Фуросемидті литиймен бірге қолдану ұсынылмайды.
Фуросемидті кездейсоқ қолдану сусызданумен болатын гиповолемияға әкелуі мүмкін. Гепатоцеллюлярлық жеткіліксіздігі бар пациенттерде емдеу, бауыр энцефалопатиясының даму қаупіне орай, су-электролит теңгерімін қатаң бақылаумен абайлап жүргізілуі тиіс. Бұл жағдайда емдеуді дереу тоқтату керек.
Несеп шығару жолдары жартылай обструкцияланған жағдайларда фуросемид қолдану пациенттерде несептің іркілу қаупіне әкелуі мүмкін. Сондықтан, әсіресе, фуросемидпен емдеудің басында диурезді мұқият бақылап отыру керек.
Фуросемид сульфамид болып табылады. Басқа, әсіресе, бактерияға қарсы сульфониламидтерге айқаспалы аллергияның болу мүмкіндігі теория жүзінде қалады және клиникалық тұрғыда расталмады.
Фуросемидті қолдану кезінде фотосезімталдық реакциялары жағдайлары хабарланды.
Егер емдеу кезінде фотосезімталдық реакциялары туындаса, емдеуді тоқтату ұсынылады. Препаратты қайталап енгізу қажет болса, күннің немесе жасанды ультракүлгін сәулесінің әсеріне ұшыраған тері бөліктерін қорғауға кеңес беріледі.
Инсультпен жиі қатар жүретін гипертониялық криз гипертензияға қарсы шұғыл емдеу үшін көрсетілім болмайды. Шешім қысқа мерзімде өмірге қатерлі висцеральді асқынулардың болуы негізінде қабылдануы тиіс.
Қолдану кезіндегі сақтандыру шаралары
Фуросемидпен ем кезінде келесі жай-күйлерде пациенттерді мұқият бақылау қажет:
• артериялық гипотензия, әсіресе, коронарлық артериялардың немесе ми артерияларының стенозы немесе қан айналымының басқа бұзылулары бар пациенттерде;
• гепаторенальді синдром (бауырдың ауыр зақымдануымен біріккен бүйрек жеткіліксіздігі);
• гипопротеинемия, әсіресе, нефроздық синдромда (фуросемидпен ем кезінде әсері төмендеуі және жағымсыз реакциялары, атап айтқанда, отоуыттылығы күшеюі мүмкін).
Фуросемид қабылдап жүрген кейбір пациенттерде, әсіресе, егде жастағы пациенттерде, гипотензияны тудыруы мүмкін басқа препараттарды қабылдап жүрген пациенттерде және гипотензия қаупімен байланысты басқа аурулары бар пациенттерде бас айналуы, естен тану немесе санадан айрылуға түрткі болатын симптоматикалық гипотензия туындауы мүмкін.
Су-электролит теңгерімі
Натриемия
Натрий көрсеткіштерін емдеуді бастар алдында, ал одан кейін жүйелі уақыт аралықтары сайын бақылап отыру қажет. Диуретиктермен кез келген емдеу шын мәнінде кейде күрделі зардаптарымен гипонатриемияны тудыруы мүмкін. Сарысудағы натрий деңгейінің төмендеуі бастапқыда симптомсыз өтуі мүмкін екендіктен, жүйелі мониторинг қажет, ол егде жастағы пациенттер, жеткіліксіз тамақтанатын пациенттер және бауыр циррозы бар пациенттер сияқты қауіп топтарында одан да жиірек өткізілуі тиіс.
Калиемия
Гипокалиемиямен калий қорларының сарқылуы ілмекті диуретиктерді қолданудың негізгі қаупі түрінде болады. Гипокалиемияның туындау қаупі (< 3,5 ммоль/л) егде жастағы пациенттер, жеткіліксіз тамақтанатын пациенттер және/немесе бір мезгілде бірнеше препарат қабылдап жүрген пациенттер, ісінумен және асцитпен бауыр циррозы бар пациенттер, коронарлық жеткіліксіздігі бар пациенттер және жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттер сияқты белгілі бір қауіп топтарында тойтарылуы тиіс. Гипокалиемия жүрек гликозидтерінің уыттылығын және ырғақтың бұзылу қаупін арттырады. Туа біткен немесе дәрі-дәрмектен туындаған ЭКГ-дағы QT аралығының ұзаруы бар пациенттерде гипокалиемия, әсіресе, брадикардия аясында өлімге ұшыратуы мүмкін ырғақтың ауыр бұзылуларының, атап айтқанда, «пируэт» типті аритмияның туындауына ықпал етеді. Барлық жағдайларда сарысудағы калий деңгейінің көрсеткіштерін жиірек бақылау қажет. Қан плазмасындағы калий деңгейін алғашқы анықтау емдеу басталған соң бір апта ішінде өткізілуі тиіс.
Гликемия
Гипергликемия туғызатын әсері орташа болады. Диабетиктерде және диабет алдындағы науқастарда қандағы қант деңгейін бақылауды күшейту керек.
Урикемия
Фуросемид туғызған сусыздану несеп қышқылының несеппен шығарылуын төмендетеді. Гиперурикемия бар пациенттерде подагра ұстамаларына бейімділік артуы мүмкін. Подагра бар пациенттерде препарат сақтықпен пайдаланылады.
Креатининемия
Фуросемидпен емдеу кезінде қан сарысуындағы креатининді жүйелі мониторингтеу ұсынылады.
Су-электролит теңгерімінің елеулі бұзылуларының (мысалы, құсу, диарея, тым қатты тершеңдік) қаупі болатын пациенттерді мұқият қадағалау қажет. Сусыздану, гиповолемия немесе қышқыл-сілті теңгерімінің бұзылуы емдеуді түзетуді және мүмкін емдеуді уақытша тоқтатуды талап етеді.
Рисперидонмен біріктіріп қолдану
Деменцияға шалдыққан егде жастағы пациенттерде жүргізілген рисперидонның плацебо-бақыланатын зерттеулерінде тек рисперидон (3,1 %; орта жас 84 жас, диапазон 70-96 жас) немесе тек фуросемид (4,1 %; орта жас 80 жас, диапазон 67-90 жас) қабылдаған пациенттермен салыстырғанда, фуросемид пен рисперидон қабылдаған пациенттер (7,3%; орта жас 89 жас, диапазон 75-97 жас) арасында өте жоғары өлім көрсеткіші байқалды. Рисперидонды басқа диуретиктермен (негізінен, төмен дозалардағы тиазидті диуретиктермен) бір мезгілде қолдану осыған ұқсас нәтижелерге әкелмеді.
Осы әсер түсіндірілетін патофизиологиялық механизм анықталмаған, ал өліммен байланысты себептері байқалмады.
Алайда, сақ болу қажет, ал осы біріктірілімді қолдану немесе күшті әсер ететін басқа диуретиктермен қатарлас емдеу шешімін қабылдар алдында пайда/қауіп арақатынасын қарастыру керек.
Рисперидонмен біріктірілген ем ретінде басқа диуретиктерді қабылдап жүрген пациенттерде өлімге көп ұшырау байқалмады.
Емдеуге қарамастан, сусыздану өлімге ұшырататын қауіп факторы болып табылады, ал оған деменцияға шалдыққан егде жастағы пациенттерде тиянақты жол берілмеу керек.
Жүйелі қызыл жегі өршуі немесе белсенділенуі мүмкін.
Спортшылар
Спортшылар осы препарат құрамында допингке қарсы бақылау кезінде өткізілетін тестілерде оң реакция туғызуы мүмкін белсенді ингредиент бар екеніне көңіл бөлуі тиіс.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
Жаңа туған және шала туған нәрестелерде фуросемидті жоғары дозаларда ұзақ уақыт қолдану кезінде (нефролитиаз/нефрокальциноздың болжамды дамуымен байланысты) бүйрек функциясын жүйелі бақылау және бүйректі ультрадыбыстық зерттеу ұсынылады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Кейбір жағымсыз реакциялар (мысалы, АҚ едәуір төмендеуі) зейін қою қабілетіне нұқсан келтіруі және психомоторлық реакциялар шапшаңдығын төмендетуі мүмкін, бұл көлік құралдарын басқару немесе басқа аса қауіпті қызмет түрлерімен шұғылдану кезінде қауіпті болуы мүмкін. Бұл, әсіресе, емдеудің басталу немесе препарат дозасын арттыру кезеңіне, сондай-ақ бір мезгілде гипотензиялық дәрілер немесе алкоголь қабылдайтын жағдайларға қатысты.
Осындай жағдайларда көлік құралдарын басқаруға немесе аса қауіпті қызмет түрлерімен айналысуға кеңес берілмейді.