Қауіпсіздік бейінінің түйіндемесі
Рамиприл + гидрохлоротиазидтің қауіпсіздік бейініне гипотензиямен және/немесе диурездің артуынан туындаған сусызданумен байланысты жағымсыз реакциялар жатады. АӨФ тежегіштері (рамиприл) жөтелу рефлексінің тұрақты түрде жоғарылауымен үздіксіз құрғақ жөтел туғызуы мүмкін екендігі, ал гидрохлоротиазид глюкозаның, липидтер мен несеп қышқылының метаболизмін нашарлататыны белгілі. Әсер етуші заттардың екеуі де қан сарысуындағы калий деңгейіне қарама-қарсы әсер береді. Ауыр жағымсыз әсерлердің арасынан ангионевроздық ісінуді, анафилаксиялық реакцияларды, бүйрек немесе бауырдың зақымдануларын, панкреатитті, тері тарапынан ауыр реакцияларды, нейтропенияны/агранулоцитозды айта кету керек.
Жағымсыз реакциялардың түйіндемесі
Жиі
- гидрохлоротиазидпен байланысты әсерлер: қант диабетінің талапқа сай бақыланбауы, глюкоза жағымдылығының нашарлауы, қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауы, несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауы, подаграның нашарлауы, холестериннің және/немесе триглицеридтердің жоғарылауы
- бас ауыруы, бас айналуы
- өнімсіз, тітіркендіретін жөтел, бронхит
-шаршау, астения
Жиі емес
-лейкопения, эритроциттер мөлшерінің азаюы, гемоглобин концентрациясының төмендеуі, гемолиздік анемия, тромбоцитопения
-анорексия, тәбеттің төмендеуі
- гидрохлоротиазидпен байланысты гипокалиемия, шөлдеу
- депрессиялық көңіл-күй, апатия, үрейлену сезімі, күйгелектік, ұйқышылдықты қоса ұйқы бұзылулары
-вертиго, парестезиялар, тремор, тепе-теңдік бұзылулары, ашыту сезімі, дәм сезудің бұзылулары немесе дәм сезбей қалу,
- анық көрмеуді қоса, көрудің бұзылулары, конъюнктивит,
- құлақтың шыңылдауы
- стенокардияны қоса миокард ишемиясы, тахикардия, аритмия, жүректің қатты соғуын сезіну, шеткері ісінулер
- гипотензия, артериялық қысымның ортостаздық төмендеуі, синкопе, ысынулар
- синусит, ентігу, мұрынның бітелуі
- асқазан-ішек жолының қабынуы, ас қорытудың бұзылуы, іштегі жайсыздық, диспепсия, гастрит, жүрек айнуы, іш қату
- гидрохлоротиазидпен байланысты гингивит
- холестаздық немесе цитолиздік гепатит (аса сирек жағдайларда өліммен аяқталған), бауыр ферменттері және/немесе конъюгацияланған билирубин деңгейлерінің жоғарылауы.
- гидрохлоротиазидпен байланысты калькулездік холецистит
-ангионевроздық ісіну: өте сирек жағдайларда ангионевроздық ісіну нәтижесіндегі тыныс жолдарының обструкциясы өлім жағдайымен қатар жүрген, псориаз тәрізді дерматит, тершеңдіктің күшеюі, тері бөртпесі, әсіресе макулопапулалық бөртпе, қышыну, шаштың түсуі
-миалгия
- бүйрек функциясының бұзылуы, бүйректің жедел жеткіліксіздігі, несеп бөлінуінің артуы, қалдық азот пен сарысудағы креатининнің жоғарылауы
- эректильді функцияның уақытша бұзылуы, белсіздік
- кеуденің ауыруы, пирексия
Өте сирек
- рамиприлмен байланысты гиперкалиемия
- тыныс алудың жедел жеткіліксіздігі (ARDS)
- құсу, афтоздық стоматит, глоссит, диарея, іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы, ауыздың құрғауы
Жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша анықтау мүмкін емес).
- терінің меланомалық емес обыры (терінің базальді жасушалы карциномасы және жалпақ жасушалы карциномасы)
- сүйек кемігі жеткіліксіздігі, нейтропения (агранулоцитозды қоса), панцитопения, эозинофилия, сусызданудан болатын гемоконцентрация
- рамиприлмен байланысты анафилаксия және анафилактоидты реакциялар, және гидрохлоротиазидпен байланысты анафилаксия, ядроға қарсы антиденелер титрінің жоғарылауы
- антидиуретиктік гормонның талапқа сай емес секрециясы синдромы
-гипонатриемия
- глюкозурия, метаболизмдік алкалоз, гипохлоридемия, гипомагнезиемия, гиперкальциемия, гидрохлоротиазидпен байланысты дегидрация
- сананың шатасуы, қимыл-қозғалыс мазасыздығы, зейін қоюдың бұзылуы
- ишемиялық инсульт пен транзиторлық ишемиялық шабуылды қоса ми ишемиясы, психомоторлық функциялардың бұзылуы, иіс сезудің бұзылуы
-ксантопсия, көз жасы сұйықтығы бөлінуінің гидрохлоротиазидпен байланысты төмендеуі, хориоидтық жалқық және салдарлы жедел жабық бұрышты глаукома және/немесе гидрохлоротиазидпен байланысты жедел миопия.
- естудің бұзылуы
- миокард инфарктісі
- ауыр сусызданумен байланысты тромбоздар, қантамырлардың стенозы, гипоперфузия, Рейно ауруы, васкулит
- демікпенің нашарлауын қоса бронх түйілуі
- альвеолит, өкпенің кардиогендік емес, гидрохлоротиазидтен туындаған аллергиялық ісінуі
-панкреатит (өте сирек жағдайларда, АӨФт қабылдағанда өліммен аяқталған жағдайлар туралы хабарланған), ұйқы безі ферменттері белсенділігінің жоғарылауы, аш ішектің ангионевроздық ісінуі.
- гидрохлоротиазидпен байланысты сиалоаденит
- бауырдың жедел жеткіліксіздігі, холестаздық сарғаю, бауырдың гепатоцеллюлярлық зақымданулары
-уытты эпидермалық некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, мультиформалы эритема, пемфигус, псориаздың өршуі, эксфолиативтік дерматит, жарыққа сезімталдық реакциялары, онихолизис, пемфигоидтық немесе лихеноидтық экзантема немесе энантема, есекжем
- гидрохлоротиазидпен байланысты жүйелі қызыл жегі
-артралгия, бұлшықет түйілулері
- бұлшықет әлсіздігі, қаңқа-бұлшықет сіресуі, гидрохлоротиазидпен байланысты тетания
- бұрыннан бар протеинурияның нашарлауы
- гидрохлоротиазидтен туындаған интерстициальді нефрит
- либидо төмендеуі, гинекомастия
Жекелеген жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Терінің меланомалық емес обыры (ТМЕО)
Гидрохлоротиазид пен ТМЕО арасында жүргізілген эпидемиологиялық зерттеулердің қолда бар деректерінің негізінде кумулятивті дозаға тәуелді өзара байланыс анықталды.
Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Екі клиникалық зерттеуде рамиприлдің 2–16 жастағы 325 баладан тұратын топтағы қауіпсіздігі зерттелді. Жағымсыз реакциялардың сипаты мен ауырлығы ересектерде байқалғандарынан ерекшеленбесе де, келесі жағымсыз реакциялардың жиілігі балаларда жоғарырақ болды:
- тахикардия, мұрынның бітелуі балаларда «жиі» (≥ 1/100 - <1/10) байқалды және ересектерде – «жиі емес» (≥ 1/1,000 - <1/100);
- тремор, есекжем балаларда «жиі емес» (≥ 1/1,000 - <1/100) байқалды және ересектерде – «сирек» (≥1/10,000 - <1/1,000).
Балалар мен жасөспірімдерде рамиприлдің жалпы қауіпсіздік бейінінің ересектердегі осындайдан елеулі айырмашылығы болған жоқ.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz