Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки для приготовления раствора для местного и наружного применения
Дозасы
20 мг
Саудалық атауы
Фурацилин
Әсер етуші зат
Нитрофурал
Мақсаты
Терінің ұсақ зақымдануы (оның ішінде терінің сыдырылуы, тырналуы, жарылуы, тілінуі), іріңді жаралар, ойылулар, ойық жаралар
Өндіруші
АО «Ирбитский химфармзавод»
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – нитрофурал (фурацилин) 20 мг
қосымша зат: натрий хлориді 800 мг
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сары немесе жасылдау-сары түсті, бетіндегі бояуы біркелкі емес, жалпақ цилиндр пішінді сызығы және ойығы бар таблеткалар.
• терінің ұсақ зақымдануы (оның ішінде терінің сыдырылуы, тырналуы, жарылуы, тілінуі), іріңді жаралар, ойылулар, ойық жаралар
• ІІ және ІІІ дәрежелі күйіктер
• сыртқы есту жолындағы фурункулез, сыртқы және ортаңғы құлақтың жедел қабынуы
• мұрынның қосалқы қойнауларының іріңді-қабыну үдерістері
• баспа, стоматит, гингивит
Фурацилин микробқа қарсы дәрі. Грамоң және грамтеріс бактерияларға (Staphylococcus spp., Streptococcus spp., Shigella dysenteria spp., Shigella flexneri spp., Shigella boydii spp., Shigella sonnei spp., Escherichia coli, Clostridium perfrigens, Salmonella spp. және басқалар) белсенді. Микроорганизмдер микробқа қарсы басқа дәрілерге (нитрофуран тобына жатпайтын) төзімді болған кезде тиімді. Зеңдік флораның тіршілігін төмендетеді. Басқа химиотерапиялық дәрілерден әсер ету механизмі айрықша: микробтық флавопротеиндер 5-нитротопты қалпына келтіреді, түзілген жоғары реактивті амин туындылары ақуыздардың конформациясын, оның ішінде рибосомальді, және басқа макромолекулаларды өзгертіп, жасушаның тіршілігін жояды. Төзімділік баяу дамиды және жоғары дәрежеге жетпейді. Ретикулоэндотелиалды жүйенің сіңіргіш қабілетін арттырады, фагоцитозды күшейтеді.
Дозалау режимі
Фурацилинді сыртқа 0,02 (1:5000) сулы немесе 0,066 (1:1500) спиртті ерітінділер түрінде қолданылады.
- іріңді жаралар, ойылуларда, ойық және ІІ және ІІІ дәрежелі күйік жараларда, теріні алмастырып салу мен екінші рет тігуге грануляцияланған беткейді дайындау үшін жараны фурацилин сулы ерітіндісімен сулайды және дымқыл таңғышпен таңады.
- созылмалы іріңді отиттерде, сыртқы есту жолы фурункуласында және мұрын маңы қойнауларындағы эмпиемаларда фурацилиннің спиртті ерітіндісін тамшылар ретінде қолданады
- жоғарғы жақсүйегі тұсындағы (гайморов) және мұрын маңының басқа қойнауларын шаю үшін фурацилиннің сулы ерітіндісін пайдаланады
- баспа және стоматиттерде препараттың сулы ерітіндісімен шаюды тағайындайды.
Сулы ерітіндіні әзірлеу үшін 1 таблетка фурацилинді 100 мл дистилляцияланған суда ерітеді.
Спиртті ерітіндіні 70 этанолда (1 таблетка фурациллинді 100 мл 70 этил спиртінде ерітеді) дайындайды.
Отит кезінде – дене температурасына дейін жылытылған спиртті ерітіндіні күн сайын 5-6 тамшыдан сыртқы есту жолына тамызады.
Ауыз қуысын және тамақты шаю үшін – 20 мг-ден (1 таблетка) 100 мл қайнаған суда ерітеді.
Емдеу курсы 3-5 күннен аспау керек. Егер симптомдары сақталса дәрігерге қаралу ұсынылады.
• әсер етуші затқа немесе препараттың қосымша заттың аса жоғары сезімталдық
• аллергодерматоздар
• қан кету
• бүйрек функциясының айқын бұзылулары
Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар:
белгісіз: аллергиялық реакциялар (терінің қышуы, дерматит).
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар:
белгісіз: жүрек айнуы, құсу, диарея.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Дәрілік затты қолдану әдісін түсіндіру үшін медициналық маманнан кеңес алу бойынша ұсыныстар
Егер препаратты қолдану туралы сұрақтар туындаса емдеуші дәрігерге немесе дәріхана қызметкеріне хабарласыңыз.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын жүргізуге және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне жағымсыз әсері туралы деректер жоқ.
Жүктілік және лактация кезінде қолдануға болады.
Анықталмаған.
Сақтау мерзімі
5 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.