Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Спрей для ротовой полости
Саудалық атауы
Хепилор®
Әсер етуші зат
Прочие препараты
Мақсаты
Ауыз қуысы мен жұтқыншақтың инфекциялық ауруларын және қабыну үдерістерін жергілікті емдеуде: баспада, жедел және созылмалы тонзиллитте, фарингитте, ларингитте, гингивитте…
Өндіруші
АО Фармак
Ел
Украина
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір мл спрейдің құрамында
белсенді заттар: 100% затқа шаққанда гексетидин – 1 мг, 100% затқа шаққанда холин салицилаты 80% – 5 мг, 100% сусыз затқа шаққанда хлорбутанол гемигидраты – 2,5 мг,
қосымша заттар: этанол (96 %), натрий сахарині, полисорбат 20, пропион қышқылы, лимон майы, күймесгүл майы, левоментол, эвкалиптол, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Бүріккішпен қамтылған, клапан-сорғысы бар құтыда, спиртті-анисті дәмі және өзіне тән хош иісі бар мөлдір немесе жеңіл бозаңданған сұйықтық. Аэрозольді сорғы түрінде бүріккіш арқылы препарат құтыдан босап шығады.
–ауыз қуысы мен жұтқыншақтың инфекциялық ауруларын және қабыну үдерістерін жергілікті емдеуде: баспада, жедел және созылмалы тонзиллитте, фарингитте, ларингитте, гингивитте, стоматитте, афталарда
–стоматологиялық араласулардан кейін ауыз қуысының күтімінде
Препараттың әрекеті үш белсенді ингредиентімен байланысты.
Бактерияға қарсы және зеңге қарсы белсенділік.
Гексетидин – жергілікті қолдануға арналған антисептикалық дәрі. Гексетидиннің арқасында Хепилор ауыз қуысы ауруларының көбірек таралған қоздырғыштарына, оның ішінде грамоң және грамтеріс микроорганизмдер (аэробтар мен анаэробтар) мен зеңдерге қатысты айқын бактерияға қарсы әсер береді. Хепилор спрейінің әсер ету механизмі гексетидиннің тиаминді бәсекелесе алмастыру (гексетидиннің құрылымы тиаминнің құрылымымен ұқсас) қабілетіне негізделген, ол бактериялар мен зеңдердің өсуі мен көбеюі үшін қажет.
Гексетидин тіндерді қанмен қамтамасыз етуді жақсарта және эпидермистің регенерациясын көтермелей отырып, қан тоқтататын әсер береді, ауыру сезімін басады, шырышты қабыққа бүркемелегіш әсер етеді.
Қабынуға қарсы белсенділік.
Холин салицилаты айқын ауыруды басатын, ыстық түсіретін және қабынуға қарсы әсерге ие, ауыз қуысының ауруларын емдеу үшін жергілікті қолданылады.
Ауыруды басатын белсенділік. Хлорбутанол бактерияға қарсы, қабынуға қарсы әсерге және жергілікті жансыздандырғыш белсенділікке ие, ол ауырудың жеңілдеуіне ықпал етеді. Белсенді заттар ауыз қуысының шырышты қабығында бекітіледі, олар ол жерден біртіндеп босап шығады.
Хепилор спрейі тамақтағы ауыру мен қабынуды басады, бактериялық инфекциялардың дамуына кедергі жасайды және ауыз қуысы мен жұтқыншақтың шырышты қабығының эпителизациясын жеделдетеді.
Дозалау режимі
Ересектер мен 15 жастан бастап балаларға: 1 бүркуден тәулігіне 4-6 рет.
6-дан 15 жасқа дейінгі балаларға: 1 бүркуден тәулігіне 2-3 рет.
Емдеу курсы - 5 күннен артық емес.
Енгізу әдісі мен жолы
Ауыз қуысына бүрку үшін жергілікті қолданады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігерге немесе фармацевтке кеңес алу үшін жүгініңіз.
• әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• атрофиялық фарингит
• оларды аса жоғары сезімталдық байланыстыратын бронхтық демікпесі немесе тыныс алу жолдарының кез келген басқа аурулары
• 6 жасқа дейінгі балалар
• жүктілік және лактация кезеңі
Дәрілік заттың жағымсыз реакцияларының даму жиілігін бағалау критерийлері: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100-ден <1/10-ға дейін); жиі емес (≥1/1000-нан <1/100-ге дейін); сирек (≥1/10000-нан <1/1000-ға дейін); өте сирек (<1/10000), жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша реакциялардың пайда болу жиілігін бағалау мүмкін емес).
Белгісіз:
• есекжемді, ангионевроздық ісінуді, ларингоспазмды, бронх түйілуін қоса, аса жоғары сезімталдық реакциялары
• агевзия, дисгевзия, 48 сағат ішінде дәм сезудің өзгеруі («тәттілікті» сезіну екі рет «ащылықты» сезінуге өзгеруі мүмкін)
• жөтел, ентігу
• ауыздың құрғауы, дисфагия, сілекей бездерінің ұлғаюы, жұтқан кездегі ауырсыну. Препаратты кездейсоқ жұтқан кезде асқазан-ішек бұзылыстары, ең алдымен жүрек айнуы мен құсу болуы мүмкін
• аллергиялық жанаспалы дерматит, тері реакциялары (бөртпе)
Жергілікті реакциялар: тіс пен тілдің түсінің қайтымды өзгеруі; шырышты қабығының сезімталдығы, нақты – шымылдатып ашыту, жансыздануды сезіну; тілдің және/немесе ауыз қуысы шырышты қабығының тітіркенуі (ауырсыну, ысынуды сезіну, қышыну); сезімталдықтың төмендеуі; шырышты қабықтың парестезиясы; қабыну; күлдіреулер; шырышты қабықта ойылудың пайда болуы, тамақтың жыбырлауын сезіну, жанасқан орында ісіну, мұрын/жұтқыншақ шырышты қабығының құрғауы.
Жағымсыз дәрілік реакциялар пайда болған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық дерекқорға тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Препараттың артық дозалануы туралы хабарламалар түскен жоқ.
Ауыз қуысында ерітіндінің жеткілікті мөлшері сіңуі салдарынан, құрамында этил спирті болғандықтан алкогольдік уыттылық туындатуы мүмкін.
Егер препарат тағайындалуы бойынша пайдаланылса, гексетидин концентрациясы уытты болып табылмайды.
Жедел алкогольдік уыттылықтың пайда болу ықтималдығы өте аз. Егер бала препараттың елеулі дозасын жұтқан болса, құрамында этил спирті болғандықтан алкогольдік уыттылық пайда болуы мүмкін.
Аса жоғары сезімталдық реакциясының пайда болуына әкелген гексетидинді шамадан тыс қолдану жағдайы болған жоқ.
Емі: симптоматикалық, бірақ сирек қажет болады. Бала құты ішіндегісін жұтып қойған жағдайда шұғыл түрде дәрігерге жүгіну керек. Жұтқаннан кейін 2 сағат ішінде асқазанды шаю мүмкіндігін қарастыру және алкогольдік уыттылық белгілерін жоюға шараларын жасау керек.
Арнайы ескертулер
Қолданған кезде препаратты жұтуға болмайды және көзге тиюін болдырмау керек, өйткені препараттың құрамында этанол бар.
Эпилепсиясы бар пациенттерге препаратты абайлап қолдану керек. Препарат эпилепсия шегін азайтуы және балаларда құрысуды туындатуы мүмкін.
Бронх демікпесін қоса, аллергиялық реакцияларға бейімділігі бар, әсіресе ацетилсалицил қышқылына аллергиясы бар пациенттерге абайлап қолдану керек.
Препаратқа аса жоғары сезімталдық белгілері пайда болған кезде оны қолдануды дереу тоқтату керек.
Препаратта этанол болғандықтан, оны бауыр ауруы бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.
Ұзақ уақыт қолдану ұсынылмайды, өйткені бактериялардың немесе зеңдердің таралу қаупі бар ауыз қуысы мен тамақтың табиғи микробтық тепе-теңдігі өзгеруі мүмкін.
Бактериялық инфекцияның жалпы клиникалық белгілері пайда болса, бактерияға қарсы жалпы ем тағайындалуы тиіс.
Егер симптомдар 5 күннен артық сақталса және/немесе дене температурасы жоғарыласа, емдеу тактикасын қайта қарастыру қажет.
Қабыну күшейген кезде препаратпен емдеуді тоқтату керек.
Қосымша заттар
Бұл дәрілік заттың құрамында аз мөлшерде этанол (алкоголь) бар, 100 мг/дозадан аз.
Педиатрияда қолданылуы
Дәрілік затты 6 жастан асқан балаларға қолдану керек.
Гексетидин емшек сүтімен бөлінетіні және плацента арқылы өту мүмкіндігі жөнінде адамдарда зерттеу деректерде болмаған, сондықтан препаратты жүктілік кезеңінде немесе емшек емізуде қолдануға болмайды.
Препараттың көлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат құрамында этанол бар. Препаратты қолданғаннан кейін 30 минут бойы жүргізушілерге көлікті басқаруға болмайды.
Құрамында антисептиктер бар препараттармен бірге қолдануға болмайды (басқа да антисептикалық дәрілік заттармен өзара байланысуы мүмкін). Гексетидин сілтілік ерітінділермен белсенділігін жоюы ықтимал.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.