Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат - фуразидин (50 мг калий фуразидиніне сәйкес), 43,70 мг
қосымша заттар: негізгі магний карбонаты, калий карбонаты, тальк.
Капсула құрамы: титанның қостотығы (Е 171), хинолинді сары (Е 104) және желатин.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Құрамында қызғылт сары-қоңырдан қызғылтым-қоңыр түске дейінгі ірі ұнтақ бар қатты желатинді № 3 капсулалар (сары/сары). Ақ, сары, қызғылт сары және қызғылт сары-қоңыр түсті бөлшектердің болуына жол беріледі.
• калий фуразидиніне сезімтал микроорганизмдер туындатқан инфекцияда: несеп шығару жолдарының инфекциялары (жедел цистит, уретрит, пиелонефрит),
• простатит
• гинекологиялық инфекциялар
• урологиялық операциялар, цистоскопия, катетеризация және т.б. кезінде несеп шығару жолдары инфекцияларының профилактикасы үшін
Әсер ету механизмі
Нитрофурандар, оның ішінде фуразидин микроорганизмдердің ферментативті жүйелерін бәсеңдетеді және микроорганизмдердің жасушаларындағы басқа биохимиялық үдерістерді басады, соның нәтижесінде бактериялардың жасушалық қабығы немесе цитоплазмалық жарғақшасы бұзылады.
Дәрілік заттың әсері нәтижесінде микроорганизмдер токсинді азырақ бөледі, осыған байланысты пациенттің жалпы жағдайы патогенді микрофлораның өсуінің айқын бәсеңдеуіне дейін де жақсаруы мүмкін.
Фармакодинамикалық әсерлері
Фурамаг препаратының әсер етуші заты – фуразидин, грамоң және грамтеріс микроорганизмдерді қоса алғанда, бактерияға қарсы әсердің кең ауқымына ие. Әсер етуші затқа резистенттілігі баяу дамиды және жоғары дәрежеге жетпейді. Стафилококктарға (Staphylococcus aureus, S. saprophyticus, S. еpidermidis), сондай-ақ басқа көптеген патогенді немесе шартты-патогенді бактерияларға (Escherichia coli, Aerobacter aerogenes, Proteus mirabilis, Proteus morganii, Streptococcus agalactiae, стрептококк туындатқан Enterococcus – Enterococcus faecalis, Enterococcus faecium және Corynebacterium) қатысты фуразидин, басқа нитрофурандармен салыстырғанда неғұрлым белсенді. Сондай-ақ, кейбір грамтеріс бактерияларға қарсы белсенді, оның ішінде Citrobacter amalonaticus, C. diversus, C. freundii, Klebsiella oxytoca, K. ozaenae, Enterobacter, Neisseria, Salmonella, Shigella.
Proteus, Serratia және Pseudomonas штаммдарының көпшілігіне қарсы белсенді емес.
In vitro сезімтал микроорганизмдердің көпшілігі үшін Фурамагтың ең төмен тежейтин концентрациясы (MIC) 0,2-6 кг/мл құрайды. Сезімтал микроорганизмдер үшін халықаралық стандарттарға сәйкес нитрофуран туындылары үшін MIC 32 мкг/мл-ге дейін, орташа сезімтал микроорганизмдер үшін – 32-64 мкг/мл, резистентті микроорганизмдер үшін – 64-128 мкг/мл құрайды.
Дозалау режимі
50-100 мг (1-2 капсула) күніне 3 рет қабылдау керек.
Емдеу курсы 7-10 күнді құрайды. Қажет болғанда 10-15 күндік үзілістен кейін курсты қайталайды.
Инфекция профилактикасы үшін
50 мг күніне бір рет қабылдау керек.
Өткізіп алған дозаның орнын басу үшін ешқашан қосарлы доза қабылдамаңыз.
Пациенттердің ерекше топтары
Егде жастағы пациенттер
Дәрілік затты егде жастағы пациенттерге сақтықпен қолдану керек.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауыр функциясы бұзылған пациенттерге дәрілік затты сақтықпен қолдану керек, емдеу кезінде бауыр функциясының көрсеткіштерін бақылау қажет.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге дәрілік затты сақтықпен қолдану керек, емдеу кезінде бүйрек функциясының көрсеткіштерін бақылау қажет.
Енгізу әдісі және жолы
Дәрілік затты тамақтан кейін ішке қабылайды. Капсуланы, көп мөлшердегі сұйықтықпен іше отырып, бүтіндей жұтады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Бұл дәрілік затты әрдайым дәрігердің нұсқауларына сәйкес қабылдаңыз. Түсініксіз жағдайда дәрігермен кеңесіңіз.
• әсер етуші затқа, нитрофуран тобының басқа қосылыстарына немесе дәрілік заттың қосымша заттарына жоғары сезімталдық
• ауыр бүйрек жеткіліксіздігі
• полиневропатия (диабеттікті қоса)
• порфирия (тұқым қуалайтын қандағы пигменттік алмасудың бұзылуы)
• жүктілік және бала емізу
• 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Жиі
- бас ауыруы
Жиі емес
- бас айналу, ұйқышылдық
- жүрек айнуы, метеоризм
Сирек
- шеткері нейропатия
- көрудің бұзылуы
- құсу, тәбеттің жоғалуы, диарея, диспепсия, іш қату, іштің ауыруы
- папулезді бөртпе, қышыну
Өте сирек
- қан түзілуі бұзылулары (апластикалық анемия, агранулоцитоз, тромбоцитопения)
- панкреатит
- өкпенің жоғары сезімталдығының жедел және созылмалы реакциялары.
Өкпедегі жедел реакция қарқынды дамиды және қатты ентігу, қызба, кеуденің ауыруы, жөтел (қақырықпен немесе қақырықсыз), эозинофилиямен сипатталады. Өкпедегі жедел реакциямен бір мезгілде тері бөртпесі, қышыну, есекжем, ангионевроздық ісіну және миалгия туралы хабарланған. Өкпедегі жедел реакция негізінде бірнеше сағат, сирек – минут ішінде дамуы мүмкін жоғары сезімталдық реакциясы жатыр. Өкпедегі жедел реакция әдетте дәрілік затты қабылдауды тоқтатқаннан кейін басылады.
Созылмалы өкпе реакциялары нитрофуранмен емдеу тоқтатылғаннан кейін ұзақ уақыт бойы туындауы мүмкін және біртіндеп күшейетін ентігумен, жиі тыныс алумен, қызбамен, эозинофилиямен, жөтелдің үдеуімен, интерстициальді пневмонитпен және/немесе өкпе фиброзымен сипатталады.
- ангиоэдема, есекжем, эксфолиативті дерматит, полиморфты эритема, қайтымды алопеция
- артралгия (буындардағы ауыру)
- бассүйекішілік қысымның аздап жоғарылауы
- холестаздық сарғаю, гепатит
- әлсіздік, температура жоғарылауы
Фурамаг несепті күңгірт сары немесе қоңыр түске бояйды.
Асқазан-ішек жолдары тарапынан жағымсыз әсерлер жиілігі препаратты тамақпен бірге қабылдаған кезде азаяды.
Жағымсыз әсерлерді болдырмау немесе айқындығын азайту үшін көп мөлшердегі сұйықтық пайдалану, В тобының дәрумендерін және антигистаминдік дәрілерді қабылдау ұсынылады. Айқын жағымсыз әсерлер білінген кезде дозаны төмендету немесе дәрілік заттарды қабылдауды тоқтату керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Артық дозалану жағдайлары туралы деректер түскен жоқ. Әдетте уытты құбылыстар бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде көрінуі мүмкін. Бұл жағдайларда симптомдар байқалады: симптомдар Жағымсыз реакциялар бөлімінде көрсетілген.
Емі. Артық дозалану жағдайында көп мөлшерде сұйықтық ішу керек. Жедел симптомдарды басу үшін антигистаминдік дәрілер қолдану керек. В тобының дәрумендерін (тиамин бромид) қолдану ұсынылады.
Анамнезінде жоғары сезімталдық болған жағдайында Фурамагты сақтықпен қолдану керек.
Фурамаг қабылдайтын пациенттерде несептегі глюкозаны мысты қалпына келтіру әдісімен анықтау кезінде жалған-оң нәтиже беруі мүмкін. Егер несептегі глюкозаны анықтау үшін ферменттік әдістер пайдаланылса, Фурамаг талдама нәтижесіне әсер етпейді.
Арнайы ескертулер
Гемолиз даму қаупі болғандықтан глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы бар пациенттерге сақ болу қажет.
Бүйрек, бауыр және жүйке жүйесі функциясының бұзылуы бар пациенттерге сақтықпен қабылдау керек. Фурамагты бүйрек паренхимасы инфекциясы кезінде қабылдау ұсынылмайды.
Анемиясы, В тобы дәрумендерінің және фолий қышқылы тапшылығы, өкпе ауруы бар пациенттерге сақ болу қажет.
Полинейропатия даму қаупіне байланысты қант диабеті бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Нейропатияның алғашқы симптомдарында дәрілік затты қабылдауды тоқтату керек.
Сондай-ақ Фурамагты ұзақ уақыт қолдану да шеткері нейропатияны тудыруы мүмкін.
Ұзақ уақыт қолданған кезде бауыр және бүйрек функциясының көрсеткіштерін, сондай-ақ өкпенің функциясын, әсіресе 65 жастан асқан пациенттерде (өкпе фиброзы қаупі) бақылау керек.
Фурамагтың профилактикалық дозаларын ұзақ уақыт қолданғанда бактерияларға клиникалық маңызды резистенттілік дамымайды.
Фурамагпен емдеу кезінде жалған жарғақшалы колиттің даму жағдайлары туралы деректер жоқ, дегенмен бактерияға қарсы дәрілердің барлығында, оның ішінде нитрофуран туындыларында дерлік жалған жарғақшалы колит жағдайлары туралы хабарланған. Бактерияға қарсы дәрілерді қолдану уақытында ішектің табиғи микрофлорасын бәсеңдетуден туындаған диареясы бар пациенттерде бұл жағымсыз әсерлер болуы ықтималдығын назарда ұстау керек. Антибиотиктерден айырмашылығы, Фурамаг іс жүзінде ішек микрофлорасын өзгертпейді. Жалған жарғақшалы колиттің жеңіл түрі жағдайында бактерияға қарсы дәрілерді қабылдауды тоқтату жеткілікті.
Педиатрияда қолдану
18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Дәрілік зат көлік құралдарын басқаруға немесе механизмдерге қызмет көрсету қабілетіне әсер етпейді. Бірақ ем қабылдау кезінде бас айналу, ұйқышылдық немесе орталық жүйке жүйесі тарапынан басқа жағымсыз әсерлер туындаған пациенттер автокөлікті немесе басқа механизмдерді басқару кезінде сақ болу керек.
Қолдануға болмайды.
Емдеуші дәрігерге барлығы туралы, оның ішінде өзіңіз қабылдайтын рецептісіз босатылатын дәрілік заттар туралы да міндетті түрде хабарлаңыз.
Ристомицин, левомицетин, сульфаниламидтермен бір уақытта қолдануға болмайды, өйткені қан түзілуі процестерін бәсеңдетуі мүмкін.
Пенициллинмен және цефалоспоринмен бір уақытта қолданғанда бактерияға қарсы әсері едәуір артады. Тетрациклинмен, эритромицинмен немесе олеандомицинмен жақсы үйлеседі.
Несепті сілтілендіретін дәрілер нитрофурандардың белсенділігін әлсіретеді.
Несепті қышқылдандыратын дәрілер (қышқылдар, оның ішінде аскорбин қышқылы, сондай-ақ кальций хлориді), дәрілік заттың белсенділігін күшейтеді, бірақ уытты құбылыстардың даму қаупі артады.
In vitro нитрофурандар хинолондардың антагонистері (налидиксин қышқылы, норфлоксацин, оксолин қышқылы) болып табылады. Алайда in vivo осы өзара әрекеттесудің клиникалық мәні зерттелмеген, сондықтан хинолондармен бір мезгілде қолдануға болмайды.
Фурамаг және урикозуриялық дәрілік заттарды (пробенецид, сульфинпиразон) бір мезгілде қолдану калий фуразидинінің несеппен шығарылуын төмендетеді және, тиісінше, уыттылығын арттыруы мүмкін.
Ем қабылдау кезінде алкогольдік сусындарды ішуге болмайды, өйткені қолайсыз жағымсыз әсерлер (жүрек соғысының күшеюі, жүрек ауыруы, бас ауыруы, жүрек айнуы, құсу, құрысулар, артериялық қысымның төмендеуі, ысыну мен қорқыныш сезімі) күшеюі мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан және ылғалдан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.