукцияланған уыттылықтың күшеюі себебінен фторурацил енгізу үшін таңдалған емдеу режиміне байланысты.
Емнің айлық хаттамасы
Ағзалар мен жүйелер — Жиілігі — Жағымсыз реакциялар
Асқазан-ішек бұзылыстары — Өте жиі — Құсу және жүрек айну
Жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі реакциялар — Өте жиі — (Ауыр) шырышты зақымданулар
Уыттылықтың басқа көріністерінің күшеюі (мысалы, нейроуыттылық) байқалмайды.
Емнің апталық хаттамасы
Ағзалар мен жүйелер — Жиілігі — Жағымсыз реакциялар
Эндокриндік бұзылыстар — Өте сирек — Гипертиреоздың клиникалық көріністері болмаған кезде бос тироксиннің (Т4) және тиреотропты гормонның (ТТГ) жоғарылауынсыз жалпы тироксин (Т4) және жалпы трийодтиронин (Т3) деңгейінің жоғарылауы
Қантамырлық бұзылулар — Жиі емес — Тромбофлебит
Өте сирек — Мұрыннан қан кетулер, гипотензия
Асқазан-ішек бұзылыстары — Өте жиі — Емдеу жүргізу үшін ауруханаға жатқызуды қажет ететін және өлімге әкелуі мүмкін ауыр диарея және дегидратация
Зертханалық көрсеткіштердің өзгеруі — Өте сирек — Жекеленген хабарламалар деректеріне сәйкес, фторурацилді варфаринмен бірге қолданған кезде протромбин уақытының ұлғаюы мүмкін. Гемцитабин фторурацилдің жүйелік биожетімділігін арттыруы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz