Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки шипучие для приготовления раствора для местного и наружного применения
Дозасы
20 мг
Саудалық атауы
ФУРАЦИЛИН АВЕКСИМА
Әсер етуші зат
Нитрофурал
Мақсаты
Жергілікті: жедел тонзиллит (ангина), стоматит, гингивит, блефарит, конъюнктивит, остеомиелит, мұрын қосалқы қуыстары мен плевраның эмпиемасы; несеп шығару жолдарының…
Өндіруші
Ирбитский химфармзавод
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – нитрофурал (фурацилин) - 20 мг,қосымша заттар: шарап қышқылы, натрий гидрокарбонаты, натрий карбонаты, натрий хлориді, макрогол 20000, орташа молекулалы повидон.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек, жалпақ цилиндр пішінді, ашық-сары түстен сары түске дейінгі дақтары, екі жағында сызығы бар таблеткалар. Таблетка бетінің кедір-бұдырлығына жол беріледі.
Кешенді емдеу құрамында:
– жергілікті: жедел тонзиллит (ангина), стоматит, гингивит, блефарит, конъюнктивит, остеомиелит, мұрын қосалқы қуыстары мен плевраның эмпиемасы; несеп шығару жолдарының инфекцияларықуыстарды жуу.
• сыртқа: іріңді жаралар, ойылулар, ойық жаралар, II-III дәрежедегі күйіктер, терінің ұсақ зақымданулары (оның ішінде сыдырылулар, сызаттар, жарылулар, кесілулер).
Микробқа қарсы дәрі, нитрофуран туындысы. Бактериялық флавопротеиндер 5-нитротоптарды қалпына келтіре отырып, ақуыздардың конформациясын (оның ішінде рибосомалық) және басқа макромолекулаларды өзгертуге қабілетті, бактериялардың қырылуына алып келетін жоғары реактивті амин туындыларын түзеді. Грамоң және грамтеріс бактерияларға, оның ішінде Staphylococcus spp., Streptococcus spp., Escherichia coli, Clostridium perfringens қатысты белсенді. Төзімділік баяу дамиды және жоғары дәрежеге жетпейді.
Дозалау режимі
Жергілікті, сыртқа 0,02% жаңа дайындалған сулы ерітінді түрінде: тікелей қолданар алдында бір таблетканы (20 мг фурацилин) бөлме температурасындағы 100 мл дистилляцияланған суда немесе жылы қайнаған суда ерітеді.
Сыртқа: 0,02% сулы ерітінді түрінде – жараларды жуады, ылғалды таңғыштар салады.
Жергілікті: блефарит, конъюнктивитте – конъюнктива қалтасына 0,02% сулы ерітіндіні инстилляциялайды. Операциядан кейін остеомиелитте – қуысты жуу, соңынан ылғалды таңғыш салынады. Мұрын маңы қойнаулары эмпиемасында (оның ішінде гайморитте) – қуысты жуу, плевра эмпиемасында – іріңді сорып алғаннан кейін және плевра қуысын 20 - 100 мл 0,02 сулы ерітіндісін енгізе отырып жуып-шаяды. Несеп шығару өзегін және қуықты жуу үшін 20 минут экспозициямен 0,02% сулы ерітіндіні қолданады.
Тонзиллитте, стоматитте, гингивитте – ауызды және тамақты 100 мл сулы 0,02% ерітіндісімен күніне 2-3 рет шаю.
Емдеу ұзақтығы – зақымданған бөліктің сипаты мен орналасқан жеріне байланысты көрсетілім бойынша. Егер симптомдары сақталса, дәрігерге бару ұсынылады.
Енгізу әдісі мен жолы
Жергілікті, сыртқа
• нитрофуралға, нитрофуран туындыларына және/немесе препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
• аллергодерматоздар
• қан кету
• бүйрек функциясының айқын білінетін бұзылуы
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметтері бойынша жағымсыз реакциялар жиілігі бойынша келесідегідей жіктеледі:
өте жиі: ≥ 1/10; жиі: ≥ 1/100 және <1/10; жиі емес: ≥ 1/1000 және <1/100; сирек: ≥ 1/10 000 және <1/1000; өте сирек: <1/10 000; жиілігі белгісіз: пайда болу жиілігін қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес.
Жиілігі белгісіз
• аллергиялық реакциялар: терінің қышуы, дерматит.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Анықталмаған.
Шектеу дәрежесі препаратқа деген жекелей жағымдылығымен анықталады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат жоғары зейін қою мен психомоторлық реакциялардың жылдамдығын талап ететін көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Жүктілік және лактация кезеңінде қолайсыз әсері туралы деректер жоқ.
Зерттелмеген.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, түпнұсқалық қаптамасында (қорабта) 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.